2014 жылға арналған Шортанды окж кызметі туралы есепотч ё т о работе Шортандинской цбс за 2014 г. Шортанды кенті 2014 жыл


Кітапхананың жарнама қызметінің ең жақсы



бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#6571
1   2   3   4   5   6

Кітапхананың жарнама қызметінің ең жақсы

бөлшегі – прессамен ынтымақтастығы.

2014 жылда ОКЖ кітапханасының жұмысы «Вести», «Өрлеу» аудандық газетіне көптеген ақпарат берілді. Мақалаларда кітапханада істеген адамдар туралы, олардың өткізген іс-шаралары, кітапханаға түскен кітаптар, мерзіміділіктер және тағы да басқа мәліметтер туралы жазылды

Жасағыш еңбектің идеясын насихатау мақсатында кітапхана жүйесінің қызметкерлері туралы мақалаларды жаздық: ол «Біздің суретшіміз» - А.Удовенко туралы, «Біздің есепшіміз» - Л.Н.Филатова туралы, «Қызметкер туралы сөз» - С.И.Кашубская туралы және «Никит ченко Анна Степановна туралы әңгіме» - Жолымбет кентінің еңбек ардагері туралы
Жыл бойы біздің ОКЖ-сі ғаламтор пайдаланушыларға қазақ және орыс тілінде «Әлемге ашылған ақпарат» атты Шортанды ауданының әкімшілік сайтына мәлімет ұсынады. Онда ОКЖ-нің Уставы, Ережесі, атқарылған жұмыс ақпараты, Шортанды ОКЖ ММ фотогаллереясы, ОКЖ-нің жоспарлары мен есептері. Берілген мәліметтер уақытында жаңартылады.

Интерьерлерді дайындап кітапханашылар өз фантазияларын көрсетті. Мысалы: көріністерді, плакаттарды, бөлгіштерді және көрсеткіштерді, эмблемаларды, стендттерді көрсетті.

Соңғы кездері жарнама жұмысын жүргізу үшін жаңа технологиялар енгізілгені үлкен мүмкіндік арқылы ашылды.

Осы айтылған іс-шаралар кітапхананың жақсы имиджын құруға мүмкіндік тұғызады, оған жаңадан келген пайдаланушыларды қатыстырады



6. КІТАПХАНАНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК, ТАНЫМАЛДЫҚ, МӘДЕНИ - АҒАРТУШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

6.1. Негізгі іс шаралардың өткізгені туралы қысқаша мәлімет.
Жыл бойы ОКЖ кітапханаларымен (сонымен бірге орталықтандырылған балалар кітапханасы) балаларға, жасөспірімдерге және үлкен жастағы оқырмандарға 937 іс-шара өткізілді, қатысқандардың жалпы саны 17750 адам, 8700 дана берілді. Дайындады - кітап көрмелері - 200, дөңгелек үстел - 6, оқырман конференциясы - 34, тақырыптық кештер - 75, диспут - 19, тарих, өлкетану сабақтары, ҚӘС - 340, викторина, байқаулар, әдеби ойындар, тәңертенгіліктер - 266 .

Өткізіліп жатқан іс-шаралардың сапасы жақсартылды, оқырмандарға кітапханалық жұмысын қызықтыру үшін инновациялық үлгілер енгізілді.


Олардың тематикасы әр-түрлі болды және кітапхананың іс-әрекетінің коммуникативтік, танымалдық, мәдени-ағартушылық негізгі бағыттарын бейнеледі, барлық маңызды күндер, мерейтойлар, мерекелер, акциялар, қоғамдық-саяси және біздің ауданымыздың, облысымыздың, еліміздің мәдени өмірінің оқиғалары туралы болды.

«Шортанды ауданының кітапханалық жүйесі» ММ кітапханалары жыл бойы мәдениет бойынша аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру үшін және Шортанды ОКЖ-нің Мақсатты нұсқа бағдарламасымен 2012-2016 жылдарға арналған есірткі және нашақорлық бизнеспен күресу үшін жұмыс жүргізді.


6.2. Оқырмандарды қатыстыру бойынша, олардың қызмет көрсетудің толық жетілдіруі, қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу бойынша және қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі іс – шаралар.
Кітапхана көптеген оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жеке қызмет көрсетуі үлкен оқырмандарға жүргізіледі, мысалы: кітапханаға жазылып жатқанда кеңестер, ұсынған әдебиет туралы кеңестер, оқылған кітаптар туралы, кітапханамен және әдебиетпен пайдалану ережесі туралы айтылады.

Келесі бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі:

- Оқу процессіне көмектесу.

-Жұмыс барысында айрықша мәнді күндерді есепке алып, маңызды оқиғаларға, оқырмандардың актуалдық сұрауларына көңіл бөлу.



-Оқырмандарға ұжымдық әңгімелесуіне, бос уақыттарын өткізуіне мүмкіншілік беру.

ОБК-сы «Кітапхана – қосымша білім орталығы» атты мақсатты бағдарламасы бойынша жұмыс істегендіктен, көптеген іс-шаралар мектеп бағдарламасын ұғыну үшін көмек ұйымдастырды, мысалы: кішкентай және орта жастағы балаларға балалар кітапханасында жаңа оқу жыл аясында «Әлемдегі әр-түрлі ғылымдар бар» деген саяхат көрінісі ұйымдастырылды. Онда әр-түрлі білім саласы бойынша жаңа әдебиеттер ұсынылды, мысалы: балалар энциклопедиялары және физика, химия, астрономия, биология, математика бойынша қазақ, орыс тіліндегі қарапайым әдебиет. Барлығы ұсынылған 60 басылымдар. Балалар кітапханашылардың осы көрініске дайындаған әр-түрлі кроссвордттарды шешуге қатысты.
Сонымен, балалар өздерінің білім және эрудицияларын тексеруге мүмкіншіліктері болды.

Орталықтандырылған балалар кітапханасы тек қана оқушылардың оқуын меңгеруге және ағымды оқу процессін қамтамасыз етуі емес, мектеп білімнің жаңарту қорының базасы, оқушыларға ақпараттық орталық болып саналады. Кітапханашы ақпараттық қорының және пәндік мұғалімдердің қиын сұраныстарының сарапшысы болып саналады.

«Ақылды сөздің айқасуы» - кроссворд – көрмесі. Балалар кітапханасының оқырман залына келген балалар, тек қана мерзімділік басылымдармен таныса қоймай, сонымен бірге «Менің тұрып жатқан әлемім» деген кроссвордтты шешу үшін, өздерінің білім және эрудицияларын тексеруге мүмкіншіліктері болды. Қиын сұрақтардың жауаптарын энциклопедиялардан және сөздіктерден табуға болады. Егер 5 сұраққа дұрыс жауап берсен, онда сыйлық ретінде балаларға жапсырма жиынтығын және журнал постерін сыйлады.

Ісшараның сапасына ғаламтордың қол жетпеуі, интерактивтік тақта жетпеушілігі әсер етеді, бірақ кітапханашылар жоғары сапада ісшараны өткізу үшін және оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін күштерін салады.

Кітапханашылар мұғалімдермен қатар балалардың танымдық деңгейлерің жоғарылатуға тырысады. Көп жылдар бойы біз оқушыларға арнап ісшара өткіземіз, олар іс шара арқылы өздеріне керек ақпаратты тауып ала алады, мысалы: кітапханалық сабақтар, көрме-кроссвордттар.

Балалар кітапханасындағы әрбір ісшара әдебиет шолуымен аяқталады. Өткізілген әрбір ісшараға көрнекі дайындық жасалынды: кітап-иллюстрациялы көрмелер, плакаттар, өлеңдер, видероликтердің көріністері. Балалардың ісшарадағы көңіл-күйлері жоғары сапада болды, олардың бәрі өз пікірлерін айту үшін мүмкіншіліктері болды.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.А.Назарбаевтың елдің қалың көпшілігіне арналған Жолдауын түсіндіру және насихаттау

жөніндегі іс - шаралар.
Шортанды ОКЖ кітапханалары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Жолдауына бір-неше іс - шараларын арнады.
Олардың арасында: ақпараттық сағаттар, кеңестер өткізілді, «Президенттің Жолдауы – болашақтың сенімділігі», «Президенттің Жолдауы – ақпараттың күшеуі», «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген тақырыптық сөрелер және кітап көрмелері дайындалды.

Талқылау барасында аудан тұрғындары қатысты. Онда текқана Мемлекет басшы Жолдауының негізге алынатын бөлімдері емес, онда ауыл, аудан өмірінің қарым-қатынасы қарастырылды және талқыланды.

Президенттің Қазақстан халқының Жолдауында, айтқандай, әлеуметтік саясатына, жақсы тұрмыс халіне, Қазақстан елінің өмір сапасын жақсартуына үлкен роль бөлінеді.

Сонымен бірге Орталықтағы балалар кітапханасында тақырыптық кеңес диалогі және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан -2050 стратегиясына арналған кітап көрмесі безендірілді. Кеңес жанды сырласу аясында өтті. Оған 8 сынып оқушылары 20 адам қатысты.

Дамса ауылының кітапханасы кітапхана оқырмандарымен Жолдау талқылауын өткізді. Оған 12 адам қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасы Мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» халыққа арналған Президент Жолдауының талқылауын және таныстыруын өткізді. 16 адам қатысты.

Жыл сайынғы қазақстан халқына арналған Президент Жолдауының талқылауы Бектау ауылының кітапханасында да өтті. Оған 35 адам қатысты.

Шортанды ОКЖ-нің кітапханалары қараша айында жыл сайынғы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бірнеше іс-шараларын арнады.

Олардың арасында: талқылау сағаттары, кеңестер, тақырыптық сөрелер және кітап көрмелері «Президент жолдауы – ьолашаққа сенімділік», «Президент Жолдауы – әрекет ақпараты», «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Нұрлы жол – жүргендер жеңіп шығады» деген кітап көрмелері өткізілді.
Талқылауға ауыл тұрғындары қатысты. Осы Жолдаудың талқылауына аудан тұрғындары белсенді болып қатысты. Талқылау барысында текқана мемлекет басшысының жолдауындағы негізгі көзделген бөлімдері емес, онда ауыл, аудан өміріндегі қарым-қатынастары да қаралып талқыланды.

Қазақстан халқына деген Президент Жолдауында бұрыңғыдай Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына , элеуметтік саясатына, игілікті тұрмыстың жоғарылауына, Қазақстан халқының өмір қасиетінің жақсартылуына көңіл білдірген.

25 қараша күні аудандық кітапханадағы оқырман залында аудандық және балалар кітапханаларының қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты жаңа Жолдауының талқылауы өткізілді. Талқылау барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұмкей Берген, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры У.Кулекин сөз сөйледі. Сөз берген кезде әр адам, әр қызметкер «Нұр жол» - «Болашаққа бастар жол» Жолдауы – ол қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу жөніндегі бағдарламалық құжат деп белгіледі. Біздің ұжым Қазақстан елбасын қолдайды, сондықтан жыл сайынғы шығарылған Жолдауды ауыл тұрғындардың арасында насихаттап түсіндіруге тырысады. Талқылау кезінде ОКЖ-нің директоры У.С.Кулекин., ӘББ меңгерушісі – З.И.Заремба., ӘББ әдіскері – Кашубская С.И. Оқырман залында және абонементте негізгі логотипті пайдаланып тақырыптық сөрелер безендірілді, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жеке экспресс ақпараттары өткізілді.

Дамса ауылының кітапханасы кітапхана оқырмандарымен Жолдаудың талқылауын өткізді. 20 адам қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасы мәдениет үйінің қызметкерлерімен танысу және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Президенттің жыл сайынғы Жолдаудың талқылауын өткізді. 25 адам қөатысты.

Жыл сайынғы Қазақстан халқына Президент Жолдауының талқылауын Бектау ауылының кітапханасы зейнеткер-оқырмандармен өткізді. Оған 30 адам қатысты. Сонымен бірге, жас оқырмандар тобымен «Долдаудың жолында» атты кеңес өткізді. 12 адам қатысты.



Саяси сағат: - «Президент Жолдауы – күннің тақырыбы» Жолымбет қалалық және балалар кітапханаларында, Белозерский , Новосёловка, Институт, Конкрынка, Қаражар, Алтайский, Егемен ауылдық кітапханаларында өткізілді.


ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫ
Шортанды ОКЖ-нің жұмысында негізгі приоритеті - өлкетану болып қалады. Тарихи - өлкетану тәрбиесі тарихи мәдениеттің тамырын танудан, Отанымыздың ерекше ұғынуынан, оның тағдырынан, қоғамдағы болып жатқан тарихи жауапкершілігінен басталады.

Кітапхана қызметкерлері «Ауыл шежіресіне» өлкетану мәліметтерін қызығушылықпен жинайды. ОАК әдіскерлік - библиографиялық бөлімінде өлкетану бойынша көптеген мәліметтер жиналды.



Ауданның мерей тойына ОАК «Бұл біздің - Шортанды ауданы» атты көрме-көрінісі безендірілді, онда оқырмандар жергілікті газетті 1962 жылдаң бастап осы күнге дейінгі басылымдарға көңіл білдірді, сол газеттерден олар өз туыстарын, таныстарын біліп қарады.

Аудан кітапханалары өз ауданына, ауылына, мәдени дәстүр біліміне деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, ал ол арғы ата-бабамыздың еске алу құрметтеуінен, өздерінің әйгілі жерлестердің мақтан тұтқанынан басталады.

Орталықтағы балалар кітапханасында 7 сынып оқитын оқушылармен «Шортанды ауданына – 75 жыл» деген өлкетану сағаты қызықты және маңызды болып өтті.

Кітапханашының әңгімесінен Шортанды ауданының құрылған тарихы, оның дамуы туралы білуге болды. Әйгілі адамдар есімдері аталды, олар ауыл және аудан дамуына үлкен үслестерін қосқан адамдар: ол Шаули Рақымжанов, Афанасий Дробащко, Дмитрий Озеров, Кан Де Хан, Станислав Гаврилюк, Дмитрий Мамыкин, Владимир Терлецкий, Ираида Зайцева және басқалары.

Жүргізушілердің әңгімелерінде әсіресе, Шортандылықтар - Кеңес Одағының батырлары Ф. Глинин, В.Шишлянников, Г. Кайдаловқа ерекше көңіл бөлінді

«Тың жерлерге – 60 жыл» мерекесіне арналған үлкен стенд балалрдың көңіліне жақты. Стендтты дайындау барысында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы институтының мұражайынан алған архив құжаттарының көшірмелері ұсынылды. Балалар ақындық композициясын дайындады. Біздің жерлестеріміз Новокубанка тұрғыны – Франц Раковскийдің, Шортанды кентінің тұрғыны, «Вести» аудандық газеттің редакторы Нина Малюганың өлеңдері оқылды.

Шортанды ауданының 75 жылдығына арнап Күлшін ауылының кітапханасы орта жастағы оқырмандармен «Менің сүйікті өлкем» атты диалог-көрінісін өткізді. Оған 10 адам қатысты.

2014 жылдың 15 ақпан күні Раевка ауылының кітапханасында «Ауылымыздың мақтанышы» атты тарихи сағат өткізілді.

Ал Новоселовка ауылының кітапханасы зейнеткерлермен «Ауылым туралы мен не білемін?» деген кеңес өткізді. 15 адам қатысты.

Новокубанка ауылының кітапханасы мақсатты бағдарлама бойынша «Адамға және туған жерге деген махабатын» атауымен ауыл мерекесін өткізді. Өткізілген дәстүрлі мереке ауыл еңбеккеріне арналды. Ескі тұрғындар-ауыл негізденушілері, жерлестер және осы жылы зейнеткерлікке шыққан адамдарды құрметтеп музыкалық сыйлықтар ұсынылды. Алтын тойларға, 2014 жылды жаңа туғандарға, мекеме қызметкерлеріне мен ауыл кәсіп орындарына құрмет көрсетілді.

Төңкеріс ауылының кітапханасы өлкетану бағыты бойынша Төңкеріс станциясы құрылуының 85 – жылдығына арналған «Туған жерім!» атты өлкетану сағатын өткізді. Балалар мектеп және станция тарихы туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, содан кейін өздері шығарған өлеңдерін оқыды, туған жер туралы сурет салды. 25 адам қатысты. .


Тың жерлерге 60 жыл
Орталықтағы аудандық кітапханасы «Сырласу» клубымен «Тың жерлерге – 60 жыл» атты мазмұнды және қызықты еске алу сағатын өткізді. Клуб мүшесінің бірі Зуева Людмила Степановна тың жерлерге қалай келгендерін айтып берді. Ал басқа клуб мүшелері сол тарихи оқиғаның күәгерлері болды, олар комсомолдық жолдама бойынша тың жерлерге келгенде оларды қалай қарсыалғандарын еске алды. Бұл іс-шараға «Тың жерлер көркем әдебиетте және публицистикада» атты кітап көрмесін ұштастырды (мақала ғаламтордан алынған)
Петровка ауылының кітапханасы «Тың жерлер – Өткен және Қазіргі таңда» атты тарих сағатын өткізді. Мемлекеттік наградаларымен марапатталған онымен бірге тың және тыңайған жерлерді игерген Петровка ауылына келген тың игерушілер туралы көптеген мәліметтер жиналды.(ЦК ВЛКСМ.СССР -1950 жылдары жіберу бойынша) өкінішке орай қазір біздің қасымызда екі ғана адам бар, олар: Беликов Александр Николаевич и Большаков Александр Афанасьевич. Содан кейін тың жерлер туралы викторинаны өткізді және «Біздің тағдырымыз – тың жерлер» атты кітап көрмесін безендірді, тың жерлер туралы балалардың сурет байқауын өткізді. 20 адам қатысты.

Тың жерлерді игеруіне – 60 жылдығына орай Күлшін ауылының кітапханасында «Тың жерлер – ол қалай болды» атты өлкетану сағатын өткізді. Көрмеде мұражайдан алынған мәліметтер ұсынылды. 10 адам қатысты.

ОБК-сы «Тың жерлерде» атты қызықты кеңес сағатын өткізді. Оған 7 сынып оқушылары 28 адам қатысты. Осы іс-шараға кітапхананы безендіру үшін плакаттар және нан туралы мақал-мәтелдер пайдаланды, мысалы:

Не напрасно народ с давних пор и поныне

Хлеб насущный зовёт самой первой святыней.

Золотые слова забывать мы не вправе:

Хлеб – всему голова! – в поле, в доме, в державе!

Барлық іс-шара бойы экранға тың жерлерге қатысты тематика бойынша кадрлар көрсетілді, ісшара бойынша кітапханашы түсінік берді. « Хлеб- всему голова» және «Едут новосёлы» атты белгілі олеңдердің фонограммалары пайдаланды. Сонымен бірге балаларға бірнеше сұрақтар қойылды, мысалы:

- Тың жерлер дегеніміз не?

- Тың жерлерді пайдалануға қай жылы алынды?

- Энтузиаст дегеніміз кім?

- Қандай ауылшаруашылық машиналарын сіз білесіз?

- Тың жерлерде не өсірілді?

- Қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?


Нан туралы көптеген мақал-мәтелдер өте көп, бірақта сөз тіркестерін пайдаланып оларды еске алуға қажет болды.
Новоселовка ауылының кітапханасында «Тың жерлер қалай болғаны?» деген тарих сағаты өтті. Оған 20 адам қатысты. Шортанды ауданында Новоселовка ауылы тың жерлер ауылы, осында Ижевсктен еркімен келгендер де болды. Бірінші тың жерлерді игерген адамдар өте аз қалды, бірақ олар естерінде қалғандарымен бөлісті, өздерінің фото альбомдарын қарады, ойнап-күліп тың жерлер туралы өлеңдер айтты. Осы ісшараға ауылдың үлкендері шақырылды: Языков Л.И., Герасимов Ю.И., Ганина Е.А., Нурпеисов Ш.А. Жамал С.Р.

Бұл ісшара құттықтаумен және сыйлық берумен, шәй ішумен аяқталды.


Дамса ауылының кітапханасы «Ардагерлер үйімен» бірігіп «Тың жерлер бұрыңғы және қазіргі кез» атты тарих сағатын өткізді. Жүргізушілер тың жерлердің қалай басталғаның айтты, оның болымды және жағымсыз түрлері туралы де айтты. «Ардагерлер үйінің» тұрғындары есте қалғандарымен бөлісті. Осы ісшараға 21 адам қатысты. Соныңда кітапханашы тың жерлер туралы әдебиет шолуын өткізді.
Пригородный ауылының кітапханасы «Кең дала уақыт сияқты шексіз» атты ауызша журнал өткізді. 30 адам қатысты.

Қаражар ауылының кітапханашысы ауылдың бірінші тың жер игерушілерімен кездесу кешін өткізді.



НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
ОКЖ кітапханалары «Наурыз» мерекесінің өткізуіне және дайындығына белсенді болып қатысты. Өткізілген іс-шаралар саны - 28. Оған 1500 астам адамдар қатысты.

Орталықтағы аудандық кітапхана «Наурыз – той» мерекелік бағдарламаға қатысты.

22 Наурыз күні кітапханада аудандық шахмат турнирі өтті, оған 24 адам қатысты.

Бағдарлама бойынша МҮ-мен «Қош келдің, Наурыз!» атты мереке өткізілді. 500 адам қатысты.

Онда Наурыз, көктем туралы өлеңдер айтылды, «Шашу», «Бата», сорттық ісшаралар, саудалық, ойын-сауық бағдарламалар: армреслинг, гірдің тастары, қанат, алтыбақан және басқа ойындар өткізілді.

Кітапханашының айтуынша және ауыл әкімшіліктің қолдауымен мол тамақпен жасалған – Наурыз -көже, палау, бауырсақ, тәттілерімен дайындалған мерекелік киіз үй орнатылды. Мерекенің спонсоры ЖШС «Новокубанское» және ауылдың жеке кәсіпкерлері.

Іс- шаралардың барысында кітапханашылар қазақ елінің тұрмысы туралы, мәдениетін және халықтың әдет-ғұрпын ашып айтты.

Барлық кітапханаларда кітап көрмелер, тақырыптық сөрелер дайындалды:





Саяси жазалау құрбанның еске алу күні

31 мамыр күні - Саяси жазалау құрбанның еске алу күні – бұл отызыншы жылдары, соғыс жылдары және сталинның режимнен зардап шегушілердің еске алуы. 30-50 жылдың мыңдаған айыпсыз қайтқан адамдардың құрбан жадының күні біздің жүрегімізде қалады.

ОКЖ кітапханалары осы тақырып бойынша бірнеше іс-шараны өткізді.

«Қуғын-сүргіннің ұзақ жаңғырығы!» осындай атаумен Шортанды ауданының барлық аумақтарында және ауылдарында тотальдық өкімет құрбандарымен кездесулер өтті, ОКЖ кітапханалары белсенді болып қатысты.

30 мамырда орталықтағы аудандық кітапханасында ішкі саясат бөлімімен бірге балалар кітапхананың оқырман залында «Қайғылы тағдырдың кезі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған Шортанды кентінің мектеп оқушыларымен Қазақстанға құғындылар қатысты. Шақырылған үлкен адамдар өзінің отбасылары көрген қиыншылықтар туралы айтты. Баяндамашылар Шортанды ауданының қайғылы тағдыр кездерінің көптеген ауғындар туралы айтты. Бұл ісшараға 30 адам қатысты

Кітапханада «Қайғылы тағдырдың кезі» атты кітап көрмесі дайындалды.

«Текқана толық шындықтың құқығы бар» осы атаумен Гуляй поле ауылының кітапханасында тарих сағаты өтті. 10 адам қатысты.
Раевка, Қарадыр ауылының кітапханаларында оқырмандарға арнап «Қуғын-сүргіннің ұзақ жаңғырығы!” атты көрме кеңесі дайындалды.

15 адам қатысты.

Жолымбет қалалық кітапханасында «Ескілік мерзіміне жатпайды” деген кітап көрмесі үлкен сұраныспен пайдаланды.
ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНІҢ ТІЛДЕР КҮНІ

Шортанды ОКЖ-де 15 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін «Бір шаңырақ астында өмір сүру» атты Қазақстан халқының тілдер аптасы өтті. Оған әр-түрлі іс-шаралар енгізілді, мысалы: Тілдер фестивалі, Тілдер мерекесі, әдеби монтаж, музыкалық-ақындық сағат, интеллектуалдық ойын, сырласу күні және басқа іс-шаралар.


Тілдер аптасында барлығы 25 іс-шара өткізілді, іс-шараға келіп-кетушілердің саны – 4750 адам.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының тілдер күні мерекесінің қызығұшылығын дағдыландыру, халықтың мәдени мұрасының қызығұшылығын қалыптастыру, Қазақстанда тұрып жатқан халықтың тілін меңгеріп алу үшін тырысу.

Мысалы: Орталықтағы аудандық кітапханада «Тілсіз халық жоқ», «Без языка нет народа» деген кітап экспозициясы ұсынылды және осы тақырыб бойынша әдебиет шолуы өткізілді.
19 қыркүйек күні Орталықтағы аудандық кітапхана ішкі саясат бөлімінің жастар орталығымен бірге №2 ШОМ үлкен сыныптағы оқушыларымен «Достық тілі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге №2 орта мектептің мұғалімдері, «Вести» газетінің тілшісі шақырылды. Өткізілген дөңгелек үстел балаларды қызықтырды, олар мемлекеттік тілдің маңызы туралы көптеген әңгіме құрастырды, орыс тілі туралы айтты және өз туған тілдері туралы айтып берді: неміс тілі, поляк тілі, украин тілі және т.б. Содан кейін балалар тілдер, Қазақстан туралы орыс және қазақ тілінде өлеңдер оқыды. Дөңгелек үстелдің соныңда ОАК библиографы Е.Чучвага «Тілсіз халық жоқ» атты кітап көрме бойынша әдебиет шолуын өткізді.
Орталықтағы балалар кітапханасы орта жастағы балаларға «Әке тілі – жанды бұлақ» атты музыкалық – ақындық калейдоскоп өткізді. «Халық тілі – бүкіләлемдік»» деген - кітап көрмесі ұсынылды. 40 адам қатысты.
Жолымбеттегі екі кітапхана үлкен сыныпта оқитын оқырмандармен «Егер адам тату болса, тіл де тату болады» - тілдер күнін, «Туған тілім – досым менің» - тарихи экскурсын өткізді, сонымен бірге, бұл іс-шараларға «Қазақшаңыз қалай?» деген байқауы енгізілді. Бір ай бойы оқырмандардың назарына «Егер адам тату болса, тіл де тату болады» деген кітап көрмесі ұсынылды. Оған 20 адам қатысты. Бұл іс-шара барлықтарының қазақ тілінің білім деңгейлерін білу үшін мүмкіндік туғызды.
Бозайғыр ауылының кітапханасы орта жастағы оқырмандармен «Бүкіләлемдік тілдер күні» атты сырласу күнің өткізді. 15 адам қатысты.

Тілдер күніне орай Новокубанка ауылының кітапханасы «Менің тілім – досым менің» атты білгіштер байқауын өткізді. Байқаудың келесі кезеңдері: мақал-мәтелдерді білу, полиглот, екі тілде жұмбақтарды шешу. 20 адам қатысты.


Пригородный ауылының кітапханасы үлкен жастағы оқырмандармен «Тілдер ынтымағы – халық достығы» атты мерекелік бағдарламаны өткізді. 15 адам қатысты.

Бектау ауылының кітапханасында «Егер тілдер тату болса, онда бәрі ағайынды болады» деген ойын-саяхатын қызықты өткізді. 20 адам қатысты.


Октябрьский ауылының кітапханасы мектеппен бірге «Қазақстан халқының Тілдер күні» атты әдеби монтаж өткізді. 25 адам қатысты.

Дамса ауылының кітапханасы - «Мен, сен, ол – бәріміз тату отбасымыз», Күлшін ауылының кітапханасы - «Тіл – халықтың тірі жаны», Конкрынка ауылының кітапханасы - «Халық тілі – бүкіләлемдік», Раевка ауылының кітапханасы - «Менің көп тілді Қазақстаным» - осы кітапханалар мәнерлеп оқу байқауларын өткізді.

Күлшін ауылының кітапханасы «Біз туған тілімізді құрметтеймыз» атты ақпараттық сағатын өткізді. 15 адам қатысты.
ОКЖ-нің өткізілген барлық іс-шараларында халықтың әр тілі – бүкіләлемдік деген ойға келдік. Тіл – халықтың жанды жаны, оның қуанышы, ауруы, еске алуы, қазынасы. Құрметтейтің тіл жоқ шығар. Халық тілінің шексіздігінде - халықтың дін өміріндегі тарихы көрсетіледі. Іс-шараның қатысушылары өзінің білген тіл білімдерін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет