Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер.
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп
Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында.
Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:
Жабағалы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР:
1. Қазтуған қай жерде туып өскен ?
2. Мадақ жырында Қазтуған өзін нелерге теңейді ?
3. Жырау поэзиясында қандай нақыл сөздер кездеседі ?
4. Туған жермен қоштасу жырының көркемдік ерекшелігі туралы айт
АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ
1. Асан Қайғы туралы мәлімет
2. Асан жайындағы аңыздар
3. Асанның Жәнібек ханға айтқаны
4. Қорытынды
Асан Қайғының есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын мәшһүр. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын білмейтіні кемде - кем. Асан Қайғының тағы бір ныспысы - Асан Ата, халық оны әулие тұтады, ерекше жаратылған жан деп есептейді. Асан жайындағы әңгімелер халық арасына кеңінен тараған. Тіпті, оған аралған үлкен эпикалық поэмалар да бар.
Алайда, Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі жайында бізге жеткен деректер тым аз.
Ел әңгімелері Асанның әкесінің аты - Саятшы Сәбит екен дейді. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих хамса» атты кітабының айтуынша, Асан Қайғы - Шыңғыс ханның замандасы ұлан Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Бұл - қазақтың кәдімгі «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген мақалындағы Майқы, Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі –Үйсін - Майқы.
Достарыңызбен бөлісу: |