Оқыту әдіснамасы. Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, хрестоматия, студент дәптерінде берілген тапсырмаларды орындау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
2.Пәнді оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
1-апта
№1 кредит сағат
№1 семинар тақырыбы: Бақыттың кілті өз қолыңда.
Жоспары:
Өзін-өзі тану жайында жалпы түсінік.
Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік тәрбие жайындағы ғылым.
№1 ОЖСӨЖ мазмұны: Студенттік өмір - қайталанбас сәт
«Өзін-өзі тану» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы. Сіз қалай түсінер едіңіз?
Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
5.„Өзіндік таным”, „тұлға”, „Таным”, „құндылық”, „өзін-өзі тәрбиелеу” ұғымдары, олардың айырмашылығы.
№1 семинар тақырыбы: Өзін-өзі тану ғылым ретінде және оның зерттеу әдістері
1. Өзін-өзі тану ғылымы, оның маңызы.
2. Өзін-өзі танудың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар.
Әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Алматы, - Изд.
Дом «Дастан», 2000-322 б.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-образование №1, 2004.
3. Назарбаева С.А. «Самопознание»-возраздение истоков духовности и нравственных ценностей. Обшественно политический литературно- художественный журнал. 2004. №1. с. 4.
4. Назарбаева С.А. Өзіндік таным, Алматы –2002.
5. Ксенофонт. Воспоминание о Сократе. –Кн. 3. гл.10. Ксенофонт
Афинский. Сократические сочинения / пер. С.И. Соболевского – М.,
ACADEMIA, 1935, 417.
6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1973, 190 б.
7. Уәлиханов Ш. Таңдамалы, 2-басылым. Алматы: Жазушы,1985, 313-316б
8. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Рауан, 1994, 215 б.
9.Философия жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/Ғабитов Т. Аударған Сатершинов –Алматы: Қаржы – қаражат, 2002-323 б.
10. Библер В.С., А.С. Арсенов Нравственность. Культура. Современность. (Философские размышления о жизненных проблемах) // Этическая мысль: М., 1990
11. Р.Н. Нұрғалиев. Абай энциклопедиясы. –Алматы: Атамұра, 1995, 312-318 б.
12. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. 1-курс. –Алматы: “Бөбек” РОСО, 2003.54-58 б.
13. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1988, 521б.
2-апта
№2 кредит сағат
№2 дәріс тақырыбы: Білімнің мәні туралы. Рухани жан дүние дамуының алғы шарттары
Достарыңызбен бөлісу: |