20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


-сурет. Жоғарғы жақ үлкен азу тістер. сайт-vmede.org



бет55/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

10-сурет. Жоғарғы жақ үлкен азу тістер. сайт-vmede.org



Үлкен азу тістер немесе көп төмпешікті тістер (большие коренные зубы, многобугорковые зубы – dentеs molares, s. dentеs multicuspidati). Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің көлемі үлкен, шайнау беті ромбыға ұқсас, төрт төмпешігі бар, бірі-бірінен сайлар арқылы бөлінген (10-сурет). Сайдың біреуі сауыттың алдыңғы бөлігінен басталып, шайнау бетін басып өтіп, ұрт бетіне ауысып, тістің мойын бөлігіне дейін созылады. Ол арқылы алдыңғы ұрт төмпешігі бөлінеді. Екінші сай сауыттың артқы бетінен басталып, шайнау бетінен өтіп, таңдай бетіне ауысып, сауыттың экваторы деңгейінде аса терең емес ойықпен бітеді және ол арқылы артқы тіл төмпешігіне бөлінеді. Үшінші сай шайнау бетінің ортасында алдыңғы екі сайды қосып, «н» әрпін жасай орналасады және ол арқылы алдыңғы таңдай, артқы ұрт төмпешіктері бөлінеді. Ұрт төмпешіктері конусқа ұқсас, тіл төмпешіктері доғалдау. Алдыңғы төмпешіктері артқыларына қарағанда ірілеу. Ұрт жақ беті дөңес, сай арқылы екіге бөлінген, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Артқы беті алдыңғыға қарағанда дөңес және кеңдеу. Таңдай жақ бетінің дөңестігі өте жақсы білінеді және терең саймен екіге бөлінген. Көпшілік жағдайда алдыңғы таңдай төмпешігінде қосымша немесе аномалиялық Карабелли төмпешігі (аномалийный бугорок Карабелли – tuberculum Corabelli) орналасқан. Оның көлемі кейде көлемді, кейде шағындау болады және шайнау бетінен төмен орналасады. Тісте үш түбір бар: таңдай түбірі жақсы дамыған конусқа ұқсайды, екі ұрт түбірі – алдыңғы және артқы (соңғысы нашар дамыған), екеуі де де алдан артқа қарай қысылған. Түбірлері көбіне бір-бірінен алшақтай орналасқан (имеет тенденцию к расхождению) және «түбір белгілері» жақсы дамыған.
Жоғарғы екінші үлкен азу тістің сауытының пішіні әртүрлі болып келеді және 4 түрлі ерекшелікпен кездеседі:

  • сауыттың пішіні бірінші азу тістің сауытына ұқсас келеді, бірақ тіс қатарындағы көлемі кішілеу және қосымша төмпешігі болмайды;

  • сауыты таңдайдан ұртқа қарай созыла орналасқан ромбыға ұқсас, алдыңғы таңдай және артқы ұрт төмпешіктері бір-біріне жақындау орналасқан, арасындағы сайлар аса терең емес;

  • шайнау бетінде үш төмпешігі бар, олар таңдайдан ұртқа қарай бір бағытта тіс сауытын соза орналасқан және бір-бірінен аса терең емес сайлармен бөлінген;

  • тіс сауыты үшбұрышты, шайнау бетінде үш төмпешігі бар – бір таңдай және екі ұрт төмпешіктеріне бөлінеді. Тіс сауыттарының бірінші және төртінші пішіндегілері жиі кездеседі. Тісте кішілеу үш түбір бар (бірінші үлкен азу тіске ұқсас), бірақ ұрт түбірлері бір біріне жақын орналасады. Кейде екі ұрт түбірлерінің, сирек жағдайларда үш түбірдің де бірігіп кетуі орын алады.

Жоғарғы үшінші үлкен азу тістің пішіні және көлемі де әртүрлі болады. Кейде бірінші немесе екінші азу тіске ұқсас, кейде конус пішіндес болып келеді. Шайнау бетінде 3 немесе 4, кейде 5-6 төмпешіктер орналасады. Түбірлерінің пішіндері мен сандары да әртүрлі болады. Тіс қуыстары көбінесе төртбұрышты, ал екінші азу тісте үшбұрышты болуы да мүмкін. Сауыт қуыстары таңдайдан ұртқа қарай созылған, алдыңғы және артқы бағытта аздап қысылған, төбесі тістердің мойын деңгейінде орналасқан және төмпешіктер санына сай ұлпа мүйізшелері орналасатын шығыңқы аймақтары бар. Үш өзек аузы теңқабырғалы емес үшбұрыш жасай орналасады. Таңдай жақтағы сүйір бұрышқа үрмеге ұқсас таңдай өзегінің аузы, екінші сүйір бұрышта саңылауға ұқсас алдыңғы ұрт өзегінің аузы, ал доғал бұрышта артқы ұрт өзегінің аузы орналасады. Екінші үлкен азу тістің түбір өзектері аузы тең қабырғалы үшбұрыш жасай, кейде бір түзудің бойында, кейде екі ұрт өзектері бір-біріне өте жақын орналасуы да мүмкін. Таңдай өзектері кең және жақсы өтеді, ұрт өзектері өте тар, ал артқы ұрт өзегі кейде екіге тармақталуы мүмкін. Сауыт қуыстары көбінесе тістің алдыңғы жақ бетіне жақын орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет