20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру



бет30/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

Жансыздандыру аймағы — жоғарғы алдыңғы альвеола жүйкелері мен көзасты жүйкесінің соңғы бұтақларына дейін, күрек, сүйір тістер, тіс ұяшық-альвеолды өсінді мен кілегей қабықтың босаға тұсы, төменгі қабақ пен жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір беткейі мен жоғарғы ерін, жансыздандыратын дәрі-анестетик тереңдеп сіңіп кеткен жағдайда орта тіс ұяшығы-альвеоляр өрімге де әсер етіп кіші шайнау тістері мен оны қоршаған тін де жансызданады.

23 Тіс жегінің пайда болу теориясы.
ТІСЖЕГІ кеселi деп тіс тіндерінде тістер шыққасын пайда болатын, олардың құрамындағы минералды заттың жойылып, органикалық заттың ыдырауынан тіс бетінде пайда болатын ақауларды айтады. МИЛЛЕР ТЕОРИЯСЫ – химиялық-паразитарлық теория деп аталады. 1884 жылы ұсынылған. Бұл теорияға сәйкес тісжегінің пайда болуы 2 кезеңнен тұрады:
1) тіс тінінің химиялық әсерден. 2) микроб әсерінен бұзылуы. Біріншіде ауру ауыз ішінде қалған ас қалдығының ыдырауы негізінде, соның әсерінен эмаль бұзыла бастайды. Ондағы минералды тұз еріп, пульпаға жақын қабат дентинге жетеді. Дентиндегі органикалық заттар (20%) микроб ферментінің әсерінен ыдырайды.
Тісжегі кеселінің пайда болуы туралы соңғы кездегі көзқарастар.
Тісжегінің пайда болу көзі – микробтар, соның ішінде стафилококк пен стрептококтар. Оларсыз тісжегі дамымайды. Құрамында көмірсу тағамының қалдығы бар жұмсақ тіс қақтары 2-3 күнде тіс пелликуласымен тығыз байланысып, микробты қаққа айналады. Оның құрамында стафилококктар, стрептококктар ферментінің әсерінен көмірсу ас қақтары түзіліп, көп көлемде азот қышқылы пайда болады. Сөйтіп микробты қақтың үстіңгі ортаның рн қышқылы 4,5-5,0-ке тең келеді. Егер микробты қақ уақытында тазаланбаса, тұрақты түрде тіс бетінде қалып қойса, қышқылдың әсерінен призма аралығындағы минералды тұз кристаллдары ери бастап, аралық байланыс үзіліп, өте ұсақ саңылаулар пайда болады. Қышқылдар осы саңылаудан өтіп, кіреукеге ауысып, астыңғы қабатына жетеді. Призма арасындағы кеңістік кеңейеді. Сөйтіп микробтың кіреуке асты қабатына өтуі артады. Онда микробтан протеолизді ферменттер кіреукедегі органикалық заттың бұзылуына көмектеседі. Кіреукенің жоғарғы қабатының көпке дейін бүтіндігі сақталып тұрады. Себебі сілекейден келетін минералды заттың әсеріне бұл қабатта көпке дейін минералдың жойылу немесе қайта құрылу тепе-теңдігі аяқталады. Біраз уақыттан кейін төменгі қабатқа өткен қышқылдың әсерінен жоғарғы қабаттың қалыңдығы жұқарып, әр түрлі механикалық әсерден сынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет