2014 жылға арналған Шортанды окж кызметі туралы есепотч ё т о работе Шортандинской цбс за 2014 г. Шортанды кенті 2014 жыл


Құлықтылық тәрбиелеу, салауатты өмір сүруін



бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#6571
1   2   3   4   5   6

Құлықтылық тәрбиелеу, салауатты өмір сүруін насихаттау /нашахорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, АҚТҚ профилактикасы/

Шортанды ОКЖ кітапханаларында осы бағыт бойынша белгілі жұмыстар жүргізіледі. Барлық кітапханаларда «Зиянсыз әдет өмірі», «Нашақорлық – бұл өлім», «Бақытсыздықтың соңында» атты тақырыптық сөрелер, кітап көрмелер дайындалды.


Орталықтағы аудандық кітапхана жас балалармен «Болашағымыз есірткісіз» атты танырлық сағатын өткізді. 20 адам қатысты.

Есірткіні пайдаланып өлген және жұқтырып алғандар туралы кітапханашылар статистикалық мәлімет берді.

Кітапхананың оқырмандар назарына «Зиянды әдетке – ЖОҚ дейміз» атты кеңес-көрмесі ұсынылды.

Орталықтағы балалар кітапханасы Ш№3 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен қазақ тілінде «Есірткі туралы шындық» деген пайдалы ақпарат сағатын (кеңес-нақыл) өткізді.

Алтайск, Конкрынка ауылдық кітапханалары «Нашақорлықпен АҚТҚ – тұңғиыққа жол» атты кеңес өткізді.

Новокубанка ауылының кітапханасында бағдарлама бойынша МҮ бірге «Нашақорлық – артқа жол жоқ» атты акциясы өткізілді. 60 адам қатысты.

Бұл акция қазіргі күні дәстүрлі болып аталынды, өйткені мәдениет қызметкерлері ондай жауыздыққа қарай алмайды. «Нашақорлық» дегеніміз не? Кайф деген күйде не жасырынады? «Ақ өлім әлде қызықты өмір?»

Жас қыздармен балалардың орындауындағы өлеңдер. Акция қатысушыларының біріңғай киімдері және барлық отырғандарға «Нашақорлыққа ЖОҚ дейміз» атты ұранымен эмблемалар ұсынылды.


Жолымбет ауылының кітапханалары балалармен және жасөспірімдермен «Темекі болғаннан да кітап және газет жақсырақ» атты сақтық кеңесін өткізді. 16 адам қатысты. Кітапханашылар темекінің уы адам баласына қандай зиян келтіретінің айтты. Бұл іс-шарада слайдттар көрсетілді. «Қараңыз, оқыныз, біз сізді үйретеміз» атты журнал шолуын ұйымдастырды. Оқырмандардың назарына кітап экспозициялары ұсынылды: «Барлық сұрақтарға кеңес табыңдар»- анықтама басылымдары және «Тұйық әлде ашық жол» атты маскүнемдік қауіп-қатердің алдын алу туралы 21 периодикалық басылымдар және 6 кітап берілді.

Андреевка ауылының кітапханасы темекі уына және маскүнемдікке қарсы туралы мақсатымен «Темекі уының және маскүнемдіктің зияны» атты кеңес өткізді. Кітапханашы кеңес барысында темекінің уы және маскүнемдіктің қалай біздің қоғамызда дәлелдегені, қорқынышты бәле туралы айтты. Сонымен бірге адамдарды темекі уының пайдалануға мәжбүр ететін себептер туралы айтып берді. Соныңда «Қылмыс пен жаза» атты фильмді көрді. Фильмді көргеннен кейін қатысушылар бір шешімге келді. Әрдайым темекі уы және маскүнемдік адамды өмірінен айырады деп, - есте сақтайтын болды.

Институт ауылдық кітапханасы жас балалармен «Есірткі туралы шындық. Басқаларға жеткіз!» деген кеңес өткізді. 6 адам қатысты.

16 қазан күні орталықтағы балалар кітапханасында Ш№3 орта мектебінің 9 «б» сынып оқушыларымен /сынып жетекшісі Минат Сұңқар/ «Еісірткі, маскүнемдік, шылым шегу туралы шындық» - сигнал сабағы өтті. Бұл іс-шара қазақ тілінде өткізілді.

Кеңестің бастау сөзінде кітапханашы Қазақстанның жас балалардың есірткіні пайдаланып, ішімдік ішуден және шылым шегудің статистика туралы айтты. Балалар ілтипатын осы тематика бойынша дайындаған «Зиянды әдетке – ЖОҚ дейміз» атты кітап-иллюстрациялы көрмеге назар аударды. Іс-шара барысында балалар өз пікірлерін айтып қызықты және шаттанған диалог құрды. Олар жүргізуші Махметов Даурен және Баяхмет Дианамен кітапханашының сұрақтарына жауп берді. Балалар дайындалып «Есірткі зобалаңы» деген көрініс көрсетті. Оған Ахмет Сания, Қуан Есбол, Мұстақапұлы Тәукехан, Хадил Дауыт қатысты. Дәулет Саягүл, Жақсылық Алуа, Дарменова Айдана есірткі, маскүнемдік және темекі уының зияны туралы өлеңдер оқыды. Бұл іс-шара тематика бойынша актуалды және мазмұны бойынша таңырлық болып шықты. Оқушылар кітапханашыға алғыстарын білдіріп осындай өткізілетін іс-шараларға және басқа іс-шараларға тағы да қатысамыз деп қуанып айтты.Бұл іс-шара оларға өте ұнады.
Степной ауылының кітапханасы 9 сынып оқушыларымен «Зиянсыз шылым болмайды» атты танырлық сағатын өткізді. Алдымен кішкене кеңес өткізілді, одан кейін анкеталау өткізілді. Оған қарағанда қазіргі жастар не оның дәмін көрген, не олардың достары дәмін көрді. 12 адам қатысты.
Октябрьский кітапханасында үлкен сыныптағы оқушылармен «Айдаһарды қалай жеңеміз?» деген пайдалы кеңестер сағаты (нашақорлық туралы) өтті. 10 адам қатысты.
Бектау ауылының кітапханасы салауатты өмір сүруді насихаттауға тырысты. «Жаңа ғасырдың дені сау ұрпақтар» атты ойлау-көрмесін дайындады, «Ақ өлімнің сиқырлы жолдар» кеңесі өткізілді, жұртшылықпен бірге «Денсаулық күні» атты іс-шара өткізді. 100 адам қатысты.
Күлшін ауылының кітапханасы жас балалармен «Біз есірткіге қарсымыз» атты кеңес өткізді.
Белоозерск ауылының кітапханасы жастармен «Есірткі туралы шындық» атты кеңес өткізді. Оған 10 адам қатысты.

Сонымен бірге ауыл жастарымен «Шылымды таста» деген акциясын өткізді. Жастарға шылымды тастап, кәмпит, шоколад, алма жеуге ұсынылды. 25 адам қатысты.


Жолымбет балалар кітапханасы «Ішімдік пен жасөспірімдер» атты диалог көрмесін өткізді. Іс-шараның мақсаты: ішімдікті ішу жөніндегі жағдай бойынша деңгейдің жоғарылауын хабарлау. 16 адам қатысты.
«Біз есірткіге қарсымыз» - осындай атаумен Новопервомайка және Конкрынка ауылының кітапханалары жастармен кеңес өткізді.


Экологиялық ағарту
Қазіргі кезде кітапхананың қызмет бағытының ең маңыздысы экологиялық проблематика болып саналады. Біздің мақсатымыз - кітапхананың әмбебап қорларының көмегімен оқырманның тірі және өлі табиғаттың әр алуандық тамашасын, оның күзет бойынша шаралар туралы, адамның және табиғаттың өзара қатынасын кеңейту. Әсіресе, экология сұрақтарын әйгілейтін іс шаралар ол балалар және жасөспірім дәрісхананың арасында айрықша талап етеді. Іс-шараның пішіндері: экология сабақтары, ақпараттық сағаттар, викториналар, байқаулар және т.д. ең түрлі-түрлі.
Жолымбет балалар кітапханасы бастауыш сынып оқушыларымен мейірімділік сабағын өткізді: «Кішкентай адам, табиғатқа дос бол». 24 адам қатысты. Кітапхананың оқырман залы туған өлкенің табиғатын сақтау ұранымен безендірілді. Кітапхана қызметкерлері балаларды табиғатқа деген және барлық тірі жәндіктерге сүйіспеншілікпен қарауға үйретіп тырысты.

Қара-адыр ауылының кітапханасы кішкентай жастағы оқушыларымен «табиғат әлемі» атты викторина өткізді. Оған 10 адам қатысты.

Андреевка ауылының кітапханасы 7-11 сынып оқушыларына «Экосистема және адам» атты мерекесін өткізді. Бұл іс шараның мақсаты балаларды туған өлкеге деген махабатын, қоршаған ортаның табиғатына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Жүргізуші барлық қатысқан адамдарға алғысын білдіріп барлығын туған табиғатын сүйюге, құрметтеуге шақырды. 25 адам қатысты.

Күлшін ауылының кітапханасы кішкентай жастағы балалармен «Тірі жануарлар» атты интеллектуалдық ойынды өткізді. 14 адам қатысты.

Балалар жұмбақтарды ,ребустарды шешті, әртүрлі байқауларға қатысты. Көптеген сұрақтар қойылды.

Новоселовка ауылының кітапханасы «Орман да орда болып саналады» атты мерекені ұйымдастырды. 20 адам қатысты.


Новокубанка ауылының кітапханасы кішкентай жастағы оқырмандарға «Табиғатты сақтандар» атты экологиялық сабақ өткізді. 15 адам қатысты.

Бұл кеңесте кітапханашы балаларға қоршаған ортаны қалай сақтауға айтты. Осы тақырыб бойынша сұрақтар қойды, жұмбақтар айтты, мысалы: жануарлар, өсімдіктер, құстар, құрт-құмырсқалар туралы. Соныңда балалар өз пікірлерімен бөлісті.

Институт ауылының кітапханасы «Табиғат құпиясы» атты экология сағатын өткізді. 6 адам қатысты.
Кітапхана және отбасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
Жыл сайын ОКЖ кітапханалары көктемдегі 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған әр-түрлі іс-шаралар өткізеді.

Кітапханалардың барлық іс-шараларында ана- әйелдің, еңбекқорлығы көрсетілді.

Кітапханаларда, мектеппен клубтарда мерекелік байқаулар, ойындар, викториналар, әдебиет көріністері өткізілді, кітап көрмелерін, әдебиет шолуын дайындады.

Орталықтағы аудандық кітапхана «Сырласу» клуб мүшесімен «Көктем патшалығының арулары» атты мерекелік кеш өткізді. Оған 17 адам қатысты. Қатысушыларға байқау бағдарламасымен ұсыныс жасалынды, сол ұсыныста кроссвордттар, викториналар болды.

Соныңда әр қатысушыға бір-бір түймедақтан берілді, оның әр-бір жапырағында бір ғана әріп жазылған, қатысушылар әйелді сипаттайтын сын есімдегі сөздерді айтуға тиіс. Одан кейін қонақтарды шәйға шақырып, өлең айтылды, бір-біріне құттықтау сөздер айтты. Әрбір әйел қауымына кішкентай әдемі сыйлық сыйланды. Егде адамдар өз уақыттарын жақсы өткізіп көңілді болды.

Алдымен кітапхана қызметкерлері келген қонақтарды қарсы алып мерекемен құттықтады. Барлық қатысушыларға кішкентай сыйлықтар берілді. Іс-шара көңілді және тілектестік қарым-қатынаста өтті.

8 Наурыз күніне арналған дөңгелек үстел балалар кітапханасында өтті. Оған 40 адам қатысты. Орталықтағы балалар кітапханасы және ішкі саясат бөлімі бірігіп осы іс-шараның дайындығына белсенді қатысты. Оған ауданымыздағы жетістікті және белгілі өкіл әйелдері шақырылды. Өткізілген ісшарадан барлық отырғандар мерекелік көңіл күйлерінде сергектік қуат алды.

Новокубанка ауылының кітапханасы «Кітапхана – мәдениет және бос уақыттың орталығы» бағдарлама аясында «Әйелдер жарығы» атты әдеби – музыкалық кешін өткізді. Жүргізушілер екі тілде әйелдерді құттықтап, оларға арнап әйел туралы өлең оқыды. Ана, әйел, махаббат туралы көптеген өлеңдер айтылды. 300 адам қатысты.

Күлшін ауылының кітапханасында кішкентай жастағы балалармен «Ана – деген сөз мейірімділікті, еркелетуді, мейірбандықты білдіреді» атты тәңертенгілікті өткізді. Балалар өз өлеңдерің аналарына арнап, ойынмен байқауларға қатысты. 16 адам қатысты.

Отбасы күні
ОКЖ-нің барлық кітапханалары отбасы күнің атап өтті, кітапханалар мерекелік іс-шараларын өткізді, оның басты мақсаты отбасылық құндылығын насихаттау және салауатты өмір сүруі болды.

Сонымен, ОАК оқырмандарға арнап «Отбасылық бақыт» атты әдебиет шолуын дайындады. 10 кітап алынды.

Андреевка, Институт ауылының кітапханаларында «Бүкіл әлем қара шаңырақтан басталады» атты қызықты сабақ өткізді. 20 адам қатысты.

Дамса ауылының кітапханасы оқырмандармен «Бүкіл әлем қара шаңырақтан басталады» атты кеңесін өткізді. 15 адам қатысты.

Орталықтағы балалар кітапханасы «Бәрі отбасынан басталады» атты тақырыптық сағатын өткізді. 20 адам қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасында «Уақыт, балалар, отбасы туралы» кеңес өткізілді. Пайдаланған материал әдістемелік дайындығы 2010 жылдың №6 «Внеклассная работа в школе» журналынан алынды. Бұл материалды қайта дайындап, оған үй, ана, отбасы туралы өлеңдер қосылды. 12 адам қатысты.



БАЛАЛАР КІТАБЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Дәстүр бойынша оқырмандарға нағыз мереке болатын көктем демалыстағы БАЛАЛАР КІТАБЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ. Балалар кітабының апталығы – ол әрдайым жаңа ашылу кезі , істеген істің қорытындысын шығаруы, ең үздік оқырмандарын марапаттауы.

Кітапханашылар БКА-нің күнделікті және мазмұнды бағдарламасы арқылы оқырмандардың естерінде қалатын бірнеше ісшара өткізді.

Осы ісшараларда кітапханашылар оқушыларды кітапқа деген махабаттарын көрсетсін деп тырысты.

Сонымен, Новокубанка ауылының кітапханасы бірнеше қызықты іс-шара өткізді:

- 2014 жылдың 22 наурыз күні орта және үлкен жастағы балаларға «Сағат туралы» деген танырлық сағат өтті. (18 адам). Сағат... Бізге бүгін механикалық, электрондық сағатсыз өмір жоқ және т.б.

Бұрыңғы заманда адам сағатсыз өмір сүрген, одан кейін сағат тілі және циферблат туралы ой шықты, және қазіргі заманда сағат қандай рольде болғанын балаларға сурет түрінде әр-түрлі сағат түрлерін көрсетті. Соныңда балалар болашақта қандай сағат көргілері келген сағатты ойлады. (И.Мельниковтың «Сағат туралы» кітабынан және энциклопедиядан мәлімет алынды.

2014 жылдың 26 наурызда «Мен кітаппен дос» атты тәңертенгілік өтті. Кішкентай және орта жастағы 17 адам қатысты.

Кітапханашы БКА туралы айтып берді, төрт күн бойы балаларды қандай ісшаралар күтіп тұрғанын айтты. Содан кейін кітапханашы М.Горькийдің кітап және оқу туралы сөздерін оқыды, адам өміріндегі кітап мағыналығы туралы айтты, кітап өмірінен қызықты фактілер естелінді, оқушылар өлең , тақпақ оқыды. Балаларға кітап туралы мақал-мәтелдерді еске алуын ұсынды. Оқушылар соңғы кездері қандай кітап оқығандарын айтты, оны кім жазды, өздерінің сүйікті әдеби кейіпкерлерін атады.

2014 жылдың 28 наурызда «Ертегі әлеміне саяхаттау» атты әдеби ойын өткізілді. 15 адам қатысты.

Ойында балаларға әр-түрлі байқаулар ұсынылды: Кейіпкерді тап. Ертегіні ата. Кімнің заты? Суреттегі дұрыс салмаған суретті көрсет және тағы дабасқа.

2014 жылдың 29 наурызда «Жұмбақтар- шешімдер» атты ойын саяхаты өтті. 16 адам қатысты.

Балалар екі командаға бөлінді. Саяхатта қатысушыларға 6 бөгет дайындалды: «Амандасу», «Әдеби», «Сиқырлы өзгерістер», «Көңілді өтірікшілер», «Жұмбақ калейдоскопы», «Есіңе алып, тауып ал»
Барлық ісшаралар мектеп кітапханасында мектеп кітапханашысымен өтті.
Орталықтағы балалар кітапханасы балалар кітап апталығының ашылуына арналған «Тағы да Наурыз. Және де кітап аптасы!» атты оқырмандармен мереке өткізді. Аптаны ашу бағдарламасында кітап патшайымының айтқан сөзінен кейін балаларға иллюстрацияланған викторина ұсынылды. Сонымен бірге балалар кітабінің сүйікті кейіпкерлерімен кездесуі өтті.

"Кітап патшалығы – мерейлік мемлекет» - әдеби ойын-сауық бағдарламасы, Әлдихан Қалдыбаев, Аркадий Гайдар, Виталий Бианки балалар жазушыларының шығармашылықтарына арналған.

Балалар кітапханасының оқырмандарында «Ертегіде бәрі болады» деген викторина саяхаты есте қалды. 20 адам қатысты.

Бозайғыр ауылының кітапханасында балалар кітабінің апталығы «Тағы да Наурыз. Және де кітап аптасы!» атты тәңертенгілікпен ашылды.

Балалар кітап мерекесінің тарихымен танысты, кітап туралы мақал-мәтелдерді білуімен жарысты, кітап туралы өлең оқыды және сүйікті кітаптар туралы айтты.

"Ирина Токмакованың сиқырлы елінде» атты поэзия сағатында балалар оның өмірбаянымен және «Букварёнок», «Почитай мне, мама!», «Живи, ёлочка» өлендерімен танысты.

Әлия Молдағұлованың мәңгі ерлігіне және өміріне арналған "Қазақ жерінің атақты қызы» деген ерлік сағаты аталды.

Қолдан жасау байқауы «Шебер қолдар зеріктірмейді» қызықты болып өтті.

Бұл апта «Ақылды сөздің айқасуы» атты көрме-кроссвордымен аяқталды.

Балалар кітабінің апталығы аясында Күлшін ауылының кітапханасы балаларға арнап кітап аялдамасы бойынша саяхат көрінісін дайындап безендірді. 10 адам қатысты.

Балалар «Білгіштер» атты көрініс-кроссвордқа қатысып, қызығушылықпен ребустарды және жұмбақтарды шешті. 12 адам қатысты.



Балалардың жазғы демалысы
Балалар кітапханасында балаларда үлкен сұраныспен «Жаз бойы кітаппен доспыз» атты кітап көрмесі пайдалануда. Онда «Мектеп кітапханасы», «Сүйікті кейіпкерлер», «Кластан тыс оқу» және басқа танылған балалар сериясының жаңа кітаптары ұсынылды.
Орталықтағы балалар кітапханасы 9-ші Ұлттық Ақпараттық Компанияның аясында «Балалар еңбегінің қанауына қарсы 12 күн» атты келесі ісшараларын өткізді: «Үлкендер әлеміндегі балалардың құқығы» - ақпараттық диалог бағдарламасы.

Кітапханашы 1-ші маусым айынан бастап 12-ші маусымға дейін өткізіліп жатқан балалар еңбегінің қанауына қарсы туралы айтты. Мысалы келтіргенде Ауғанстанда, Анголада, Өзбекстанда, Қытайда, Бангладеште балалар еңбегімен пайдаланғандары туралы мәліметтер болды. Жасөспірімдер назарына «Шахта №8» Марьяны Каат эстон режиссерының киносы ұсынылды, онда Донецк облысындағы жасырын шахтада балалардың еңбегің пайдалануы туралы. Оның басты кейіпкері – жайсыз отбасының жасөспірімі, оның жайсыз жағдайына байланысты, өз сіңілілерің асырау үшін ол «копанкаға» жұмысқа барды. Балалар қараған кинодан өте қатты әсер алды. Осының бәрін көргенше, басқа балалар оқу туралы құндылығын, оның дамуы туралы, спортпен шұғылдану туралы ойланса деп үміттенеміз.

Іс-шараны өткізу үшін суретші орталықтағы балалар кітапханасына «Балалар еңбегі: қайырымсыз шындық» атты иллюстрациялы буклет бүктемесін дайындады.
«Менің құқығым мемлекетпен қорғаулы» - кітап көрмесі. Онда келесі басылымдар ұсынылды: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, адам құқығы туралы ООН Конвенциясы, адам құқығының әлемдік Декларациясы, Сенің құқығын және басқа.

Орталықтағы балалар кітапханасы Балаларды қорғау күні мерекесінің іс-шараларының өткізуіне белсенді қатысты. Бұл мереке Шортанды кентінің алаңында өтті. Көптеген іс-шаралардың, спорттың, ойын – сауық бағдарламалар бойынша үлкен әйгілілікпен «Почемучканың сұрақтары» атты лототрон -викторинасы пайдаланды. Өзінің қабілетін білу үшін әр бір бала келіп ойнады. Ал дұрыс жауап берсе міндетті түрде сыйлық берілді, мысалы: балалар журналы, қалам, жапсырма, үстел ойыны. Кітапханашылар қуаныштың, мерекенің атмосферасын жақсартуға тырысты. Қызықты ойын, балалардың қуанышы жақсы көңіл-күйдің себебі болды. 300 адам қатысты.

Сонымен бірге, балаларға міндетті түрде жыл сайын өткізіліп жатқан мультфильм көрінісі ұйымдастырылды. Кейбір адамдар шулап жатқан ойындардан шаршаған кезде кітапханаға барып газет, журнал оқып, сүйікті мультфильм көрді. 50 адам қатысты.
Жолымбет балалар және қалалық кітапханалары жас балалармен «Менің құқығым – менің қорғауым» атты кеңес өткізді. 15 адам қатысты.
Андреевка ауылының кітапханасы мектеппен бірігіп «Достар арасында» атты мерекесін өткізді. 30 адам қатысты.
Осы күндері Новокубанка ауылының кітапханасында «Кітапхана – мәдениет және бос уақыттың орталығы»деген мақсатты бағдарлама бойынша жас балалармен «Қазақстан, біз сенің балаларымыз! Біз жаңа әлемде тұрамыз» деген акциясын өткізді. 50 адам қатысты.

Сонымен бірге осы кітапханада балалармен бірге «Мен баламын, мен адаммың» деген құқықтық сабақ өткізді. Кітапханашы кеңес барысында балаларды өз құқықтарымен және өз міндеттерімен таныстырды, сосың әдебиет шығармалар бойынша қызықты викторина өткізді (балалар құқықтарының бұзылу кезіндегі). 18 адам қатысты.

«Әрқашан күн сөнбесін» деген атаумен Новоселовка, Октябрьский, Қарадыр ауылының кітапханаларында ойын-сауық бағдарламасы өтті. 50 адам қатысты.

Жолымбет қалалық және балалар кітапханалары балаларды қорғау күніне орай Жолымбет кентінің алаңында Жолымбет рудник балалардың арасында «Ертегі кейіпкерлердің әлемінде» атты байқау өткізді. 60 адам қатысты.

Сонымен бірге, кішкентай жастағы балалармен «Ғажайып толған сөмке» деген ойын-сауық сағатын өткізді. 20 адам қатысты.

Пригородный және Петровка аулының кітапханалары үлкен жастағы балалармен «Балалар өміріне арналған әлем» атты кеңес-диалогын өткізді.

30 адам қатысты.
Октябрьск ауылының кітапханасы жас балалар тобымен «Балалар еңбегіне қарсы» атты кеңес өткізді. 15 адам қатысты.

Конкрынка, Алтайск, Қаражар, Егемен, Новографск ауылдарының кітапханалары балалар күніне орай жол үстінде сурет салу байқауын өткізді.

Жазғы демалыста Жолымбет қалалық және балалар кітапханаларында мектеп маңындағы лагердің балаларымен үлкен жұмыс жүргізіледі. Жолымбет кентінде «Солнышко» және «Жұлдыз» деген екі лагерь істейді. Сондықтан ісшаралар жұмасында екі рет өткізіледі. Оның тематикасы және үлгілері әр- түрлі болды. Бірінші күні «Кітапхана жолдастарын шақырады» атты ашық есік күннің өткізді. Кітапханашы А.В.Чикунова біздің кітапхана тарихы туралы айтты, оның кітапханалық-библиографиялық сауаттылығының негізі бойынша түсініктеме берді. Сосын «Пусть сюда приходят дети. Узнают про всё на свете» деген ойын-саяхатын өткізді. Әр командада өз капитандары, өз атаулары, өз ұрандары болды. «Буратино», «Вини Пух» және «Гуси лебеди» атты үш команда қатысты. Жүргізушінің үстелінде тапсырма берілген конверттер жатыр. Тапсырманы бірінші орындаған команда жетон алады. Жетонның саны бойынша жеңіске жеткен команданы анықтадықү ол «Буратино» командасы.
«Табиғат және сен. Оны сүйіп, құрметте» осы ісшараның мақсаты табиғаттағы өзгеріп жатқан құбылыстарын білу және толықтыру мақсатында

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген махабатын тәрбиелеу. Сосын балалар кітапханада «Кітаптан экранға» деген мультфилмді көрді. Әр ісшарада 25-30 адам болды.

Новоселовка ауылының кітапханасы әкімшілікпен бірге балалар күніне орай байқау-ойын бағдарламасын өткізді. 50 адам қатысты.
Андреевка ауылының кітапханасы мектеп жаныңдағы лагерьмен бірігіп «Тамаша сиқыры» викторинасын, «Алақандағы әлем» танымдық сабақ, С.Михалковтың шығармашылығы бойынша қуанышты кездесу күндер атты ісшаралар өткізілді.

Институт ауылының кітапханасы балалармен «Балалар еңбегіне тоқта!» деген кеңес өткізді. Бұл кеңеске 8 адам қатысты.




Эстетикалық ағарту, көркем әдебиеттің насихаты /әдебиет және өнер қайраткерлерінің мерейтойлары және атаулы күндері,

2014 жылдың Акциясы «Бір ел – бір кітап»

2014 жылда Саин Мұратбековтың «Жұсан иісі» және «Үшқараның басында» атты повесттарын оқыдық.

ОКЖ кітапханалары көп жылдар бойы жиналған тәжірибені пайдаланып әр-түрлі жұмыс үлгілерін және әдістерін түсіндіруге тырысады. Кітапханаларда әдебиет сағаттары, кеңестер, талқылаулар, кештер, С.Мұратбековтың повесті бойынша әдеби қонақ үйлер өткізілді.

ОКЖ кітапханаларында кітап көрмелер және тақырыптық сөрелер безендірілді:



  • Жүрегтің жылуы

  • Мұратбековтың кітабы бойынша

  • С.Мұратбеков – дарынды жазушы

  • Мұратбековтың кітабы бойынша

Күлшін ауылдық кітапхананың оқырмандары Саин Мұратбековтың шығармашылығымен танысты. Кітапханашы «С.Мұратбеков – дарынды жазушы» атты әдеби қонақ үйін өткізді. Оған 12 адам қатысты.

ОКЖ кітапханаларында әдебиет сағаттары өткізілді:


  • С.Мұратбеков – әңгіменің шебері /Пригородный ауылдық кітапханасы,

Орталықтағы кітапхана/

  • Жақсылықтың жеңісіне сенімділікпен /Новоселовка, Бектау ауылдық

кітапханалары

  • С.Мұратбековтың кітабы бойынша /Конкрынка, Каражар, Егемен ауылдық

кітапханалары/

Белоозерск ауылдық кітапханасында жастармен «С.Мұратбеков: сурет штрихі» атты әдеби кешін өткізді.


Бозайғыр және Төңкеріс ауылдық кітапханалары «Жұсан иісі» повесті бойынша талқылауын өткізді. 20 адам қатысты.
Орталықтағы аудандық кітапхана жастар тобының оқырмандарына «Мұратбеков және оның әңгімелері» атты әдебиет шолуын өткізді. Оған 23 адам қатысты.
Орталықтағы балалар кітапханасында сурет кеші өте қызықты болып өтті. Осы іс-шараның мақсаты – қазіргі қазақ әдебиетінің қызығушылығын қалыптастыру және әйгілі жазушының шығармашылығымен танысу.

Кітапханашының айтуынша «Бір ел – бір кітап» акцияның өту мақсаты: қазақ әдебиетін әйгілі болуына, тарихи-мәдени және рухани мұраның сақтауы және арттыра түсуі.

Кештің жүргізушілері – оқушымен кітапханашы тамаша сөз шебері С.Мұратбеков туралы айтты. Жүргізушілер оның өмірбаяны туралы айтып берді. С.Мұратбековтың төл шығармашылығы бойынша орыс әдебиеті Сабит Мұқановтың, Вениамин Ларинның, Сергей Баруздинның, Ғабит Мұсреповтың ой пікірлері оқылды. Қатысушыларға «Жұсан иісі» шығармашылығы ұсынылды. Онда әлемнің проблемалары, даулары, қуаныштары көрсетілген. Дәл осы кітаптарды балаларға оқу үшін ұсыну керек.
Сонында балалар шығармашылық бойынша жалпы іс шара туралы өздерінің ой пікірлерін айтты. Бұл кеш Шортанды №3 орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен қазақ тілінде өткізілді. 45 адам қатысты.

ОКЖ-нің кітапханаларында әдеби күнтізбелер, «Мерейтойлы жазушылары», «Дарынның қанаты», «Жылдың мерейтойлы кітаптары» ақпараттық стендттер, жеке жазушылардың және ақындардың шығармашылықтарына арналған папка-досьелер дайындалды.


ОАК оқырман залында «Сүйікті кейіпкерлердің вернисажі» атты кітап көрмесі безендірілді, онда текқана қазіргі авторлардың кітаптары ғана емес, онда Марковтың - «Сібір», Ивановтың - «Мәңгі дауыс», Федоровтың - «Тасты белдеу» және классикалық жанрдың әдебиеті ұсынылды.

Новоселовка ауылының кітапханасы кішкентай жастағы және орта жастағы балалармен «Бала кезімізден кімнің өлеңдерің білеміз» деген қызықты сабақ өткізді. 15 адам қатысты.

Бектау ауылының кітапханасы бастауш сыныптағы оқушыларымен П.Бажовтың «Сыңғыш ағаш» кітабынан өлеңді дауыстап оқуын өткізді.

17 адам қатысты.


Каталог: res -> uploads -> images
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> Время выбрало нас
images -> Бекітемін есіл ауданы әкімінің орынбасары С. Ағымбаева «10» қаңтар 2012 жыл
images -> 2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет
images -> Қазақстан халқының тілдері күні
images -> Мероприятий по продвижению манифеста президента республики казахстан н. А. Назарбаева
images -> Сетевой график
images -> 2014 жылға арналған Шортанды окж жұмысының жоспарыплан работы Шортандинской цбс на 2014 г. Шортанды кенті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет