2 практика Тақырып: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары: стрептококктар пневмококктар, стафилококктар, гонококктар



бет7/7
Дата24.12.2022
өлшемі38,75 Kb.
#164247
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика 2 (копия)

Резистенттілігі.Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді; бензилпенициллинге, эритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге, бисептолға сезімтал.
Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері

Зәр шығару жыныс жолдарының төменгі бөлігінің инфекциясы

цервицит, уретрит (ер және әйелдерде) қынап маңайында орналасқан бездердің абсцестері

Зәр шығару жыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің инфекциясы

эндометрит эпидидимит жамбас астауы ағзаларының қабыну аурулары

Басқа ағзалар мен тіндердің инфекциялары

проктит (ректалды гонорея) фарингит бленнорея жамбас астауыперитониті фарингеалды гонорея

Диссеминацияланған гонококтық инфекция

дерматит-артрит-тендосиновиит синдромы сепсистік моноартикулярлы артрит сирек кездесетін зақымданулар (эндокардит, менингит)

Жасырын кезеңі 2-4 күн. Содан кейін зәр шығаратын жолдардан іріңнің ағуымен және зәр шығару кезінде ауырсынумен сипатталады. Ауру симптомсыз созылмалы формаға ауысуға бейім. Емделмеген жағдайда ер адамдарда және әйелдерде бедеулікке әкеледі.
Микробиологиялық диагноз қою.Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі – іріңді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртті ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолданады.
Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалын (іріңді бөлінділер) құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді, өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 және 37°С температура.
Серологиялық әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе ПГАР.
Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс – ПТР, ИФР.

Начало формы




Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет