2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет211/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Ел хабары 
ЖАНҒАЛИ ҚАЖЫНЫҢ АҚТАЛУЫ 
Неше  заманнан  халық  пайдасын  сөйлеп  гүбернатір,  үйез,  байларға  жексұрын  болған 
Жанғали қажы Алаш қаласының советіне де жексұрын көрініп, абақтыға жабылған. 
20 апрельде қажының ісі қаралды. Сағат 10 кезінде сот мекемесі лықылдап толды. Тергеу 
басталды. 
Қажыны  қарайтпақшы  болған  куәлау  Алаш  қаласындағы  Fабдалшәкір  хазірет  Жасыбек 
баласы,  Алаш  комиссары  Зиноев,  Хамидоллин,  Ахмади  Ыбрайымжанов,  Файзолла 
Хамидоллин, Жақып Байбосынов, Сапар Аймұхаммедов еді. 
Ағартушы  куәлар:  Шенже  Керейбаев,  Жақып  Ақбаев,  Зәкіш  Байшалқанов,  Ғабдалқадір 
Бейсекеев,  Есенбай  Атанбаев,  Жолдыбай  Жәнібеков,  Садық  Жұмағұлов,  Аймақан 
Буданов, Шәріп Смайылов, Тынымбаев, Ақбай Жәнібеков, Ыбрайым Смайылов. 
Куәлар  түгел  жиылды.  «Сот  халық  комиссарының  пәрмені  бойынша  куәлардан  ант 
алынбайды. Антты имандарыңызға тапсырамыз, шынды айтасыздар» деп куәларды оңаша 
үйге шығарды. 
Сот  қажының  кәсібін,  жай-жапсарын  түгел  сұраған  соң  «2  апрельде  Алаш  қаласының 
базарында совет хүкіметіне қарсы сөйлеп, елді құтыртып, салық төлеме дегенің рас па?» 
деп сұрады. 
Қажы: 
—  Ондай  сөз  айтқаным  жоқ,  жалақорлардың  өтірік  шағымы.  Өзім  молла  да,  мұғалім  де 
болған  кісі  емеспін.  Ескі  моллалардың  қатесін  айтып,  өз  болып,  жаңа  түрде  мектеп 
ашқаным  бар.  Fабдалшәкір  хазірет  маған  ежелден  дұшман.  Николай  тұсында  да  талай 
көрсетіп, үйімді тініттірген, — дейді. 
Сонан  соң  куәлардан  жауап  алынды.  Бұ  жерде  бір-екі  куәнің  жолын  айтып  өтейін 
(Қажыны қарайтпақшы болған Жақып Байбосыновты айтты): 
— Ахмет Ыбрайымжанов екеуіміз базарға келсек Жанғали «Бұрын жерде тұрып сөйлеуші 
едім, енді шатырдың үстіне шығып сөйлеймін» деп автономия туралы сөйлеп тұр екен. Біз 
келген  соң  жұрт  ығысып  тарай  жөнелді.  Біз  советтің  кісілеріміз  ғой.  Ал  онан  соң 
«Салықты  төлемей  тұра  тұру  керек,  дәурен  өзіміздікі  болады,  совет  бітеді»  дегенін  өз 
құлағымнан естігенім жоқ, басқалар айтты, — дейді. 
Адвокат: 
— Ол қай сағат еді? Ақша төлеме деп кімге айтыпты? Өзің автономияға қалай қарайсың? 
— дейді. 
Жақып: 


172 
 
—  Сағат  он  екінің  кезі...  кімге  айтқанын  білмеймін,  жұрттан  естідім.  Жұртқа  автономия 
керек болса, маған да керек, — дейді. 
Сот: 
— Бұрын мұндай митинг (жиылыс) жасаушы ма еді? 
Жақып: 
— Митинг жасаушы еді. Сөйлегенде халықты артынан ертіп әкетуші еді. 
Ағартушы куә Шәріп Смайылов: 
—  Мен  сағат  12-де  қажының  үйінде  едім.  Ол  уақытта  қажы  үйде  еді.  Базарға  шығып 
сөйлегенін естігем жоқ. Қашаннан кедейдің сөзін сөйлеп, сойылын соғатындықтан байлар 
Жанғалидың үстінен талай арыз берген. 
Қарайтушы адвокат: 
—  Жанғали  «Алаш»  партиясында  ма,  «Үш  жүз»  партиясында  ма?  Ол  екі  партияның 
қайсысының тұтынған жолы жақсы? — деп сұрады. 
Куә Шәріп: 
—  Алаш  деген  аттан  бүкіл  қазақ  баласы  қалмайды.  «Үш  жүз»  партиясын  білмейміз. 
Құрылтай сайлауында «Үш жүздің» қағазы деген бір жапырақ қағазды көрдік, онан басқа 
жол-молды білмеймін. Автономияны керек қылмайтын қазақ жоқ. Жанғали автономияны 
аса жақсы көретіннің бірі, — деді. 
Куәлар  тегіс  тексерілді.  Қарайтатын  жақтың  сөздері  дәлелсіз  табылып,  сот  Жанғали 
қажыны ағартып билік етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет