2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет21/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

3 және 4-ескертпелерде берілгендей 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Топ ҰЭТ ғимараттарын есепке алу әдісін қайта бағалау моделіне өзгертті. Топ аккредиттелген тәуелсіз бағалаушы «Делойт ТСФ» ЖШС-ны ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалау үшін тартты. Топ 2014 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша ҰЭТ ғимараттарына қайта бағалау жүргізді. Бұған дейінгі қайта бағалау 2013 жылғы 1 қарашадағы жай-күй бойынша жүргізілген болатын.

ҰЭТ-тың қайта бағаланған ғимараттары активтерге тән табиғатына, сипаттамасы мен тәуекелдеріне сүйене отырып, БЕХС 13 сай активтердің бір сыныбын білдіреді. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын анықтауға арналған шығыс деректері (бақыланбайтын шығыс деректер) әділ құнның бағыныстылық сатысында 3-деңгейге жатады. Бағалау әдісі мен негізгі қолданылған ұйғарымдар 4-ескертпеде келтірілген.

Қайта бағалау нәтижесінде Топ 138.887.289 мың теңге (2013: 138.645.728 мың теңге) сомасындағы басқадай жиынтық табысың құрамына енгізілген кейбір активтерді қайта бағалаудан болған құнның өсімін және 27.777.458 мың теңге (2013: 27.729.146 мың теңге) сомасындағы кейінге қалдырылған тиісті салықтық міндеттемелерді таныды. Әділ құнының баланстық құннан арту сомасы қалған сома қайта бағалау бойынша тиісті резервтің артуы ретінде көрсетілген уақытта бұрын бұл активтер құнсызданған дәрежеде 14.250.162 теңге жалпы сомасына (2013: қайта бағалаудан болған залал: 26.807.757 мың теңге) қайта бағалаудан болған табыс ретінде пайда мен залал туралы есепте көрсетілді.

ҰЭТ ғимараттарының баланстық құны, егер олар жинақталған тозуды шегергенде бастапқы құн бойынша есепке алынған болса, былайша берілді:


Мың теңгемен

2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы 31 желтоқсан









Бастапқы құны

249.271.338

201.961.515

Жинақталған тозу

(65.946.769)

(59.478.037)

Қалдық құны

183.324.569

142.483.478

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 1.586.978 мың теңге (2013: нөл) жалпы сомасына Топтың клиенті «Алтай Полиметаллы» ЖШС-дан қосалқы станция мен электр жеткізу желілерін қоса алғанда, негізгі құралдарды ақысыз алды. Топ тиісті пайданы жиынтық табыс туралы есепте басқадай табыс ретінде таныды (25-ескертпе).

2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша негізгі құралдар бойынша ақпарат мыналарды қамтиды:


Мың теңгемен

2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан









Пайдалануда тұрған, толығымен амортизацияланған негізгі құралдар (бастапқы құны бойынша)

6.261.817

5.270.606

Қарыздар бойынша капиталдандыру

2014 жылғы 30 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ 414.827 мың теңге сомасына 0,61% - 4,28% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды (2013: 0,87% - 4,30% мөлшерінде капиталдандыру мөлшерлемесі бойынша 1.047.882 мың теңге).



Аяқталмаған құрылыс

Аяқталмаған құрылыс, негізінен, «500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» және «500 кВ Шүлбі ГЭС (семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу» жобаларын іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен және жабдықпен берілді.



Ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстар негізінен «500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасы бойынша жеткізушілерге құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін төленген аванстармен ұсынылған (2013: 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар негізінен «Кернеуі 500кВ, 220кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-іне жалғанатын 500кВ Алма ҚС-ны салу», «Қазақстан Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең», «220кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» және 2014 жылы аяқталған Әкімшілік ғимаратын салу жобалары бойынша құрылыс жұмыстары мен қызметтері үшін жеткізушілерге төленген аванстармен ұсынылған).


8. ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН КОМПАНИЯЛАРҒА ИнвестициЯЛАР


Қауымдастырылған компанияларға инвестициялар былайша келтірілген:

Мың теңгемен

2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан

«ҚазЭнергоСым» ЖШС

167.112

220.446

«Батыс Транзит» АҚ

115.053






282.165

220.446

Топтың қауымдастырылған компаниялардағы иелену үлесі былайша келтірілген:




2014 жылғы

30 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан

«ҚазЭнергоСым» ЖШС

49,9%

49,9%

«Батыс Транзит» АҚ

20,0%

20,0%



«ҚазЭнергосым» ЖШС

2012 жылдың қазанында Топ пен «East Industry Company Ltd» ЖШС, үшінші тарап «ҚазЭнергоСым» ЖШС (бұдан әрі мәтін бойынша «ҚазЭнергоСым») құрды. ҚазЭнергоСым –ның негізгі қызмет ететін және тіркелген жері Қазақстан Республикасы болып табылады. ҚазЭнергоСым-ның негізгі қызметі кабельді және өткізгіш өнімдерді өндіру және сату болып табылады.


2014 жылғы 30 қаңтарда Топ және «East Industry Company Ltd» ЖШС «ҚазЭнергоСым» ЖШС жарғылық капиталын 360.000 мың теңгеге дейін азайту туралы Жарғылық шарттың қосымша келісіміне қол қойды, нәтижесінде Топқа 44.710 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат қайтарылды.

Төменде келтірілген кесте ҚазЭнергоСымның жалпы қаржылық ақпаратын қамтиды:



Мың теңгемен

2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



Қаржылық жағдайы туралы есеп




Ағымдағы активтер

326.031

214.167

Ұзақ мерзімді активтер

158.449

153.012

Ағымдағы міндеттемелер

(149.587)

(652)

Ұзақ мерзімді міндеттемелер




Таза активтер

333.893

366.527

Топтың таза активтердегі үлесі





167.112







167.112

182.897

Басқа да құрылтайшылардың







жарғылық капиталға төленбеген жарнасы




37.549

Инвестициялардың баланстық құны

167.112

220.446


Мың теңгемен

2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан

Жиынтық табыс туралы есеп







Табыстар

140.748

221.533

Таза залал

(17.284)

(7.334)

Топтың қауымдасқан компаниялардың залалындағы үлесі

(8.624)

(3.659)


«Батыс Транзит» АҚ

«Батыс Транзит» негізгі қызмет ететін жері және тіркелген елі Қазақстан Республикасы болып табылады. «Батыс Транзит» негізгі қызметі Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен қосатын өңіраралық электр жеткізу желісін салу мен пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру болып табылады. «Батыс Транзит» облигациялары Қазақстан Қор Биржасында шығарылған. «Батыс Транзитке» салынатын инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойныша есепке алынады.

2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «Батыс Транзитке» инвестициялардың баланстық құны капитал құнын нөлге дейін түсірген жинақталған залалдарға байланысты нөлге дейін есептен шығарылды. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «Батыс Транзит» залалдарындағы танылмаған үлестің жалпы сомасы 86.042 мың теңгені құрды. 2014 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай ішінде «Батыс Транзит» таза табысы 1.005.474 мың теңгені құрды. Нәтижесінде, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі жай-күй бойынша 115.053 мың теңге сомасында «Батыс Транзит» пайдаларындағы үлесті таныды, бұл бұрын танылмаған залалдардың үлесінен артады.



Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері:
Электр энергиясының ағындары
Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
Инвестициялық қызмет
Тариф саясаты
Акционер туралы
Дивиденд саясаты
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)
Негізгі құралдар (жалғасы)
Активтерді қайта бағалау резерві


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет