Морфологияны оқыту әдістемесі.
Жоспар: 1.Морфология - грамматика жүйесінің бір бөлігі екендігі. 2.Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық маңызы. Морфологияның жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің табиғатын терең қамтитын сала екендігі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы кемшіліктері мол екендігі, тілдік фактлердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор. Морфологияны теориялық деңгейде оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.Морфологияны оқытудың практикалық маңызы қазақ әдеби тілінің ұғымдарын оқушыларға меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес ұғымдарды меңгерту арқылы оқушының тілін байыту мүмкімдігімен басталады, сауатты жазудың ережелерін меңгертудің негізі болып табылады. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқьпудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі. Мектеп бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидиктикалық принцип негізінде іске асрылады.
Сөздің морфологиялық құрамын талдау тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын талдау арқылы түсіндіруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы сол морфологиялық талдау арқылы оқушы қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына, жаңа сөз жасау жолдарына қаныға түседі. Сондықтан мұндай тәсілді түбір мен қосымша, біріккен сөзде, жұрнақ пен жалғау тақырыптарын өткеннен кейін кездесетін жаңа сөздерді түсіндіруге кең түрде қолданылуға болады. Мысалы, бастық, басшы, баспана, бастау т.б. сөздердің түбір морфемаларын таптыру арқылы бұлардың түбірлес сөздер екенін, бір сөзден тарағанын танытуға болады.
5.Оқушыларға жаңа сөз мағынасын меңгертудің тағы бір тәсілі – логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар негізгі және негізгі емес белгілерден тұрады. Қай нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық қасиеттерін санап көрсету не қамту деген сөз емес. Сондықтан заттарға не құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады. Мысалы, адам екі аяқты, екі қолды, тік жүретін деп анықтама берсек, дұрыс болмаған болар еді. Ал адамның негізгі белгісі оның саналылығы мен бір–бірімен тіл арқылы қарым–қатынас жасайтындығында. Бұларсыз адамға толық қанды анықтама беру жеткіліксіз. Мұғалім белгілі бір сөзге (ұғымға) логикалық анықтама бергенде осы мәселені естен шығармағаны дұрыс.
Сөз жасам туралы білім мен дағдысына орай тіл дамыту жұмысы зерттеуімізде екі бағытпен қатыстырылды:
1.Тіл дамытуда қосымшалардың жұрнақ, жалғау мәні мен қолданудағы қызметін танудың баланың сөздік қорының толығуына ықпал жасайды. Зерттеумізде ол үшін жұрнақтардың мына сияқты ерекшеліктер туралы қарастырылады. Мәселен, сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардың әрқайсысының мәнін үйрету мына бағытта жүргізіледі:
1)түбір сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді; мысалы, ән-ші, дәрі-гер, т.б.
2)жұрнақ жалғану арқылы да көп мағына жасалады. Мысалы, шалма (етістік), шалма (зат).
3)жұрнақ жалғану арқылы көркемдегіш, бейнелегіш құралдар да жасалады. Мысалы, үй-үйдей, т.б.
2. Жұрнақтар сөз таптарының қызмет мәніне қатысты болады. Сондықтан сөзжасам материалдарын оқыту арқылы оқушылардың тіл дамыту бағытындығы мына төмендегідей іскерлік пен дағдысы қалыптастырылыды:
а)тіл дамытуда сөз құрамының түбір мен қосымшалар туралы білімін, сөздердің құрамына қарай түрлерін, сөзжасам элементтерін үйретуде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында қолданылады. Ол үшін әрбір сөздің түбірін, жұрнақ пен жалғауының, сөз формасының тіліміздегі қолдану ерекшеліктері туралы білім мен дағды беріледі.
ә) сөз үйрету барысында, сөздік жұмысы мен оқушылардың сөздігін арттыру мақсатында сөзжасам формаларының әр сөз табына қатыстылығы мен байланыстылық мәніне орай топтастыра мәлімет беру мен үйрету тиімді.
б) сөз таптары бойынша сөздердің мәні мен ерекшіліктері, түрлері қызметін үйрету арқылы сөздік қорын байытуға болады.
в) сөз таптары бойынша сөздердің грамматикалық мағынасы, тіркеске түсу ерекшілігі мен сөйлем құраудағы маңызын үйрету арқылы қолдана білуге жаттықтырылады.
г) сөз таптарын стилистикалық және функционалдық жақтарын қамти оқыту арқылы сөздерді шығармашылықпен өз тәжірибиесінде қолдана білуге жаттықтыру жұмыстар жүргізіледі. Мысалы:
-берілген үлгі бойынша сөз тіркесін немесе сөйлем құрау;
-сөздер мен сөз тіркестерінің сөйлемдегі қолдану бойынша салыстырмалы талдау жасау;
-белгілі сөйлемдегі сөздерді мәндес, вариантты, синоним сөздермен ауыстырып байқау;
-тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру, т.б.
Морфологияны оқыту арқылы сөздік қорын байыту. Тіл дамыту жұмысының барысына қазақ тілі грамматикасына байланысты және оның көлемінен тыс та материалдар пайдаланылады. Атап айтқанда, лексикалық сөздік қорының мол болуы, фонетикалық, морфологиялық /сөз, сөз құрамы т.б./ және синтаксистік құралдарды тиімді пайдалана білу, әдеби тіл нормасына байланысты қолдана алу, осы тілдің құралдарды өз ойын дәл, түсінікті беру тәсілдерін игеру, ойының нақты әсерлі болуы т.б.
Бұл жұмыстардың барлығы да мектепте ана тілі мен әдебиеті сабақтарының бағдарламамалық грамматикалық материалдармен тікелей тығыз байланысты болмақ. Ол туралы А.Ысқақов: «Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, сонымен бірге құрамы жағынан да аса күрделі категория. Сөз қолданылғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің морфологиялық құрамында болып отырады»,- деп көрсетеді .
Түбірлес сөздермен танысқан соң, оқушылар бір түбір сөзден өрбіген сөздермен іс-тәжірибелік жаттығулар жүргізеді. Мысалы, су, мал, бас, көз сияқты сөздерден қосымша жалғау арқылы сушы, малшы, бастық, көздер сөздерін жасаса, екінші, сулық, малды, баста, көзілдірік, үшіншіде сулы, малсыз, бастау, көзсіз сөздерін жасайды. Бұлардың арқайсысының мәні бойынша сөйлем құрау жаттықтырылады. Мынадай грамматикалық жаттығулар жүргізіледі; 1)заттармен құбылыстардың атауын жіктеу, топтастыру; 2)түбір сөзден бірнеше түбірлес сөздер жасау; 3) заттың атын, сапа-белгісін, іс-әрекетін білдіретін сөздерді жинақтау т.б.
1.Сөз жасамды оқыту барысында сөздік қорды молайту. Мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында сөздердің жасалу жолдарына арналған жаттығулардың алар орны ерекше. Себебі оқушылар сөздердің жасалу тәсілдерін үйрену арқылы түрлі сөздердің, мағынасын өзгерте алатындығын танып біледі. Бұл оқушылардың сөздік қорындағы сөздерді орынды қолданып , оларды белсенді пайдалануына септігін тигізеді. Оқушылар сөздердің мағыналарын жеке дара ретінде қолданбай, олардың күрделі грамматикалық құрылыс негізінде жасалынған бүтіндік екендігін аңғарады. Сонымен қатар әрбір сөздің грамматикалық құрылысы әркелкі болатындығын, бұл құрылыс грамматикалық заңдылықтар арқылы жасалатындығын ұғынады. Сөз жасамдық тәсіл арқылы оқушылар сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасын жете түсініп, өздерінің сөз мағыналары жөнінде мағлұматтарын кеңейтеді а) берілген сөздерге жұрнақтар жалғау.
2)Сөз таптарын оқыту барсында сөздік қорды молайту жұмыстары. 5-6 сынып оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстары олардың сөз таптары туралы білімдерді дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс тіркестіре алу дағдылары мен біліктерін қалыптастырып және дамытуға негізделеді. Оқушыларға сөз таптарының ерекшіліктері туралы арнайы құрылған жаттығулар негізінде, олардың бойында грамматикалық тұлғалардың құрылымын, құрылысын, анықтамаларын, өзіндік белгілерін бір-бірінен дұрыс ажыратуға дағдыландырады. Жаттығулар негізінде оқушылар түрлі грамматикалық тұлғаларды игереді.
Салыстыру, жинақтау, талдау қарама-қарсы қою ақыл-ой әрекеттерін үйренген оқушылар өздерінің сөздік қорындағы сөздерді ауызша және жазбаша сөйлеу үдерісі кезінде мағынасы мен қызметіне қарай орынды қолдануға дағдыланады. Сөздік қорды молайтуға арналған лексикалық 5 – 6 сыныптағы қазақ тілі бағдарламасында сөз тіркесі туралы білім беру қарастырылмаған, бірақ сөз таптары оқытылатын болғандықтан оқушыларға сөз таптары бойынша білім мен білігін арттыру мақсаты сөз тіркесінсіз игерілмейді. Сондықтан тұлғаларды, сөз таптарына арналған жаттығулардың бірнеше түрін үлгі ретінде қарастырайық. Мысалы:
Тәжірибе эксперимент жұмыстары бұл тұжырымдарымыздың нәтижелі екендігін көрсетеді.