2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет101/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Россия хабарлары 
3  мартта  Мәскеуде  ашылған  советтер  сиезі  Россия  мен  Германия  арасындағы  бітім 
шарттарын тегіс бекітті. 
Сол  сиезде  4  март  күні  большевик  көсемі  Троцкий  айтқан:  бізге  әскер  керек,  мынадай 
дүниені  толқытқан  заманда  күшті  болуымыз  керек.  Күнбатыстан,  күншығыстан  жау 
көбейіп,  бізге  аранын  аша  бастады.  Бұ  күнгі  келген  телеграмдарға  қарағанда  Германия 
Францияға  бітім  жобасын  ұсыныпты.  1871  жылы  тартып  алынған  Эльзас-Лотарингия 
деген  жерді  және  де  осы  соғыстан  алынған  жерлерді  Германия  Францияға  қайтармақ 
болыпты. Бір тиын айып алмайтын болыпты. Егер бұл телеграм рас болып шықса, елдің 
бәрі  олжаны  бізден  алмақ  дейді  Троцкий.  Шет  мемлекеттердің  газеттері  жазады:  Сібір 
жолымен  қайтып  келе  жатқан  екі  жүз  мыңдай  Австрия-неміс  тұтқындары  Сібір  темір 
жолының түйіліскен жерін алмақшы. Қолдарында зеңбірек және басқа қарулар да бар деп. 
Бұл хабарды шетке жайып отырған Жапон мемлекеті. Сондағы омың мақсаты жоғарғыны 
сылтау  қылып,  Сібірді  алмақ.  Англия  болса,  мұның  да  пікірі  осы  күнде  екі  айырылды: 
Германиямен келісіп, олжаны Россиядан алайық деген ағыс мұнда шықты. Қысқасы, қатер 
сағат сайын зораяйын дейді. Жан-жағымыздың бәрінен жау шығып, біз ортада қалдық. Біз 
әскер  жасауымыз  керек.  Тиіп-қашып  ұрыс  қылатын  іскер  емес,  шын  әскерді  жасауымыз 
керек. Бізге келе жатқан жау басынан-аяғына шейін сауыт киген, тісіне шейін қаруланған, 
бұл — мықты жау. Мұны ұмытпауымыз керек» деп Троцкий сөзін аяқтатқан. 


91 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет