2. Пән туралы деректер


Топырақтың физикалық қасиеттері



бет2/8
Дата22.06.2017
өлшемі9,69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Топырақтың физикалық қасиеттері — су, ауа өткізгіштігі, су ұстағыштығы, топырақ түзуші қабатының түйіршік (механикалық) құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақ тау жыныстарының әр түрлі жолдармен үгілуі және микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзілетін тау жыныстарын аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура т. б. жағдайлардың әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы минералдын, осындай өзгеріске түсуін үгілу деп атайды. Үгілудін, үш түрі бар. Олар физикалық, химиялық және-бкологиялық үгілулер.

Физикалық үгілу жылудын, судың, ауаның әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терең қабаттарымен салыстырғанда жыныстардың. жоғарғы қабаттарының неғүрлым шапшаң сууынан жарылу әрекеті жүре бастайды. Тау жыныстары механикалық жолмен бұзылады, бірақ олардың химиялық және минералдық құрамы өзгермейді. Физикалық жолмен үгілудің ең басты себебі — жоғары температура. Температура әсерінен тау жыныстары, әр түрлі минералдар бірде ұлғайып, бірде кішірейеді де, бастапқы формасын жоғалтып үгіле бастайды. Тау жыныстарының жарықтарына жауын-шашын кезінде жиналған ылғал жарықты ұлғайтады. Сөйтіп ол жыныстар бұзылып, үгіле береді.

Химиялық жолмен үгілгенде тау жыныстарындағы минералдардың құрамы өзгеріп, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процесстің негізгі себебі — құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық су. Химиялық үгілу процесі тау жыныстарының суда еруінен және одан әрі тотығуынан басталады да, сапасы жағынан жаңа минерал қосылыстары пайда болуымен аяқталады. Сөйтіп, ұсақ бөлшектерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа түсіп, жаңа жыныс құрайды.

Химиялык және физикалық үгітілуден пайда болған тау жыныстарының үгіндісі жел мен судың күшімен кеңістікке тарайды, онын, өзінде де одан әрі уақталып, талай өзгеріске ұшырайды, алуан түрлі аналық жыныс түзеді. Аналық жыныстар кеуекті, бойында су мен жылжымалы қоректік заттар болады. Сондықтан да оларда тірі организмдердін. пайда болуына қолайлы жағдай жасалады.



Биологиялық үгілу тау жыныстарындағы минералдардың механикалық және химиялық жолдарымен бұзылуынан болады. Бірақ мұндай бұзылу, оларда тіршілік ететін организмдердің әрекетіне байланысты. Сөйтіп, топырақ түзілу процесі кезінде биологиялық жолмен үгілу ең негізгі құбылыстардың бірі болып саналады. Биологиялық жолмен түзілгенде тірі организмдер тау жыныстарынан өзіне қажетті минерал заттарды алып, органикалық қосылысқа айналдырады. Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ол тіршіліктер микроорганизмдердің тау жыныстарының минералды қосылыстары олардың қорегі болғандықтан. Ал микроорганизмдер бөліп шығаратын органикалық қышқылдары тау жыныстарының химиялық құрамын біртіндеп өзгерткенінен қына, мүк өсімдіктерінін. өсуіне жағдай жасалады. Мүк пен қыналардың қураған қалдығын микроорганизмдер ыдыратады, органикалық заттар мен қоректік элементтер жиналып сақталады. Топырақтың пайда болуынан оның қасиеті өзгереді. Мұндай ортада жоғары сатыдағы өсімдіктер пайда болады.

Өсімдіктер мен тірі организмдердің әсерінен топырақтың құнарлы қабаты өседі. Топырақтьщ жоғарғы қабаттарында жиналған құнарлы қыртысында өсімдіктерге қажетті азот, фосфор, калий және басқа да қоректік элементтер болады. Әрине, бүл топырақ түзілудің биологиялық үгілуінен екенін дәлелдейді.



2. Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі

Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың типіне және оның, жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақтың микроорганизмдерге байлығы соншалық, тіпті оның бір грамында ауру қоздырмайтын кейбір бактериялар бірнеше жүзден миллиардқа дейін кездеседі. Топырақтағы микроорганизмдердің ең көбі бактериялар, әрине онда актиномицеттер де аз емес.

Топырақ ерекше дене болғандықтан оның түйіршіктерінің іш жағында анаэробты, ал сырт жағында аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді. Өсімдік тамырлары тараған жерлерде микроорганизмдер көптеп тіршілік ететіні байқалады. Ал әр өсімдік тамырының айналасында, сол өсімдікке тән микроорганизмдер топтасады да, белгілі бір аймақ түзеді. Оны ризосфера деп атайды.

Әр түрлі топырақта ылғал мөлшері түрліше болып келеді. Осыған байланысты онда тіршілік ететін микробтар саны да өзгеріп отырады. Шамадан тыс ылғал органикалық заттарды ыдырататын аэробты микроорганизмдер тіршілігі үшін тым қолайсыз. Сондықтан топырақтың ылғал режимін реттеу алдымен онда тіршілік етіп, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтын микроорганизмдердің тіршілігін жақсартуға негізделеді. Микроорганизмдердің негізгі процестерінің белсенді жүруіне топырақтың механикалық құрамы да әсер етеді.

Топыраққа ауа енуі қиындағанда ондағы органикалық заттардың ыдырау қарқыны бәсеңдейді.

Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты. Осы энергия көзінін. әсерінен ондағы микробиологиялық процестер де , жақсы жүреді. Микроорганизмдер тіршілігі үшін қышқылдың шамасы бірқалыпты дәрежеде болуы тиімді. Микроорганизмдер топырақтың беткі қабатынан өте терең қабаттарына дейін ерсілі-қарсылы өтіп өмір сүре алады, сондықтан да топырақтың әр түрлі қабаттарына ылғал, ауа жақсы өтетін болады. Әрине микроорганизмдерді микроскопсыз көре алмаймыз. Өзінің тіршілігі үшін кажетті қоректі ол жасыл өсімдіктер жасаған органикалық заттардан алады. Олардың саны мен сапасы топырақ қабатындағы (-тсімдік қалдықтарыньщ мелшеріне байланысты. Танаптағы өсімдік қалдықтарын шірітетін организмдер аэробты, анаэробты бактериялардан басқа ашытқыш саңырауқұлақтарға бөлінеді.

Топырақ қабатындағы ауа мен оттегі болса аэробты бактерияларға қолайлы жағдай, ал топырақ қабатында оттегі жоқ болса анаэробты бактериялардың белсенділігі арта түседі. Егістік танаптағы топырақ қабатында анаэробты жағдай жасалса өсімдік қалдықтарының шіруі -яғни ыдырауы баяулайды, онымен жайлап шала ыдыраған, немесе жартылай ыдыраған өсімдік қалдықтары жинақталады, ал есімдіктерге зиянды ашыған қосылыстар мен кышқылдардың орын алуларына мүмкіндік туады.

Танаптағы топырақ қабатының құнарлылығын аэробты және анаэробты бактериялар өз алдына бөлек жоғары көтере алмайды. Егер олар бір мезгілде бірдей әрекет етсе ғана өсімдіктердін. қоректік заты молаяды.

Аталған микроорганизмдерден басқа өсімдіктерге зиянды мик-роорганизмдер де аз емес, оларға қарсы күресуге агротехникалық шаралар жоспарланады.

Егіншілікте дақылдардың өнімі мен сапасын арттыруда әрине қоректік заттар керек, ал оларды дайындауда микроорганизмдердің белсенділігін арттыруға топырақ қабатының температурасын қышқылды ортасын, ылғалдылығын реттеуге өте-мөте органикалық тыңайтқыштармен тыңайтқанды қажет етеді.



3.Топырақ құнарлығы

Топырақ қабатында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың қоры бар. Осы қор топырақ құнарлылығын анықтайтын басты шарттардың бірі. Тек құнарлы топырақтарда егілген дақылдардан мол әрі сапалы өнім алуға болады. Құнарлы топырақта қоректік заттар мол болады. Оның су, ауа, микробиологиялық белсенділігін: бірқалыпты реттейді және механикалық құрамы жақсы болады. Әрине бұлар табиғат жағдайларына байланысты, әсіресе ол топырақты өндеу арқылы қоректік заттардың қорын молайтқанда ескеретін жәйт.



Топырақтың құнарлылығы дегеніміз оның өсімдіктердің өсіп дамуына сумен, қоректік заттармен және ауамен бір мезгілде қажетті мөлшерде қамтамасыз етуі, сондай-ақ өсімдіктердің, тіршілігін қолайлы жағдайда өткізу қабілеттілігі.

Өсімдік тіршілігінің барлық факторларына ықпал ететін агротехникалық және басқа шараларды комплексті жүзеге асырғанда ғана топырақтын. құнарлылығын арттыруға болады. Агротехникалық шаралар дұрыс және дер кезінде жүргізілсе, табиғи топырақ. құнарлылығының кемімеуін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Олар топырақты агробиологиялық, агрохимиялық және мелиоративтік жағынан жақсартуға мүмкіндік туады.

Егіншілікте табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылық деген ұғымдар бар.

Табиғи құнарлылық деп адам баласы араласпай-ақ топырақта табиғи факторлар түзілу процесін айтады. Егіншілікті игеруге байланысты топырақтын табиғи құнарлылығымен қоса енгізілген өңдеу шараларын жасанды құнарлылық дейміз. Топырақтың құнарлылығын арттыруға көптеген агротехникалық шаралар ықпал етеді: топырақты ауыспалы егістегі егінжайлардың орналасуына қарай өңдеу тәсілдері, тыңайтқыштар қолдану, арамшөптерді құрту т. б.

4. Топырақтың физика-механикалық қасиеті және технологиялық қасиеті
Топырақтың мынадай технологиялыққасиеттері бар, байланыстылығы, созылмалылығы, жабысқақтығы, жетілуі, қаттылығы, меншікті кедергісі.

Топырақ байланыстылығының ең аз шегі — оны созғанда, ең көп шегі оны сыққанда, орта шегі — ол ығысқанда байқалады.

Топырақ байланыстылығының мөлшері топырактың механикалық құрамына және оның ылғалдылығына байланысты. Саз балшық, саздақ тонырақтардыңбіайланыстылығы құмдық және құмды топырақтарға қарағаыда көбірек.


Топырақтың созылмалылығы деп сыртқы күштің әсерінен өзгерген қалпын сол күш әсері тоқтатылғаннан кейін де бұзылмай сақталу қабілетін айтады. Созылмалылық қасиет сазды және саздақ топырақтарда көп, құмдақ топырақта кем болады.

Топырақтың жабысқақтығы, деп өңдеу құралдары мен топырақтың түйісу нүктесінің айналасында ылғалдың жұқа қабатының байқалуы, сондай-ақ топырақ түйіршіктерінің электрлік және молекулалық әсерінен болатын өдегіш құралдың қайырмасы мен түреннің бетіне жабысу қабілетін айтады.

Топырақтың пісіп-жетілуі дегеніміз оның өңдеуге дайыңдығы, өйткені белгілі бір ылғалдықта құрылымды топырақ жеңіл де және жақсы түйіршіктенеді, оны өңдеуге қуат мөлшері де аз жұмсалады. Топырақтың механикалық құрамына байланысты оның пісіп-жетілу жағдайы, салыстырмалы ылғалдыққ 40... 70 процент, соған сәйкесті абсолюттік ылғалдық 15... 30 процент болғанда пайда болады.

Топырақ қаттылығы өсімдіктердің өсіп-өнуіне үлкен әсерін тигізеді. Өйткепі топырақ қаттылығы тым жоғары болса, солғұрлым өсімдіктердің осуіію, оның тамырларына үлкен кедергі туғызады. Топырақ қаттылығы 25-30 кг/см2 ден жоғары болса, өсімдіктердіц өсуі нашарлайды. Топырақ қаттыдығын білу, оның физикалық жағдайы туралы толығынан пікір айтуға мүмкіндік береді. Топырақтыц қатты кезіндегі бөлшектерінің түйіршіктерінің бір-біріне өзара іліністік күші, оның механикалық құрамына, қарашіріктігіне, құрлымына және ылғалдығына байланысты.

Меншікті кедергі. Топырақ өңдейтін құралдың қамтыған аумағының немесе айдалған қабаттың әр нүктесіне жырту кезінде түсетін кедергіні тарту кедергісі деп аталады.

Топырақтың сіңіру қабылеті. Топырақ қабатында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың, жиналуы, оныц сіңіру қабілетімен тығыз байланысты

байланысты болады. Топырақтың сіңіру қабылеті деп оның өз бойында ертінді және газ күйіндегі заттарды сақтап қалуын айтады

Сіңіру қабылеті -әр топырақта әр қилы болады, ол әдетте ондағы ұсақ түұйіршіктердің мөлшеріне байланысты.

Сіңіру қабылеті бес түрге бөлінеді



Биологиялық сіңіру – мұның топырақтағы қоректік заттардың жуылып кетпей сақталып тұруында үлкен мән бар. Бұл сіңіру өсімдіктердің тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне тікелей байланысты, өйткені олар топырақтан қажетті заттарды алып, оны өз мүшелерін құруға жұмсайды, сөйтіп ерімейтін күрделі органикалық қосындылар (мәселен, азот заттарын сіңіргенде белоктар) түзіледі.

Механикалық сіңіру қабілеті деп топырақтың басқа түйіршіктер аралықтарындағы қуыстардың диаметрінен үлкен заттарды сүзіп алып қалуын айтады. Механикалық құрамы сазды және саздақ топырақтың сіңіру қабілеті күшті болады.
Топырақтың химиялық сіңіруі дегеніміз, оған енген түрлі тұздар мен топырақ ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасуы. Химиялық сіңіру арқылы түрлі қоспалар құралады. Бұл жолмен пайда болған тұздар сумен шайылмайды.Сондықтан топырақта өсімдіктердің қорегіне қажетті катиондар мен аниондар сияқты заттар топыраққа сіңіп сақталады.

Топырақтың физикалық-химиялық алмастыра сіңіруі. Топырақтың иондар сіңіруін, негізінен катиондар сіңіру қабілетін физикалық-химиялық алмастыра сіңіру деп атайды. Бұл жол бойынша топырақ каллоидтары топыраққа енгізілген тұздар катиондарымен алмасады. Мұның негізінде біріншіден,физикалық сырттық қуат арқылы сіңіру (адсорбция) бар да, екіншіден—зара алмасу химиялық реакциясы бар.

Топырақ коллоидының құрамынедағы натрийдің орына кальций түзіледі,ал бұл элементтің топырақ реакциясы мен құрылымын жақсартуда орны зор. Топырақ қабаты тым сілтілі болса, яғни онда натрий катионы көп болса, мұндай топырақ көбінесе құрылымсыз келеді су, ауа және қоректік режимдері тапшы болады, болмашы ғана су тисе батпаққа, ал кебсе қабыршаққа айналады.



Топырақтың физикалық сіңіру қабылеті деп оның түйіршіктерінің сыртқы молекулалық күш әсерімен газды және ертінді заттарды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабылетін айтады.

5. Қазақстанның топырақ аймақтары

Республикамыз мына төмендегідей табиғи аймақтарға бөлінеді.

I.Орманды-далалық аймақ шалғындық қара топырақ, сілтісізденген, күлгінденген қара топырақ, орманды далалық аймақтың. сұр топырағы. Оңтүстіктегі орташа ылғалды орманды дала, қайың мен көктерек өсетін орман, орман арасындағы алқаптарға әр түрлі шөп өседі. Ауаның орташа жылдық температурасы +0 ден —1 градус суыққа дейін, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 320-дан 350 миллиметрге дейін. Топырақ көлемі 0,6 миллион гектар болса, соның 0,4 миллион гектары өңдеуге жарамды.

II. Далалық аймақ: а) кәдімгі қара топырақты. Бірқалыпты қуаң, боз, басқа да шөптер өседі. Ауаның орташа жылдық температурасы +1 градустан +15 градусқа дейін, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-ден 320 миллиметрге дейін. Топырағының жалпы көлемі 12 миллион гектар, оның өндеуге жарамдысы 5,5 миллион гектар; б) оңтүстік қара топырақты аймақ. Қуаң, боз, басқа да шөп түрлері өседі. Ауаның орташа жылдық темпе-ратурасы +1,5 градустан +2 градуске дейін, жауын-шашынның орташа жылдық мелшері 270 миллиметрден 300 миллиметрге жетеді. Топырағының алып жатқан жалпы көлемі 12,9 миллион гектар болса, оның 8 миллион гектары өңдеуге жарамды.

III.Қуаң далалық және қызыл қоңыр топырақты аймақ. Бір-қалыпты кұрғақ, бетегелі-бозды және бозды-бетегелі далалық. жер. Ауаның орташа жылдық температурасы +2 градустан 14 градусқа жетеді. Жауын-шашынньң орташа жылдық мөлшері 230 миллиметрден 270 миллиметрге дейін ылғалданады. Топырағының жалпы көлемі 53,1 миллион гектар, соның 17,6 миллион гектары өңдеуге жарамдысы.

IV.Шөлейт аймақ. Боз қоңыр топырақты аймақ, өте қуаң. бетеге, боз есетін шөлейт. Ауаның орташа жылдық температурасы + 4 градустан +7 градусқа жетеді. Топырақтың 37,5 миллион гек-тар жалпы көлемінің тек қана 1,2 миллион гектары өңдеуге жарамды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 180 милли-метрден 230 милиметрге дейін ылғалданады.

V.Шөл аймақ. а) Қоңыр топырақты солтүстік шөл аймақ тармағы. Топырағының жалпы көлемі 58 миллион гектар; б) Сұр қоңыр топырақты тақыр жер. Климаты өте құрғақ және ыстық, жусан мен сораң өсетін орта және оңтүстік шөл аймақтың тармағы. Ауаның орташа жылдық температурасы +7 градустан +13 градусқа дейін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 90 миллиметрден 180 миллиметрдей ғана ылғалданады. Топырағы-ның 39,3 миллион гектары жалпы көлемінін, 1.5 миллион гектары өңдеуге жарамды.



VI.Тау етегіндегі далалық аймақ. Сұр топырақ пен қоңыр топырақ басым. Ауа райы қуаң әрі ыстық, жусан және раң тәріздес шөптер өсетін далалық жер, сондай-ақ ылғалды және жылылықты сүйетін жусан мен астық тұқымдас шөптер өседі. Ауаның орташа жылдық температурасы +7 градустан —12 градус суыққа дейін төмендейді.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 210 мм 400 мм дейін. Топырақ көлемінің жалпысы 16 млн.га, оның 3 млн гектары өңдеуге жарамды

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиетер:

Ғылыми негіздегі егіншілік жүйесі және ауыспалы егістік

Дәріс №3.

Тақырыбы:

Дәрістің мақсаты:

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиетер:

Арамшөптер, олармен күресу жолдары

Дәріс №4.

Тақырыбы:

Дәрістің мақсаты:

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиетер:

Тыңайтқыштар

Тақырыбы:

Дәрістің мақсаты:

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылған әдебиетер:

Дәріс №5

Тақырыбы:Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы және ғылым
Дәрістің мақсаты: Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны: Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы
Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның мақсаты – екпе өсімдіктер, олардың биологиялық, ботаникалық ерекшеліктері, баптау, күтіп - өсіру жайлы кең түсінік беру, тұрақты да сапалы мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну.

Өсімдік шаруашылығында топырақтану, өсімдік физиологиясы, агрономиялық химия, егіншілік, химия, физика және тағы басқа сабақтас ғылым мәліметтері кеңінен пайдаланылады.

Өсімдік шаруашылығының биологиялық негізі болып саналатындар: 1) екпе өсімдіктердің өсіп - өну ерекшеліктері мен олардың өсетін ортасының жағдайларына қоятын талаптар; 2) өсімдіктер өсетін ортаның жағдайын жақсы білу және оны қажетті бағытта өзгерту; 3) өсімдіктердің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білу және соның негізінде тиісті агротехникалық шараларды белгілі бағытпен жүргізу.

Өсімдік шаруашылығының көптеген жеке салаларының өркендеуіне С. П. Кулжинский ( дәнді бұршақ дақылдары) , И. В. Якушин ( дәнді дақылдар , картоп, қант қызылшасы) , Н. Н. Кулешов ( жүгері, бидай) , А. И. Носатовский ( бидай) , В. А. Харченко ( мал азықтық тамыр жемістері) , Н. М. Майсурян ( бөрі бұршақ) және тағы басқа ғалымдар елеулі үлес қосты.

Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығын дамытуға байланысты ғылымдағы бағыттардың бірі - өнімнің күні бұрын болжануы және программалануы. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары еліміздің барлық егіншілік аймақтарында, әр түрлі дақылдармен жүргізілуде.

Өсімдік шаруашылығы жөніндегі ғылымның да өзіне тән зерттеу объектісі, мақсаттары және тексеру тәсілдері бар. Зерттеу объектісі – екпе дақылдары мен өсімдіктер; негізгі мақсат - өнімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, өнімділікті арттыру жолдарын көрсету. Ал, өсімдік шаруашылығының тексеру тәсілдеріне – далалық, лабораториялық және вегетациялық зерттеу әдістері жатады. Осы тәсілдері пайдалану арқылы алынған қорытындылар әр аймақтың егін шаруашылығының негізі болып табылады.

Әрбір өсімдік тіршілігі жасына қарай үш кезеңге – жастық, кемеліне келген және қартаю кезеңдеріне бөлінетін зерттеуші Ф. М. Куперман атап көрсеткен болатын. Осы кезеңдердің ұзақтығы, әр түрлі дақылдардың өзіне тән ерекшеліктеріне, қоршап тұрған ортасына тікелей байланысты.

Әр дақылдың өсіп - өну онтогенезін жетік білген жағдайда, егіншілікте дақылдарға биологиялық бақылаулар жүргізу арқылы, керекті агротехникалық шараларды мезгілінде қолданып, өсімдік өсуіне қажетті жағдай жасап, жоғары өнім алуды қамтамасыз етуге болады .


Екпе дақылдардың топтары


Өндірістік және пайдалану ерекшеліктеріне қарай дақыл топтары

Биологиялық топ тармағы

Дақылдар

Дәнді дақылдар

1. Бірінші топқа жататын астық дақылдары

2. Екінші топқа жататын дақылдар өкілдері

3. Бұршақ тұқымдас дақылдар


Бидай, арпа, қара бидай, сұлы

Күріш, жүгері, тары, сорго, қарақұмақ

Ас бұршақ, жасмық, чина, бадана, ноқат, соя, бөрібұршақ


Техникалық дақылдар

1. Майлы өсімдіктер

2. Эфир майлы өсімдіктер


3. Талшықты өсімдіктер

Күнбағыс, мақсары, қыша, рапс, арыш, майкене, күнжіт, жер жаңғағы, көкнәр, майлы зығыр

Кориандр, анис, зире, жалбыз, фенхель, жұпар шалфейі

Мақта, талшықты зығыр, сора, кенеп, бұйра кендір, кендір


Тамыр, түйнек жемістілер, бақшалық және жапырақ жемісті дақылдар

1. Тамыр жемістілер

2. Түйнек жемістілер


3. Бақшалық өсімдіктер
4. Углеводтарға бай

жапырақ жемістілер



Қант қызылшасы, шашыратқы, мал азықтық қызылша, тарна, азықтық шалқан

Картоп, жер нәгі, немесе жер алмұрты

Қарбыз, қауын, асқабақ, кәді

Мал азықтық капуста



Темекі, қара темекі

Танаптық мал азықтық шөптер


1. Бір жылдық бұршақты шөптер

2. Бір жылдық астық тұқымдас шөптер
3. Көп жылдық бұршақты шөптер

4. Көп жылдық астық тұқымдас шөптер



Темекі, қара темекі

Сиыр жоңышқа, беде, сераделла

Судан шөбі, немесе қонақ жүгері, итқонақ, қонақ, бір жылдық үйбидайық

Беде, жоңышқа, сиыр жоңышқа, түйе жоңышқа

Атқонақ, шалғындық бетеге, көп жылдық үйбидайық, еркекшөп


Екпе дақылдарының ішінде астық тұқымдастарына үлкен мән беріледі. Оларға – бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері, құмай және қарақұмық жатады. Бұлар тағамдық қасиетінің жоғары болуына және тұрмыста жан – жақты пайдаланылуына байланысты жер шарының барлық аймағына кеңінен таралып отыр. Астық дақылдары тұқымында белок, углевод және май көп мөлшерде кездеседі.

Астық дакылдарының бірқатары (арпа, сұлы, жүгері) құнарлы мал азығы болып саналады. Олардың дәні жиналып алынғаннан кейінгі қалған сабандары мен топандары мал азығына тікелей пайдаланылады. Ал астық дақылдарының дәндері сыра, крахмал, спирт алуға және декстрин өндірісінде кеңінен пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі салаларын атаңыз

Ұсынылған әдебиетер

Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г

2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982


  1. 3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж

  2. 4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж

5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.

Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.

Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г

Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978

Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982

Дәріс №6.

Тақырыбы:Астық дақылдары

Дәрістің мақсаты: Дәнді- дақылдардың ботаникалық жалпы ерекшеліктері,

дәннің химиялық құрамы, астықты дақылдарды бірінші және екінші топқа ажырату белгілері, астық дақылдарының өсуі мен даму кезеңдері, бірінші топтағы астық дақылдар (бидай, арпа, сұлы), жармалық дақылдар (Тары, сорго, күріш, жүгері,қарақұмық,) негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.



Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Дәнді- дақылдардың ботаникалық жалпы ерекшеліктері

2.Дәннің химиялық құрамы.

3.Астықты дақылдарды бірінші және екінші топқа ажырату белгілері

4.Астық дақылдарының өсуі мен даму кезеңдері

5.Бірінші топтағы астық дақылдар (Бидай, арпа, сұлы)

6.Жармалық дақылдар (Тары, сорго, күріш, жүгері,қарақұмық,)
Екпе дақылдарының ішінде астық тұқымдастарына үлкен мән беріледі. Оларға – бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері, құмай және қарақұмық жатады. Бұлар тағамдық қасиетінің жоғары болуына және тұрмыста жан – жақты пайдаланылуына байланысты жер шарының барлық аймағына кеңінен таралып отыр. Астық дақылдары тұқымында белок, углевод және май көп мөлшерде кездеседі.

Астық дакылдарының бірқатары (арпа, сұлы, жүгері) құнарлы мал азығы болып саналады. Олардың дәні жиналып алынғаннан кейінгі қалған сабандары мен топандары мал азығына тікелей пайдаланылады. Ал астық дақылдарының дәндері сыра, крахмал, спирт алуға және декстрин өндірісінде кеңінен пайдаланылады.




Ботаникалық жалпы ерекшеліктері.
Дәнді бұршақ дақылдары
Халык шаруашылықтық маңызы.
Тыңайтқыштар.
Тұқымдардың морфологиялық белгілері

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет