2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)



бет29/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

28.ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)

Капиталды басқару


Топ капиталын басқарудың басты мақсаты Топтың берешек пен капитал қатынасын оңтайландыру арқылы акционер үшін табыстарды барынша көбейте отырып, тіңқызмет үздіксіздігі қағидатын ұсмойындауды жалғастыра алады.
Топ өз капиталын экономикалық шарттардағы өзгерістерді ескере отырып басқарады. Өз капиталын басқару немесе өзгерту үшін Топ акционерлерге дивидендтер төлеуді ауыстыра, капиталды акционерлерге қайтара немесе жаңа акцияларды шығара алады.
2014 жылғы 30 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде мақсаттарда, саясаты бойынша немесе капиталды басқару процестерінде қайсыбір өзгерістер болған жоқ.
Топ капиталға борыш коэфициентін қолдана отырып, капиталды басқарады, бұл барлық капиталға бөлінген борыш болып табылады. Топтың міндеті коэфициентті 0,5 деңгейінен жоғары емес деңгейде ұстап тұруда болып табылады. Борыш барлық қарыздарды қамтиды. Капитал барлық міндеттемелер мен барлық акционерлік капитал сомасына тең.




2014 жылғы 30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан









Борыш/капитал

0,20

0,25




Мың теңгемен

2014 жылғы 30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан









Қарыздардың ұзақ мерзімді бөлігі

94.714.528

82.323.069

Қарыздардың қысқа мерзімді бөлігі

12.881.885

10.218.204

Борыш

107.596.413

92.541.273










Барлығы міндеттемелер

190.150.575

146.140.263

Капитал

359.777.466

221.181.463

Барлығы капитал мен міндеттемелер

549.928.041

367.321.726

Топ капиталының құрылымы 15-ескертпеде ашып көрсетілгендей акционерлік капиталды, резервтер мен жинақталған залалдарды қамтиды.



Әділ құнның иерархиясы


Топ қаржы құралдарының әділ құнын анықтау және ол туралы ақпаратты баға моделдерінде ашу үшін мынадай иерархиясы қолданады:

  • 1-деңгей: бірдей активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарықтардағы бағалар (ешбір түзетусіз);

  • 2-деңгей:барлық шығыс деректері көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер ететін басқа да әдістер нарықта тікелей немесе жанама байқалады;

  • 3-деңгей: бақыланатын нарықтық ақпаратқа негізделмейтін көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер ететін шығыс деректер қолданылатын әдістер.

Төмендегі кестеде Топтың әділ құны бойынша міндеттемелері мен активтерін бағалау көздерінің иерархиясы берілген:

Әділ құны бойынша есепке активтер

Мың теңгемен

2014 жылғы 30 желтоқсан

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық активтер













Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (11-ескертпе)

868.269



868.269

















Қаржылық емес активтер













ҚЭТ ғимараттары (7-ескертпе)

437.895.611





437.895.611


28. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)




Әділ құнының иерархиясы (жалғасы)


Әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемелер

Мың теңгемен

2014 жылғы 30 қыркүйек

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық міндеттемелер













Қарыздар (16-ескертпе)

94.714.528



94.714.528



Әділ құны бойынша бағаланатын активтер

Мың теңгемен

2013 жылғы 30 желтоқсан

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық активтер













Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (11-ескертпе)

868.269



868.269
































Қаржылық емес активтер

ҚЭТ ғимараттары (7-ескертпе)



253.529.497





253.529.497
















Әділ құны бойынша бағаланатын міндеттемелер

Мың теңгемен

2013 жылғы 30 желтоқсан

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық міндеттемелер













Қарыздар (16-ескертпе)

92.541.273



92.541.273


Әділ құн иерархиясында 1-деңгей мен 2-деңгей арасындағы айтарлықтай орын ауыстыру Батыс Транзит баға белгіленетін облигациялары үшін белсенді нарықтың болмауымен түсіндіріледі (11-ескертпе). 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша аталған облигациялардың әділ құны болашақ ақшалай міндеттемелердің ағымдағы құны бойынша есепке алынды.



Қаржы құралдарының әділ құны


2014 жылғы 31 желтоқсанда және 2013 жылғы 31 желтоқсанда басшылық Топтың сауда-саттық дебиторлық және кредиторлық берешек, ақшалай қаражат және оның баламасы, қолданылуы шектеулі ақша қаражаттары сияқты қаржы құралдарының әділ құны ең бастысы аталған құралдарды өтеу мерзімдерінің ұзаққа созылмауы себепті шамамен алғанда олардың баланстық құнына тең екенін анықтады. Қарыздар шамамен олардың әділ құнына тең амортизациялық құны бойынша көрсетілген.

Бағалау әдістері мен ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалаудың негізгі қолданылған ұйғарымдары 4-ескертпеде баяндалған.


  1. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР




Қызметті жүргізу шарты


Қазақстанда экономикалық реформалар және нарықтық экономика талаптарына сай келетін құқықтық, салықтық және әкімшілік инфрақұрылымдарды дамыту жалғасуда. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе бұл реформалардың барысына, сонымен қатар Үкімет қабылдайтын экономика, қаржы және ақшалай-кредиттік саясат саласындағы шаралардың тиімділігіне байланысты болады.
2014 жылы қазақстандық экономикаға шикізат мұнай бағасының айтарлықтай төмендеу және ресей рубілінің айтарлықтай девальвациясы теріс әсер етті. Аталған факторлардың жиынтығы капиталдың қол жетімдіглігінің төмендеуіне, инфляцияның артуына және экономикалық өркендеуге қатысты екіұштылыққа әкелді. Бұл алдағы уақытта қаржылық жағдайға, операциялардың нәтижелеріне және Компанияның экономикалық перспективаларына теріс әсер етуі мүмкін. Компания басшылығы ағымдағы жағдайда Компанияның экономикалық орнықтылығын қолдау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды деп санайды.

Салық салу

Қазақстандық салық заңнамасы мен норматвтік-құқықтық актілер ұдайы өзгерістер мен әртүрлі түсініктемелердің мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасындағы пікірлерде болған алшақтық жағдайлары аз кездеспейді. Қазақстанда қолданылатын заңдар негізінде анықталған құқық бұзушылықтар үшін қазіргі уақытта қолданылатын айыппұлдар мен өсімпұлдар жүйесі өте қатал. Айыппұл шаралары әдетте қосымша есептелген салықтар сомасынан 50 % мөлшеріндегі айыппұлдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша есептеліп 2,5-ке көбейтілген өсімпұлды қамтиды. Нәтижесінде айыппұл шараларының сомасы толық есептелуі тиіс салықтар сомасынан бірнеше есе артуы мүмкін. Қаржылық кезеңдер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы бес күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық қалдырылады. Белгілі бір жағдайлар кезінде салықтық тексерулер ұзағырақ мезгілдерді қамти алады. Жоғарыда баяндалғандарға орай, салықтардың, айыппұл шаралары мен өсімпұлдардың, егер мұндайлар болса, ақырғы сомасы осы уақытқа және 2012 жылдың 31 желтоқсанына есептелген шығыстарға жатқызылған сомадан артуы мүмкін.

2014 жылғы 30 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ басшылығы қолданылатын заңнама түсіндірмесі дұрыс және Топтың салықтар бойынша ұстанымы аталған шоғырландырылған қаржылық есептемеде қарастырылған немесе ашып көрсетілген жағдайларды қоспағанда расталады деп санайды.

Кредиттік келісімдердің шарттары

1999 жылдан 2011 жылға дейін Топ ЕҚДБ және ХҚДБ-мен (бұдан әрі – кредиторлар) 558 миллион АҚШ доллары және 233 миллион еуро жалпы сомасына кредиттік келісім жасады (16-ескертпе). Топ және кредиторлар арасындағы кредиттік келісімдерге сай Топ мынадай кредиттік келісім шарттарын сақтауға міндеттенеді:



  • Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге арақатынасы кем дегенде 1:1;

  • Жиынтық берешектің жалпы капиталдандыруға ара қатынасы көп дегенде 50%;

  • Қаржылық шығыстарды, пайда салығын, тозу мен амортизацияны («EBITDA») шегергенге дейінгі табыстардың қаржылық шығыстарға ара қатынасы кем дегенде 3:1;

  • Таза борыштың EBITDA арақатысы көп дегенде 4:1;

  • Өзін өзі қаржыландыру коэффициенті кем дегенде 20%;

  • Борышқа қызмет көрсету коэффициенті кем дегенде 1,2.

Басшылық 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ ЕҚДБ және ХҚДБ-мен жасалған кредиттік келісімдердің барлық шарттарын орындады деп санайды. EBITDA есептеген кезде Топ бағамдық айырмашылықтан болған залалды болдырмайды, себебі бағамдық айырмашылықтан болған залал сенімсіз құнсыздану анықтамасына сәйкес келеді және EBITDA есебінен алынып тасталуы тиіс деп санайды. 2014 жылғы 31 желтоқсанда EBITDA есептеген кезде Топ 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған бір жылдағы бағамдық айырмашылықтан болатын 7.510.748 мың теңге сомасындағы залалды болдырмады.
Сақтандыру
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ теңгерімдік құны 134.361.065 мың теңге сомасына өндiрiстiк активтерiн сақтандырды. Сақтандыратын жағдай келгенде сақтандыру төлемі активтердің баланстық құны шегінде жүргізіледі. Топ қалған өндiрiстiк активтердi сақтандырмады. Сақтандырудың жоқтығы активтер құнының азаюын немесе мiндеттемелердiң туындауын білдірмейтіні себепті осы шоғырландырылған қаржылық есептемеде осындай активтердің бүлінуге немесе жоғалуына байланысты күтпеген шығыстарға ешқандай резерв құрылған жоқ.
Келісім-шарттық міндеттемелер
Ұлттық электр торабы жабдығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Топ капиталды инвестициялар жоспарын әзірледі. Осы жоспар шеңберiнде Топ жасаған ашық келісім-шарттар бойынша мiндеттемелер сомасы 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 103.344.164 мың теңгенi құрады (2013 жылғы 31 желтоқсан: 68.611.801 мың теңге.)
ҚОСЫМШАЛАР
1-қосымша. Еншілес және бағынысты ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес және бағынысты ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ-ның 2014 жылғы қызметтік көрсеткіштеріне әсері туралы есеп.
«Энергоинформ» АҚ

Жалғыз акционер – «KEGOC» АҚ (100% акциялары).

Миссиясы: Ең үздік әлемдік тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасы БЭЖ-і ақпараттық-телекоммуникациялық кешенінің сенімді жұмысын және тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Стратегиялық мақсаттары:

«KEGOC» АҚ телекоммуникациялық және ақпараттық кешендерінің сенімді және тиімді жұмыс істеуі мен дамуы.

Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің ақпараттық интеграторын қалыптастыру.

Акционерлік капиталдың құнын арттыру.

Негізгі қызмет - «KEGOC» АҚ телекоммуникациялық және ақпараттық кешендеріне қызмет көрсету, соның ішінде: АСКУЭ, SCADA, БРЭ, ИСУ, ВЧ, РРЛ, ССС, СГП, АТС, ВОЛС, ПОС және корпоративтік сервистер.

«Энергоинформ» АҚ Жарғылық капиталы – 2 179,700 млн. теңге. Шығарылған акцияларының саны 700 000 дананы құрайды, бір акциясының номиналды құны 10 000 теңгеге тең. Орналастырылған акцияларының саны 217 970 дана.

«Энергоинформ» АҚ кірісі 2014 жылы 3 877,742 млн. теңгені құрады, жалпы шығысы – 3 594,907 теңге. Есепті кезеңдегі қызмет қорытындысы бойынша 201,385 млн. теңге табыс түсті.

2013 жылмен салыстырғанда кіріс көлемі 189,39 млн. теңгеге немесе 5,1%-ға артты, бұл ретте шығыс мөлшері де 208,793 млн.теңгеге немесе 6,2%-ға өсті.

2014 жылы «Энергоинформ» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері мынадай жағдайда болды:

- EBIDTA margin көрсеткішінің өткен жылға қарағанда төмендеуі Компания шығысының өсу қарқынымен байланысты болды;

- таза табыс 201,385 млн.тенгені құрады, бұл шама 2013 жылдың нақыт көрсеткішінен 34,511 млн.тенгеге немесе 14,6%-ға төмен болды, бұл өзгеріс еңбекақы төлеу, амортизациялық шығындар және мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді орындау шығыстарының артуы есебінен орын алды.

«Энергоинформ» АҚ 2012 жылғы қазанда «EAST INDUSTRY COMPANY Ltd» ЖШС-мен бірлесе отырып жаңа кәсіпорын - «КазЭнергоПровод» ЖШС құрды. Оның қызметінің негізгі бағыты - электр жеткізудің әуе желілері үшін оқшауландырылмаған А,АС маркалы сымды өндіру және сату. Кәсіпорын қуаты – жылына 8 000 тонна кабель-сым өнімдерін шығару. «Энергоинформ» АҚ-ның «КазЭнергоПровод» ЖШС-ға қатысу үлесі 49,9%-ды құрайды, ақшалай мөлшерде 179,64 млн.теңгені құрайды.

2014 жылы «КазЭнергоПровод» ЖШС мен «Промстрой-Энерго» ЖШС арасында «500 кВ Екібастұз-ШГЭС-Өскемен желісінің құрылысы» жобасы аясында құрылыс нысандарына қажетті жалпы сомасы 2 885,32 млн.теңгеге 5500,74 тонна көлемінде оқшауландырылмаған АС маркалы сымды жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасалды. «Промстрой-Энерго» ЖШС үшін АС 330/43 маркалы 900 тонна сымды жеткізуге қатысты техникалық ерекшелімге қол қойылды. 2014 жылы 307,9 тонна дайын өнім сатылды (АС 330/43 маркалы сым).



«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 қаулысын орындау үшін «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңы бабының 7-3) тармақшасына сәйкес «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС) шешім қабылдады.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 12 тамыздағы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы шешіміне сәйкес құрылды.

Қызметінің негізгі түрі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіне жеткізілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сатуды жүзеге асыру.

Жалғыз құрылтайшысы және Жалғыз қатысушысы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы болып табылады.

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Астана қ., Әділет департаментінің Сарыарқа аудандық Әділет басқармасында 2013 жылғы 27 тамызда тіркелді.

Жарғылық капиталы - 100 млн.теңге.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның 2014 жылғы қорытынды бойынша табысының жалпы сомасы 208,235 млн.теңгені құрады. Шығысы 196,954  млн.тенге болды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық нәтижесі (таза табыс)  9,069 млн.теңгені құрады.


Компания «Энергоинформ» АҚ-мен және «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС-мен нормативтік, қарджылық, бухгалтерлік, техникалық және ұйымдастырушы өкімгерлік құжаттарды келісіп отырады.

«Энергоинформ» АҚ пен «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның 2014 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі Компания қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне әсер еткен жоқ деуге болады.



Көрсеткіштер

шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша («Энергоинформ» АҚ және «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС ескерілмегенде)

шоғырландырылған есептілік деректері бойынша («Энергоинформ» АҚ және «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС ескерілгенде)

2013 жыл

2014 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жалпы басты көрсеткіштер




 




 

EBITDA margin (%)

27,34

26,34

27,37

26,52

Өтімділік және қарыз алу көрсеткіштері













Ағымдағы өтімділік коэффициенті(норматив 1,0 кем емес)

1,74

2,32

1,72

2,33

Пайыздарды жабу (EBIT / Пайыздық сыйақы бойынша шығын)

-11,63

5,14

-11,93

5,23

EBITDA бойынша қарыз (5,0 артық емес)

-12,44

3,26

-11,99

3,22

Қарыз/өзіндік капитал (норматив 2,0 артық емес)

0,42

0,30

0,42

0,30

Рентабелділік көрсеткіштері













Қызмет рентабелділігі, %

-14,42

7,08

-14,76

7,21

АО «Батыс транзит»

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы 2005 жылғы қараша айында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды. «Батыс транзит» АҚ құрылтайшысы «KEGOC» АҚ (20%) және «Мехэнергострой» ЖШС (80%) болып табылады.

«Батыс транзит» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атынан жасалған концессиялық келісім негізінде жүзеге асырылады және концессиялық келісім негізінде жүзеге асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру есебінен қаржыландырылатын ұлттық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке әріптестіктің алғашқы үлгісі болып табылады.

«Қазақстан халқының ұлттық әл-ауқатын жақсарту - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жөніндегі Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу және пайдалану» жобасын «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына кіретін басты жобалардың бірі екені атап өтілді.

«Батыс транзит» АҚ миссиясы: Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің құрылымын жетілдіруге қатысу жолымен Қазақстанның электр энергетикасын дамытуға ықпал ету.

«Батыс транзит» АҚ қызметінің негізгі түрлері:



  • электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсету;

  • электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану;

  • құрылыс-монтаждау жұмыстары;

  •  қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған қызметтің басқа түрлері.


2-қосымша. 2015 жылға арналған корпоративтік күнтізбе


қаңтар

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік кеңес

1 мамырға дейін

Тұтынушыларға Компанияда реттелетін қызметтер көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беру

22 мамырға дейін

ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің 47-отырысына қатысу, Ереван қ.

29 мамырға дейін

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу

мамыр

«Шапағат» атты Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауы

қазан

Акционерлердің кезектен тыс Жылдық жалпы жиналысын өткізу

маусым

Орталық Азия Үйлестіруші Электр энергетикалық кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысу, Душанбе қ.

қазан

ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің 48-отырысына қатысу, Ереван қ.

қазан

Жыл сайынғы KAZENERGY форумы

қазан

«КЗ Рационализаторы» Республикалық рационализаторлық ұсыныстар конкурсына қатысу

қараша

Реттелетін қызмет түрлеріне жаңа тарифтерді енгізу

қараша

2016-2020 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту

қараша

КЭА энергетиктерінің X  Республикалық кеңесі жұмысына қатысу

4 тоқсан

ЕҚДД-мен Кредиттік келісімге қол қою
«KEGOC» АҚ күш-жігеріне қарамастан оқиғаның нақты мерзімдері мен сипаты көрсетілген ақпараттан өзгеруі мүмкін.

3-қосымша. Сөздік




Мағынасы

АҚ

акционерлік қоғам

«Самұрық-Қазына» АҚ,

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы


«KEGOC» АҚ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы

АҚҚ

автоматтық қайталама қосу

ТМРА

Қазақстан Республикасының Табиғи монопорлияларды реттеу агенттігі

ӘБП

әкімшілік-басқарушы персонал

ЖЖ

жоғары вольттық желілер

ІНҚ

ішкі нормативтік құжат

ЖЭС

жел электр станциясы

ГТЭС

газтурбиналық электр станциясы

МАЭС

мемлекеттік аудандық электр станциясы

ГЭС

гидроэлектростанция

ЕБҰ

еншілес және бағынысты ұйымдар

ЕҚДБ

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі

ЕЭК

Біртұтас экономикалық кеңістік

БЭЖ

біртұтас электр энергетикалық жүйе

АД

атқарушы дирекция

БМЖ

біріктірілген менеджмент жүйесі

АК

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті

ТСК

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті

СЖКБК

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеті


Компания

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы

кВт∙сағ

киловатт-сағат

ЭЖЖ

электр жеткізу желілері

ХДҚБ

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

МВА

мегавольт-ампер

МВт

мегаватт

ҚЕХС

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

ЖЭТ

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалы

ЖО ҰДО

«KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ЖЗҚ

Жинақтаушы зейнетақы қоры

ҚҚС

қосымша құн салығы

ҒТК

ғылыми-техникалық кеңес

ҰЭТ

Ұлттық электр торабы

ААҚ

ашық акционерлік қоғам

АТҚ

ашық тарату құрылғысы

ҚОӘБ

қоршаған ортаға әсерді бағалау

ЗТБ

заңды тұлғалар бірлестігі

алдҚОӘБ

қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау

ҚС

қосалқы станция

ЭҚР ПУЛ

Қазақстанның электр қуаты резервінің пулы

ӨДО

өңірлік диспетчерлік орталық

ӨЭК

өңірлік электр желілік компания

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ТМД

тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ІАҚ

ішкі аудит қызметі

ІБЖ

ішкі бақылау жүйесі

КЭС

күн электр станциясы

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ТЭН

техникалық-экономикалық негіздеме

ЖЭС

жылу электр станциясы

ЖЭО

жылу электр орталығы

Филиалдар

«KEGOC» АҚ ЖЭТ және ЖО ҰДО филиалдары

ЭҚҰ

энергиямен жабдықтаушы ұйымдар


БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

ЖАЛПЫ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат

Тел. +7(7172) 319522

Факс +7(7172) 690455

E-mail: kegoc@kegoc.kz
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША

Корпоративтік даму департаменті

Жұлдыз Жұмабаева

Тел. +7(7172) 690326

E-mail: zhumabayeva_zh@kegoc.kz
Рамазанова Айжан

Тел. +7(7172) 690434

E-mail: Ramazanova@kegoc.kz
Инвесторлармен байланыс департаменті

Сағынтаева Динара

Тел. +7(7172) 690491

E-mail: Sagintayeva@kegoc.kz
АУДИТОР

«Эрнст энд Янг» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 77/7 (Есентай тауэр)
Тел. +7 (727) 258 5960
Факс +7 (727) 258 5961
e-mail: almaty@kz.ey.com

РЕГИСТРАТОР

«Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ,

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 141.

Тел. +7(727) 272 4780






Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері:
Электр энергиясының ағындары
Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
Инвестициялық қызмет
Тариф саясаты
Акционер туралы
Дивиденд саясаты
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)
Негізгі құралдар (жалғасы)
Активтерді қайта бағалау резерві


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу