Жас Қазақ Басқарма: бұл мақаладағы пікірге қосылмайтын жерлеріміз де бар. Өз пікірімізді кезегі келгенде жазбақпыз. МЕН КАДЕТ ПАРТИЯСЫНАН НЕГЕ ШЫҚТЫМ? Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді
меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып,
жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт
автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттардың тарихынан көрінеді: молла хүкіметтен ақша алса,
сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Жалованье алған моллалар хүкіметке жетекшіл
болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп
қойған оң болады. Оны орысша отделене церковой от государтсва дейді. Кадет партиясы
менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үш жол айырылғаны биыл жазда ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа «Алаш»
партиясын ашуға кірістім. Мұны мен июльдегі жалпы қазақ сиезінде айтқан едім.