Тұқымдардың морфологиялық белгілері
1.Мөлшері ең ұзын көлденеңі мен ені: ірі (7-8 мм жоғары), ұсақ (7-8мм кіші)
2. Көлемінің сипаты:
- шар тәріздес – шар немесе шарға ұқсас болып келеді;
- бұрышталған – тұқым бұрышталған, жатық дөмпештері немесе айықтары болады;
- жалпақ – тұқымының беті бір тегіс жалпақ немесе көтеріңкі болып келеді;
- жалпақ дөңес тұқымның әдетте екі ұрықты тұқым шоғыры ішкі жағы жалпақ болса, сыртқы жағы дөңестеу болады;
- кіндік тәріздес – тұқымның сипаты созылған шар іспеттес, яғни элипс, цилиндр немесе сәл қабысқан шар тәріздес ұзыны, ені және қалыңдықтарының ара қатынасы әр қилы болуы мүмкін;
3. Пішіні – домалақ, бұрышталған, овал, эллипс, жұмыртқа тәріздес, сүйірленген, бүйрек тәріздес әр түрлі пішіндердің түрлерінің аралас пішінді болуы мүмкін;
4. Бет бедерлі: тегіс жылтырауық, жылтырауық емес, түкшеленген, жиырылған, сығылған, қырлы, бедері тор тәріздес.
5. Қабығының суреті өрнегі мен түсі;
6. Арнайы белгілері – тұмсығының болуы, ұшталуы, қанатша, тісше және шапшаларының болуы;
7. Белгілі «кілт» пен кестелерді пайдаланып тұқым үлгілерінің түрін анықтаңыздар. Тұқымды үлкейткіш шыны арқылы қараңыздар, ал мөлшерін миллиметрлік қағаздың көмегімен өлшеңіздер.
Тұқымдарды анықтау кілті
А. Тұқымы ірі (6-7 мм ұзын)
1. тұқымы шар тәріздес:
а.бет бедері тегіс немесе мыжырылған, түсі сары немесе жасыл мөлшер 8-9 мм .................................................................................................................................Қантты бұршақ.
2. Тұқымы кіндік немесе жалпақ домалақ кіндік тәріздес:
А. Бедері тегіс, кейде жылтырауық, түсі әр түсті, бірақ бір ажарлы немесе аралас өрнекті, мөлшері 10-20мм . . . . . . . . . . . . . ..............................................................Үрме бұршақ.
3. Тұқымы жалпақ:
А. Тұқымы жалпақ, дөңес. Пішіні шолақ эллипс немесе домалақ эллипс, жалпақ тұмсықты, тұқымының шетінде айнала сақинасы бар, бет бедері тегіс немесе бүртікті, түсі әр түті, мөлшері 8-18мм . . . . . . . . . . . . . . ...............................................................................Қарбыз.
4. Тұқымы cәл дөңес:
А. Пішіні ұзыншақ эллипс, сүйірленген, тұмсығы бар. Сақинасы анық байқалады, әсіресе тұмсығында, бет бедері тегіс, түсі ақ немесе ақ боз, ұзындығы 8-15мм........................................................................................................................................Қауын.
Б. Пішіні домалақ немесе жалпақ овал, айрықша сақинасы мен тұмсығы бар, беті тегіс, түсі ақ, мөлшері 15-25 мм ........................................ .......................................... .........Қияр.
В-түсі сары – сұр, ұзыны 15-18 мм ..................................................Ірі дәнді асқабақ.
Г-түсі сары-сұр, ұзыны 8-12 мм ..................................................... Асхагналық асқабақ.
Д-түсі сары-сұр, ұзыны 8-12 мм ..........................................................................Патисон.
Е-тұқымы (ұрығы) ұрық шоғырын құрайды (түйіншелер)..............................Қызылша.
Ұрықтары жеке – жеке.
1.Пішіні домалақ:
А-түсі қоңыр бурыл, бедері ұсақ торшаланған, мөлшері 1,5-1,8 мм.......................................................................................................................................... Капуста.
Б-түсі қоңыр, бедері торша ұялардан тұрады, мөлшері 0,9-1 мм........................................................................................................................................... Тарна.
2.Пішіні домалақ овал келген немесе дөңгелене бұрыштанған:
А-тұқымы дөңгеленген овал, бедері тегіс, түсі сарғыш қоңыр мөлшері 3 мм маңайында................................................................................................................ Шалған тұрын.
Б-тұқымы дөңгелене бұрышталған тұмсығы бар. Түсі түссіз сары, мөлшері 3-4 мм. .........................................................................................................................................Саумалдық.
Тұқымы жалпақ.
1.Бедерлі тегіс:
А-пішіні дөңгелене бұрышталған тұмсығы бар. Түсі түссіз сары, мөлшері 3-4 мм .................................................................................................................................................Бұрыш.
Б-пішіні домалақ, бүйрек тәріздес ойығы бар, түсі ашық – қоңыр, мөлшері 3-4 мм .............. .................. ................... ...................................................................................... Баклажан.
2.Бет бедерінде күміс түстес шапшалары бар, мөлшері 2-3 мм..............................................................................................................................................Қызан.
3.Бет бедері ұзын бойына қыршалар мен қырланған да, олардың шеткілері тұқымды айнала қанатша түзілген:
А-пішіні дөңгелекше овал, түсі сарғыш қоңыр, мөлшері 5-6 мм......................Боташық.
Б-пішіні қысыңқы овал, түсі сұрғылт, мөлшері 4-5 мм.......................................... Укроп.
4.Бет бедерлі қырланған, қанатшалары жоқ, пішіні – жіңішке, ұзыншақ, ұшына қарай сүйірленген, түсі сұрғылт немесе қара, мөлшері 2-3 мм .......................................Көк жапырақ.
3.Тұқымы жалпақ дөңестелген қос ұрықты мәуенің қосағы:
1. пішіні овал немесе пішінді жұмыртқа тәріздес, дөңес бетінің қырлары бар, олар кейде тісті болып келеді, түсі сарғылт ұзыны 2-4мм ........................................................... Сәбіз.
2.Пішіні дөңгелек пішінді жұмыртқа тәріздес, кейде тұмсығы болады: дөңес бетінің тіссіз 3 қыры бар, түсі жасыл сұрғылт, мөлшері 2 – 3мм ............................................. Петршка.
3.Пішіні жоғарыдағыдай, мөлшері 0,5-0,6мм ................................................. Сельдерей.
4.Тұқымы бұрышталып ойықталған, үш қырлы, түсі көмір қара, мөлшері 2-3мм ............................................................................................................................................Сарымсақ.
3.Төмендегі үлгі бойынша тұқымдарды сипаттап, суретін салыңыздар:
Түрі
|
Мөлшері, мм
|
Көлемінің сипаты
|
Пішіні
|
Бет бедері
|
Түсі
|
Тұқымының өрнегі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Әдебиеттер:
Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
Тақырып атауы: Жеміс-жидек дақылдар
Сабақтың мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілерімен танысу
Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілері
Әдістемелік ұсыныс:
Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілері
Жеміс-жидекті өсімдіктердің топталуы және қысқаша сипаттамасы. Морфологиялық биологиялық және экологиялық қасиеттеріне және жемістерінің түріне орай төмендегі топтарға бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жарғақ жемісті, субтропикалық, тропикалық және жүзім топтасы.
Ботаникалық туыстастар тегінде жеміс-жидекті өсімдіктердің төмендегі тұқымдастары болады: алма, алмұрт, шие, қызыл шие, қара өрік, шабдалы, алхоры т.б.
1-Тапсырма. Негізгі жеміс-жидек тұқымдастарын анықтау және сипаттау
Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р м е н з а т т а р: Жас немесе арнайы сақталған жеміс-жидек тұқымдастарының үлгісі, гербарийі, муляжы, түрлі-түсті кестесі.
Ж ұ м ы с р е т і: Төмендегі “кілтті” пайдалана отырыпүлгі бойынша жеміс-жидек тұқымдастарын анықтап, суретін салып және жазыңыздар:
Туыстасы
|
Өсімдіктің сипаты
|
Жемісі мәуесі
|
жапырағы
|
Жасағыш-тығы, жыл
|
Жеміс бе-ре бастау мерзімі
|
Жас мәуелерін пайдалану мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Жеміс-жидек тұқымдастарын мәуесіне қарап анықтау кілті
А. МӘУЕСІ АЛМА ТӘРІЗДЕС – әр қилы пішінді және әр түсті; жапырағы тұтас, жапырақшалары бар, күлтеленген. …………….. ...........................................................Алма.
Б. МӘУЕСІ АЛМҰРТ ТӘРІЗДЕС – әр пішінді және әр түсті; жапырағы тұтас, түсіп қалатын жапырақшалары бар, күстеленген. ……..................................................... ......Алмұрт.
В. МӘУЕСІ – СҮЙЕК ЖЕМІСТІ.
І. Жемісі кішірек 1,5-2 см. Домалақ, ұзын сағақты:
1) Жемісі ашық, қызыл, қою қызыл, жапырағы біртұтас, кішірек, тегіс бедерлі …...........................................................................................................................................….Шие.
2) Жемісі сары, қызғылт; жапырағы біртұтас ірі, тегіс бедерлі, сабағында 2-4 безшелері бар................................................................................................................. Қызыл шие.
2. Жемісі орташа немесе ірі, қысқа сағақты:
1) Жемісі домалақ немесе овал, әр түсті, воск тәріздес қағы бар, жапырағы біртұтас, күлтеленген. .......................................................................................…………………..Алхоры.
2) Жемісі домалақ, айқын жігі бар, сары немесе сарғыш қызғылт, жапырағы біртұтас, жұмыртқа тәріздес, күлтеленбеген, сабағында безшелері бар. ………...................Қара өрік.
3) Жемісі ірі, домалақ, жасыл немесе сарғыш жасыл, кейде қызғылт шырайлы жапырағы біртұтас, ұзынша ланцет. …………………………………….....................Шабдалы.
Г. МӘУЕСІ – ЖЕДЕК.
1) Жемісі – шырынды гүл қауызынан түзілген тұқымдар шоғыры, жапырағы жапырақшалардан тұратын күрделі жапырақ. …………………………........Қой бүлдірген.
2) Жемісі – сүйек шоғыры; жапырағы 3-5 жапырақшадан тұратын қос-қотанбаған, қауырсын тәріздес. ……………………………………………………......................Таңқурай.
З. ЖЕМІСІ – ЖИДЕК.
1) Жидегі ұсақ, домалақ, қара көк, қызыл, сары түсті, жапырағы біртұтасо, қалақша тәріздес. ……………………………………………………………….........................Қарақат.
2) Жидегі орташа мөлшерлі, овал, әр түсті; жапырағы кескінделген, 3-5 қалақша құрайды.
4. ЖЕМІСІ – ЖИДЕК.
1) Жемісі домалақ, овал, қос тұқымды, әр түсті, жемісі күрделі ірі шашақ шоқ түзеді, жапырағы ірі біртұтас немесе 3-5 қалақша құрайды. ………………………….............Жүзім.
2-Тапсырма. Жеміс ағаштары мен жидекті өсімдіктердің құрылысымен танысу
Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р м е н з а т т а р: 4-5 жылдық алма немесе алмұрт ағашының көшеті, тошала, таңқурайдың жас бұтақтары, қағазға бекітілген ересек қой бүлдіргенінің кепкен үлгісі.
Т а п с ы р м а ғ ы т ү с і н і к: Жеміс ағаштарының негізгі бөлігіне тамыр жүйесі мен дер үсті бөліктері жатады. Жер үсті бөлігі дің мен ағаштың сүйегінен тұрады. Тамыр жүйесінің жер үсті бөлігіне өтер тұсы тамыр мойыны деп, тамырмойыны мен бірінші сүйек бұтақтарына дейінгі аралық ағаштың сүрегі деп, ал одан жоғары діңнің жалғасы шыбығы (орталық шыбығы), бастапқы өркені деп аталады.
Тамырлар жүйесінде негізгі немесе басты сүйекті және бүйір тамырларын ажаратады. Тамырлар жүйесінің негізін көлденең және тік тамырлар құрайды. Негізгі тамырлар түзілуіне байланысты бірінші реттегі тамырлар болып, ал олардың екінші т.т. реттегі тамырлар болып таралуы ықтимал.
Жас негізгі тамырлардан шашыранды, одан да жас, қысқа және жіңішке көп жасамайтын, қайтаап өсетін, түк тәріздес, бүйір тамырлар пайда болады.
Түк тәріздес бүйір тамырлар тек қана өскін тамыр немесе сорғыш қоректік заттарды белсенді соратын тамыр болуы ықтимал.
Тамырлар жүйесінің дамуы өсімдіктердің жер үсті бөліктерінің өсуімен байланысты және дақылдардың өнімділігінің негізгі шарты болып табылады.
Ағаштардың сүйегін негізгі сүйек бұтақтары және олардың ербитін екінші, онан соң үшінші т.т. реттегі бұтақтар қатары құрайды. Сүйек бұтақтарынан көптеген бүйрек бұтақтары – бой бұтақтары мен жеміс бұтақтары ербиді. Соңғыларының бойында жапырақтар мен жемістер түзеледі .
.Жас алма ағашы:
1-негізгі; 2-бүйір бұтақшалары; 3-орталық діңгек; 4-сүйек бұтақтар; 5-дің; 6-тамыр мойын; 7-шашыранды тамырлар; 8-тік;9-көлденең негізі тамырлар.
Таң қурай– бір немесе екі жылдық жер үсті сабағы және көп жылдық жер асты тамырсабағы бар кәдімгі бұта. Екі жылдық сабақтары өзінің бүйрек бұтақшасында жеміс түзген соң өледі. Оның орнын екі жылдық сабақтарының жер асты бүршіктерінен өсетін жаңа, мықты сабақтар болады. Таңқурайдың сабағы жер асты сабақтарынан тұрады. Соңғысының бойындағы бүршіктерден жер бетіне көтерілетін бөліндісабақ және оны қоректендіретін, топырақтың беткі қабатының деңгейінде өрбитін, қосалқы тамырлар пайда болады.
Қарақат – шашыранды қара қарақат немесе жинақталған қызыл немесе ақ қарақат, бұтақтанғыш сабағы бар, көп жылдық бұта.
Тошала– көптеген, сәл иірілген, тікендермен қапталған сабағы бар, көп жылдық бұта.
Жүзім – өрмелейтін мұртшалары бар бар шырмауық сияқты, көп жылдық бұта. Бір жылдық сабақтары бұтақтанған, бунақ пенбунақ аралықтарынан тұрады, ұзын (3-6 м дейін жетеді) болады.
Қой бүлдірген – көп жылдық, қысқа, жатаған, жуантық, мұртшалы-сабақты шөптесін өсімдік.
Мұртшалы сабақтарынан гүл басы, бүршіктері мен жапырақтары бар жатаған сабақтары дамиды. 4-5 жылдан соң мұртшалы сабақтары қатайып, жеміс беруден қалып өледі.
Ж ұ м ы с р е т і: Жеміс ағаштары мен жидек өсімдіктерінің негізгі бөліктерімен танысып, құрылысын зерттеңіздер және суретін салыңыздар.
3-Тапсырма. Алма мен шиенің жеміс құрылымдарының әр қилы түрлерімен танысу
Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р м е н з а т т а р: алма мен әр қилы жеміс құрылымдары бар өркені ерекше сақталған жеміс және өскін бүршіктерінің үлгілері, үлкейткіш шыны, жіктегіш инелер және пинцет.
Т а п с ы р м а ғ а т ү с і н і к: Шекілдеуік тұқымдастарда негізінен төмендегі құрылымдары кездеседі: жеміс бұтақ,( 92-сурет )найза бұтақ және жеміс шабақшалары.
Жеміс бұтақ – жеміс бұтақшалары өте қысқа 3-5 см. бұтақшаның үш жағында бір жеміс (тұқым) бүршігі болады. Жеміс бұтақтар бүйір жағынан түсіп қалса, оның орны сақина тәрізденіпдөңгеленіп жабылады.
Найза бұтақ – жеміс беретін, көп жылдық бұтақ, ұзынырақ 5-15 см келген, тармақтанбаған.
Жеміс шыбықшалары – ең ұзын (15 см. артық) жеміс бұтақшалары, олардың жан-жағында негативтік өскін бүршіктер, ал үш жағында жеміс бүршіктері болады.
Сүйекжемісті тұқымдастарда төмендегі жеміс құралымдары кездеседі: шоқ түсті бұтақша, жемісті және аралас бұтақтар.
Жеміс құрылымдары (сол жақта-алма, оң жақта-шие):
1- бұтақша; 2-найза бұтақ; 3-бүршік бұтақ; 4-аралас бұтақ; 5-шоқ түпті бұтақ.
Шоқ түпті бұтақша – қысқа бұтақша, оның үш жағында өскін бүршік, ал жан-жағында шоғырланып гүл бүршіктері орналасқан.
Жемісті бұтақ – көбінесе алхорының бұтағында кездесетін өте қысқа жемісті бұтағы.
Аралас бұтақ – шиеде және басқа сүйекті дақылдарда ұзындығы орташа болып өсетін бұтақтар кездеседе; олардың бүйір бүршіктерінің бір бөлімі вегетативтік, екінші бөлігі – гүл бүршік болады.
Қарақатта негізінен аралас бұтақтар мен жеміс бұтақтары, тошалада – жеміс бұтақтары, шоқ түпті бұтақша және аралас бұтақтар, ал таңқурайда – жеміс шыбықтары молдау кездеседі.
Ж ұ м ы с р е т і: алма мен шиенің өскіндеріне қарап, әр түрлі жеміс құрылымдарын анықтп, суретін салыңыздар.
Әдебиеттер:
Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
СӨЖ-ді орындауға арналған әдістемелік нұсқау
№
|
Тақырыбы
|
Тапсырма мазмұны, мақсаты
|
Балл
|
Бақылау формасы
|
Орындау мерзімі
|
1.
|
Топырақ түзілуіндегі қоршаған орта факторлары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
2апта
|
2.
|
Мектеп жанындағы учаскелерді зерттеу жұмыстарына дайындау
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
3 апта
|
3.
|
Жергілікті жерлерде органикалық тыңайтқыштарды дайындау әдістері
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
4 апта
|
4.
|
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.Таралу жолдары, күресу жолдары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
5 апта
|
5.
|
Ауыспалы егістер.Алғы дақылдарға қойылатын талаптар
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
6 апта
|
6.
|
Топырақтың беткі қабаттарын өңдеудің агротехникалық әдістері
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
7 апта
|
7.
|
Жел және су эрозиясымен күресу жолдары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
8 апта
|
8
|
Арамшөптермен күресудің биологиялық жолы және оның тиімділігі
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
9 апта
|
5
|
Карантинді арамшөптер
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
10апта
|
6
|
Арамшөптердің эволюциялық даму барысындағы бейімделу жолдары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
11апта
|
|
Тұқымдық материалдарға қойылатын негізгі талаптар
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
12апта
|
|
Мәдени дақылдардың қоршаған орта факторларына қойылатын негізгі талаптары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
13апта
|
|
Бірінші және екінші топтпғы астық тұқымдас дақылдары
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
14 апта
|
|
Тұқым және тұқым себу
|
Дәріс, оқулық, кезеңдік басылымдар, интернет жүйесі материалдарын пайдалана отырып, тақырыпты пысықтау
|
5
|
Жазбаша
|
15апта
|
Әдебиеттер тізімі
1.Алексеев Р.В. Суармалы көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы. Росагропромиздат, 1990 беті 208.
2.Аубекеров.Т.Т. Ж.Ж.Жумагулов. Өсімдік шаруашылығы және селекция Алматы «Қайнар» 1988
3.Арыстангалиев С.А. Қазақстан өсімдіктері «Наука»
Алма-а-Ата 1977
4.Ващенко И.М. , К.П.Ланге, М.П.Меркулов «Практикум по основам сельского хозяйства» Москва «Просвещение» 1982
5.Аяпов.А. Жеміс-жидек шаруашылығы Алматы 1986
6.Декоративное садоводство в школе. Москва
7.Егіншіліктің аймақтық жүйесі. Семей облысы. Алматы Кайнар, 1987, б 16-21, 129, 131.
8.Жанабаев Қ.Ш., Арыстанғұлов С.С. Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы 2007ж
9.Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
10.Машкевич Н.И. Растениеводство .Москва «Высшая школа»1984г
Матвеев М.П., Рубцов М.И. Овощеводства Москва Агропромиздат 1985
11.Прохоров М.А., Крючков А.Р., Комиссаров В.А. Көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы. – М: Колос, 1981, б 447.
19.Пруцков Ф.Ф., Крючев Б.Д. Растениеводство с основами семеноводства Москва «Колос» 1984
20.Фокеев.П.М: «Основы сельского хозяйства» Москва «Просвещение» 1976
ОБСӨЖ-ді орындауға арналған әдістемелік нұсқау
СОӨЖ тапсырмалары
№
|
Тақырып атауы
|
Бақылау формасы
|
балл
|
Орындалу мерзімі
|
1
|
Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері. Топырақ түзілі факторлары
|
Ауызша
|
5
|
1апта
|
2
|
Тәжірибе учаскелерін дақылдарды егуге дайындау
|
Ауызша
|
5
|
2 апта
|
3
|
Органикалық тыңайтқыштарды дайындау жолдары
|
Ауызша
|
5
|
3 апта
|
4
|
Паразитті арамшөптер.Олардың биологиялық ерекшеліктері, күресу жолдары
|
Ауызша
|
5
|
4 апта
|
5
|
Ауылшаруашылығындағы эрозия түрлері, кездесетін өңірлер, күресу жолдары
|
Ауызша
|
5
|
5 апта
|
6
|
Егістік жерлерді мәдиелендіру жолдары
|
Ауызша
|
5
|
6 апта
|
7
|
Топырақ суларының формалары, өсімдікке сіңімді және сіңімсіз сулар
|
Ауызша
|
5
|
7 апта
|
8
|
Антропогендік жолмен топырақ тұздылығының көтерілу жолдары
|
Ауызша
|
5
|
8 апта
|
9
|
Топырақтың жылу және ылғал режимдерін реттеу әдістері
|
Ауызша
|
5
|
9 апта
|
10
|
Арамшөптермен күресу жолдары
|
Ауызша
|
5
|
10 апта
|
11
|
Күздік дақылдар, олардың себу мерзімі, тиімділігі
|
Ауызша
|
5
|
11апта
|
12
|
Суармалы егін шаруашылығындағы технологиялық процесстердің ерекшелігі
|
Ауызша
|
5
|
12 апта
|
13
|
Сүдігер жыртудың тиімділігі
|
Ауызша
|
5
|
13 апта
|
14
|
Шаршылап егілетін дақылдар, олардан кейін топырақты өңдеу
|
Ауызша
|
5
|
14 апта
|
15
|
Ауыл шаруашылық дақылдарын себу әдістері
|
Ауызша
|
5
|
15апта
|
Әдебиеттер тізімі
1.Алексеев Р.В. Суармалы көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы. Росагропромиздат, 1990 беті 208.
2.Аубекеров.Т.Т. Ж.Ж.Жумагулов. Өсімдік шаруашылығы және селекция Алматы «Қайнар» 1988
3.Арыстангалиев С.А. Қазақстан өсімдіктері «Наука»
Алма-а-Ата 1977
4.Ващенко И.М. , К.П.Ланге, М.П.Меркулов «Практикум по основам сельского хозяйства» Москва «Просвещение» 1982
5.Аяпов.А. Жеміс-жидек шаруашылығы Алматы 1986
6.Декоративное садоводство в школе. Москва
7.Егіншіліктің аймақтық жүйесі. Семей облысы. Алматы Кайнар, 1987, б 16-21, 129, 131.
8.Жанабаев Қ.Ш., Арыстанғұлов С.С. Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы 2007ж
9.Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті
10.Машкевич Н.И. Растениеводство .Москва «Высшая школа»1984г
Матвеев М.П., Рубцов М.И. Овощеводства Москва Агропромиздат 1985
11.Прохоров М.А., Крючков А.Р., Комиссаров В.А. Көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы. – М: Колос, 1981, б 447.
19.Пруцков Ф.Ф., Крючев Б.Д. Растениеводство с основами семеноводства Москва «Колос» 1984
20.Фокеев.П.М: «Основы сельского хозяйства» Москва «Просвещение» 1976
Емтихан сұрақтары
1.Ауыл шаруашылығы өндірісі тағамдарды өндіру және жеңіл тағам өнеркәсібінің шикізат қоры.
2.Астық дақылдар. Халық шаруашылық маңызы. Негізгі дәнді дақылдар, олардың топтастырылуы, таралуы, пайдаланылуы
3.Көкеніс шаруашылығы, дақылдары. Көкекніс шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы.
4.Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы.
5.Астық дақылдарының морфологиялық құрлысы, биологиялық және шаруашылық ерекшілігі.
6.Көкеніс дақылдарының түрлері және олардың биологиялық, шаруашылықтық маңызына қарай топтастыру. Көкеніс дақылдарының шығу тегі.
.Қазіргі кездегі ауылшаруашылық ғылымдар жүйесі: топырақтану, егіншілік жүйесі, агрохимия, мелиорация, өсімдік, көкеніс, жеміс-жидек шаруашылығы.
8.Астық дақылдар дәннің химиялық құрамы, құрлысы. Дәнді дақылдардың даму сатылары, өсу фазалары.
9.Жабық грунтағы көкеніс дақылдардың айналысы,маңызы,жабық грунтың негізгі түрлері
10.Топырақ түзілуі. Кіші биологиялық, үлкен геологиялық табиғаттағы заттар айналымы
11.Күздік бидай -өсіру аймақтары.Сорттары.Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі.өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
12.Жабық грунты жылыту түрлері: күн сәулесімен,биологиялық және техникалық жолы.
13.Топырақтың құнарлығы туралы түсінік олардың түрлері. Топырақты мәденилендіру. Топырақтың қасиеті және құрамы.
15.Жаздық бидай-өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
16.Ашық жердегі көкеніс дақылдары. Ақ қауданды капуста. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі.өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
17.Егіншілік жүесінің пайда болуы оның жіктелуі. Егіншілік жұйесінің негізгі үзбелері.
18.Жүгері-өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі.өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
19.Қияр. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі, өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
20.Қазақстанның топырақ- климаттық аймақтарындағы егіншілік жүйесі. Егіншілік жүйесінің негізгі заңдары.
21.Күріш-өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
22.Қызанақ, бұрыш, баклажан. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі, өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
23.Ауыспалы егістік туралы түсінік. Ауыспалы егіс себептері.
24.Арпаны -өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі, өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
25.Сәбіз және қызылша. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі, өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
26..Егістіктің рационалдық құрлымы. Ауыспалы егістіктің жіктелуі, құрылу принциптері, ауыспалы егіс ротациясы.
27.Дәнді бұршақ дақылдар.Дәнді бұршақ дақылдарының маңызды түрлері –ас бұршақ, май бұршақ, чина, ноқат, үрме бұршақ, жасымық, бөрі бұршақ, олардың халық шаруашылық маңызы, агротехникалық ерекшелігі. Дәннің химиялық құрамы.
28.Шомыр,шалған, тарна, ақжелкен, балдыркөкке қысқаша сипаттама
29.Мектеп жанындағы учаскесінің ауыспалы егістігі.
30.Ас бұршақ-өсіру аймақтары .Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
31.Пияз. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі.өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
33.Топырақты өңдеу міндеттері.топырақты өңдеу кезіндегі орындалатын технологиялық процесстер
34.Май бұршақ- өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
35.Топырақты өңдеу әдістері, жүйелері
37.Чинаны- өсіру аймақтары. Сорттары. Ботаникалық, биологиялық ерекшелігі.өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту)
38.Мектеп жанындағы тәжірибе участкесінде көкеніс дақылдардың ауыспалы егісін жасау. Коллекциялық участкелерде көкенісдақылдарын егу.
39.Негізгі және топырақ бетін өңдеу әдістері.
40.Қант қызылшасы. Халық шаруашылық маңызы. Өсіру аймақтары. Өнімділігі. Сорттары Ботаникалық және биологиялық ерекшілігі. Тамыр жемістерінің технологиялық сапалығының көрсеткіштері. Агротехникасы.
41.Жеміс-жидектердің халық шаруашылығындағы маңызы.Жеміс –жидектердің құрамы олардың шаруашылықта пайдаланылуы.
42.Жаздық және күздік дақылдарға арналған танаптарды өңдеу жүйесі. Топырақты өңдеуге баға беру.
43.Мал азықтық тамыр жемістер. Халық шаруашылық маңызы. тамыржемістердің химиялық құрамы. Өсіру аймағы, өнімділігі. Сорт топтары. Дақылдар тарихы. Ботаникалық биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту).
44.Мектептегі жеміс жидек бағы оның оқу методикасындағы маңызы.
45.Арамшөптердің келтіретін зияны. Арамшөптердің биологиялық ерекшіліктері. Арамшөптердің жіктелуі.
46Картоп. Халық шаруашылық маңызы. Түйнектердің химиялық құрамы. Өсіру аймағы, өнімділігі. Сорт топтары. Дақылдар тарихы. Ботаникалық биологиялық ерекшелігі. өсірудің интенсивтік технологиясы. (ауыспалы егістегі орны, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, себу әдісі мен мерзімі, егістікті күту). Жер алмұрты (топинамбур). Маңызы. Биологиялық, агротехникалық ерекшілігі.
47.Жеміс тарихы. Қазақстандағы және шет елдеодегі негізгі жеміс ағаштары.Олардың түрлері.Топқа бөлу.Қысқаша биологиялық сипатттама
48.Арамшөптермен күресу жолдары: ұйымдастыру, алдын алу, жою және биологиялық. Танаптардағы арамшөптерді есепке алу
49.Жер алмұрты(топинамбур). Маңызы. Биологиялық, агротехникалық ерекшілігі.
50.Жеміс ағаштарының құрылысы негізгі бөліктері.Өсімдіктердің өсуі және жеміс беруі. 51.Өсімдіктердің коректенуінің теориялық негізі.
52.Майлы және талшықты дақылдар. Халық шаруашылық маңызы, таралу аймақтары. Өсімдік майының ерекшілігі, халық шаруашылығында қолданылуы.
53.Жеміс ағаштарының жас ерекшеліктері.Жыл бойындағы өсу және даму фазалары.
54.Тыңайтқыштардың жіктелуі: органикалық, минералдық, бактериялық.
55.Күнбағыс. Маңызы, биологиясы агротехникасы. Басқа майлы дақылдар.
56.Жеміс жидектерді көбейту жолдары.Вегетативті жолмен көбейту.Өсімдіктердің түбін бөлу, тамырлары,қаламшелері арқылы көбейту
57.Жай және күрделі тыңайтқыштарды енгізу әдісі мен мерзімі
58алшықты дақылдар. Талшықтар ерекшілігіне байланысты дақылдар ерекшілігіне байланысты топтастырылуы. Мақта, зығыр. Биологиялық ерекшілігі морфологиясы, агротехникасы.
59.Жеміс ағаштарының биологиялық ерекшеліктері сыртқы орта факторларына қоятын талаптары.
60.Тыңайтқыштар жүйесі. Агрохимиялық картограмма.
61.Жоңышқа-халық шаруашылық маңызы. Өсіру аймақтары. Өнімділігі. Сорттары Ботаникалық және биологиялық ерекшілігі. Агротехникасы.
62.Телу.Телудің маңызы оны пайдалану.Телу әдістер
63.Өсімдік шаруашылығының даму тарихы. Егістік дақылдардың ботаникалық және өндірістік топтары.
64.Еркек шөп- халық шаруашылық маңызы. Өсіру аймақтары. Өнімділігі. Сорттары Ботаникалық және биологиялық ерекшілігі. Агротехникасы.
65.Жеміс ағаштарының питомнигі,құрамы,ұйымдастыру жағдайлары.
66.Қазақстанда және ТМД елдерінде дақылдарды орналастырудың экологиялық және экономикалық принциптері. Өсімдік шаруашылығының агроклиматтық жағдайы.
67.Күздік,жаздық сиыр жоңышқа- халық шаруашылық маңызы. Өсіру аймақтары. Өнімділігі. Сорттары Ботаникалық және биологиялық ерекшілігі. Агротехникасы.
68.Бүлдірген, таңқурай, қарақат, крыжовник. Қысқаша ботаникалық, агротехникалық сипаттама.
69.Сорт туралы түсінік. Тұқымның сорттық сапалығы. Егістік дақылдар селекциясы.
70Итқоноқ (могар)-халық шаруашылық маңызы. Өсіру аймақтары. Өнімділігі. Сорттары Ботаникалық және биологиялық ерекшілігі Агротехникасы.
71Жүзім. Қысқаша ботаникалық, агротехникалық сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |