20-дәріс. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап қоғамдық ойларға тікелей әсер ететін бағыт пайда болды, оны жаһандық мәселелер философиясы деп атауға да болады. Бұл философиялық бағыт әлемдік мәселелерді терең қарастырғанымен, назар ортасына бәрібір де адамды және оның қазіргі күні мен болашағын қояды.
Мәселелердің барлық сәйкестігінен адамға өмірлік маңызы бар жаһандық мәселелер сапалы критериийге ие болады. Жаһандық мәселерді анықтаудағы сапалы жақ олардың келесі негізгі сипаттамаларында көрсетіледі: біріншіден, бұл мәселелер жеке адам мен барлық адамзат баласының өмірлік қызығушылығын тудырады; екіншіден, олар әлемдік алға дамудың, жаңа замандағы өрлеудің объективті факторы болып табылады; үшіншіден, жаһандық мәселелерді шешу үшін барлық адамзаттың күші немесе кем дегенде жер шарының белгілі бір үлкен тобының күші қажет болады; төртіншіден, жаһандық мәселерді шешудегі қателік немесе шеше алмау алдағы уақытта барлық адамзат пен кез келген жеке адам үшін ақталмайтын зиян алып келуі мүмкін.
Қоғамдық дамудағы барлық жаһандық мәселерге мобильділік қажет, әйтпесе ешқандай да мәселе статистикалық жағдайда болмайды. Олардың әрқайсысы күн сайын өзгеріп отырады. Бірнеше мәселерді шешу барысында олардың соңғысы келесісіне өтіп жатып, әлемдік деңгейде өз белсенділігін жоғалтып алуы мүмкін немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
Барлық жаһандық мәселелер күрделі өзара байланыс пен өзара тәуелділікте болады. Бұл дегеніміз кез келген жаһандық мәселенің шешілуі, әлемнің басқа да бөлігінде басқа мәселенің туындауын көрсетеді. Олар тез жаһандық мәселеге айналып кетуі мүмкін. Тек соңғы уақытта ған адамдар азон қабатының жұқаруын, парниктік эффектті, ЖИТС және басқа мәселердің куәгері бола бастады. Бұл мәселелерді бірнеше жыл бұрын естімегенде едік. Философиялық ойға қойылатын тапсырма жаңа жаһандық мәселелерді байқау және анықтау, оларды шешу жолдарын қарастыру сонымен қатар қазіргі даму тенденциясына зиян келтірмеу керек, Томас Манн айтқандай бүгінгі идея – ертеңгі әрекет. Мысал үшін, бірнеше қалалардағы қоқыс мәселесі. Радиоактивті өнімдерді қайта өңдеу, халықты көбею деңгейіне қарамастан орналастыру мәселелрін алуға болады.
Көп абыройлы қоғамдық ұйымдар, атақты ғалымдар адамның дамуы үшін осы мәселелерді ерекше бөліп қарауды қолға алаған. Жаһандық мәселелерді шешумен айналысатын Рим клубының белді бір мүшесі М.Месарович өзінің бір баяндамасында жаһандық мәселені шешудің келесі 5 түрін атап көрсетті:
–жер бетіндегі халықтың өсуін азайту;
Сонымен қатар, оның баяндамасында бұл мәселелерді тек тізіп айтып қою ғана емес, оларды қалай шешуге жауап іздеу де бар. М. Месарович келтірген мәселелер ғаламдық мәселелер болып табылады, ол барлық адамзат баласына қатысты, мейлі әр түрлі деңгейде болсын.
Жаһандану мәселелердің философиясы аясында XX ғасырдың әйгілі әлеуметтанушысы П.А. Сорокиннің тұжырымы қызығушылық танытты. Оның пікірінше, қоғамның аморальдық көрінісі мен құлдырау нәтижесі тек өнеркәсіптің дамуы және адамға деген махаббаттың эгоистік емес аккумулациясы арқылы тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, ол адамзаттың дамуы мен жетілуі туралы маңызды ойды баса айтты. Өз кезегінде П.А. Сорокин бұны мақсат етіп, адамзат дамуының өзегі ретінде деп білді. Адамзаттың өзін-өзі түйсіну өнеркәсіптің дамуына және қоғамның эгоистілігін жоюына әкеледі. Эгоистік шығармашылық адамның махаббаты жоғарғы бір күш. Бұл өз кезегінде адамның бір-біріне деген жаугершілікке соң қойып, махаббатты жаратады.
Бұл да өз кезегінде қоғамдағы қылмыс пен жаугершілікке қарсы тойтарыс бере алатын күш есебінде болып, адамзаттың ағартушылық және моралдық қабілетіне көмек бере алады.
П.А. Сорокиннің бұл көзқарастарымен келіспеу мүмкін емес, өйткені шын мәнінде де, егер де адам дүниенің әралуандығына махаббат және сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда қазіргі замандағы моральдық дағдарыстардың барлығы шешілуші еді.
Американдық әлеуметтанушы философ Джон Белл жаһандық мәселелерді шешудің қызықты жолдарын көрсетті. Ол барша адамзатты сабырлылық пен плюрализмге шақырды. Д.Беллдің ойынша қоғамдық орта келісім, шарт, түсіну сияқты принциптерді қолдану керек. Қоғамдағы әлеуметтің реттестік бірнеше әртүрлі пікірлер ортақ бір жүзеге асырылуға негізделуі қажет. Оның айтуы бойынша, одан басқа мәдени келіспеушіліктерден қашу керек, себебі мұндай мәселелер қоғамдық келіспеушіліктің салдары болуы мүмкін.
Белгілі американдық саясаттанушы З.Бжезинский қазіргі жаһандық мәселелерді талдай отырып, басты акцентті дамзаттың сеніміне қойды. Ол сенім – ол «әлеуметтік цемент» деп есептейді. З.Бжезинскийдің көзқарасы бойынша қазіргі заманғы адамның сенімі рационалды гуманизм болып табылуы керек. Сонымен қатар, жаһандық мәселелер философиясы қазіргі заманның кең анализдік спектрін және оларды шешу жолдарын көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай, философияның бұл бағыты келіспеушіліктерді жою жолдарын көрсете отырып, адамның өз ойынан шығады, оның талпынысы мен шешу еркіндігіне тәуелді болады.
З. Бжезинскийдің пікірінше, рухани бастаманы біріктіретін – адамзаттың рационалистік гуманизмге бет бұруы. Өз кезегінде рационалистік гуманизм дегеніміз интернационалистік көзқарастар, тоталитаризмнің формаларын терк еткен қоғам, сонымен қатар халықтың әлеуметтік сұрақтарын қамтитын ғылыми көзқарастар. Рационалистік гуманизм – адамның құқығы мен бостандығын, қызығушылын ескеретін дүниеге көзқарастың формасы.
Бұдан философия жаһандық мәселерді зерттейтін, оның қыр-сырларын, шиеленістер мен қақтығыстарды талдайтын белгілі бір сала деп қорытындылауға болады.