2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет205/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Мафура Мұхамедсадыққызы 
 
АЛАШ ҚАЛАСЫНА ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАРЛЫҚ 
Тезірек үш күннен қалмай Алаш қаласының тұрғын халқы азық-түлік жайынан мағлұмат 
беріп  тұратын  квартальный  попечительдер  (орам  қамқорлары)  сайлансын.  Қамқорлар 
сайланған күні аты-жөнін азық-түлік комиссары Лебедевқа білдірсін. 
Алаш советі 
 


167 
 
КҮНШЫҒЫС ЖАЙЫ 
Соңғы  уақыттарда  большевик  хүкіметіне  қарсы  неше  түрлі  топ,  жасақтар  шытып,  совет 
хүкіметіне  күн  сайын  қауіпті  күшейтіп  келеді.  Совет  өзіне  қарсылардың  бәрін  «контр-
революционер» (бостандық жауы), «патшашыл», «капиталист, буржуй» деп келе жататын. 
Бірақ бұлар кім болса да өзін танытуға айналып барады. 
Барнаулда  шығатын  «Алтайский  луч»  газетасының  65  нөмерінде  жазады:  «Өзге  ұсақ-
ұланды  былай  қойып,  көрнекті  ірі  жауды  алсақ,  екі  түрлі  топ  жасалған:  бірі  —  шет 
күншығыс  комитеті;  бірі  —  Сібір  хүкіметі.  Күншығыс  комитеті  Харбинда  жасалған  өз 
алдына тұтынған жолы бар, түп мақсұты учредительное собрание; отан қорғау. Тұтынған 
жобалары:  1)  тыныш  жатқан  халыққа  бүлік  салып,  ойран  қылған,  Германиямен  отанға 
залалды  бітім  жасаған,  өз  пайдасына  бола  халықты  сатқан  большевикпен  һәм  оның 
соңынан  ерушілермен  еш  мейірімсіз  аянбай  алысу;  2)  большевикпен  белсеніп  алысуға, 
халықтың  халықтық  қасиетін  жоймауға,  әскер,  соғыс  кемелерін  қайта  тірілдіруге  бір 
қуатты әскери ұйым жасау; 3) одақтас мемлекеттермен жақындықты күшейту; 4) тезірек 
халықты  учредительное  собраниеге  жеткізуге  қам  қылатын  Сібірде  һәм  күншығыста  бір 
хүкімет жасау. 
Комитетке  тілеулес,  Харбин  мен  Қытайда  беделі  күшті  генерал  Хорватты  өкілдігіне 
сайлаған бұл комитеттің генерал Пешков бастатқан әскері бар. Жасауыл Семенов осының 
ішінде.  Бұл  комитеттің  қару-жарақ,  керегін  тауып  беріп,  аса  қолдап  тұрған  Жапония 
халық партияларынан қосылып, қуат беріп отырған кадет партиясы. 
Енді Сібір хүкіметі туралы айтайық.  «Алтайский лучтің» 67 нөмерінде Владивостоктағы 
совет  жиылысында  социал-демократ  Агаревтің  докладын  жазады.  Агарев  Сібір 
хүкіметінің Владивостокты тыныштандыруға істеген қызметін көрсетеді. 
«Владивостокта  тыныштық  орнатуға  себеп  болған  Сібір  хүкіметі  халық  партияларынан 
жасалмағандығына  шектеніп,  мықты  емес  қой  деп  біз  меньшевиктер  оларға  селқос 
болдық. Біз Сібірдің бөлінуіне қосылмадық. Біздің Эсер партиясынан айырылатын жеріміз 
осы еді. Ендігі заманның түрі басқа болды. 
Россия мемлекеті енді жоқ, талқан болды. Россияны қайта тірілту мүмкін болар ма екен?! 
Енді  Россияны  бөліп-бөліп  әкетіп,  әр  бөлімнің  тұрмысын  түзетіп  алып,  күшейтіп,  басын 
қоспасақ,  бұ  қалыпта  бүкіл  Россияны  қаз-қалпына  келтіріп,  аяғына  бастырамыз  деуге 
болмайды.  Совет  хүкіметі  хүкімет  бола  алмайды.  Себебі,  бүлдіру,  талқандаудан  басқа 
ешнәрсе  өндіре  алмаған  хүкімет  ұзақ  өмір  сүрмекші  емес.  Арып-шіритін  белгісін  беріп 
отыр. Россияның әр жерінде-ақ жұмысшылар қызыл сөзден түк тамбайтынын сезіп ұғып 
отыр. 
Большевик хүкіметінің құлайтындығына неше түрлі әдемі дәлел келтіре аламын. Россияда 
социализмнің  орнай  алмайтындығына,  социализмді  орнатам  деу  әлектен  басқа  түк 
бермейтіндігіне  ешбір  шүбәм  болмайтын.  Сондықтан  большевик  хүкіметін  уақытша  деп 
білетінмін. 
Большевик кеткен соң не болар екен деген ой көңіліме келетін. Бұған менің айтатыным: 
алдымызда  екі  жол  бар  деп  ойлаймын:  не  бассыздық,  жүгенсіздік  болады,  не  байлар 
(буржуазия) жеңеді. Патшашылдық жұдырық болады. 
Харбинде  екі  түрлі  ұйым  бар:  бірі  —  нағыз  байлар  хүкіметі.  Бұл  хүкімет  қалай  бекіп 
тамырланады  деп  ойлайсыздар?  Әрине,  төңкерістің  (революцияның)  барлық  олжасын 
жойып,  зорлықпен  орнайды.  Екінші,  бұқара  ұйымы  бар.  Бұл  халық  ұйымы 
(демократическая организация). Себебі бұл ұйымды Сібір халқының көбі жиылып, совет 


168 
 
хүкіметінің  өкілдері  де  ішінде  болып  жасалған  ұйым.  Алғашқы  ұйым  Қытайдан  қуат 
алып,  сүйеніп  тұрды.  Екіншінің  сүйенері  болмады.  Екінші  кіммен  сүйенер  екен  деп  біз 
бақылап,  бой  сақтап  отырдық.  Бізге  Сібір  хүкіметі  шет  мемлекеттермен  қатынаспай, 
бұқараның күшімен мақсатын жарыққа шығаратынын білдірді. 
Жоғарғы айтылған екі ұйымның мақсаты, жолы біріне-бірі қайшы. 
Сібір хүкіметі халықтың өзді-өзін соғыстырып жібере ме деп, ісіне бөгет боламыз ба деп 
те ойладық. Өйткені соғыспай-ақ совет хүкіметі өзінен-өзі жоғалатынына көзіміз жететін. 
Бірақ  өйтсек  те  топта,  жиылыс  болған  жерде  газет  бетінде  Сібір  хүкіметінің  көздеген 
нысанасын  жарыққа  шығаруға  жиһат  қылып,  Сібір  құрылтайын  құруға  тырыстық.  Осы 
пікірді шаһар думасында, земский собраниеде мәжіліске қоймақ едім, бұл мәселенің осы 
күнге  шейін  тексерілмей  келе  жатқаны  ұйымдардың  басы  қосылмай  жүргендіктен»  деп 
сөзін аяқтатқан. 
«Семипалатинский  дин»  газетасының  жазуына  қарағанда,  Харбинда  Сібір  хүкіметі 
түгелімен жиналған. Сібір хүкіметін одақтас мемлекеттер хүкімет деп таныған. 
«Вестник Маньчжуры» газетінің жазуына қарағанда адмирал Колчак пен генерал Хорват 
Пекинге  барыпты.  Жай  хабарлардың  айтуы:  Сібірді  қалай  билеу  жұмысын  басқаратын 
мекеме Пекиннен Токиоға (Жапония астанасы) көшкен. 
Токиоға бұл жұмысқа ниеттес жақтардың адамдары да барыпты. 
Осы  күні  Сібір  хүкіметі  болып  отырған  екі  ұйым:  бірі  —  Кадет  партиясы,  Симонов 
ішінде; бірі — Эсер партиясы, нағыз Сібір хүкіметі. 
«Диннің» 3 нөмерінде жазады: «Пекиннен алған телеграм бойынша Симоновтың хүкіметі 
соңғы  жобаны  жария  қылған:  1)  Сібір  өз  алдына  мемлекет  болып,  жерін  сақтасын;  2) 
Германияны Россия жерін ала беруден тоқтатуға қарсы тұрылсын; 3) Россия Германияның 
жасаған жеке бітіміне қарсы іс қылынсын; 4) одақтас мемлекеттер мен жақындық қылуға 
сөз  байлансын;  5)  бәнкелер  сақталсын,  халыққа  тыныштық,  тәртіп  орнатылсын,  кісі 
мүлкіне тигізбеуге қорған істелсін; 6) Сібірді қорғауға жиылыс жасалып, кеңес құрылсын. 
Пекиндегі елшілер Симонов хүкіметіне көмек беруге бел байлады. 
Симонов  Манъчжуриядағы  управаның  азық-түлігін  (астық,  күріш)  тартып  алған.  Бұл 
туралы управа генерал Хорват пен Пешковке ереуіл жасаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет