ҰРЫ ТІЛШІГЕ Әбілқас Лұқман баласы ат-тұрман, киімін картаға ұтқызды дей ме, өзім ұтылып қалып
едім дей ме, бір адам басқармаға сандырама хат жазыпты. Жазуын адам танитын емес.
Сөзінде биттей байлау-матау жоқ. Мұнысы уақа емес қой. Оның мынадай сұмдығы бар:
өзі Сұлтан Нақия баласы болып жазып отыр. Мұны жазған Сұлтан емес екенін мен жақсы
білемін. Себебі, Сұлтан — менің бірге оқыған жолдасым. Қолы маған белгілі. Жазған
хаттары да қалтамда отыр. Мұны жазып отырған бір картожник антұрған ғой деймін.
Ұтылып қалып, шатып отырған жазғаның жазған, біреудің атын ұрлағанның мәнісі қалай?
Бұ сияқты арсыз кісіге газеттен көш жер аулақ жүру керек деймін. Ұрының хаты
сақтаулы. Аман болса, керек қылушыға көрсетіледі.