2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары



Pdf көрінісі
бет27/79
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94979
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
неопозитивизмде
де жоғары
бағаланады. Неопозитивизмде позитивизмнің үшіші түрі. Позитивизмнің
негізін О.Конт қалаған. Неопозитивистік философияның екі бағыты бар:
логикалық (Б. Рассел) және лингвистикалық талдау (Л.Витгенштейн).
Білім ақиқатының критерийі болып сезім органдарының көмегі арқылы
(верификация прииципі) кез келген жағдайды тікелей тексеру мүмкіндігі болып
табылады. Тіл позитивизмде де, структурализмде де, герменевтикада
да арнайы проблемалық зерттеу өpici ретінде қызмет етеді.
Структурализм мен герменевтика тұтас құрылымдарды — мәтіндер
(текстер) мен құжаттарды зерттейді. Структурализм сонымен бірге
өзара байланысты элементтерге деген тілдік бағаларды бөлумен
айналысады. Герменевтика мәтіннің түсіндірілуімен ғана eмec, оның
түсінілуін қарастырады. Структурализм мен герменевтика мәдениетті
зерттеуде де маңызды орын алды. Структуралық — функционалдық әдіс
структурализм философиясы үшін тән болып келетін әлеуметтік -
гумаиитарлық әдіс.
Сөйтіп бiз философиялық ойдың тарихи даму процесін қарастырдық.
Философия тарихы даму процесінде өз принциптерінің анықталу
тұрғысынан қандай жолмен біртіндеп дифференцияланатының көрсете
отырып, мәдениет тарихын танудағы кілтке айналады. Сонымен бірге
философияның өзі де мәдениет ретінде көрінеді.
Енді негізгі философиялық проблемалар жиынтығын оқып-
үйренуге көшеміз.
Әдебиеттер:
1. 
http://www.philosophica.ru/mironov/72.htm
2. 
http://www.grandars.ru/college/filosofiya/ekzistencializm.html
3.
http://filosof.historic.ru/books/item/f00/s00/z0000007/st072.shtml
12 тақырып Болмыс философиясы. Философиялық антропология.
1. Болмыс ұғымы мәдениет тарихында
2. Негізгі антопологиялық ұғымдар
3. Адам ең жоғарғы Құндылық 
4. Тұлға Еркіндік және жауапкершілік.
Болмыс категориясы, оның мәңі және өзгешелігі. философияның


маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы
адамның орны мен ролі пысықтау жатады. Онтология деп болмыс
туралы оқуды айтады. Болмыс —барлық бар нәpceнi белгілейтін
философиялық категория. Біз заттардың болмысы туралы, бізді
қоршаған табиғат, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп отырған
қоғамның болмысы, т. б. Жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда,
болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше
сөзбен айтқанда, болмыс — дүниеде не бар, соның бәрі — ол материалдық
та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын
шығармашылық та актылар. Болмыс бар, яғни әлдебір шындық түрінде
өмір сүреді және осы шындықпен адамның ұдайы санасып отыруына
тура келеді. Болмыстың негізгі түрлеріне: а) заттардың болмысы мен
табиғаттың жағдайы; а) қоғамның болмысы (қоғамдық болмыс); б)
адамның болмысы; в) осыларға байланысты индивидуалды және
индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс жатады.
Материя түciнiгi философияның ең орнықты түсініктерінің бipi және
өз тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз туратын
дүниенің шыңайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді.
«Материя» категориясы объективтік реалдылықты анықтайды.
Материя деген табиғи құбылыстар мен процестердің
көпқырлылығын белгілейтін философиялық абстракция немесе түсінік.
Материя категориясы диалектикалық материализмде субстанция
деңгейіне дейін көтеріледі.
Философияда екi категория бар: субстрат және субстанция.
Субстрат (лат.
substratum —
дәлме-дәл — төсеніш, демек, бәрі осыдан
жасалған). «Субстанция» болса (лат,
substatia —
мән, негіздін бастауы)
тірліктін нәрі, бір-бipiнe тікелей байланысты нақты заттардың,
оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің әр алуандығыныц
бipлiгi. Сөйтіп, философтар субстрат түciнiгi арқылы болмыстын неден
тұратының түсіндірсе, субстанция ұғымы арқылы болмыстын жалпы
нeriзi бекітіледі. Әдетте философтар белгілі бір бастаудан шығарып (су, от,
атом, идеялар, pyx, материя, т.б.), дүниені бейнелеуге ұмтылады. Барлық
тіршіліктін бастауы бiр дейтін ілім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет