2. Пән туралы деректер



бет5/8
Дата22.06.2017
өлшемі9,69 Mb.
#19751
1   2   3   4   5   6   7   8

Қант қызылшасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы
Халык шаруашылықтық маңызы. Қант қызылшасының тамыр жемісінде 16—20% қант болады. Заводта өңдегеннен кейінгі қалдығы сірне, сығынды мал азығына пайдаланылады. Қант қызылшасы сірнесінде 15% азотсыз заттар, 60% қант қалдығы, 8—9% күл, ал сығындыда 15% кұрғақ заттар, оның ішінде 10% азотсыз заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. 100 кг сығындыда —80 мал азық өлшемі, 3,6 кг қорытылатын белок болғандықтан, ірі қараға бағалы азық.

Қант қызылшасы әр гектардан 300 ц тамыр өнімін берсе одан 240 ц сығынды алынады.

Қант қызылшасы өндірісінің қалдығы құрамында 40—50% әк, 15% органикалық заттар, 0,2—1,7% азот, 0,2—0,9% фосфор және 0,5—0,9% калий болғандықтан жақсы тыңайтқыш болып есептеледі.

Қант қызылшасы — өте бағалы мал азықтық дақыл. Әр гектардан алынатын түбірінің өнімі 300 ц, жапырақтары 15 ц болғанда, 10500 мал азық өлшемін береді. Жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егілген дақылдардың өнімін молайтады.

Тамыр жемісті қызылша қанты төмен жапырақты қызылшаны сұрыптау арқылы XVIII ғасырда пайда болды. Қызылша тамырында қант болатындығы 1747 жылы ашылса, одан қант алу XVIII ғасырдың аяғында іске асты.

Әлемдегі қант қызылшасы егістігінің келемі 9 млн гектардан артық. Қазір қызылшаны ең көп себетін елдерге ТМД-елдері, Германия, АҚШ, Франция, Словакия, Польша, Венгрия, Румыния, Италия және Англия жатады.

Қазақстанда қант қызылшасы Алматы, Жамбыл және Талды-қорған-да егіледі.

Қант қызылшасы өнімділігі. Қант қызылшасы — мүмкінші-лігі зор дакылға жатады. Қант қызылшасының әр гектарынан алынатын орташа өнім 241 ц болса да, оның био-логиялық зор мүмкіндіктері толык, пайдаланылмай отыр.

Қант қызылшасын интенсивті жолмен өсіргенде ең жоғары және өзіндік құны төмен өнім алуға болады.



Ботаникалық ерекшеліктері. Шыққан жері Жерорта теңізінің төңірегі болып саналатын қант қызылшасы екі жылдык өсімдік. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі, екінші жылы гүл ататын сабақ, ал одан тұқым пайда болады.

Қант қызылшасы дамуының алғашқы кезеңінде жапырақтары және түбір жүйесі өседі де, түбірі жуандамайды. Сосын түбірі тез өсіп, толығады да, жапырақтардың көбеюі мен көлемінің ұлғаюы кідіреді. Үшінші даму сатысында түбір өсуі тоқтап, оған қант жиналуы күшейеді.

Кейде қант қызылшасы қалыпты екі жылдық дамуын бұзуы да мүмкін. Ол себу уақытында тұқымды, тұкымдық түбірді сақтау жағдайларына тікелей байланысты.

Егер қант қызылшасы алғашқы жылы гүлдесе оны «сояуланып ату» деп атайды. Бірақ Қазақстанның қант кызылшасын себетін аудандарында бұл құбылыс кездеспейді. Кейде егілген тамырдан гүл сабағы шықпай түбірі толыға түссе, оны «қасарысу» немесе «қарысып» қалу дейді. Бұл құбылыс тұқымға арналған түбір жылы жерде сақталып, тыныс алуы күшейіп босап кеткен жағдайда байқалады.



Ауыспалы егістегі орны. Қант қызылшасы топырақ құнарлылығы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды. Одан мол өнім алу мен қанттылығын арттыруда ауыспалы егістің маңызы ерекше. Жақсы алғы дақылдарға — таза парға егілген ты-ңайтқыш ендірілген күздік астық дақылдар, мал азығына арналған кеп жылдық шөптер және дәнге арналған ас бұршақ жатады, Ылғалдылығы жеткіліксіз аудандарда қант қызылшасын таза парға немесе таза парға себілген жаздық бидайдан кейін орналастырады. Ал егілген жеріне тек 3—4 жылдан кейін қайта отырғызуға болады.

Суармалы жерде қызылшаның жақсы алғы дақылдарына — беде тыңы, беде тыңының аудармасы, күздік бйдай, жүгері, дәнді бұршақты дақылдар және жасыл тыңайтқышқа арналған рапс немесе шабдар егілген жерлер жатады.



Топырақ өңдеу және арамшөптермен күрес жолдары. Топырақты ерте күзден бастап сапалы өңдеу, қант қызылшасының өнімін және қанттылығын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Топырақты күзде өңдеуге егістік жерлерді тегістеу, топырақты жыртудың алдында суару, сыдыра қопсыту, тыңайтқыштар сіңіру және сүдігер жырту жұмыстары жатады. Қызылша егістігінен мол өнім алу — суарылуына, тұқымның дұрыс себілуіне және өнімнің төкпей-шашпай жиналуына, жердің тегістігіне байланысты.

Егер қызылша масақты дәнді дақылдардан және жүгеріден кейін егілетін болса, аңызды егінді жинаған соң 2—3 күннен кейін дискілі сыдырғыштармен өңдейді. Соның нәтижесінде топырақтың беткі қабатындағы арамшөп тұқымдары аударылып, олар ылғалды қабатына түсіп, көп кешікпей өніп шығады, бірақ кейінгі сүдігер жыртқанда олар толық жойылады.

Егер қызылша бедеден кейін себілетін болса, онда алдымен беденің мойын тамырларын түренді сыдырғыштармен, қайырмасыз плугпен немесе КПГ-250 немесе КПП-2,2 қырқуыштармен 10—12 см тереңдікте қырқады. Беде тамыры екі жеті кеп-тірілгеннен кейін, гектарына 700—800 текше метр есебімен суарылады. Топырақ өңдеу мүмкіншілігі болғанда 28—32 см тереңдікте жыртылады.Тұқымды біркелкі себілуі үшін ерте көктемде топырақтың ылғалдылығын сақтап, арамшөптерін жойып, арнаулы өндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақты БЗТУ-1,0, БЗТС-1,0, ЗПБ-0,6 тырмаларымен немесе ШБ-2,5 шлейф тырмаларымен қопсытады. Содан кейін ЗККШ-6А катогымен нығыздайды. Тұқымды себер алдында 8—10 см тереңдікте дискілі сыдырғыштармен өңдейді.

Арамшөптерді құрту үшін тұқымды себер алдында топырақтың әр гектарыңа 2,6—8,0 кг мөлшерінде эптам немесе тиллам сіңіріледі. Олар шөп тәрізді арамшөптердің 80—90%, қосжарнақтылардың 40—50% жояды. Өсіп келе жатқан арамшөптерге қарсы, тұқымды себу алды қопсыту кезінде әр гектарға 16—24 кг мөлшерінде дихлор мочевина ұнтағынын, 300—400 г судағы 50% ерітіндісін шашады. Тұқым себу қопсытудан 3 са-ғаттан кейін басталады да, себілген егістік қайта нығыздалады.



Тыңайтқыштар. Орманды дала аймағында, қант қызылшасының әрбір 100 ц түбір өніміне орташа есеппен 50 кг N. 15 кг Р2О5 және 60 кг Қ2О пайдаланылады. Сондықтан жоғары өнім алу үшін әр гектарға 18—25 ц минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.

Тыңайтқыш қызылшаның алғашқы өсу кезінде топырақтың жоғарғы, ал тамырының өсуіне байланысты оның төменгі қабаттарына ендіріледі.

Қазақстанның суармалы ашық қоңыр және сұр топырақты жерлерінін әр гектарынан 400—500 ц түбір өнімін алу үшін жер жыртумен бірге әр гектарына 60 кг азот, 20—120 кг дейін Р2О5, 40—100 кг шамасында КгО сіңіріледі. Калийдің 20—30 кг үстеп қоректендіргенде, ал қалған бөлегі топырақты негізгі өңдегенде ендіріледі.

Азотты тыңайтқыштар топырақтың түріне және алғы дақылдарға байланысты қолданылады. Қоңыр және шалғынды топырақта қызылшаны бедеден және дәнді бұршақты дақылдардан кейін егетін болса, әр гектарға әсерлі зат есебімен 60 кг, қант қызылшасынан және жүгеріден кейін —90 кг, ал масақты дәнді дақылдардан кейін 100—110 кг мөлшерінде азот сіңіріледі. Қарашірігі аз топырақта берілетін азот мөлшері де өсе түседі. Қоңыр топырақты жерге ендірілетін азоттың 2/3 бөлігі күзде жер жырту, қалған бөлігі кызылшаны сиреткен соң үстеп қоректендіру кезінде ендіріледі.

Қазақстан жағдайында қант қызылшасын толық минералды тыңайтқыштармен 2—3 рет үстеп қоректендіреді. Алғаш рет үстеп қоректендіргенде топырақтың 10—12 см тереңдігіне гектарына 30 кг азот, 10 кг фосфор және 20 кг калий, екінші ретте 12—14 см терендікке 20 кг азот; 20 кг фосфор мен калий беріледі. Үшінші рет үстеп қоректендіргенде оны 14—16 см тереңдікке сіңіріп, азот мөлшерін 10 кг дейін кемітеді де, ал фосфор мен калий 20 кг дейін көбейтіледі.

Қант қызылшасы түбірі өнімін және оның қанттылығын 1,0—1,5% көбейту үшін егінді жинауға 3—4 апта қалғанда егістіктіқ әр гектарына 24—30 кг хлорлы калийді 800 л суға ерітіп бүрку арқылы үстеп қоректендіріледі.



Тұқымды себуге әзірлеу. Қант заводтарында себуге арналған тұқымды 3,5—4,6 және 4,5—5,5 мм екі фракцияға іріктеп бөледі де, әр тоннаны 2—5 кг гранозанмен дәрілейді. Іріктелген тұқымды танапқа қызылша сеялкаларымен сепкенде әр қатардың бір метріне 12—15 түп өсетін болуы және тұқымның өнгіштігі 75—80% кемімеуі көзделеді.

Тұқымның төгілгіш сусымалы болуы үшін оның бетін тегістеп, (сегменттеп) белгілі қоректік құрамы бар қосындыға батырып, жұмыр түріне келтіреді. Сонымен қатар себер алдында 100 кг тұқымды 200 г кобальт, марганец немесе мырыш және 0,1—0,05 проценттік никазин ерітіндісімен өңдеп, микроэлементтер береді.

Себу мерзімі ерте егілетін жаздық дәнді дақылдармен қатар, топырақтың 10 см тереңдігіндегі жылылык. 5—6° болғанда басталады. Қызылша тұқымын себу ерте, әрі 3—4 жұмыс күні ішінде аяқталса өнімі, түбірінін. қанттылығы өседі.

Қолайлы себу мерзімі Жамбыл облысында наурыздың екінші және үшінші онкүндігінде, Алматы облыстарында наурыз айының аяғынан сәуірдің бірінші жартысына дейін созылуға тиіс.



Себу әдісі. Қант қызылшасын егетін негізгі аудандарда оның қатараралығын 45 см, суармалы жерлерде 60 см, олардың қатараралығын өңдеуді жеңілдетіп, сапасын жақсартады. Теспелеп себу үшін дән себетін ССТ-12А, ССТ-12Б, суармалы жерлерде ССТ-8, ССТ-8Б сеялкаларын қолданады.

Интервалды ұялап себу үшін себілетін тұқымның өнгіштілігі 80—85% кемімеуі шарт. Әрбір ұяның бір-бірінен қашықтығы 10—15 см болып, әр ұяға 2—3 тұқым салынады. Жай әдіспен салыстырғанда тұқымды интервалды әдіспен себу еңбек шығынын 25—30% кемітіп, қызылша шығымдылығын 15—20% өсіріп, себілетін тұқымды үнемдейді.

Механикалық сирету жұмыстарын жүргізгенде тұқымды себу мөлшері әр гектар жерде 90—100 мың түп болып, немесе қатардын, әрбір метрінде 4—5 түп өсімдік қалуы керек. Қант қызылшасын өсіретін негізгі аудандарда тұқымның өнгіштігі 75% болса, көп түқымды қызылшаны әр гектарға 12—16 кг, бір тұқымдыны 6—12 кг немесе қатардың әрбір метріне 12—30 түпке дейін отырғызады.

Тұқымды сіңіру тереңдігі 3—4 см, ал құрамы ауыр ылғалды топырақта 2—3 см болады.



Егістікті күту. Қызылша егістігін күтіп-баптау тұқым өніп шыққаннан кейінгі тырмалау, шабықтау, қызылшаны сирету, жиілігін қалыптастыру, тексеру, суару, қатараралықтарын қопсыту, үстеп қоректендіру, арамшөптермен және зиянды жән-діктермен күресу жүмыстарынан тұрады.

Егістікті тырмалау топырақ бетінің қабыршақтануын болдырмай, ылғалдылығын сақтап, арамшөптерді құртады, өте жиі өнген қызылша сиретіледі.

Тұқым көктеп шықпастан бұрын жауын жауса, топырақ бетіндегі қабыршақ қалыңдап кетпей тұрып, егісті ЗПБ-0,6 жеңіл тырмалармен немесе ЗМВ-2,8 құралымен өңдейді. Егістікті жаппай тырмалау 2—3 см тереңдікте себу бағытына көлденен. бағытта жүргізіледі. Қөктеп шыққан қызылшаны тырмалау оның толық қос құлақтануынан бірінші қос жапырақ сала бастаған кезге дейін созылады, бұл тырмалау қызылшаны 30—40% сиретіп, жаңа шыкқан арамшөптердің 60—70% құртады.

Шабықтау немесе қызылша қатараралықтарын алғашқы рет тайыздау қатарлар сәл біліне бастағанда 4—5 см тереңдікте жүргізіледі. Қызылша жиілігін реттеу ең қиын және жауапты жұмыс. Қазақстанның қызылша егетін суармалы жерлеріндегі егінді жинау кезінде әр гектардағы қызылша тығыздығы, қатараралығы 60 см болғанда, 80—85 мың түп, 45 см қатараралығында 90—100 мың түп өсімдік болуы шарт.

Қызылшаны сиретуді өсімдік қос құлақтанғанда, қос жапырағы шықанда бастап, 10—15 жұмыс күні ішінде аяқтайды. Сиретуден кейін қатардағы өсімдіктердің арақашықтығын 18—20 см етіп, әрбір метр жерге 6—7 түп өсімдік қалдырылады.

Қызылшаны қатар бойлай сирету үшін УСМП-5,4, ПСА-27, қатарларға кесе көлденең бағытта сирету үшін СУМК-5.4А, УСМК-5, 4 Б КГС-4,8, КРН-4,2 және ҚРН-5,6 қопсытқыштарын пайдаланады.

Сиретуді немен жүргізсе де қатардың әрбір метріндегі өсімдіктің саны қатараралығы 60 см болса 7 түп, 44,5 см болса — 6 түптен кемімеуі шарт.

Қызылша егістігін тексергенде қатардағы және шоқтағы жиі өсімдіктерді жұлып, арамшөптерін отап, айналасын қопсытады. Тексеруді қызылша 2—4 нағыз қос жапырақ шығарғанға дейін аяқтаған жөн.

Алғашқы қопсытуды қатараралықты бойлай 6—8 см тереңдікте, КРН-4,2 культиваторымен жүргізеді. Оны үстеп қоректендірумен және алғаш суару жүйелерін тартумен бірге де атқаруға болады.

Қант қызылшасы зиянкестері пайда болған егістіктерді метафос, хлорофос, полихлоркамфен инсектицидтерімен өндейді. Ал арамшөптерге қарсы таңдамалы қатарларды өңдегенде әр гектарға 3 кг, тегістей өңдегенде 6—8 кг бетанал беріледі. Тұ-кымды себумен қатар дара жарнақты арамшөптерге қарсы ДХМ, ТХА, қос жарнақтыларға — пирамин немесе күрделі әсерлі эптам, ронит және тиллам гербицидтерін колданады.

Алғаш суарғаннан кейін топырақ кеуіп кетпей тұрып, қатараралықтарды 10—12 см тереңдікте қопсытады. Бұдан кейінгі қопсытудың тереңдігін біртіндеп 16—18 см, ал ауыр топырақты жерде 20—22 см тереңдікке жеткізеді.

Топырақты терең қопсыту егістікті суару алдында КРН-4,2, УСМК-5,4 культиваторларымен және КГР-3,6, КГС-4,8 терең қопсытқыштарымен орындалады.



Қант қызылшасын суару. Қазақстан және Қырғыз тәжірибе мекемелерінің деректері бойынша қызылша танабына көң сіңірілсе, дұрыс суарылса, егістіктің әр гектарынан 77—206 центнерге дейін қосымша өнім алынатыны анықталды. Танапты суару тәртібін қызылшаның өсіп-дамуының үш кезеңіне қарай шартты белгілейді.

Бірінші кезеңі оның тұқымын себуден шілдеге дейінгі мерзім. Өсімдік суды аса көп қажет етпейтіндіктен гектарына 600—700 текше метрден 1—3 рет суарады. Алғашқы суару ыза суының тереңдігіне, топырақтың түріне байланысты болады. Қара және ашық қоңыр топырақтарда ол мамыр айының аяғында, ал қайталануы 15—17 күн еткен соң жүргізіледі.

Ёкінші кезең июль айынан бастап тамызтың ортасына дейін созылады. Бұл суды көп қажет ететін кезең. Сондықтан әр гектарға 800—900 текше метр мөлшерінде әрбір 12—15 күн сайын 4—5 рет суарылады.

Үшінші кезенде (тамыз айының ортасынан қызылша жиналғанға дейін) өсімдік суды аз талап етеді, сондықтан әр гектарға 700—800 текше метр мөлшерінде 1—2 рет суарылады. Соңғы суару қызылшаны жинауға 12—13 күн қалғанда жүргізіледі.

Бұл вегетациялық суарулардан басқа күзде жүргізілген ылғал жинау суаруы, топырақтың жыртылу сапасын жақсартып, әр гектардан 30—50 ц қосымша өнім беретіндігін де ескерген жөн.

Қант қызылшасы егістігіне суды жер бетімең ағызып, топырақ асты және жаңбырлатып суару әдістерімен береді. Егістік беті жақсы тегістелген, бірак, еңкіштігі 0,001—0,003 градусқа дейін болатын жерлерді суарғанда қарықтардың ұзындығы 200—250 м болғаны жөн.

Егістікті иілгіш шлангалары бар ППУ-165У және екі иықты ДДА-Ю0М жаңбырлатқыштары арқылы суарады.

Қант қызылшасын жинау. Қай жерде болса да қызылшаны жинау күзгі аяз түскенге дейін аяқталғаны жөн.

Күрделі жинау агрегаттарын пайдалану қол еңбегін азайтып, қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік туғызады. Қант қызылшасын өсіретін негізгі аудандарда, оны жинау сентябрь айының екінші жартысында басталып, 20—25 қазанда аяқталады.

Қант қызылшасын тасқынды, жартылай тасқынды және үймелі әдістермен жинайды. Тасқынды әдісте түбір қазылып, жапырағы қырқылып, тазаланбастан-ақ қант заводтарына жөнелтіледі.

Транспорт жетіспей, түбірді топырағынан және шірігінен тазалау қажет болса комбайннан шыққан қызылша арнаулы көмбеге төгіледі де, қолмен тазаланып қант заводтарына тапсырылады. Егер қызылша түбір шіру кеселімен қатты зақымданса және егістік қант заводтарынан алшақ болса үймелі жинау әдісі қолданылады. Үйменің ұзындығы 3—5 метр, ені төменде 2—3, жоғарыда 0,3—0,4, биіктігі—1,2—1,5 метр болғаны қолайлы.

Қант қызылшасын жинауға сіліккішті КСТ-ЗА комбайнын және комплексті алты қатарлы бөлектеп жинау машиналарын пайдаланады. Бұл комплекс БМ-6 пәлеккескіш және өздігінен жүретін КС-6 немесе РКС-6 түбір жинағыш машиналарынағ құралады.

Үймелердегі қызылша түбірін тиеу СНТ-2,1 Б және ПС-100 немесе өздігінен жүретін өнімді СП-4,2 тиегіш-тазалағыштарымен жүргізіледі.



Қант қызылшасын тұқымға өсіру. Тұқымдыққа арналған қант қызылшасын күздіктерден кейін егіп, топырақтың ылғалдылығына байланысты әр гектарға 120—180 мың өсімдіккедейін қалдырады. Түбір сақтауға арналған шұңқыр ТКУ-0,9 А жерқазғышымен сақтауға 20—30 күн қалғанда қазылады. Шұңқырдың ені 1 м, тереңдігі 60—70 см, суық Алтай өлкесінде 1 м жеткізіледі. Алғашқы топырақпен жабуды аяз басталғанда 30 см биіктікте, келесіде биіктігін 120—150 см және енін 120—150 см етіп жүргізеді.

Көктемде күздіктерден босап жыртылған танап топырағын екі ізді тырмалап және 14—16 см тереңдікке қопсытады да, әр гектарға 15—18 ц минералды тыңайтқыштар енгізеді. Тұқымдыққа арналған түбірлерді ерте көктемде ВПУ-4 машинасымен 70X70 см ұялап отырғызып, ылғал тоқтатуды жақсарту үшін айналасын нығыздап таптайды. Өсіп келе жатқан бүршік үсіп кетпес үшін түбір басы топырақ деңгейінен 2—3 см төмен отырғызылады. Аналық түбір отырғызылып болғаннан кейін, егістікті су құйылған катокпен нығыздап, жеңіл тырмалайды. Жапырақтары шыға бастағанда егістік ұяларын жендейді.

Өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінде 3—4 рет қатараралық қопсыту жүргізеді. Баптау жұмыстарына гүлдеу алдында жүргізілетін шырпу мен тұқырту және қосымша тозаңдату жатады. Шырпуды бұтақтанбаған өсімдік сүрегінің ұшын 10—12 см қысқарту арқылы, ал тұқыртуды барлық сабақтардың ұшын 2—3 см кесу арқылы жүргізеді. Тұқымның 30—40% қоңырланғанда өсімдікті қолмен кесіп немесе жаткамен дестеге шауып,. кептіруге, пісіп жетілуге қалдырады. Дестені қосымша арнаулы көтеріп жинағыштары бар комбайндармен бастырады.

Бақылау сұрақтары:

1.Картоптың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы

2.Қант қызылшасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы

3.Сәбіздің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы



Ұсынылған әдебиетер

Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г

2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982


  1. 3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж

  2. 4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж

5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.

Дәріс №9

Тақырыбы: Майлы және талшықты дақылдар

Дәрістің мақсаты: Негізггі майлы және талшықты дақылдармен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Майлы және техникалық дақылдар

2.Күнбағыстың ботаникалық, биологиялық ерекшеліктерімен өсіру технологиясы
Техникалық дақылдар

Техникалық өсімдіктер тамақ, тоқыма, сабын қайнату, сырбояу, дәрі-дәрмек, хош иісті заттар және басқа да жеңіл өнер-кәсібі салаларына қажетті шикізаттар алу үшін өсіріледі. Алынатын өнімдеріне қарай олар төмендегідей топқа белінеді:

Майлы дақылдарға дәндерінен тамақтық және техникалық май алу үшін өсірілетін күнбағыс, майкене, майбұршақ, перилла, күнжіт, жержаңғақ, қыша, көкнәр, арыш, мақсары, ляллеманция және т. б. жатады.

Эфир майлы өсімдіктерге тұқымынан, гүл шоғынан немесе жапырақтарынан ұшпалы хош иісті заттар алынатын кориандр, анис, зире, фенхель, жалбыз және тағы басқа өсімдіктер жатады.

Қантты және крахмалды өсімдіктерге тамыр жемістерінен, түйнек жемістерінен немесе сабақтарынан қант, крахмал, инулин және тағы басқа заттар алу үшін өсірілетін - қант қызылшасы, шашыратқы, картоп, жер нәгі немесе топинамбур, қант құрағы жатады.

Талшықты өсімдіктерге тұқымдарында (мақта) немесе сабақтарында (зығыр, сора, бұйда кендір, кенеп, жұт, рами және тағы басқа) пайда болатын талшықтарды алу мақсатында өсірілетін өсімдіктер жатады.



Дәрі-дәрмектік, инсектицидтік, бояу алу өсімдіктеріне тамақ, химия, темекі және дәрі-дәрмек өнеркәсібінде пайдаланылатын — темекі, итжидек, шүйіншөп, түймедағы өсімдіктері жатады.

Техникалық өсімдіктерді ауыспалы егістікке орналастыру топырақтың құнарлылығын арттырып қана қоймай, бұлардан кейін егілетін дәнді және мал азықтық дақылдар өнімін де жоғарылатады.

Бұл дақылдарды егуге арналған жерді терең жыртып, тыңайтқыштарды мол сіңірсе келесі жылы егілетін дақылдарға жағымды әсер етеді.

Май, қант, крахмал, сыра және басқа көптеген өндіріс қалдықтары — күнжара, төп, сығынды, сірне, сыра бөртпесі мал азығына немесе тыңайтқышқа жұмсалады.

Көптеген техникалық дақылдар: күнбағыс, рапс, қыша, қант қызылшасы мал азықтық дақыл ретінде арнайы себіледі де, кектей шабылып немесе сүрлем ретінде пайдаланылады.
Майлы дақылдар

Майлы өсімдіктер дәнінің құрамында 18-56% шамасында өсімдік майы кездеседі. Өсімдік майын талшықты дақылдар - мақта, зығыр, сорадан қосымша өнім ретінде алады. Өсімдік майы тамаққа және техникалық мақсатта консерві, маргарин, кондитер, сыр-бояу, тері өңдеу, тоқы-ма, дәрі-дәрмек, хош иісті шикізат өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.

Май бұршақтың күнжарасы мен майкене қоспалары желім пластмасса және тағы басқа органикалық тыңайтқыштар, жағатын заттар алуға жұмсалады. Майлы өсімдіктердің көбінен сапалы бал жиналады.

Өсімдік майы дегеніміз үш атомды спирт-глицериннің әр түрлі май қышқылдарымен қосылысы арқылы құрылған күрделі эфир майы болып табылады.

Белок және углевод қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз кышқылданатын қосылыстарға жататын, ең көп калорнялы органикалық қосылыс. Мысалы 1 г өсімдік майында - 9500 калория болса, 1 г белокта - 4400-5500 калория, ал 1 г углевод қосылысында 4000-4200 калория болады.

Күнбағыс

Елімізде май алатын негізгі дақыл күнбағыс барлық майлы дақылдар егістігінің 75% алады.

Күнбағыстың қазіргі сорттарының дәнінен 50-54% сарғыш, дәмі жақсы, баяу кебетін тамақтық май алынады. Ол май, маргарин, консерві өндірісінде, олиф алу, сабын қайнату, стеарин және олеин қышқылдарын алу үшін пайдаланылады. Сабағының күлінде 4% шамасында фосфор қышқылы және 36% калий қышкылы болғандықтан, тынайтқыш ретінде жане химиялық қосынды — сақар алуға, ал тіл тәріздес гүлшелері емге қолданылады. Май алғаннан кейін тұқым қалдығынан 8-10% шамасында майы бар күнжара алынады. Бұл бағалы мал азығының құрамында 40% белок, углевод қосылыстары және күл элементтері кездеседі. Гүлденуінің ұзақ өтуіне байланысты күнбағыс көп уақыт бойына бал береді. Дұрыстап сүрлесе, жақсы мал азығы болып саналады.

Отамалы және ықтырма өсімдіктер ретінде қолданғанда ол көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болады, сондықтан да күнбағыстың агротехникалық ролі зор.



Ботаникалық сипаттамасы. Қүнбағыс күрделі гүлдер тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Қазіргі кезде бұл дақыл екпе күнбағысы (Неlianthus Cultus) және жабайы күнбағыс (Неlianthus rucderalis) түрлеріне бөлінеді.

Екпе күнбағыстың өзі өнім алу үшін егілетін (SSR. Sativus) және сәндік мақсатта егілетін (SSR. Orndmentalis) болып екі түр тармағына ажыратылады.

Екпе күнбағысы төмендегі сыртқы ерекшеліктерімен сипатталады:

Қүнбағыстың тамыры 2,5-4 м тереңдікке бұтақтанып жан-жағына 1,0-1,2 м дейін тарайды. Сабағы өсіп жетілгенде - жуан, ағаш тәрізді, үстін қатты түк басқан, іші борпылдақ бос өзекті болады. Сүрлемге арналған сорттарының сабағы 4 м, ал майлы дән алуға арналғандары-1,5-2 м биіктікке дейін жетеді.

Күнбағыстың жапырақтары ірі, жүрекке ұқсас, ұш жағы өткір, шеті ара тісі тәріздес тілінген, бетін түк басқан. Төменгі 3-4 жапырағы қарама-қарсы, содан кейінгілері кезектесіп өседі. Әр сабақ жапырақтарының саны тез пісетін сорттарында 15-25, кеш пісетіндерінде 25-35 кейде одан да көп болады. Тұқымның дөңгелек беті шеңберінің диаметрі майлы дәнді сорттарында 10-20 см, шекілдеуікті сорттарында 30-40 см жетеді. Осы дөңгелек беттің шетінде бір қатарға сары немесе сарғыш түсті тілше гүлдер, ал орталығында түтікті гүлдер орналасқан. Тілше гүлдер әдетте жыныссыз, немесе бір жынысты, түсі өте ашық, құбылып тұруына байланысты айқаспалы тозаңдандыруға ара, көбелектерді шақырушы міндетін атқарады.

Түтікті гүлдерінің шоғырлануы 7-10 күн бойына жүреді. Күнбағыс жемісінің мөлшері сортына байланысты әр түрлі болады. Шекілдеуіктің ішінде орналасқан дәні ұрықтан өседі. Дән қабығы эпидермистен, серпілмелі ұя тканынан және склеренхимадан тұрады. Склеренхиманың жоғарғы қабаттарында дәнді күнбағысты күйе көбелегінен қорғайтын сауытты қабат бар. Оның түсі қара, көмір түсті, суда, қышқылда және сілтіде ерімейді.



Күнбағыстың агротехникасы. Күнбағыс үшін қолайлы алғы дақылдарға: күздік, жаздық, бұршақ дәнді дақылдар және жүгері жатады. Танап топырағын әзірлегенде арамшөптерді азайтып, топырақ ылғалдылығын мол сақтауға назар аударған дұрыс. Сондықтан оны дәнді дақылдардан кейін еккенде, танабында бір жылдық арамшеп болса, топырақты 2-3 рет 6-8 см немесе 8-10 см тереңдікте ЛДГ-10, ЛДГ-5 немесе БД-10, БДТ-7,0 құралдарымен қопсытып, 20-22 см тереңдікте жыртады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет