ОМБЫ ХАБАРЫ Омбы маңайындағы шойын жолдарда қызмет қылып, тамақ асырап жүрген 500 кедей
қазақ жұмысшылары бар еді. Жақын арада Омбыдағы совет хүкіметі «өз қолым өзіме
жақын» дегені ме, басқа себеппен ба, сол жұмысшыларды түгел қуып жіберіп, орнына
орыстан орнатыпты. Кеңірдегі кепкен сорлылар сүйретіліп, еліне қайтып жатыр.
БОЛЬШЕВИК ПӘРМЕНІ «Халықтың тынышын кетіріп, бұзықтық қылып жүрген бейбастақ һәм ұрыларды атып
тастасын» деп пәрмен шашып отыр.
Қосымша: газетіміздің 32 нөмерінде жазылған бітім шарттарынан мына бір келелі сөздер
қалыпты:
92
1. Ауғанстан мен Иранды жер-суына өзі ие, өз билігі өзінде жеке мемлекеттер деп Россия таниды. Және де бұлардың билігіне, жеріне ешкімнің қолын сұққызбайды. 2. Екі жақ та (Россия да Германия да) соғыстың алаңынан бірінің жерінде бүлінген мүлікті, шеккен забынды бірі төлемекші емес.