2.2.Тұрақты тістер
Күрек тістер (резцы – dentes incisivi). Жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің пішіндері жиегі тегіс күрекке немесе қашауға (долото) ұқсас және осы топтағы тістердің ең ірісі болып табылады. Ерін және таңдай жақ беттері бір-бірімен қиылысып, тар тістеу қырын құрайды. Жаңа шыққан тұрақты тістердің тістеу қырлары өткір және онда 3 бұдырмақ орналасқан (3-сурет).
3-сурет. Жоғарғы жақтың ортаңғы күрек тіс. 1- вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті. 4-дистальді беті. 5-окклюзиялық беті.
Сайт-vmede.org
Жүре келе тағамды тістеп үзу әсерінен олар біртіндеп қажалып, жойылады. Ерін жақ беттері азғана дөңестеу және онда сауыттың орта бөлігінен басталып тістеу қырында аяқталатын көп байқала бермейтін аса терең емес екі-үш сай орналасады. Таңдай беті ойық және үшбұрышқа ұқсас. Үшбұрыштың бүйір қабырғалары білікке ұқсас, таңдайға қарай көтеріңкі орналасады және тістің мойын бөлігінде бірігіп барып төмпешік құрайды. Ол төмпешік «тіс төмпешігі» (зубной бугорок) деп аталады. Әр адамның тістерінде бұл төмпешіктердің көлемі де әр түрлі. Егер төмпешік ірілеу және биік болса, біліктер қосылған аймақта терең ойық немесе шұңқыр (ямка) пайда болады.
Түбірі конус пішіндес, ерін жақ беті таңдай бетінен кеңдеу, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Алдыңғы және бүйір беттерінде аса терең емес сайлар орналасқан. Тіс сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған. Түбір белгісі аса тұрақты емес, (бірде оң, бірде теріс), тіс түбірі көбіне артқы және бүйір бағытта иіледі.
4-сурет. Жоғарғы жақ бүйір күрек тіс. 1-вестибулярлы беті. 2-таңдай беті. 3-медиальді беті.4-дистальді беті. 5-окклюзияялық беті. 6-орталық және бүйір күрек тістердің сауыт мөлшері бойынша айырмашылығы.
Сайт-vmede.org
Б үйір күрек тістер (4-сурет) орталық күрек тістерден кішілеу, ерін беті дөңес, сауытының алдыңғы бұрышы доғалданған тік бұрышқа ұқсас, ал бүйір бұрышы анық доғал бұрышқа тең. Таңдай жақ беті ойық және үшбұрышқа ұқсас, оның екі бүйір қабырғасы білікке ұқсап қалыңдаған және тістің мойын бөлігінде бірігіп, биіктеу төмпешік құрайды. Төмпешіктің ылдиында терең шұңқыр орналасқан, оны «тұйық тесік» (слепое отверстие –fоvea caеcum) деп атайды. Түбірі екі жағынан (алдыңғы және бүйір жағынан) қысыңқы келеді және беттерінде аса терең емес сайлар кездеседі, көлденең кесіндісінде сопақ пішінді. Тістердің «сауыт дөңестігі мен бұрыш белгілері» жақсы, ал түбір белгіcі нашар дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |