Қолданбалы ғылыми зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Ғылыми абстрактілеу - заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
3.Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі.
Білім - адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ) адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым- қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір ретінде көрінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құбылыстарының обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы түрі. Тек білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегеніміз адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын қабылеті қандай және оған өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып қатынас жасау. Білім беру - жүйеге келтірілген білім,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
Білім беру және оқыту теориясы - педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. .Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .
Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін санасын, қарым-қатынасын зерттейтін философия. Бұл теорияның мақсаты оқытудың заңдылықтарын қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері, түрлері және нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген түрлерін жинақтай отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайлы етіп құра алады. Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге білім беру және оқыту теориясын,оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын таңдап алу белгілерін, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып, оқушылардың танымдық іс жасау күйін туғызу, ізденіс, әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту театры оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдарын қарастырады. Ғғылым(наука)-мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері, қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |