СЫРТҚЫ ХАБАРЛАР Англияның астанасы — Лондонда біздің бұрынғы одақтас мемлекеттердің елшілері бас
қосып, Россия мен Германияның жасаған бітімін бітім деп танымаймыз деп жұртқа жария
қылып тарқасыпты.
Стамбулда шығатын «Милли» газеті жазады: «Сыртқы іс министрі палатада (дума)
Россиямен екі арадағы бітім шартын баяндағанда депутат Ахмедпалай Россиядағы
мұсылмандардың пайдасын қорғау жолын бітім шарттарына кіргізбеген екенсіздер» депті.
Бұған Әнуарбек жауап қайтарыпты: «Большевиктер Россиядағы әр жұрттың тізгіні өзінің
қолында болады деп бүкіл жұртқа жария қылып отыр. Екінші — Түркия хүкіметі Кавказ
одағындағы және Түркиямен шекарадағы жерлерде жарияланған автономиялардың және
олардың хүкіметтерін есепке алып, танитындығын тоқтаусыз жариялап білдірмек. Және
де керек болғандай болса оларға көмегін көрсетпек» деп.
(Власть народа)