Ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу іс- әрекеттің принциптері, формалары, тәсілдері жөніндегі ілім.
Ғылым – шындық жөніндегі объективті білімдерді жасайтын және теориялық жүйеге келтіру қызметін атқаратын адамның іс- әрекет ауқымы, қоғамдық сананың бір түрі.
Ғылыми пән – қазіргі кезде игерілген және жоғары мектептің оқыту процесіне ендірілген даму деңгейіндегі ғылымның бөлігі.
Ғылыми тақырып – ғылыми зерттеу жүргізуде талап ететін ғылыми сипаттағы міндет.
Ғылыми теория – шындықты жанама емес, тікелей бейнелейтін түсініктер мен қорытынды абстрактілі түсініктердің жүйесі.
Ғылыми зерттеу – нәтижелі түсініктер, заңдар және теориялар түрінде көрінетін мақсатқа бағытталған таным.
Ғылыми таным – жаңа білімдерді алу және тексеру әдістері мен мақсаттарын сипаттайтын зерттеу.
Ғылыми баяндама – баспада жарияланған немесе аудиторияда оқылған, мазмұнында ғылыми зерттеу немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыс баяндалған ғылыми құжат.
Ғылыми есеп – ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс қорытындысында алынған мазмұнында зерттеудің жүргізілуінің әдістемесі сипатталған, нәтижелері және қорытындылығы жазылған ғылыми құжат.
Ғылыми дерек – қорытындылау және дәлелдеу үшін негіз болатын оқиға немесе құбылыс. Ғылыми білімнің негізін құрайтын элемент болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |