129
түрде болуын шешуге Семейдегі обласной қазақ комитеті бір облыстың сиезін құруға
қаулы қылды.
Сиезде қаралатын нәрселер мынау:
1.
Автономия жайы;
2.
Заманның қазіргі халы;
3. Жергілікті мекемелер (обласной сот, үйезный, болысной мекемелер), бұл мекемелер
мұнан былай қалай, қай түрде болмақ?
4.
Жер мәселесі;
Ішкі Россиядан Сібірге лек-легімен көшіп келе жатқан переселен бар. Бұ жақтағы Сібір
орыстары, бізден басқа халықтар переселенге жер бермейміз, тоқтасын деп хабар айтып
отыр. Енді переселеннің алмақ жері — қазақтікі болмақ.
1.
Оқу істері;
2. Азық-түлік;
Мұнан былай ақшаға керек табылмайды. Малға өлі нәрсе айырбасқа ғана сатылады.
3. Түркістан өлкесіндегі қырғынға ұшыраған қазақ-қырғыз жайы.
Міне, сиездің қарайтын мәселелері аса зор һәм тығыз. Сондықтан бұл сиездің тезірек
құрылып һәм толық болуын көздеп, сиез 5 майда Семейде болсын деп қаулы қылынды.
Сиезге болыс басы 4 кісі, үйезный комитеттерден екі кісі, ұйымдардан бір кісі келсін.
Халық ел болу, жұрт болудан, ілгергі күннен үмітті болса; еліне тыныштық-береке
орнағанын тілесе; жер-суға, өз басына ие болғысы келсе қара бұқара, нашардың қамын
ойлайтын, өнерлі, жігерлі, көзі ашық азаматтарын келешек 5 майға кешіктірмей жіберсін.
Бұл сиезге анау-мынау жеңіл істің біріндей қарап, енжарланып, салақсып қалмаңдар. Бұл
үлкен сиез. Бір облыстың тұрмыс тыныштығы, билік берекесі шешілетін сиез. Ал,
азаматтар, заманның түрін байқап отырсыздар: жатпай-тұрмай, айтылған уақыттан
қалмай, Семейге жету қамдарыңызды істеңіз!
Обласной қазақ комитеті
Достарыңызбен бөлісу: