2-тақырып. ҚАзтуған жырау, асан қАЙҒЫ. Жыраулық МҰралары


«Тауарих хамсаның» авторының «Асан Қайғыны кім деп білесіз?« деген сауалына Құдабай ақын мынадай жауап қайырыпты



бет3/6
Дата08.05.2024
өлшемі44,32 Kb.
#201869
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2- ЛЕКЦИЯ

«Тауарих хамсаның» авторының «Асан Қайғыны кім деп білесіз?« деген сауалына Құдабай ақын мынадай жауап қайырыпты:

Асанның асыл түбі ноғай деймін,


Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық қанық емес едім,
Естігенім тақсыр - ау бұл - ай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан ордадан шыққан күнде
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр.


ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУІ

Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық - нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асан Қайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа - тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).


Асанның нақты қай жылы, қай жерде өлгені белгісіз. Бір мәліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде, Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Енді бір аңыздарға қарағанда Асан Ұлытаудың басында қайтыпты. Ал Шоқан Асанның зираты Ыстықкөлдің маңында тұр деп жазады. Ақынның қанша жасағаны да мәлімсіз. Халық аңызында ол - көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120 - да еді делінеді. Халық әңгімелерінде дана, ақылгөй адамның қашан да тұғырдан таюға айналған ақсақалды қария етіліп көрсетілетіні мәлім. Сондықтан мұндай деректерді нақты деп қабылдай беруге де болмайды. Алайда, Асанның шынында да ұзақ жасағанын байқаймыз:Жәнібек, Керейлермен бірге Шуға келерден бұрын Ұлұғ - Мұхамедтың құзырында жүрген кезінің өзінде ол егде тартып қалған адам. Соған қарағанда Асан Қайғының өмір сүрген дәуірі - XV ғасырдың іші.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет