2014 жылға арналған Шортанды окж кызметі туралы есепотч ё т о работе Шортандинской цбс за 2014 г. Шортанды кенті 2014 жыл



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#6571
1   2   3   4   5   6

Патриоттық тәрбие

ҚР бірінші Президент күні

1 желтоқсан - бірінші Президент күніОКЖ-нің кітапханалары желтоқсан айында бірінші Президент күніне орай келесі іс-шараларды ұйымдастырды.

Кітапханаларда кітап көрмелері дайындалды, тақырыптық сөрелер ұсынылды:
- Халыққа сөз

- Нұрсултан Назарбаев – дәуір адамы



- Н.А. Назарбаев - Президент .Саясатшы. Реформатор
Осы тақырыб бойынша оқырмандар кітаптармен және мерзімділік басылымдармен танысты. Оқырмандар елдің тарихи таңдауы туралы, мемлекеттің құрылуы туралы, Н.Ә.Назарбаев туралы кітаптар оқыды.

Пригородный, Бозайғыр, Төңкеріс, Раевка ауылдық кітапханаларында «Назарбаев – Тәуелсіздік мемлекеттің негізденушісі» атты тарих сағатын өткізді.


Белоозерский ауылының кітапханасында «Н.Назарбаев. Адам суреті және саясат» деген стенд дайындалды.
Жолымбет кентінің кітапханасында 6 сынып оқитын оқушыларымен «Назарбаев – бізідің президент» атты сурет сабағы өтті. 15 адам қатысты.

Сабақтың мақсаты: Өз елінді және Президентті құрметтеуге тәрбиелеу.

ҚР Президент күніне орай орталықтағы балалар кітапханасында «Назарбаев – біздің Президент» деген сурет кеші өткізілді, онда бұрыңғы қазақ мемлекет тарихы және қазіргі Қазақстан Тәуелсіздігі туралы, ту мен елтаңбаның пайда болуы тарихы туралы, Қазақстан әнұранының құрылуы туралы, Президенттік стандарт дегеніміз не? - деген әңгіме айтылды.

Кештің бағдарламасы бірнеше бөлімнен құрылды.



      1. Кітапханашының кіріспе сөзі.

      2. Викторина – байқау «Назарбаев- бірінші Президент»

      3. Үй тапсырмасы «Президентке деген менің тілегім»

Кітапханашы өзінің кіріспе сөзінде Президенттің өмірбаяны туралы, Қазақстанның құрылу және даму жөнінде Назарбавтың ролі туралы, Мемлекет басшысының саяси қызметімен таныстырды.

Қатысушыларға Президент туралы «Президенттің ойлануы», Президенттің феномені» деген видеороликтер ұсынылды. Бұл іс-шара 8 сынып оқушыларымен өтті. Оған 26 адам қатысты.

23 желтоқсан күні ОБК мемлекеттік тілде «Тәуелсіз ел» - «Назарбаев – дәуірдің символы» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға 6 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі - Зайтхан Нұрғали қатысты. 17 адам қатысты.

Балалар бірінші Президент туралы және біздің арғы ата-бабаларымыз Қазақстан Тәуелсіздік үшін күрескендері туралы айтты. Сонымен бірге балалар Отан, Тәуелсіздік, Президент туралы және өз туған жерлерін қалай сүйіп, құрметтегендірі туралы өлеңдер оқыды. Оқушылармен «Брейн-ринг» ойыны, «Тамаша алаңы» деген танымдық ойыны өткізілді.




Қазақстан елінің бірлігі күні
ОКЖ-нің барлық кітапханалары Қазақстан елінің бірлігі күніне арналған іс-шараларында белсенді болып қатысты. Кітапханаларда осы мерекеге папкадағы мәліметтер жинап алынды, кітап көрмелері және тақырыптық сөрелер дайындалды, қызықты мазмұны бойынша бірнеше іс-шаралар мектептермен және әкімшіліктермен өткізіледі.

Орталықтағы аудандық кітапхана Қазақстан елінің бірлігі күніне «Мәдениет пен халықтың диалогі» атты аудандық мерекесіне қатысты. Біз Белоруссия еліне жауапты болдық. ОКЖ суретшісі «Қазақстандағы белорустар» атты стендті безендірді, ұлттық белорус тағамдарын дайындадық. Дайындалу барысында Белоруссия мәдениеті және дәстүрі бойынша материалдар пайдаланды.

Орталықтағы балалар кітапханасы Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап «Бір -бірімізбен тату өмір сүрейік» атты тәңертенгілікті өткізді. Кітапханашы әр ұлттың дәстүрмен мәдениетімен таныстырды. Балалар да отбасылық салт бойынша айтып берді, мысалы, ұлттық тағамдар туралы.

Содан кейін викторина сұрақтарына жауап беріп бәрі бірге ынтымақ хороводін құрды, мысалы:



  • Қазақстанда қандай халық тұрады?

  • Музыкалық фрагмент бойынша қандай халыққа жатады?

  • Әр халықтың тағамдарын атау

  • белгілі халық ертегілерін атау

Сұрақтарға жауап бергеннен соң үлкен ынтымақ хороводы құрастырылды және бәрі бірге «Әрқашан күн сөнбесін» деген ән салды.
Петровка ауылының кітапханасы және Петровка орта мектебінің оқушыларымен «Бейбітшілік мейрамын, Қазақстан елінің бірлігі күні мерекесін өткізіді. 18 адам қатысты.

ЖЕҢІС КҮНІ
9 мамыр - Жеңіс күні. Осы мейрам ерлікті, Қазақстан халқының каһармандығын және әлемдегі бейбітшілік үшін өзінің өмірін қауып қатерге шалыққан ұқсассыз намысын жалғастырады.

Шортанды ОКЖ кітапханашылары Жеңіс күніне арналған митингтарға белсенді қатысты.

ОКЖ әр кітапханасы Жеңіс күніне арналған арнайы жұмысын өткізді: кездесудің және кештің тағайынды жұмысын, әдебиет және тарихи сағаттарын, азаматтық сағаттарын, әдеби – музыкалық композициясын, кітапханаларда кітап көрмелерін және тақырыптық сөрелерін дайындады.
Жеңіс күні мерекеге орай ОАК-да Шортанды №3 орта мектебінің оқушыларымен «Бұл есім бізбен мәңгілік» атты еске алу сабағын өткізді. Оған 20 адам қатысты.

Орталықтағы балалар кітапханада 7 сынып оқушыларымен «Өшпеске қадам жасаған, Әлия» атты ерлік сабағын өткізді. Кітапханашы Әлияның балалық және жастық кездері туралы айтты және оның қалай соғысқа барғаның, қалай өшпеске қадам басқаның айтып берді. Сонымен бірге Әлияның ерлік жасағаны үшін батыр қыз деген атағын алды, Москвада, Санкт-петербургте және Қазақстанда Әлияның атымен көшелер аталды, ескерткіштер және мұражайлар ашылды.

Кездесу барысында Әлияға арналған өлеңдердің үзінділері оқылды және Роза Рымбаеваның орындауымен «Әлия» әні тыңдалды. Ісшараның басты мақсаты балаларды Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік жасағанымен таныстыру және балалардың Отанға деген патриоттық қарым-қатынастарын қалыптасу. Кітап көрмесінде Әлия Молдағұлова туралы кітаптар ұсынылды және оның суреттерімен соғыс кездерінің плакаттары.

Дамса ауылының кітапханасы 3-5 сынып оқушыларына Әлия Молдағұлованың 90 – жылдығына арнап «Аңызға қадам басқан қыз» атты кеңес өткізді. 15 адам қатысты.


Новокубанка ауылының кітапханасы Мақсатты бағдарлама бойынша Мәдениет үйімен және орта мектеппен бірлесіп «Біз соғыс және Жеңіс туралы өлең айтамыз» атты әдеби-музыкалық кешін өткізді. Оған 300 адам қатысты.

Бұл кеш ҰОС-да қайтқан ауылдастардың еске алу митингтан кейін өтті, онда ерлердің ерлік жасағандары, біздің мәңгі еске алуы туралы өлеңдер оқылды. «Едут, едут по Берлину», «Настасья», «Вернусь – сказал солдат» және т.б. көптеген өлеңдер айтылды.


Алтайск ауылының кітапханасында «Мен олар үшін шамды жағамын» атты ерлік сағаты өтті. 10 адам қатысты.
Андреевка ауылының кітапханасында 8-10 сынып оқушыларымен «Пештегі жанып тұрған от» атты кешін өткізді. Кештің соңында «Мәскеудегі шайқас» атты фильмді көрді. 24 адам қатысты.
Гуляй поле ауылының кітапханасы «Ұлы Жеңістің есімдері, біздің есімізде қалады» атты ерлік сабағын өткізді. 10 адам қатысты.
Бозайғыр ауылының кітапханасында «Совет Одағының Ері Әлия Молдағұлованың еске алуы» атты ерлік сабағы өткізілді. 15 адам қатысты.
Бозайғыр орта мектебінің 9 сынып оқушыларының есте қалатындай «Соғыстағы жастық шақ» атты поэзия сағаты өтті.

Онда соғыс жылдарының өлеңдері айтылды, әсіресе Юлия Друнинаның шығармашылығына назар аударылды. Сол үшін «Жеңіспен ант береміз» атты кітап көрмесі ұсынылды. 18 адам қатысты.


Бозайғыр ауылының кітапханасы 7 сынып оқушыларына арнап «Соғыстағы балалық шақ» атты әдебиет шолуын өткізді. 15 адам қатысты.

Ленинградта сотталған балалардың өмірі туралы А.Крестинскийдің «Мальчики из блокады», В.Козлованың «Витька с Чапаевской улицы» атты кітаптар ұснылды. Кітапханашы балаларды соғыс жылдарының барлық қиындықтарын және қауіп-қатерін көрген балалардың өмірімен таныстырды.

Әдебиет шолуында «Рядом с отцами», « О подвигах, о доблести, о славе» деген әдеиеттер де ұсынылды.

Күлшін ауылының кітапханасында (Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған) «Аңызға қадам басқан қыз» деген тарихи сағат өтті. 10 адам қатысты.

. Пригородный ауылының кітапханасында «Қасиетті күндер есімізде» атты тарих сағаты өтті. 18 адам қатысты.
Бектау ауылының кітапханасы жастар тобымен «Мен Қазақстан Республикасына қызмет жасаймын» атты ерлік сабағын өткізді. 25 адам қатысты.
7 мамыр күні Бектау ауылының кітапханасы Бектау мектебінің залында қайтқан ауған Мирошниченко Григорийдің еске алуы мемориалдық тақтаның ашылуына аудандық митингке қатысты. Бұл ісшара аудандық «Ардагер» қоғамымен бірге өтті.
Институт ауылының кітапханасында музыкалық сағаты «Бұл өлеңдер соғыста айтылған» өте қызықты болып өтті. Іс шараның қатысушылары қызығушылықпен соғыс өлеңдерің тыңдады. 10 адам қатысты.
Институт ауылының кітапханасы жастар тобымен «Отан – қасиетті ата мекен!» деген талқылау сағатын өткізді. 16 адам қатысты.
Белое озеро ауылының тұрғындары «Ол соғыстан оралмады» атты ұлттық тарих сабағына ауылдық кітапханаға жиналды. Кітапханашы Белое озеро ауылының Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аты-тегі жазылған «Ол соғыстан оралмады» деген стенд безендірді. Соғыс жылдары фронтқа – 78 белоозерск тұрғындары шақырылды, ал үйге оралғандардың саны – 21 адам. Осы ерлер туралы әңгіме айтылғанда Ю. Друнинаның, К.Симоновтың, В.Высоцкийдің, Б.Окуджаваның, А.Суркованың өлендері оқылды және әуен ойнап соғыс жылдарының әндері айтылды. 30 адам қатысты.
Конкрынка ауылының кітапханасы кішкентай жастағы балалармен 9 мамырға арналған тәңертенгілікті өткізді. Балалар Жеңіс күніне арнап суреттерін салды, оны өз аталарына сыйлады. 7 адам қатысты.
Новоселовка ауылында өткізілген «Жеңістің қуанышы» деген Жеңіс күніне арналған мерекесіне Новоселовка ауылының кітапханасы белсенді қатысты. Ауыл басшылықтардың құттықтау сөздері айтылды, ескерткішке шеңберлер салынды, соғыс жылдары туралы өлеңдер айтылды. 45 адам қатысты.

Октябрьский ауылының кітапханасында мектеп оқушыларымен «Біз соғысты ұмытпаймыз» атты тарихи сағат өтті және «Оларды бәрі танитын» деген кітап көрмесін дайындады. 25 адам қатысты.

Петровка ауылының кітапханасында «Қаза тапқан жауынгерлердің елесі» деген кездесу кеші өтті. 20 адам қатысты. Оқырмандарға Ұлы Отан соғысының кітаптары ұсынылды.

Жолымбет қалалық және балалар кітапханаларында дәстүрлі түрде 8 мамыр күнінен бастап «Бұл өлеңдер соғыс туралы» деген соғыс өлеңінің күні өтті. Кітапханада «Әрдайым есте сақта» атты кітап көрмесі ұсынылды, ұсынылған көрме материалдары арқылы 8 сынып оқушыларына «Біз де соғысты ұмыипаймыз» деген тарихи сағатын өткізді. 16 адам қатысты.

Кітапхана жұмыскерлері Жолымбетшілер жауынгерлері туралы айтып берді, олардың жасаған ерліктері туралы да айтты. Іс-шара барысында балалар жерлестерінің альбом суреттерін көрді. Балалар соғыстағы суреттерге назар аударып үлкен ойға түсіп, сол өте мааңызды мерекенің бағасын біліп, сезді.
Отан қорғаушылар күніне орай орталықтағы балалар кітапханасы «Құрмет көрсету» атты тақырыптық ойын-байқауын өткізді.Ісшараның қатысушылары 3 сынып оқушылары. Кітапханашы бұл мерекенің Қазақстанда құрылғаны туралы тарихын айтты, балаларды құттықтап оларға келешекте аса мейірімді адамдар, үлкен азамат болып, Отан қорғаушылары деп тілек тіледі. Ер балалар байқау бағдарламасына қатысты: Екі команда - «Қызыл погон» және «Көгілдір погон» «Рота, тұрыңдар!», «Қиындық жолдар», «Шифровка», «Армия футболы» байқауларына қатысты. Ал қыздар екі команданы қолдап келешектегі отан қорғаушыларға арнап өлеңдер оқыды.

Жолымбет балалар кітапханасы Отан қорғаушылар күніне арнап жас балаламен «Жауынгер болып туылмайды» деген әдебиет шолуын өткізді. 12 адам қатысты.



Ауғанстанның совет әскерінің шығаруына - 25 жыл
ОКЖ-нің кітапханалары осы күнге арнап кітап көрмелерін безендерді, әдебиет шолуын, кездесу – кештерін еске алу сабағын өткізді.

Сонымен, Орталықтағы аудандық кітапханасы «Кездесу» клубымен «Ауған еске алуы – жанымның ауруы» атты сабағын өткізді.

Алдымен ауған жауынгерлердің ерлік жасағандары туралы айттып берді, содан кейін балалар гитарамен ауған соғысы туралы екі өлең айтты, бұл сабақ барша отырғандардың қөңілін босатып, көзіне жас алдырды, қөңіл бөлместенген адам қалған жоқ.

Новокубанка ауылының кітапханасы Мәдениет үйімен және орта мектеппен бірге мақсатты бағдарлама аясында «Ауғанстан жанымның ауруы» атты еске алу кешін өткізді. Бұл кеш мектептің акт залында өтті. Оған 200 адам қатысты. Сценарий қоса тіркелді.

Кітапханада «Ауғанстанды: есте сақтаймыз» атты кітап көрмесі безендірілді.

Дамса ауылының кітапханасы ардагерлер үйімен бірігіп «Ауғанстан біздің ауруымыз» атты тарих сағатын өткізді. 27 адам қатысты.

Белоозер ауылының кітапхансы ауыл клубымен «Ауған сынығы» атты поэзия кеші өтті. Осы тақырыпқа арналған өлеңдер оқылды. Оның тыңдаушылары жас балалар болды. 15 адам қатысты.

Бозайғыр ауылының кітапханасы «Ауғанстан: бауырластық, ерлік, қаһармандық» атты кітап көрмесін безендірді. Көрмеден 4 кітап берілді.

Новоселовка ауылының кітапханасы «Сен менің жанымның әнісің» деген еске алу кешін өткізді. 15 адам қатысты.

Раевка ауылының кітапханасы мектеппен бірге «Ауған соғысының кездері» атты еске алу сабағын өткізді. 12 адам қатысты.

Сонымен бірге кітапханада «Ауғанстан - жанымның ауруы» атты тарих сағатын өткізді. 8 адам қатысты. Екі интернационал - жауынгерлері Илья Алексеевич Рыбальченко және Мұқашев Қайіргелді Ғабдұлғазизұлы өткізіліп жатқан іс-шараның қонақтары болды. Олар өсіп жатқан ұрпақтарға ерліктің шынайы үлгісі болды. Біз өз жерлестерімізбен мақтан тұтамыз.
Күлшін ауылының кітапханасы мектеппен бірігіп «Ауғанстан, түні бойы түсімде» атты еске алу кешін өткізді. /Ауғанстанның совет әскерінің шығаруына - 25 жылдығына орай/

Ауғанстан жеріндегі соғыс көпке дейін есте қалады, өйткені оны кітапқа жазып, бйнефильдардан көрсетіледі. Және де одан өткен адамдардың есте қалуы. Біздің ауылда З.Сайтыбаев – Ауған соғысының қатысушысы тұрады. Сол кісі өзінің есте қалғандарын айтып берді. Кездесу кешінде 25 оқушы балалар қатысты.




АСТАНА – астана күніне орай
Астананың туған күні мерекесі бізге мерекелік бағдарлама сыйлады.
Орталықтағы кітапхана, абонементтегі "Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атауымен астанамыздың әдемі жерлерімен кітап экспозициясын жаңартты.

ОКЖ-нің барлық кітапханаларында тақырыптық сөрелер және кітап көрмелер безендірілді:



  • Хош келдің Астана, сен еркін құс!

  • Өткенімен мақтан тұтамыз, болашақты құрамыз

  • Астана жетістіктің символы және Қазақстанның жеңісі

  • Астана – суверенді Казақстанның астанасы

  • Астана туған күнімен!

  • Астана – бейбітшілік қаласы

  • Сүйікті қалама арналды

Петровка ауылының кітапханасында Астана күніне «Астана – менің бірінші махаббатым» атты үлкен мереке өткізілді. 20 адам қатысты. Кітапханада оқырмандарға арнап «Астана – бейбітшілік қаласы» атты кітап көрмесі дайындалды. Содан кейін кітапханашы слайдттарды, суреттерді көрсетіп, астана туралы айтты. Балалар Астана - астана туралы өлеңдер оқыды.

Жолымбет қалалық кітапханасында өткізілген «Астана – еліміздің ең басты қала» атты көрме панорамасы келушілердің қызығушылықтарын оятты.

Дамса ауылының кітапханасы Астананың 190 жылдығына орай оқырмандармен «Акмолинск – Целиноград – Ақмола» атты кеңес өткізді. 15 адам қатысты.
Белоозерск ауылының кітапханасы үлкен жастағы оқырмандармен «Астана – тың қала» атты викторинаны өткізді. 7 адам қатысты.
Қара-адыр ауылының кітапханасында «Армандаған қалам» атты ойын-саяхаты өтті. 5 адам қатысты.
Новоселовка ауылының кітапханасы жастармен «Астана – арманның жүзеге асқан қаласы» атты қызықты сағат кеңесін өткізді. 20 адам қатысты.

Пригородный ауылының кітапханасында «Еліміздің ең басты қаласы» атты сурет байқауы өтті. Балалар слайдттардан, суреттерден көрген астананы, біреулері Астанада экскурсияда болды, соның бәрін көргендерін суретке

Бұл іс-шара қызықты болып балаларға ұнады.

Раевка ауылының кітапханасында «Саған менің қалам арналады» атты сурет байқауы өткізілді. 15 адам қатысты.


Новокубанка ауылының кітапхансында орта және үлкен жастағы оқырмандарға «Астана – арманның жүзеге асқан қала» атты виртуалдық экскурсия өтті. 7 адам қатысты. Кеңес барысында кітапханашы астана туралы тарихын айтып берді. Одан кейін осы қалаға барған балалардаң алған әсер, пікірлерімен бөлісуге сөз берді және қаланың қандай көзге көрінерлік жерлер ұнағаны, есте қалғандарымен бөлісті. Соңында балалар журналдағы иллюстрациясынан, Астана туралы кітаптардан фото көрмесін көрді.

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

ОКЖ кітапханалары барлық іс шараларды жоспар бойынша өткізді.

Кітапханаларда кітап көрмелер, тақырыптық сөрелер дайындалды;

- Болашаққа ұмтылған, ел. /ОАК/

- Қазақстан: Гүлдену және құру уақыты /20 б/

- Тәуелсіздік – мақтан етіп естіленеді /13,29 б/

- Бұның бәрі менің Қазақстаным /28 б./

Институт ауылының кітапханасы ардагерлер кеңесімен бірге «Біздің Отанымыз бір» атты поэзия кешін өткізді. Оған 14 адам қатысты.


Төңкеріс ауылының кітапханасы мектепте желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – мақтан етіп естілінеді» атты әдеби-музыкалық композициясын өткізді. Оған барлық мектеп оқушылары 102 адам қатысты.

Тарихи сағат:

- Қазақстан – тәуелсіздік мемлекет

/ Күлшін, Андреевка а/к/



Тарихи сағат: - Тәуелсіздік жалауында

/ Дамса а/к

Викторина:

- Тәуелсіздік Қазақстан



/ Октябрьский а/к/
Орталықтағы балалар кітапханасы «Туған жердің Тәуелсіздігі» деген тақырыптық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: отаншылдық сезімдерін тәрбилеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу, әр ұлттың қарым-қатынастарын құрметтеу.

Жүргізушінің құттықтау сөзінен кейін бәрі тұрып Қазақст ан Республикасының әнұраның тыңдады. Содан кейін балалар ҚР мемлекеттік рәміздері, әдеби-поэтикалық композициясы туралы қысқаша мәліметтерін дайындап, сөйледі. Барлық балалар кроссвордты шешуге қатысты, оның ең басты сөзі «Лашын» боп шықты, «Лашын» - ол ҚР Тәуелсіздігінің азат символы, және де «Қазақстан туралы не білеміз» деген викторинаға қатысты.

Кітапханашы қазақ халқының бірнеше дәстүрлері туралы айтты, олар: «Бата беру», «Бесік той». Бәрінен балаларға барлық мерекелік іс-шараларда болып жатқан «Шашу» салт-дәстүрі ұнады. Балалар қызығып, шулап көптеген тәттілерді жинауға тырысады.

Балалар Қазақстан халқының әр ұлттың бас киімдерін киіп, шаңырақ астында, бір-бірінің қолдарынан ұстап ант берді.

Бүгін біз Отанға ант береміз

Әрдайым алда болу

Оны сақтау және қорғау

Оны ренжітпеу

Өйткені біздің Отанымыз бір

Қазақстан – ортақ үйіміз

Соныңда мерекелік бағдарламаның барлық қатысушылары

« Күлімсіреу» атты өлеңді айтты.

Балалардың іс-шара туралы қөңілдері өте жақсы болды, барлығына мерекенің жағдайы ұнады, олар өз пікірлерімен бөлісті.

ОАК «Кездесу» клубымен «Жер жүзіндегі ең әдемі жер» атты Брейн-ринг өткізді. Балаларға туған жердің тарихы туралы тапсырмамен кәртішкелер ұсынды, сонымен бірге олар елдің саяси өміріне қатысатын терминдарды қазақшадан орысшаға аударуға тиіс, мысалы: Әнұран, Тәуелсіздік, мемлекет және т.б.


Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Орталықтағы аудандық кітапханасы жас балалармен «Қылмыс неден басталады?» атты контакт сағатын өткізді, бұл ісшараға жасы толмағандар ісінің маманың шақырды, ол жасөспірімдердің Заңның алдында және негізгі құқықты бұзу туралы жауапкершілігі туралы айтты.
ОАК-да «Кездесу» клуб мүшелерімен «Терроризмді айыптау» атты пайдалы кеңес сағатын өткізді, балалар халықаралық терроризм туралы қызықты ақпарат дайындады. 22 адам қатысты.
Мемлекеттік рәміздер күні

ОКЖ кітапханалары ҚР Рәміздерінің насихаттау жөнінде жұмыс жүргізді. Ол - елтаңба, жалау, әнұран.


Барлық кітапханаларда тақырыптық сөрелер, кітап көрмелер дайындалды, онда еліміздің күшін бейнелеу үшін әдебиет ұсынылды.
2014 жылдың 4 маусым күні орталықтағы аудандық кітапхана қызметкерлері АМҮ-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған «Менің рәміздерім, менің мақтанышым» атты патриоттық акциясына қатысты.

Патриоттық акциясына мектеп оқушылары және ауыл ұйымдары қатысты. Оған байланысты аудандық кітапханада «Мемлекеттік рәміздер және ұлттың жаны» деген кітап көрмесі дайындалды. Жастар тобымен «Отанымыздың рәміздері» деген кеңес өткізді. 20 адам қатысты.

Орталықтағы балалар кітапханасында «Отанымның мақтаныш рәміздері» атты азаматтық сабағы өтті. 20 адам қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» деген атаумен тарихи саяхат өткізілді. 15 адам қатысты.

Бозайғыр, Андреевка, Октябрьск, Раевка, Петровка, Новосёловка ауылының кітапханалары «Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздері», «Отанымның рәміздері» атты кеңестер өтті.

Пригородный ауылының кітапханасы «Отанымның рәміздері» деген құқық сабағын өткізді. 10 адам қатысты.

Институт, Алтайск, Қаражар ауылының кітапханаларында өткізілген викторина оқушылардың қызығушылығын оятты. Балалар белсенді болып сұрақтарға жауап берді. 25 адам қатысты.

Жолымбет руднигінің мектеп оқушыларымен ауылдағы кітапханалар «Рәміздер -ұлттық қасиеті» деген актуалдық әңгіме және «Мемлекеттік рәміздер» атты рольдағы ойынды өткізді. Балалар мақтанышпен Елтаңба, Ту, Қазақстанның әңұрані, Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтты. Әр-бір рәмізге иллюстрациялы әңгімесін ұсынды. 18 адам қатысты.

Осы күнге Октябрьский ауылының кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты әдеби композиция өткізілді. 15 адам қатысты.

Конституция күні

ОКЖ ММ кітапханалары Конституция күніне арнап «Ата Заңсыз мемлекет жоқ» атты бірнеше іс-шараларын циклын өткізді.


Шортанды ОКЖ ММ осы жылы аудандық әкімшіліктің алаңында екінші рет «Мобильдік кітапхана» ұйымдастырды. Арнайы құрылған шатырда тек қана әдебиетпен танысуға емес, онда «Қазақстан аты мақтаныш» атты интеллектуалдық квест ойыны, «Гүлдер» - ойында, «Не? Қайда? Қашан?» - ойыны, «Нан туралы» - викторинасына да қатысуға болды, әр шешілген сұрақтың жауабына сыйлық берілді. Балалар мен үлкендер ойынға белсенді қатысты. Олар кітапханаға жазылып, «Ұялы кітапханада» кітап және журналдар оқыды.

Бірінші рет ауыл тұрғындарына «Оқыдың ба – басқасына бер» деген «Буккросинг» өткіздік. Бұл жұмыс түрі Шортанды кентінің оқырмандарын қызықтырды. Өткізілген іс-шара көңілді күйде өтті және ауыл тұрғындары риза болып қалды. Олар кітаптармен және сыйлықтармен үйге қайтты. Ұмытылған, еңбегі сіңбеген кітаптарды оқу үшін оқырмандарды қатыстырдық, үлкен кісілер кітап көрменің қасында өздерінің сүйікті кітаптары бойынша әңгіме айтты.


ОКЖ кітапханаларында кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер ұыймдастырылды.

  • Қазақстан Республикасының негізгі Заңы

  • Конституция – мемлекеттің паспорты

  • Конституция – мемлекет өмірінің нормасы

  • Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы

Жолымбет қалалық және балалар кітапханалары 5-6 сынып оқушыларымен «Балалар сіздің құқығыңыз және міндеттеріңіз» атты кітап көрмесін ұсынды «Конституция – халықпен берілген мемлекет паспорты» атты құқық сабағын өткізді, бұл сабақ диалог түрінде және қысқаша кеңес түрінде өткізілді. 14 адам қатысты. Оқырмандардың назарында кітап көрмесі үлкен ілтипат шығарды, сол кезде 6 кітап берілді.


Бозайғыр ауылының кітапханасы 6-7 сынып оқитын оқушыларға «Конституция – құқық пен азаттың кепілі» атты кеңесін өткізді. Балалар бірнеше баптармен танысты, мысалы: балаларды қорғау туралы, денсаулық сақтау туралы, білім туралы, ҚР қорғауы, табиғаттың сақталуы және құнттап ықыласпен қарауы. 10 адам қатысты.

Конкрынка ауылының кітапханасы «Сенің құқығын» кітабы бойынша балалармен «Балалар құқығы – мемлекеттің қамқорлығы» деген кеңес өткізді. Кітапханашы мәліметтерді оқып, балалар сұрақтарға жауап берді. Кітапханада оқырмандарға арнап «Заңды әрқайсысы білуге тиіс» атты тақырыптық сөре ұсынылды.

Күлшін ауылының кітапханасы орта жастағы балалармен «Заңды әрқайсысы білуге тиіс» атты құқық сабағын өткізді. Балалар сұрақтарға жауап беруге белсенді қатысты. Конституция Заңының арқасында Қазақстанда келісімдік және тыныштық орнады. Балалар осындай шешімге келді.

Институт ауылының кітапханасында жастар тобымен «Оның патшалығы – Ата Заң!» атты құқық сабағы өткізді. 10 адам қатысты.

Раевка ауылының кітапханасында «Сенің құқығын – сенің қорғанышын» деген құқық сабағын өткізді. 12 адам қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет