20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


- cурет. Жоғарғы жақ сүйір тіс. 1) ұрт жақ беті. 2) таңдай жақ беті. 3-4) жанасу беттері. 5) тістеу төмпешігі. Сайт-vmede.org



бет52/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

6- cурет. Жоғарғы жақ сүйір тіс. 1) ұрт жақ беті. 2) таңдай жақ беті. 3-4) жанасу беттері. 5) тістеу төмпешігі. Сайт-vmede.org


Сүйір тістер (клыки – dentes canini) (6-сурет), жоғарғы сүйір тістердің пішіні конусқа ұқсас, алдыңғы топтағы тістердің ішінде ең жақсы дамыған тістер. Тістеу қырлары күрек тістердікіндей тегіс емес бір-бірімен бұрыш жасап бірігетін екі түзуден тұрады және оның алдыңғы бөлігі қысқалау. Олардың қиылысқан жерінде жақсы дамыған тістеу төмпешігі бар. Ерін жақ беті дөңес, жіңішкелеу білікпен екіге (екі фасеткаға) бөлінеді. Алдыңғы фасеткасы кішілеу, ал бүйір фасеткасының көлемі үлкен. Тіл жақ беті дөңес және тік білікпен екіге бөлінген. Біліктің екі жағында да ойықтар, кейде шұңқырлар орналасқан. Мойын аймағында білік үлкейіп жақсы дамыған «тіс төмпешігіне» айналады. Жанасу беттері үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың тістеу қырымен біріккен шың аймағы дөңес. Түбірі де жақсы дамыған конусқа ұқсас, екі жағынан қысылған, беттерінде сайлары бар, бүйір беті дөңестеу. Түбір ұшы иілген. Сауыттың «бұрыш және дөңестік белгілері» жақсы дамыған





7-сурет Төменгі жақ сүйір тіс.1) ерін жақ беті. 2) тіл жақ беті 3-4) жанасу беттері. 5-тістеу төмпешігі. Сайт-vmede.org

Төменгі жақ сүйір тістер. Пішіндері жағынан жоғарғы аттас тістерге ұқсас, бірақ тіс қатарында көлемдері кішілеу. Ерін жақ беті дөңес болғанмен тік білік нашар дамыған, сондықтан сауыттың ұрт беті анық екіге бөлінбеген. Тіл жақ беті ойыс, «тіс төмпешігі» анық көрінеді. Сауыттың ерін және бүйір беттерінің биіктігі тіл және алдыңғы беттерінің биіктігінен ұзындау. Түбірі жақсы дамыған, екі жағынан қысыңқы, беттеріндегі сайлары анық. Тіс қуыстары кең, ұршық пішіндес, төбесі дөңес, біртіндеп тарылып барып кең әрі жақсы өтетін өзекке ауысады. Төменгі сүйір тісте кейде екі өзек (ерін және тіл жақ өзектері) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет