2 СӨЖ тақырыбы: Синонимдердің мағыналық және стильдік реңктері



Дата09.02.2022
өлшемі299,45 Kb.
#131273
түріКонспект
Байланысты:
2 СӨЖ тақырыбы тілдік білім


2 СӨЖ тақырыбы: Синонимдердің мағыналық және стильдік реңктері

  1. Синонимдердің мағыналық, стильдік реңктері туралы проф. Ә.Болғанбаевтың еңбегінен конспекті жасаңыз.

Синонимдер деп ұғымы бір - біріне өте жақын бірақ тұлғасы жағынан басқа - басқа сөздерді айтамыз. Тіліміздің байлығы синонимдердің көптігімен анықталады, яғни синонимдер арқылы танылады. Синоним болу үшін ең алдымен олар бір ғана ұғымды білдіруі керек; тұлғалары жағынан бір - біріне ұқсамауы және бір ғана сөз табына қатысты болуы шарт. Мысалы: Ақындардың адалдығын - даналықтың даналығы деп білем (Ғ. Мүсірепов). Меніңше, данышпандықтың ең бірінші белгісі — адамның өзін - өзі тани білуі дер едім (С. Бақбергенов). Тезек теріп, күл шығарып жүрген сенен не кемеңгерлік шығушы еді (Ә. Хасенов). Осы мысалдарда даналық, данышпандық, кемеңгерлік деген сөздер алдыңғы 3 шартты орындап тұр, яғни олар біріншіден, ақыл - білімнен жұртқа танылған улы адам деген бір ғана ұғымды білдіреді, екіншіден дыбысталуы, яғни тұлғалары бір - біріне ұқсамайды, үшіншіден, олардың бәрі де зат есім сөз табына қатысты.

Синонимдер мағыналары жақын сөздер дегеннен мағыналары тепе - тең болуы керек деген түсінік тумауы керек. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы жанама, тікелей түрде де бола береді. Мысалы: өлу, қайту, үзілу, өту, кету сияқты синонимдер. Бірақ мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға болады: а) адамға қатысты синонимдер (өлу, қайту, үзілу, өту, кету); ә) жан - жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (өлу).


Міне, жұмсалымға, қолданысқа келгенде синонимдік қатардағы сөздер қолданыс аясы, мағыналық реңкі жағынан өзгешеленеді.



  1. Ішінде синонимдері бар өлеңдер мен мәтіндер (бастауыш сынып оқушысы-ның жас ерекшелігіне лайық) жинаңыз.

1)Маған білім үйреткен
Жаңагүлдей апайым
Тәрбие мен ақылды
Үйреткенде апайым

Жаңагүлдей апайды


Құрметтейміз бәріміз
Жаңагүлдей апайды
Сыйлатұғын бәрініз

Ұзтаз,ана болды ол


Әрқашан да біздерге
Бар балаға берді ол
Қуанышпен өнеге.

2)Білімнің кәусар бұлағын,


Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.



  1. Бастауыш сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулықтарындағы сөз мағынасына қатысты жаттығуларды жазбаша талдаңыз.







2 СОӨЖ тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі


1)Көркем мәтінге буын және дыбыс үндестігі тұрғысынан талдау жасаңыз.

Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.


Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді.Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.

1-Да-ни-яр ашык, ашык, туйык.


2- мек-теп-тен бітеу, бітеу, бітеу
3- кел-ді бітеу, ашық
4-Үй-дің түйық, бітеу
5-ал-ды-на тұйық, ашық, ашық
6-қар Бітеу
7-ү-йі-ліп ашық,ашық,бітеу
8-Қа-лып-ты ашық,бітеу
9-Қо-лы-нан ашық,ашық,ашық
10-кү-рек ашық,бітеу
11-ал-ды тұйық, ашық
12-Ау-ла-ның тұйық, ашық, бітеу
13-қа-рын ашық, бітеу
14-та-зар-ту-ға ашық, бітеу, ашық
15-кі-ріс-ті ашық, бітеу, ашық
16-Бі-рақ ашық, бітеу
17-қар бітеу
18-тау-сы-лар бітеу, ашық, бітеу
19-е-мес ашық, бітеу
20-о-сы ашық, ашық
21-кез-де бітеу, ашық
22-о-ған ашық, бітеу
23-көр-ші бітеу, ашық
24-үй-де-гі түйық, ашық, ашық
25-до-сы ашық, ашық
26-На-ри-ман ашық, ашық, бітеу
27- да ашық
28-қол бітеу
29-ша-на-сын ашық, ашық
30-сүй-реп бітеу, бітеу
31-шы-ғып-ты ашық,бітеу, ашық
32-Е-кеу-і ашық ашық ашық
33-е-кі ашық ашық
34-ша-на-мен ашық ашық бтеу
35-қар-ды бтеу ашық
36-тез бтеу
37-та-сып ашық бітеу
38-бі-тір-ді ашық бітеу ашық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет