2.Дүниеге көзқарастың негізгі компонентерін атаңдар ? Дүниеге көзқарас дегеніміз не?
Дүниеге көзқарас дегеніміз-айнала қоршаған орта,бүкіл әлем,тұтас дүние туралы,оңдағы адамның орны,тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.Дк-сезімнен,нанымнан,танымнан тұрады.Оның құрамына білім,сенімдер мен нанымдар,құндылықтар мен ережелер,эмоционалды-еріктік компоненттер кіреді.Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажетті бөлігі.
3-тапсырма. Эссе ''Өмір мен өлім дегеніміз не?"
Мен өлім мен өмір туралы көп ойланамын. Бұл өмірге неге келдім, не істемекпін, өмір толқынымен жүзу керек пе әлде тағдырымды өз қолыма алмақпын ба, бәріне төзу керек пе, өлімнен кейін өмір бар ма, шынымен де есеп беретін күн келе ме, өлім қорқынышты ма әлде тек жанымызға еркіндік сыйлай ма деген ойлар жиі кіреді.
Өмір мен өлім туралы ойлағанда Иоганн Вольфганг Гетенің «Қорқақтар ғана қаһармандық өлімнен қорқады. Ал қарапайым өлім ше? Одан әрбіреу қорқатыны рас. Себебі бұл табиғат заңдалығы өзгермес» деген сөздері есіме түседі. Бұл өмірге адам болып келгеннен кейін өлім туралы ойланбауыма болмайды.
Өлім деген не? Соны қарастырып көрейік. Өлім ресми дерек анықтамасына сәйкес өмірдің аяқталуы деген мағынаны береді. Шындығында солай ма? Өлімнен кейінгі өмір туралы Құранда былай айтылған: «Әй, адамдар! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине Біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе (жаратылыстарыңды) білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әрнәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әртүрлі көркем өсімдік өндірді. Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Аллаһ; Ол – Хақ, Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені, әрнәрсеге күші жетеді. Әлбетте Қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз Аллаһ, қабірдегілерді тірілтеді». (Хаж, 5-7)
«Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: «Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?»-дейді. (Мұхаммед (с.а.с.)): «Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі» де. Ол сондай Аллаһ, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. Сондай көктер мен жерді жаратқан Аллаһ, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әрнәрсені Жаратушы, Толық Білуші. Шын мәнінде, Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған «Бол» деу ғана, сонда ол бола қалады. Барлық нәрсенің билігі қолында болған әрі сендер Соған қайтарылатын Аллаһ; кемшіліктен Пәк». (Ясин, 77-83)
Кейбіреуміз өлімнен кейін қайта тірілетінімізге сенеміз, кейбіреуіміз сенбейміз. Күдік келтіретіндер туралы да Құранда айтылған. Қазір оған тоқталудың мәнісі жоқ. Соған байланысты Д. Х. Джебранның төмендегі сөздерін мысалға келтіргім келеді: «Өмірдің барлық сырын, құпиясын танып білгенде өлімді құмарта бастайсың. Себебі ол да өмірдің бой бермес бір сыры, құпиясы». Мәселе өлімді жақындату емес, мәселе өлім туралы ойлану арқылы адамның өзін сабасына түсіріп, жіберген қателіктерін түзеуге мүмкіндік алуында. Ол туралы Артур Шопенгауэр былай деген: «Өлім жақындай түскенде адамның менменділігі жойылады. Бұл түптеп келгенде өлім алдындағы қорқыныш. Өлім-тым шектен асқан менменділіккке тіршіліктің қайтарған жауабы».
«Барлық игі жақсылық пен асыл махаббат үшін өз ойларыңызға өлім туралы ойды кіргізбеңіз» деп кезінде Томас Манн айтып кеткен. Аталмыш ойды екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан алсақ, өлім туралы ой дегеніміз өз-өзіне қол жұмсауға (суицид) апарытынын жасыруға болмайды. Яғни өткен-кеткеннің жақсылығын еске алып, сені сүйетін адамдардың бар екендігін есепке алып адам өз-өзіне қол жұмсаудан бас тартуы керек. Екінші жағынан өлім туралы ой дегеніміз ертеңгі күні тірі боламыз ба, болмаймыз ба белгісіз, сондықтан да өз ісіңе есеп бер, істейтініңді істеп қал, біреуді сүйсең, «сүйемін» де, біреудің алдында айыпты болсаң, «кешір» де, өміріңді құр босқа өткізбе, әрбір минутты, сәтті, күнді қайталанбастай ет дегенге сайып келетіні де хақ.
Осыған байланысты Сент-Экзюпери А. былай деген: «Адам бұл күйбең тіршіліктегі немесе пьеса делік ойнап жатқан рөлін түсінгенде ғана ол бақытты ғұмыр кеше алады. Пьесадағы рөлі кішігірім, қарапайым болса да, ол жалпы бейненің ажырамас бөлігі. Себебі сонда ғана біз тыныш өмір сүріп, бақиға аттана аламыз. Өмір сүрудің себебі не болса, ол да өлімнің себебі бола алады».
Жоғарыда келтірген ойларыма Пауло Коэльоның «Вероника өлуге бел байлады» деген кітабы айқын дәлел. BBC пікірі бойынша ең таңдаулы, әлемдік жауқазынға айналған кітаптардың 200-нде Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабы 94 орын алады. Ал «Вероника өлуге бел байлады» аталмыш тізімде мүлдем кездеспейді. Менің ойымша бұл кітап өзінің пайда болуымен тарихтағы, санадағы өлім туралы ойды өзгертті. Себебі кітапты оқу барысында менде өмір сүруге деген аса зор құштарлық пайда болды. Жасы 24-ке келген дені сау,ақылды, келбетті қыздың өмірдің күйбеңдігінен жалығып, ұйықтатын күшті психотроптық дәрілерді ішіп, өзіне қол жұмсап, тірі қалғандығы сөз етіледі. Қыз неліктен өмірмен қош айтысқысы келді? Кішкентайынан пианиноға қызыққан Вероника ата-анасының өтініші бойынша арманынан бас тартқан, себебі музыкант болу дегеніміз кедейшілікте өмір сүру дегенді білдіреді. Сөйтіп ол анасының айтуы бойынша юрист мамандығына оқуға түседі. Оқуын сәтті бітірген қыз юрист болғысы келмейді, бола алмайды, оның орнына жалақысы төмен болса да, тұрақты беріліп отыратын, тыныш жұмыс іздеп, кітапханаға кітапханашы болып тұрақтайды. Ата анамның маған артқан үмітін ақтамадым деп, жауапкершілік, парыз ауыртпалығын сезген Вероника үйінен кетіп, монастырьдің ішінен пәтер жалдайды. Күнделікті өмірі-жұмыс, паркте тамақ ішу, клубқа бару, жігіттермен кездесу, төсектес болу, пәтерге қайту. Таныстарының арасында Вероника сұлу, жұмбақ қызға айналғанмен, ішкі жан дүниесінде өмірден өз орнын таппай, қарапайымдылықтан безген, жаны жаралы пенде. Өлем деп шешкенде өле алмай, неліктен екені белгісіз тірі қалады. Өз-өзіне қол жұмсағаны үшін оны Виллеттегі (Словениядағы қала) жындыханаға қамайды. Біз білетін жындыханалардан айырмашылығы адамдар онда өз ережелерімін өмір сүреді, кез келген уақытта «сауықтым» дегендер, әрине дәрігер «жазылып шықты» десе, кәдімгі өмірге оралу мүмкіндігі бар. Психикалық ауруға шалдыққандар туралы диссертация жазыр жүрген Игорь есімді дәрігер тәжірибе жүргізу мақсатында Вероникаға күшті дәрілерді ішу барысында жүрегіңе қаяу түсті, бес күннен кейін жүрегің шыдамайды, соғуын тоқтады дейді. Игорь есімді дәрігердің айтуы бойынша адамның жан күйзелісі (депрессия) ағзадағы серотониннің жетіспеушілігінен. Серотонин адамның жұмыс істеу, ұйықтау, тамақ ішу, болып жатқан бақытты сәттерге қуану сезімдеріне жауап береді. Ал егер серотонин ағзада кездеспесе адам үмітсіз, пессимистке айналып, өзінің керексіздігін, енжарлығын, шаршағандығын, жалыққандығын сезеді, керекті шешім қабылдай алмайды, кез келген ұсақ түйекке алаңдайды, толғанады, сөйтіп басы жоқ, аяғы жоқ қайғыға ұрынады, ал ол қайғы апатияға не өз-өзіне қол жұмсауға әкеліп соғады. Кейбір консервативті яғни дәстүрлі дәрігерлердің айтуы бойынша депрессияға түрткі ретінде адамның сүйікті адамын жоғалтып алуы, басқа мемлекетке көшуі, отбасыдағы жанжал, ажырасу, жұмыстағы қиындықтар болуы мүмкін. Жазда, қыста түскен аурулардың саны бойынша депрессиядың келесі себебі ретінде күн сәулесінің жетіспеушілігін атап көрсеткен. Адамның депрессияға ұрынып, «шынайылылықтан» қашуын ағзадағы Купоростың бөлінуімен түсіндіруге болады. Купорос немесе Vitrol темір, «у», «улы сарказм» дегенді білдіреді. Купорос әр адамда кездесетін туберкулез бацилласы сияқты барлығында болады, тек әртүрлі мөлшерде. Егер адам «шынайылықтан» қорықса, оның ағзасында қышқыл бөлінеді. Ағзасында қышқыл бөлінген адам ерік жігерден (өмір сүруге де, өлуге де) айырылады. Адамда жек көру, сүю, қызығушылық, таң қалу сезімдері білінбейді. Купороспен уланган адамдар жетісіне бір рет қана сезеді. Себебі істейтін жұмыс бітіп, демалатын уақыт жеткенде олар уақыттың бір жерде тоқтап қалғандығын, жанды жейтін тыныштықтың орын алғандығын байқайды. Демалыс күні аяқталғаннан кейін олар қайтадан оның тез бітіп қалғандығына шағым жасайды. Ондай адамдар өмірден, өлімнен де тайсалмайтын, өз басын қауіпке тіккен қаһармандар не жындылар.Жынды өз-өзіне қол жұмсаса, қаһарман белгілі бір идея жетегімен кетіп, сол идеяның құрбаны болады. Қышқылмен уланғандар біріншінің ақымақтығын сөз қылса, екіншісін мадақтай түседі.
Бұл аурудың ерекше тұсы – оның әлеуметтілігінде. Яғни қышқылмен уланғандарды қамап ұстаудың керегі жоқ. Қамап ұстау тәсілі тек айналадағы адамдарға қауіп келтіретін болса ғана іс жүзінде қолданылады.
Вероника сол қышқылмен уланғандардың біреуі. Қызға бес күндік өмірің қалды деу арқылы істің қалай өрбитіндігін дәрігер білгісі келді. Санаулы күн өмірім қалды деген Вероника өмірін қайталанбастай еткісі келеді. Сөйтіп өмірін қайта қарастырып, жүрек қаяуы болмаса өмір сүрер едім деген ойға келеді. Өлімнің әне-міне келетіндігін күтетін жандар ғана өмірдің қаншалықты бағалы екендігін сезе алады. Демек қышқылмен уланғандар дертінің дауасы-қатты тебіреніс, өлім алдындағы әлсіздік немесе жоғалтқан кезде ғана неден айырылғаныңды түсіну сезімі.
«Вероника өлуге бел байлады» кітабы Евгений Клюевтің «Өлім дегеніміз әркез тек өлім ғана емес, сол сияқты өмір әркез тек өмір ғана емес. Себебі өмірге теңелген өлім, өлімге теңелген өмір бар» деген сөздерін есіме салды. Тіпті «әрекетсіздіктің өзі алдын-ала келген өлімге тең» деп Пьер Буаст бекер айтпаған.
Қоғамымызда Вероника сияқтылар жеткілікті. Сонда Вероникаға өмірде не жетпеді дейсіздер ғой? Меніңше жындылық (безумство). Мақсат кәдімгі жын қаққанға айналу емес. Мәселе өмірдің өзгерістерінен қорықпау, ілгері жылжу, өз арманыңнан бас тартпау, ойлағаныңды жүзеге асыру, біреу үшін емес өзің үшін өмір сүру, қоғамда өз бет-бейнеңді көрсету, өз әрекетің үшін ұялмау. Анау де нейді, мынау не дейді, мені қоғамда қалай қарсы алады, қылығым ерсі болмай ма деген ойлар мазаламау керек (әрине этикалық нормаларды сақтай отырып). Себебі өмір сүрсең, өмірден бәрін алып қалуға тырысу керек, бұған жетер жындылық бар ма?!
Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсайтындар көбеюде. Неліктен? Себебі қоғам ашық (барлық жағынан) емес, қалқан тәріздес. Қоғамды кінәлай беруге болмайды, бірақ өмірімізде жазылмаған ережелер тым көп. Ережелер, ұстанымдар демалатын ауамызды ластайды, дем ала алмай қысыламыз.
Бұл өмірге меніңше ешкім жай келмейді. Әркімнің өз миссиясы бар. Менің миссиям қоғамға, мемлкетке, халыққа пайдалы болу. Мен өзімді мысал ретінде келтіруден қорықпаймын. Себебі өз басынан өткерген ғана мәселенің анық қанығын аша алады. «Ауруын жасырған өледі» дейді халық.
Сөзімнің соңында сізге сіздің ерекше, қайталанбас тұлға екендігіңізді айтқым келеді. Маған сеніңіз сіз өмірге, қоғамға керексіз. Сіз біреудің өмірін өзгертіп, біреуді бақытты ете аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |