М.Т. БОЛЬШЕВИК ОРТАҚТЫҒЫ Шұбартеңіз болысының бірсыпыра халқы кәсіп іздеп, жерінен көшіп келіп, Троицк
маңайында 45-50 шақырым жерде «Қошқар» припискасында алтын қазған қызметімен күн
көріп отырушы еді. Өздерінің меншікті жері болмаған соң малдарын хохолдың артық
жеріне жалдап жаятын еді. Жақын арада сатып алған жерінің күні бітіп, малдарын өз
жеріне айдап қайтып келе жатқанда хохолдар 250 жылқыны ұстап, атымыз жоқ, егін
саламыз деп 30 ат-айғырын алып қойыпты. Ішінде жарлының жалғызы бар қазақтар
бермеуге бата алмаған.
Ал біз Степновтың (Жангелдин) дініне кіріп, «қазақ — еңбекші халық» деп жүргендегі
көретін күніміз осы ғой. Троицк маңайы амандау тұр еді. Енді талан-тараждың басталғаны
ғой: бір хохолдың көрсетуі бойынша Жүсіп Бүркітов дегенге 20 мың сом салық салып
және 20 атын алып кетті. Омар Кішкентаев дегенге 10 мың сом салды.
Бұған біздің Степнов (Жангелдин) намысқорымыз қайтер екен? Қазақ еңбекшілеріне
теңдік алып берер ме екен? Көріп отырармыз?