2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет11/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Акционер туралы

2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін «KEGOC» АҚ-ның Жалғыз акционері «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына сәйкес, «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылды.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңына сай, Қордың қызметі Қор тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) арттыру, Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қор тобының құрылымына мұнай-газ, электр энергетикасы, көлік, телекоммуникация және басқа да секторларын қоса алғанда экономиканың негізгі секторларының компаниялары кіреді. Қор компанияларының қызметі акционерлік капиталдың құнын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыруға ықпал етеді.

2014 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамындағы еншілес және бағынысты ұйымдардың акциялар пакеттерін шығару бағдарламасын (одан әрі «Халықтық IPO») іске асыру шеңберінде Компанияның жәй акцияларын қазақстандық қор нарығында бастапқы орналастыру жазылымды жүргізу жолымен жүзеге асырылды.

«KEGOC» АҚ жәй акцияларының қазақстандық ұйымдастырылған қор нарығында орналасқан саны – 25 999 999 (жиырма бес миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) дана. «KEGOC» АҚ-ның жәй акциясын орналастыру бағасы 505 (бес жүз бес) теңгені құрады.

«KEGOC» АҚ жәй акцияларын қор нарығында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде орналастырған соң «Самұрық-Қазына» АҚ-на 90 % плюс «KEGOC» АҚ-ның 1 акциясы тиесілі, қалған 10 % минус бір акция миноритарлық акционерлерге тиесілі болады.




Директорлар кеңесі

31.12.2014ж. жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің құрамы:


Бектеміров

Қуаныш Әбдіғалиұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы, 1970 жылы дүниеге келген, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді. Атқаратын лауазымдары:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Forum Muider B.V.» Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.



Дәукеев

Ғұмарбек Жүсіпбекұлы

Тәуелсіз директор,

Алматы Энергетика және байланыс университетінің ректоры,

1948 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,



АК, ТСК, СЖКБК;

Атқарған лауазымдары:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.



Лука Сутера

Тәуелсіз директор,

Топтың вице-президенті және Қаржы директоры (CFO Global Power & Water Division), 1971 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалған;

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,

АК, ТСК, СЖКБК;

Атқаратын лауазымдары:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

Jorf Lasfar Energy Company 5,6  (Abu Dhabi National Energy Company Group) – Morocco;

TAQA Energy India Ltd  (Abu Dhabi National Energy Company Group) – India.




Спицын Анатолий Тихонович

Тәуелсіз директор,

Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының интеграциялау проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры,

1939 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,



АК, ТСК, СЖКБК.

Атқаратын лауазымдары:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.


Сәтқалиев

Алмасадам Майданұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, 1970 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді. Атқаратын лауазымдары:

«Forum Muider B.V.» Директорлар кеңесінің мүшесі;

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

«Екібастұзс МАЭС-1» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.


Қажиев

Бақытжан Төлеуқажыұлы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 1964 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.





2014 жылдың 1 қарашасында Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы дүниеден өтті.



«KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі, Басқармасы және ұжымы Қазақстанда да, ТМД елдерінде де энергетиктер арасында зор беделге ие, зиялы, сауатты адамның кенеттен қайтыс болғанына қайғырып, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Директорлар кеңесінің құрамына үш тәуелсіз директор кіреді, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50%-ын құрайды. Бұл ретте директорлар тәуелсіз деп танылды, себебі:

  • Компанияның үлестес тұлғалары болып табылмайды және Директорлар кеңесіне оларды сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Компанияның тәуелсіз директоры лауазымына келген жағдайды есепке алмағанда);

    • «KEGOC» АҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;

  • «KEGOC» АҚ немесе Компанияның үлестес тұлғалары-ұйымдарының лауазымды тұлғаларына бағыныстылықпен байланысты емес және оларды Директорлар кеңесіне тағайындау алдындағы үш жыл ішінде аталған тұлғаларына бағыныстылықпен байланысты болмаған;

  • «KEGOC» АҚ аудиторлар болмаған және оларды Директорлар кеңесіне тағайындау алдындағы үш жыл ішінде аудитор болмды;

  • Аудиторлық ұйым құрамында аудитор ретінде Компанияның аудитіне қатыспаған және осындай аудите Директорлар кеңесіне сайлану алдындағы үш жылда осындай аудитке қатыспаған;

  • мемлекеттік қызметші болып табылмайды.


Директорлар кеңесінің мүшелері

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2014 жылғы отырыстарға қатысуы

24. 01.2014

28.02.2014

04.04.2014

22.04.2014

26.05.2014

04.07.2014

26.09.2014

03.10.2014

31.10.2014

28.112014

%

Бектеміров К.А.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Дәукеев Ғ.Ж.

+

+

+

+

+

+

+

+




+

100

Спицын А.Т.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

91,6

Лука Сутера

+

+

+

-

+

+

+

+

+

+

91,6

Сәтқалиев А.М.

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

83,3

Қажиев Б.Т.

-

+

+

+

+

-

+

+

+

+

83,3

2014 жылы Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 12 отырыс өткізді, ол отырыстарда 123 мәселе қаралды, олардың негізгілері:



Стратегиялық мәселелер және корпоративтік басқару мәселелері:

  • «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіру;

  • 2012 жылы «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясын, инвестициялық бағдарламасын, ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есептер;

  • «KEGOC» АҚ-н қор нарығына шығаруға дайындау барысы туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның жәй акцияларын қор нарығында орналастыруды мақұлдау туралы, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акцияларын орналастыру құрылымын, бағасы мен санын анықтау туралы;

  • «KEGOC» АҚ акцияларын орналастыру, соның ішінде орналастырылатын акцияларының жарияланған акциялары саны шегіндегі саны, орналастыру тәсілі мен бағасы туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді инновациялық шеберлік даму жоспарын бекіту туралы;

  • Жоғары вольты электр жеткізу желілірінің күзету аймағында тұратын отбасыларын қайта қоныстандыру жөнінде;

  • еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдарды басқару, олардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ қызметінің көрсеткіштеріне әсері туралы есеп;

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспары, ІАҚ Жылдық аудиторлық жоспары;

  • «KEGOC» АҚ-ның, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, «KEGOC» АҚ Басқармасының жекелеген мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің қызметін сауалнама бағалауды жүргізу туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;

  • «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді мақұлдау туралы;

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту жөнінде;

  • Корпоративтік қайшылықтарды және «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалалары мен еңбеккерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты жаңа редакцияда бекіту туралы.

Кадр саясаты мәселелері:

  • АД құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлері мен Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақы схемасы мен мөлшерлерін бекіту туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы;

  • жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы;

  • «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жеке ТҚК-н туралы;

  • «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы үшін 2014 жылға ынталандыру ТҚК-н қарау туралы;

Мынадай мәмілелер бойынша мәселелерді қарау:

«KEGOC» АҚ Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесінің айырықша құзыретіне Жалғыз акционер шешім қабылдайтын мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелерді (Компания активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінен 25% және одан көп) және жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешімдер қабылдау жатады.

Мәселен, 2014 жылы «Өнеркәсіпқұрылыс-Энерго» ЖШС-мен «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» құрылысын «кілтпен тапсыруды» қоса отырып ірі мәміле жасау туралы шешім қабылданды.

Жасалуында Компанияның мүдделілігі бар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай мәміле деп анықталған мәмілелер бойынша шешімдер қабылдауға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары ғана қатысады. Осылайша, 2014 жылы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары мынадай мәмілелер бойынша шешімдер қабылдады:



  • «Батыс транзит» АҚ-мен («Қазақстан ҰЭТ-на «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалындағы Ақтөбе заводының №4 цех 2-ГПП-сын жалғау» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін» иеліктен алу жолымен);

  • «Батыс транзит» АҚ-мен бағалы қағаздарды сатып алу-сату);

  • «Батыс транзит» АҚ-мен (Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету).

  • «Батыс транзит» АҚ-мен («Батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсету).

Директорлар кеңесі 2014 жылы қабылдаған шешімдер «KEGOC» АҚ аса тиімді дамуына, «KEGOC» АҚ қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге анықтаған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуіне ықпал етті. Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіруге белсенді қатысады, бизнес-үдерістердің кең шеңберіне қатысты тәуекелдерді ішкі бақылау және басқару механизмдерінің тиімділігін талдайды. Компания қызметкерлерін бұдан әрі ынталандыру және мотивациялау үшін Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның кадр саясатын айқындайды және жетілдіреді.

Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 28 қарашадағы шешімімен (№11 хаттама) Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері, Басқарма, Корпоративтік хатшы, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының жұмысы сауалнама жүргізу арқылы бағаланды. Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы отырысында Негізгі жауапкершілік аяларына кешенді талдау (бұдан әрі – Бағалау) тыңдалды.

Директорлар кеңесі бағалау нәтижелері бойынша өз жұмысын, Басқарма, Корпоративтік хатшы, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі жұмысын оң бағалады, сонымен қатар өз қызметін жетілдіру мақсатында өзі үшін мынадай бағыттарды анықтады:



  • трансформация бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру, трансформация бағдарламасы үшін жауаптыларды айқындау, қатысушылар рөлдері анықталған бағдарламаның ұйымдық құрылымын бекіту, трансформация жөніндегі бас директорларды, адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директорларды, ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директорларды тағайындау және трансформация бойынша жол картасын бекіту;

  • Компанияның корпоративтік басқару жүйесін, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

  • ағымдық ішкі құжаттарға «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу;

  • Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарының, инвестициялық жобаларының, Даму стратегиясының орындалу барысына бақылауды күшейту;

  • Корпоративтік хатшыға Директорлар кеңесінің мүшелері үшін Сабақтастықты жоспарлау бағдарламасын әзірлеу, бекітуге енгізу және оны Директорлар кеңесінің оңтайлы да сапалы құрамын ұдайы қолдау мақсатында белсенді пайдалану.



Директорлар кеңесінің комитеттері

Аудит жөніндегі комитет – Комитет төрағасы Лука Сутера;;

Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет - Комитет төрағасы Дәукеев;

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет - Комитет төрағасы Спицын.



Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет 2014 жылы 12 отырыс өткізді, онда 24 мәселе қаралды және Директорлар кеңесіне 21 мәселе бойынша ұсынымдар берілді, соның ішінде:

  • АД құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері мен Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақы схемасы мен мөлшерін бекіту жөнінде;

  • «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын тағайындау туралы,

  • жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы;

  • «KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жеке ТҚК бекіту бойынша;

  • «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік хатшысы үшін 2014 жылға мотивациялау ТҚК қарау туралы;

  • «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларға өзгерістерді бекіту жөнінде;

  • «KEGOC» АҚ басшы қызметкерлерінің, Ішкі аудит қызметі еңбеккерлері мен Корпоративтік хатшының еңбекақысы мен сыйлықақысын бекіту бойынша;

  • «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне Лауазыммен таныстыру бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы;

  • Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі, Басқарманың, Басқарма төрағасының, Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының, Корпоративтік хатшының жұмысына бағалау жүргізу жөнінде.

Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитеттің мүшелері

Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы күндізгі отырысқа қатысуы

24.01.2014

28.02..2014

03.04.2014

25.05.2014

03.07.2014

28.08.2014

26.09.2014

02.10.2014

30.10.2014

%


Дәукеев Ғ.Ж.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Спицын А.Т.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Лука Сутера

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100


Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет 2014 жылы 12 отырыс өткізді, онда 24 мәселе қаралып, Директорлар кеңесіне 22 мәселе бойынша ұсыным берілді, соның ішінде:

  • «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспарын бекіту туралы

  • «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның Ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіру туралы;

  • «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспарын түзету жөнінде;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2019 жылға дейінгі Ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің даму стратегиясын бекіту туралы;

  • 2022 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді инновациялық шеберлік даму жоспарын бекіту бойынша;

  • «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді мақұлдау туралы.

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет мүшелері

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы күндізгі отырысқа қатысуы

22.01.2014

28.02.. 2014

03.04..2014

22.04.2014

22.05.2014

04.06.2014

28.08.2014

26.09.2014

02.10.2014

30.10.2014

13.11.2014



%

Спицын А.Е.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Дәукеев Ғ.Ж.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Лука Сутера

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100


Аудит жөніндегі комитет 2014 жылы 14 күндізгі отырыс өткізді, онда 52 мәселе қаралды, соның ішінде:

  • Ішкі аудит қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша;

  • қаржылық есептілік жөнінде;

  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жөніндегі;

  • ішкі аудит бойынша, соның ішінде Ішкі аудит қызметінің кадр мәселелері қаралды, Ішкі аудит қызметінің жұмысын реттейтін құжаттарға енгізілген өзгерістер алдын ала мақұлданды;

  • ішкі аудит бойынша, соның ішінде «2013-2015жж. қаржылық есептеме аудиті» қызметтерін сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жобасы алдын ала мақұлданды.

Бұдан басқа, Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы қаржылық есептілік аудитін жүргізу үшін таңдалған «Эрнст энд Янг» компаниясының өкілдерімен МСФО-ға сәйкес, «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне алдын ала аудит қорытындыларны талқылау мәселесі жөнінде, сондай-ақ 2014 жылғы І тоқсан мен -жартыжылдық ішіндегі қаржылық мәселелеріне шолу нәтижелерін талқылау мәселелері жөнінде 3 кездесуі өткізілді.

2014 жылы Комитеттің отырыстарында Ішкі аудит қызметі өткізген «қызу желінің» жұмысы арқылы Аудит жөніндегі комитеттің атына келіп түскен өтініштер бойынша (Аудит жөніндегі комитетке түскен шағымның электрондық кітабы) тексеру нәтижелері қаралды және «KEGOC» АҚ Басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.




Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері

2014 жылғы Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің күндізгі отырыстарға қатысуы

24.01

28.02

03.04

22.04

22.05

26.05

03.07

28.08

26.09

02.10

30.10

13.11

27.11

15.12

%

Лука Сутера

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Спицын А.Т.

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

100

Дәукеев Ғ

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+







100

Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндетін атқару мезгілінде сыйақы төленеді және олардың Компания Директорлар кеңесі мүшелігі функцияларын атқаруына байланысты шығындары өтеледі. «KEGOC» АҚ Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелерін сыйақылау мынадай түрде жүзеге асырылады:

  • жылдық кесімді сыйақы;

  • қосымша сыйақы.

Жылдық кесімді сыйақы тәуелсіз директорға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын мөлшерде төленеді. 01.01.2014 жыл мен 31.12.2014 жыл аралығында KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне жылдық кесімді сыйақы жалпы сомасы 15,680 млн.теңгеде төленді, соның ішінде: Ғ.Ж. Дәукеевке. – 2,550 млн.теңге, А.Т. Спицынға және Л. Сутераға – 6,565 млн.теңгеден.

Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелеріне қосымша сыйақы Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін төленеді. Мәселен, Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін тәуелсіз директорларға жалпы сомасы 21,896 млн.теңге төленді, соның ішінде: Ғ.Ж. Дәукеевке. – 5,580 млн.теңге, А.Т. Спицынға – 9,074 млн.теңге және Л. Сутераға – 7,242 млн.теңге.

Тәуелсіз директорға Компания Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасы бастамалаған, тәуелсіз директор тұрған жерден тыс өткізілетін мәжілістерге сапарға шығуына байланысты шығындары өтеледі.

Директорлар кеңесі мүшесінің уәкілеттктерін мерзімінен бұрын доғарған жағдайында жұмыс қорытындылары бойынша жылдық кесімді сыйақы Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындаудың нақты күн саны бойынша пропорционалды түзетіледі.

Директорлар кеңесі мүшелеріне – акционерлер өкілдеріне және «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасына «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі Комитеттерінде мүшелігі үшін сыйақы төленбейді.
Басқарма

«KEGOC» АҚ ағымдағы қызметін басқаруды алқалық атқарушы орган – басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған «KEGOC» АҚ қызметінің мәселелері бойынша шешім қабылдайтын Басқарма жүзеге асырады.

Басқарма «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және "KEGOC" АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

«KEGOC» АҚ: Басқармасының құрамы:

Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электр тораптары мен жүйелері», Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – мамандығы «Экономика»

Саладағы жұмыс өтілі 28 жыл.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 1968 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы – мамандығы «Маркетинг және коммерция», С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – «Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар».

Саладағы жұмыс өтілі 14 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: қаржы-экономиикалық мәселелер, баға белгілеу, қаржы институттарымен ынтымақтастық, шарттар мен міндеттемелердің орындалу мониторингі, жүйелік қызметтер, шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен және энергетикалық кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл, сатып алулар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жедел диспетчерлік және технологиялық басқару, халықаралық ынтымақтастық, жобаларды басқару.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.





Ақмурзин Абат Аманұлы, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, 1958 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі: Қазақ ауыл шаруашылығы институты – мамандығы «электрлендіру», Рудный мемлекеттік индустриалды институты – мамандығы «Кәсіпорындар экономикасы және басқару».

Саладағы жұмыс өтілі 34 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: өндірістік активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, релелік қорғау құралдарын пайдалану және жаңғырту, инвестициялық бағдарлама, техникалық саясат, филиалдармен жұмыс, күрделі құрылыс.

«Батыс транзит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Бексары Жаңабай Мұратбекұлы, Басқарма төрағасының Корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары, 1965 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Воронеж политехникалық институты – мамандығы «Электр машиналары», Қазақ гуманитарлық заң университеті – мамандығы «Заңтану».

Саладағы жұмыс өтілі 14 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ дамыту стратегиясы, корпоративтік басқару, рейтинг агенттіктермен өзара іс-қимыл, тәуекелдерді басқару жүйесі, біріктірілген менеджмент жүйесі, «KEGOC» АҚ акцияларын Қор нарығына шығару (IPO), еңбекақы төлеу және қызметті бағалау жүйесі, әлеуметтік қолдау, кәсіби оқыту және қызметкерлерді дамыту, кадр саясаты, PR және қоғамдық байланыс, Өкілдікпен жұмыс.

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Бекенов Мұқтар Оңғарбайұлы, Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директор, 1958 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электр тораптары мен жүйелері».

Саладағы жұмыс өтілі 34 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: филиалдармен және еншілес бағынысты ұйымдармен жұмыс, өндірістік активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, инвестициялық бағдарлама, телекоммуникациялық және ақпараттық кешенді дамыту.

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Ботабеков Айбек Төлеубекұлы, Экономика жөніндегі басқарушы директор, 1976 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – мамандығы «Халықаралық экономикалық қатынастар».

Саладағы жұмыс өтілі 17 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: қаржы-экономикалық мәселелер, баға белгілеу, қаржы институттарымен және аудиторлық компаниялармен ынтымақтастық, басқарушылық есептілік жүйесі, акционерлермен өзара қарым-қатынастар мәселелері.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.





Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы, Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті – мамандығы «Құқықтану».

Саладағы жұмыс өтілі 7 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: құқықтық мәселелер, экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іс жүргізуді қамтамасыз ету.

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Қуанышбаев Әскербек Досайұлы, ҰЭТ-ты дамыту және жүйелік қызмет көрсетулер жөніндегі басқарушы директор, 1955 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалаларды электрмен жабдықтау», экономика ғылымдарының кандидаты, экономика доценті.

Саладағы жұмыс өтілі 37 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: ҰЭТ дамыту, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, озық және тиімді технологияларды ендіру, жүйелік қызмет көрсету, жедел-диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясы ағындарын кедендік ресімдеу.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есептеу орталығы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.






Темірбеков Болат Жолболдыұлы, Техникалық бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электрмен жабдықтау», Қазақстан-Ресей университеті – мамандығы «Экономика».

Саладағы жұмыс өтілі 27 жыл.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: сатып алулар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шарттарды кедендік сүйемелдеу, өтімсіз тауар-материалдық құндылықтарды сату, сервистік қызмет көрсету және шаруашылық жағынан қамтамасыз ету.

«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.




Алқа шешімдерін алдын ала қарау, қабылдау және «KEGOC» АҚ Басқармасына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау мақсатында Компанияда консультациялық-кеңесу органы құрылды:



Инвестициялық Комитет,

Тәуекелдер жөніндегі комитет,

Бюджет Комитеті,

Кадрлық даму жөніндегі комитет

Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет

Тауар-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.

2014 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 25 отырысы өткізілді, онда 184 мәселе қаралды, атап айтқанда:



  • «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттары (бұдан әрі – ІНҚ) бойынша:

- 17 ІНҚ бекітілді;

- 7 ІНҚ мақұлданып, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қарауына енгізілді;

- 16 ІНҚ-ға өзгерістер.


  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден тәсмілімен сатып алу туралы үш шешім қабылданды;

  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. «KEGOC» АҚ Тәуекелдер картасы, Тізілімі, Негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды. Тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі қабылданған шаралар және жай-күйі туралы есептер қаралады.

Басқарма мына есептерді алдын ала қарады және Директорлар кеңесіне жіберді:

  • жасалған ірі мәмілелер мен жасалуына мүдделілік бар мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есептер;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі Басқарушылық есептілік жүйесін ендіру нәтижелері туралы есеп;

  • тәуекелдер бойынша есептер;

  • Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2013 жыл ішіндегі қызметі турал есеп;

  • «KEGOC» АҚ-да 2014 жылға арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспаны орындау туралы есепті алдын ала қарау туралы;

  • ақпаратты ашу туралы есептер және «KEGOC» АҚ-ның Беделдік аудитін жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп;

  • Кадрлық дамыту жөніндегі комитеттің 2013 жыл ішіндегі жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша есеп және Кадрлық дамыту жөніндегі комитеттің 2014 жылға арналған Жұмсы жоспарын бекіту;

  • «KEGOC» АҚ Даму жоспарының іске асырылуы туралы есептер;

  • «KEGOC» АҚ-ның жылдық және аралық қаржылық есептіктері;

  • еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдарды басқару, сондай-ақ еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерінің Компанияның қызмет көрсеткіштеріне әсері туралы есеп;

  • 2013 жыл ішіндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есептер, соның ішінде 2013 жыл ішіндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру туралы есеп;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі мезгілге арналған Ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру және «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарының орындалуы туралы 2013 жыл ішіндегі есеп;

  • «KEGOC» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі жылдық есебі;

  • «Энергоинформ» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі қаржылық есептілігі;

  • «Энергоинформ» АҚ Даму жоспарының орындалуы туралы есептер;

«KEGOC» АҚ Басқармасы 2014 жылы «Энергоинформ» АҚ, «Жаңартылмалы энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржылық орталық» ЖШС, «Батыс транзит» АҚ секілді еншілес және бағынысты компанияларға қатысты бірқатар мәселелерді қарастырды және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қарауына енгізді.

Бұдан басқа, Басқарма демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі мәселелерді қабылдады.

«KEGOC» АҚ Басқарма мүшелеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу тәртібі «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге, «KEGOC» АҚ Басқарушы қызметкерлеріне, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне және корпоративтік хатшыға еңбекақы және сыйлықақы төлеу қағидаларында айқындалған. Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі лауазымдық қызметақыны және жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақыны қамтиды. Мәселен, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелеріне 01.01.2014 жыл мен 31.12.2014 жыл аралығында 107,56 млн.теңге мөлшерінде жалпы жалақы сомасы есептелінді.

«KEGOC» АҚ Басқарушы қызметкерлеріне жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері бекітілген соң «KEGOC» АҚ-ның бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған ақша қаражаты шегінде төленеді. Сыйақы ұдайы сипатқа ие емес. Басқарушы қызметкерлердің қызметін бағалаған кезде уәждемелі ТҚК қолданылады, олар «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарын нақты көрсеткіштерге «KEGOC» АҚ қызметінің бизнес-процестері/бағыттары бойынша ТҚК карталары түрінде каскадтау жолымен әзірленеді. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алу құқығына есептік жыл ішінде бекітілген ТҚК-ны орындау нәтижелері жөнінде есептік мезгілде кемінде 5 (бес) ай нақты істеп шыққан басқарушы қызметкерлер ие болады. Басқарушы қызметкерлердің жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша шекті сыйақы мөлшерлері 3 еселік жылдық жалақы сомасынан (лауазымдық қызметақыдан) аса алмайды. Ұзақ мерзімді сыйақыны алу құқығы келген кезде қысқа мерзімді сыйақының шекті мөлшері бір жылдық лауазымдық қызметақыға дейін азаяды. Осы қағидаттарды есепке ала отырып, Басқарма мүшелерінің жұмыс қорытындылары бойынша жалпы сыйақы сомасы жыл ішінде 164,94 млн.теңгені құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет