170
ГИТМАН СКОРОПАДСКИЙ
«Украинаның жаңа болған Гитман Скоропадский Жирнегов гүбірнесінің үлкен помещигі
(жері көп бай), Николайдың жақын кісісі, атты әскердің генералы, ескі тәртіпті жақсы
көретін кісі еді. Украина қозғалысын Австрияның азғыруымен болды дейтін мейлінше
немісшіл кісі болатын. Украинаның бұрынғы бір Гитмандарына фамилиясы ұйқасқаны
болмаса,
Украинаның өзгерісі,
ісімен ұйқасып, ұнасқан кісі емес еді» дейді.
ОРАЛ КАЗАК-ОРЫСЫ ҺӘМ СОВЕТ ХҮКІМЕТІ
Орал казак-орыс хүкіметі 10 мартта казак-орыстар сиезін құрмақшы болған екен, бүкіл
облыстан 20 шақты кісі келген соң, сиез болмай таратылған. Сиезге келгендердің ішінде
совет хүкіметіне жақтастар да бар екен. Он шақты өкіл қалып, басқа қаланың қазақ-
орыстарына құқық (право) алып береміз деп казак-орыс хүкіметіне құқық жобасын
кіргізген екен, оны казак-орыс хүкіметі азсыңдар деп қабыл алмаған.
10 мартта Орынбордан төте телеграфпен казак-орыс хүкіметі һәм қаланың
исполнительный комитет мүшелері мен Орынбор большевигінің бастығы Цуйиллинг
сөйлескен. Оның сөзі мынау: «Казак-орыс екі күннің ішінде совет хүкіметін танысын;
казак-орыс әскерлерінің құралдары алынып таратылсын; егер бұл жұмыс орнына келмесе
Орынбор
мен Саратовтан әскер жіберіліп, бір офицер қалдырылмай қырылады» деген.
Испольнительный комитет мүшелеріне бүй деген: «Гүбернинский комиссар Цуйиллингтің
әмірі бойынша 200 әскер жіберілді. Ертең 500 жіберіледі» деген. Казак-орыс хүкіметінің
мүшелері: бұл сөз сиезде қаралады деп жауап қайырған.
Казак-орыс хүкіметі
тығыз жиылыс жасап, Цуйиллингке телеграм соққан:
«Облыста халықтың қалауы бойынша казак-орыс, мұжық советі сайланды. Мәскеу мен
облыс арасында қатынас қылу үшін Мәскеуге телеграм берілді. Әскеріміз тәртіп сақтау
үшін ұсталады» деп.
10 мартта казак-орыс большевик арасында Елек деген жерде соғыс шығып, «қызыл
гвардиядан 100, казак-орыстан 10 кісі өліпті. Казак-орыс жеңіп, Електі алыпты. Бірақ
қызыл гвардияға пулемет, екі топ 100 кісі көмек келіп қалып, Елек халқына бір миллион
салық салған.
Орынбор большевиктерінің ультиматумы хақында фронтовик казак-орыстардың
жиылысы болып, большевикке қарсы тұруға қаулы қылысқан. Большевиктерді Електен
қуып шығаруға әскер (полк) жіберілген.
Достарыңызбен бөлісу: