2012 – 2013 оқу жылына арналған жылдық жоспар. Мүсіндеу сабағы.
Р/с
Тақырыбы
Мақсаты
Күні
Сағат саны
1
Күз сыйы – сәбіз және қызылша.
Жапсыруға қажетті құралдармен таныстыру (ермексаз,сазбалшық,тұз қосылып иленген ұн). Таныс заттардың формаларын мүсіндеуге, алақан арасына салып домалақтауды немесе сопақша жасауды үйрету.
2
2
Күн мен бұлт.
Көлемі мен түсі әр түрлі бейнелерді көре білуге үйрету (баулу).
2
3
Саңырауқұлақты алқап.
Таныс заттарды мүсіндей отырып, бір мазмұндағы сюжет құрастыруды үйрету.
1
4
Тасбақалар.
Әр түрлі пішіндегі бірнеше бөліктен құралған дене мүшелерін мүсіндеуді үйрету. Алақан арасына салып (ермексазды) домалату, жалпайту, тәсілдерін үйрету.
1
5
Киттің балалары.
Таныс көріністерді мүсіндеуге үйрету, оларға құралдар арқылы пішін білуді үйрету.
1
6
Көкөністер.
Таныс заттарды мүсіндей отырып, белгілі бір мазмұнға сай ұжымдық компазиция жасауды ұсыну. Заттарға құралдар арқылы пішін беруді үйрету.
Таныс көріністі мүсіндей отырып, белгілі бір мазмұнға сай композиция жасауға үйрету.
1
9
Балықтар.
Су асты тіршілігімен таныстыра отырып, балықты бүтін бөліктен жасап, оны саусақтар арқылы, өрнектеу элементерімен әшекейлеу арқылы қызығушылықтарын арттыру.
1
10
Көңілді күшік.
Ит адамның ең жақын досы екенін түсіндіре отырып, күшікті бірнеше бөлшектерден дұрыс орналастыра отырып мүсіндеуді үйрету.
1
11
Ұлттық ою – өрнек.
Балаларды қазақтың ою – өрнектерімен таныстыру. Ою – өрнекті мүсіндеуді үйрету.
1
12
Көжектер.
Үзу,домалату,ширату тәсілдері арқылы,бірнеше бөлшектерді дұрыс орналастыру дағдыларын дамыту.
1
13
Түлкі.
Таныс көріністі мүсіндей отырып, белгілі бір мазмұнды композиция жасауға үйрету.
1
14
Аяз ата мен Ақшақар.
Қысқы киімдегі адам мүсінін мүсіндеуге үйрету, адам дене мүшелерінің бөліктерін нық орналастыруды көрсету.
2
15
Портрет.
Домалату, есу және саусақ арқылы жасайтын әдістерін бекіту.
1
16
Қысқы ойындар.
Белгілі бір мазмұн бойынша таныс заттарды бір – біріне қосып мүсіндеуді үйрету.
1
17
Ұйқыдағы мысықтар.
Геометриялық пішіндерді бір – біріне дұрыс бекітуге үйрету.
1
18
Қой
Жануардың тұлғасын және дене мүшесін жасауды,шымшу,созу әдістерін меңгерту.
1
19
Ұлттық ою – өрнекпен безендірген тәрелке.
Балаларды тәрелкені қазақтың ою – өрнектерімен әшекейлеуге үйрету.Балалардың халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін туғызу.
1
20
Тышқандар.
Тышқандардың тұлғасын, дене мүшесін жасауды, шымшу,созу әдістерін меңгерту.
1
21
Ұлттық киімдегі арулар.
Балалардың қазақтың ұлттық киімдері туралы түсініктерін жинақтау, және домалату,есу, жалпайту әдістерін бекіту.
1
22
Жылға.
Таныс сюжетті композиция бойынша балаларды мүсіндеудің жаңа әдістерімен таныстыру.
1
23
Алдаркөсе.
Адамның дене мүшесін мүсіндеуді үйрету. Қазақ ертегісіндегі кейіпкер Алдаркөсенің бейнесін жасауда бет әлпетін қырғыш арқылы көрсете білуді үйрету.
1
24
Сиырлар.
Жануарлардың тұлғасын және дене мүшелерін жасауды,шымшу,созу, әдістерін меңгерту.
2
25
Қойлар.
Балаларға бірнеше бөліктен тұратын заттардың бейнесін мүсіндеуді қалыптастыру.
1
26
Тауық және оның балапандары.
Мүсіндеуде тек қана олардың бөлшектерін ғана емес, олардың көлемдерінің түрлерін жасау әдісімен таныстыру (үлкен,кіші).
1
27
Ұлттық ыдыстар.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту(өз еріктерімен мүсіндеуге және оны әшекелеуге ыдыс – аяқты таңдап алу) балалардың қазақтың ұлттық ыдыстары туралы танымдарын жинақтау.
1
28
Менің отбасым.
Сюжетті композицияларды құру, құрастырмалы және қозғалмалы тәсілдермен бейнелеуді, мазмұнды құрылыммен мүсіндей білу дағдыларын жетілдіру.
1
32
2012 – 2013 оқу жылына арналған жылдық жоспар. Ән күй сабағы.
Р/с
Тақырыбы
Мақсаты
Күні
Сағат саны
1
Музыка әлемінде.
Музыка жайында мағлұмат беріп, музыка дыбыстарының атымен таныстыру. Жоғары, төмен дыбысталу туралы құлақтандыру.
2
2
Менің отаным – Қазақстан. «Менің отаным» - әні.
Отан, туған жер туралы ұғымдарын кеңейту әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.
2
3
Жаса мәңгі, ана тілі. «Ана тілін сүйемін» әні.
Ана тілі туралы түсінік беру. Әнді музыкалық әсерлі мазмұны мен сипат арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілік,сыйластық сезімін сақтап орындауға жаттықтыру.
2
4
Бүгін қай күн?
Апта күндерін жатқа білуге үйрету.
2
2
5
Алтын күз.
Жұмбақтар шешу арқылы күз мезгілі туралы ұғымдарын кеңейту. Күзгі табиғатқа көңіл аударту.
2
6
Күз жомарт.
Ән, музыка арқылы күздің көріністерін сезінуді, әндегі шумақ пен қайырма арасындағы өзгерістерді ажыратуға төселдіру.
2
7
Ойыншықтар.
Музыкалық шығармадағы жоғары,төмен үні ұғымын, кейіпкерлер бейнесін ажырата білуге қалыптастыру.
2
8
Өмірің өз қолыңда.
Адам өмірінде – бағдаршам маңызды, қауіптен сақтайтын зат екенін ескерту. Әннің сөзін таза, анық айтуға үйрету.
2
9
Қыс келді.
Қыс туралы ұғымдарын кеңейте отырып, әннің ырғағын сақтап, еркін орындауға қызығушылығын дамыту.
2
10
Астана – Бәйтерек. «Бәйтерек».
Музыканы тыңдау,қабылдау,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
2
11
Тәуелсіз Қазақстан.
«Желтоқсан оқиғасы» жайлы қысқаша мазмұндап. «Желтоқсан желі» әнін тыңдата отырып, көңілдеріне патриоттық сезім ұялату.
2
12
Ғажап қала – Алматы.
«Алматы» қаласы туралы мағлұмат беру. Әнді жатқа айта білуге үйрету.
2
13
Жаңа жыл.
Мерекелік көңіл – күйді музыка арқылы сезінуге баулу. Жаңалықты,жақсылықты музыка тілінен сезінуге үйрету.
2
14
Қысқы ойын қызықты.
«Қыс қызығы» әнінің музыкалық дыбыс биіктігін,ырғақтық мәнерлігін түсіне, ажырата білуге үйрету.
2
15
Қорқыт ата.
«Қорқыт ата» туралы аңызбен таныстырып, оның пайдаланған аспабы туралы түсінік беру.
2
16
Бесік жыры.
Ұлттық рәсім «Бесікке бөлеу» туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.Әнді жай,мәнді асықпай орындауға төселдіру.
2
17
Үй жануарлары.
Әнді асықпай, сөзін анық, көппен қосылып және жеке айта білуге талпындыру.
2
18
Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары.
Ұлттық аспаптармен таныстырып, оларды бір-бірінен ажырата білуге, есте сақтауға үйрету. Ұлттық аспаптар туралы ән тыңдату.
2
19
Тұсау кесу.
«Тұсау кесу» рәсімімен таныстыра отырып, музыкалық шығарманы, есте сақтап, әуенге сай, мәнерлі орындауға үйрету.
2
20
Көктем өрнегі.
Көктем көріністерін өздерінің ойынша суреттей білуге үйрету.
2
21
Аман болшы, Анашым.
«Аналар» мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Анаға деген сүйіспеншілікті ән арқылы жеткізе білуге үйрету.
2
22
Әжеме арнаймын әнімді.
Әжелер туралы ән айтқызып, әжелерін қадірлеуге үйрету.
2
23
Құстар қайтып келеді.
Құстар туралы әндер тыңдай отырып, құстарды қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
2
24
Наурыз біздің жаңа жыл!
Шығарманың сипатын ажырату, әнді көңілді шаттықпен орындауға бейімдеу.
2
25
Ақсақ киік.
«Ақсақ киік» күйін тыңдай отырып есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
2
26
Орыс халқының музыкалық аспаптары.
Орыс халқының музыкалық аспаптарымен таныстыра отырып,олардың қазақ музыкалық аспаптарымен ұқсастықтарын байқауға үйрету.
2
27
Ұлы достық жасасын.
Достықты білдіретін мейірімді әнді тыңдап сезіне білуге, әнді жеңіл, ширақ орындауға үйрету.
2
28
Жеңіс күнін тойлаймыз.
Марш сипатын қимылмен, әнді мерекелік көңіл күймен жеткізе орындауға талпындыру.
2
29
Ақ қанатты, көк қанатты көбелек.
Музыка арқылы көңіл күйді ажырата білуге үйрету. «Көбелек» әнін жеңіл, көңілді орындауға төселдіру.
2
30
Жаз
Жазғы табиғат көріністерін көз алдарына елестете отырып, суретті бояту. Әнді созып, сөзін анық айтуға дағдыландыру.
2
31
Қош бол балабақша.
Әндерді таза,анық етіп айтуға және музыка ырғағымен сәйкес қимыл – қозғалыс жасауға үйрету.
2
32
Біз мектепке барамыз.
Мектеп туралы ұғымдарын кеңейте отырып, мектепке, білімге деген қызығушылығын арттыру.
2
Барлығы:
64 сағат
2012 – 2013 оқу жылына арналған жылдық жоспар. Көркем әдебиет сабағы.
Р/с
Тақырыбы
Мақсаты
Күні
Сағат саны
1
Алтын күз.
Балалардың күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту. Күз айындағы адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
1
2
Қайдан келді, бауырсақ?
Ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын молайту, нан туралы түсініктерін тереңдету.
1
3
Оқу құралдары хикаясы. (ертегі )
Сурет бойынша сұрақтарға жауап ала отырып балаларды сөйлету. Ертегіні ықыласпен тыңдауға баулу.
1
4
Қайырымды қоян.
(ертегі)
Балаларға сурет арқылы шағын әңгімелер құрастыруды үйрету.
1
5
Алма.
Балаларды ертегінің басты кейіпкерлерімен таныстыра отырып, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға,мәнін түсініп айта білуге үйрету.
1
6
Ынтымағы жарасқан Отбасы.
Сен бақытты ұлансың.
Суретке қарап балаларды дұрыс әңгіме құруға үйрету. Өлең жолдарын оқып беру арқылы тыңдай білуге төселдіру. Сөздік қорларын дамыту.
Балаларға әңгіме оқып беріп, оны есте сақтауға төселдіріп,сурет арқылы балаларға әңгімелетуге үйрету. Үйде болғанда үлкендерге көмек көрсетуге тәрбиелеу.
1
9
Ойыншықтар.
Қ.Мырза Әлидің өлеңімен таныстырып, оны жатқа айтуға үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
1
10
Ауылда.
Әңгімені балаларға оқып беріп, сурет арқылы балаларға сұрақ қойып, дұрыс әңгіме құрастыруды ұйымдастыру.
1
11
Менің Қазақстаным. «Қазақстан картасы».
Т.Молдағалиевтің өлеңін оқып беріп, таныстырып,ондағы кездескен жер, су аттарын еске сақтауды ұйғару.
1
12
Көліктер.
Сурет арқылы балаларға көліктер, жол ережелері туралы түсіндіріп, естеріне сақтау қабілетін дамыту. М.Әлімбаевтің «Тролебус» өлеңін жатқа айтуға үйрету.
1
13
Қыс.
Қыс мезгілімен таныстырып, қыс мезгілінің ауа райының құбылыстарына назар аударту,ерекшелігін түсіндіру.
1
14
Тәуелсіздік Көкбайрағы.
Республиканың аты,Елтаңбасы,Туы,Ән ұраны, Астанасы жайлы түсініктерін бекіту, қарапайым тілмен туымыздың бейнесін түсіндіру. Н.Мұқатовтың тапқағын жатқа айтуға үйрету.
1
15
Жаңа жылым - тамаша.
Балаларға сурет арқылы шағын әңгіме құрастыруды үйрету. Ә.Табылдының тақпағын жатқа айта білуіне төселдіру.
1
16
Ормандағы шырша тойы.
Әңгімені оқып беру арқылы балаларды тыңдай білуге төселдіру. Балаларға өздері жаңа жылды қалай қарсы алғандарын әңгімелету арқылы тілдерін дамыту.
1
17
Біз тебеміз сырғанақ.
Б.Жақыптың өлең жолдарын жатқа айтуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
1
18
Қысқы баспана.
(ертегі)
Балаларға суреттер арқылы шағын ертегі құрастыруға,үй жануарларынан жабайы аңдарды ажырата білулеріне үйрету. Достыққа,еңбекқорлыққа,бірлікке тәрбиелеу.
1
19
Шана.
Әңгіме оқып беріп,сурет арқылы әңгімелеуге үйрету. Ой – өрістерін,ойлау қабілеттерін дамыту.