2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері



бет2/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде жеткізетін энергия өндіруші ұйымдар;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығында кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде сатып алатын электр энергиясын тұтынушылар;

  • энергия жеткізуші ұйымдар;

  • жеке электр желілері жоқ және электр энергиясының көтерме сауда нарығында кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде оны қайта сату мақсатында сатып алатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

  • Жүйелік оператор, оның функциясын «КЕGОС» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы жүзеге асырады;

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы, оның функциясын «КОРЭМ» АҚ орындайды.

Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және көтерме сауда тұтынушыларына электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. Көтерме сауда нарығына қатысу ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне рұқсаты және Жүйелік операторға ақпаратты беруді қамтамасыз ететін автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелері мен телекоммуникациялар жүйелері болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 11.10.2014ж. № 61 бұйрығымен «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ Жүйелік операторы етіп тағайындалды, ол мынадай функцияларды орындайды:



  • ҰЭТ бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді, техникалық қызмет көрсету мен пайдалану үшін дайындықта ұстауды қамтамасыз етеді;

  • электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн құру мен тәулiктiк кестесiн жасауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы БЭЖ-нiң жұмыс режимдерiн орталықтан жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-і жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

  • электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді;

  • электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеуді жүзеге асырады;

  • Қазақстан Республикасының БЭЖ-де энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;

  • электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы қызметтер нарығының нақты уақыт режимiнде жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;

  • шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;

  • электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң біртұтас ақпараттық жүйесін, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылық жасайды;

  • ұлттық электр торабына электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

  • Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтымайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;

  • электр станцияларының, қосалқы станциялардың, электр жеткізу желiлерiнің негiзгi жабдықтарын, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;

  • гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін әзірлеуге қатысады;

  • электр энергиясының болжамдалған теңгерiмдерiн әзiрлеудi жүзеге асырады;

  • электр қуаты нарығының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы БЭЖ-ін орталықтан диспетчерлік басқаруды «KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы - ЖО ҰДО» филиалы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де орталықтандырылған диспетчерлік басқару «KEGOC» АҚ-ның «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын 9 өңірлік диспетчерлік орталықтың (ӨДО) ЖО ҰДО-ның қарамағына тікелей жедел бағынуы схемасы бойынша ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы БЭЖ орталықтан жедел-диспетчерлік басқару мыналар болып табылады:



  • электр энергиясын сатып алу-сату, жеткізу, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу шарттарының талаптарын іске асыратын Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін басқару;

  • электр энергиясының мемлекетаралық ағындары режимдерін басқару;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-дегі технологиялық бұзылыстардың алдын алуды, оқушаулау мен жоюды қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-де қуат резервтерін жедел басқару;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаттарын, орналасатын жерін, көлемдері мен қондырғыларын анықтау;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін жасау және бекіту;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасау.


Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторы - «КОРЭМ» АҚ орталықтандырылған сауда-саттық нарығының жұмысын ұйымдастыруға жауапты. Орталықтандырылған сауда-саттық нарығы субъектілердің электр энергиясының нарығына ашық, қысымсыз енуін және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағасының объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылы «KEGOС» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС («ЖЭК ҚЕО» ЖШС) құрды. «ЖЭК ҚЕО» ЖШС қызметінің негізгі түрі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтан сатып алу мен сатуды жүзеге асыру болып табылады.

Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дербес заңды тұлғаларға – өңірлік электр станцияларына, өңірлік электр желілік компанияларға (ӨЭК), энергиямен жабдықтайтын ұйымдар мен жылу тораптары кәсіпорындарына бөлу арқылы өңірлік энергетикалық компанияларды қайта құрылымдау жүзеге асырылды. Өңірлік электр желілік компанияларды жекешелендіру аяқталды, өңірлік электр желілік компанияларда электр энергиясының сауда-саттығы фукнциясы қызметтің негізгі түрі – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (ЭЖҰ) құру арқылы электр энергиясын жеткізу функциясынан бөлектенді.



Өңірлік электр желілік компаниялар мен энергия жеткізетін ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіпте нарықтың барлық қатысушыларының электр желілеріне еш қысымсыз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бөлшек сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара қаржылық есеп айырысулар электрмен жабдықтау, сатып алу-сату, қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы моделі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет