4. Прагматикалық тәрбиенің мақсаты (Дж.Дьюй) - адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ақыл-ойын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі.
Неопозитивизм - интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.
Экзситенциализм - адамды тірішілік ету тәжірибесімен қаруландыру.
Неотомизм - құдайдан қорқушы тұлғаны қалыптастру, дін негізіндегі құлықтық тәрбие.
Бихевиоризм - «басқарылатын адамды» қалыптастыру.
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құбылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, ізгілікті қоғам құруға, ұрпақты мақсатты түрді бір бағытта толық қанды өмірге даярлау қажеттілігінен туындаған. Философиялық ой пікірлерден бастау алған педагогика барлық әлем педагоготарының бала тәрбиесіндегі тәжірибелеріне сүйене дамиды. Педагогогикалық ойлардың дамып жетіліуі ертедегі шығыс елдерінен бастау алып(Египет, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты.
Демокрит 270 ж шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы дүниедегі құбылыстардың бәрі себепті табиғи қажеттіліктен туындайды. Дүние танымның қайнар көзі – сезім, түйсік деп есептелгенмен, ақыл-ойды сезімнен жоғары қою керектігіне тоқталады. Адамгершілік тәрбие бастауы ақыл-ойдан туындайды деп көрсетеді. Сонда жеке адамның дамуы ақылдан бастау алады деп тұжырымдады. Ал тәрбие процесінде этиканы өз алдына алғашқы рет ғылым саласы деп таныған Демокрит болды. Ол адам бойындағы дөрекі мінез-құлықты зерттей отырып, мінез-құлықтың педагогикалық-психологиялық негізін салды.
Сократ. Б.э.д. 469-399жж. Әңгімелесу, пікір алмасу арқылы ақиқатқа жету жолын ашты.Сократ теориясында адамгершіліктің бастау көзі – рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсіну қажет, сонда ғана мейірімді бола аласың, ол ақиқат-шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп есептеді.
Платон ол педагогиканың негізін өз мектебін ашудан бастады десек те болады. (Платон академиясын құрды. Тәрбие жалпыға ортақ бүкілхалықтық дееңгейде жасалу керек деп тұжырымдады. Сондай-ақ тәрбие мемлекет тарапынан басшылыққа алыну қажет деп есептеді. Ал мемлекетке дейін қоғам тарапынан күш алуы қажет деді. Платон академиясы 5-академиядан тұды. Платон философиясы стойцизм, пипагоризм және перипатеттер мектебінің идеяларымен ұштасып дамыды. Оқу, тәрбие, білім негізін салып педагогика ғылымының дамуына өз үлес қосты.
Аристтотель еңбектері ұшан теңіз кейбір мәліметтерде 400, ал кейбіреулерінде 1000-ға жуық еңбек қалдырған. Негізгі пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда іске асырылады. Адамның мүмкінділігі тұқымнан беріледі, кейін оны дамыту қоғамдық тәрбие мен от басына тәуелді болады деген тоқтамға келді. Аристотель әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, геометрияны, музыканы оқыту қажеттігін тұңғыш дәлелдеп, моральдық тәрбиенің тағылымын сурет салу, жазу, сызу, музыға арқылы өрбітті. Ол баланың жас ерекшелігін тұңғыш дәлелдеді.
Ол тәрбие барысында саясаттануда «Мейірбандылық пен зұлымдылық, әділеттілікпен әділетсіздік т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді» деп көрсетті. Сонымен бірге Аристотель ақыл-ойдың, адамгершіліктің күшіне сенген сезімнің танымдық сатылары ( түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау формаларында (ұғым, пікір, ой тиянағы, соны пікірлер) біртіндеп, сатылап дамитынын дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |