5. Оқытудың міндеттері:
1. оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту;
2. тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
3. оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;
4. оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру,
5. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Жаратылыстану пәнінің оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. Алдын-ала оза, кіріктіріп оқыту курсы болып саналады және оны негізгі орта мектепте оқыту жеке тұлғаның дамуы мен оған білім берудің, тәрбиелеудің жалпы мақсаттарына: оқушыларды функционалдық сауаттылықтың негізімен, білім және іскерлікпен жігерлендіріп, күнделікті өмірде қажетті бағыт пен мәдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты және білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |