2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет17/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Негізгі құралдар (жалғасы)

Қайта бағалаудан құнның өсуі ЖСҚ құрамында көрсетіледі және пайда немесе шығын құрамында жүргізілген қайта бағалау салдарынан мойындалған осы активті қайта бағалаудан болған шығынды қалпына келтіретін оның бөліктерін қоспағанда, капитал құрамына кіретін активтерді қайта бағалау қорын ұлғайтуға жатады. Қайта бағалаудан болған шығын қайта бағалау қоры құрамында бұрын мойындалған осы актив бойынша оң қайта бағалауды тікелей азайтатын оның бөліктерін қоспағанда, жиынтық кіріс туралы есептемеде мойындалады. Актив істен шыққан жағдайда аталған активке тікелей жататын қайта бағалау қорының бір бөлігі қайта бағалау қорынан бөлінбеген пайда құрамына ауыстырылады.

Амортизация (өтелім) активтерді пайдалы қолданудың бағалау мерзімі ішінде сызықтық әдіспен былайша есептеледі:






Ғимараттар

60 жыл

ҰЭТ құрылыстары




Электр жеткізу желілері

50 жыл

Қосалқы станциялар жабдықтары

12-30 жыл

Үймереттер

10-30 жыл






Көлік және басқа негізгі құралдар




Басқа машиналар мен жабдықтар

7-25 жыл

Көлік құралдары

11 жыл

Компьютерлер және деректерді өңдеу жөніндегі басқа жабдықтар

4-10 жыл

Интерьер және шаруашылық заттары

7 жыл

Басқа негізгі құралдар

3-15 жыл

Жер амортизациялауға жатпайды.



Негізгі құралдарды тиімді пайдалану мерзімі мен өтімділік құнына әрбір жылдық есепті кезеңнің соңында талдау жасалады және қажет болған жағдайда түзету енгізіледі. Егер болжам бұрынғы болжамдардан ерекшеленген жағдайда өзгерістер ХҚЕС (IAS) 8 «Есепке алу саясаты, бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателер» сәйкес бухгалтерлік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеріледі. Аталған бухгалтерлік бағалау негізгі құралдардың қалдық құнына және жиынтық кіріс туралы есепте танылған негізгі құралдардың тозу сомасына айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.

Негізгі құралдар объектісін мойындау ол істен шыққан кезде немесе оны пайдаланудан немесе істен шығуынан келешекте экономикалық пайда алу күтілмеген жағдайда тоқтатылады. Активтерді мойындауды тоқтату кезінде туындаған кез келген табыстар немесе шығыстар (істен шығу мен активтің баланстық құнынан түсетін таза түсімдер арасындағы айырма ретінде есептелген) активтерді мойындау тоқтатылған кезде есепті жылдағы пайдалар немесе шығындар құрамына енгізіледі.

Материалдық емес активтер

Материалдық емес активтер бастапқы мойындау кезінде бастапқы құн бойынша бағаланады. Бастапқы мойындаудан кейін материалдық емес активтер жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріле отырып есепке алынады. Өнімдерді әзірлеуге капиталдандырылған шығындарды қоспағанда, Компанияның ішінде өндірілген капиталдандырылмайды және тиісті шығындар есептік кезең ішіндегі туындаған пайдалар мен шығындарда көрсетіледі.

Топтың материалдық емес активтерге ең бастысы компьютерлік бағдарламалық жасақтама мен лицензиялар енгізіледі. Материалдық емес активтер сызықтық әдіспен активтерді 3 жылдан 20 жылға дейінгі пайдалы қолдану мерзімі ішінде өтелінеді.

Зерттеулер мен әзірлемелерге арналған шығындар

Зерттеулерге арналған шығындар олардың туындау шамасына қарай шығыстарға жатқызылады. Нақты өнімді әзірлеуге арналған шығындар нәтижесінде туындайтын материалдық емес актив Топ мыналарды көрсете алатын кезде танылады:



  • материалдық емес актив пайдалану немесе сату үшін қолжетімді болатындай оны құрудың техникалық жүзеге асырушылығы;

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Зерттеу мен әзірлеуге арналған шығындар (жалғасы)

  • материалдық емес активті құру және оны пайдалану немесе оны сатуға өз ниеті;

  • материалдық емес активтің болашақ экономикалық пайдаларды қалай жасайтындығы;

  • әзірлемені аяқтау үшін жеткілікті ресурстардың болуы;

  • материалдық емес активті әзірлеу барысында оған жатқызылатын шығындарды сенімді бағалау қабілеті.



Әзірлеуге арналған шығындарды актив ретінде бастапқы мойындаудан соң активтер жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріле отырып бастапқы құн бойынша есепке алынады. Активтің өтелуі актив пайдалануға дайын болғанда әзірлеме аяқталған соң басталады. Амортизация болашақ экономикалық пайдаларды алудың болжамды мезгілі ішінде жүргізіледі. Амортизация өзіндік құн құрамында көрсетіледі. Әзірлеу мезгілінің ішінде актив жыл сайын құнсыздану тақырыбына тестіленеді.

Қаржы емес активтердің құнсыздануы

Әрбір есептік күнге Топ активтің мүмкін болар құнсыздану белгілері бар екендігін айқындайды. Егер осындай белгілер орын алса немесе егер активке құнсыздануға жыл сайын тексеру жүргізу талап етілсе, Топ активтің қайтарылатын құнына бағалау жүргізеді. Ақша ағындарын өндіретін активтің немесе бөлімшенің қайтарылатын құны (ПГДП) – бұл мына шамалардан ең үлкен: сатуға арналған шығындарды шегере отырып, активтің әділ құны (ПГДП) және активті пайдаланудан құндылығы (ПГДП). Қайтарылатын құн негізінен актив басқа активтер немесе актив топтары өндіретін ағындарға тәуелсіз ақша қаражаты ағындарын өндіретін жағдайды қоспағанда, жекелеген активтер үшін анықталады. Егер активтің немесе ақша ағынын өндіретін бөлімшенің баланстық құны оның қайтарылатын құнынан асып түссе, актив құнсызанды деп саналады және қайтарылатын құнға дейін есептен шығарылады.

Пайдаланудан құндылықты бағалау кезінде болашақ ақшалай ағындар салық салуға дейін дисконттау мөлшерлемесі бойынша дисконтталады, ол уақытша ақша құнына ағымдық нарықтық бағалау мен активке тән тәуекелдерді көрсетеді. Сатуға арналған шығындарды шегере отырып, әділ құнды айқындау кезінде тиісті бағалау моделі қолданылады. Бұл есептеулер бағалау коэффициенттерімен, акциялар нарығында еркін айналатын баға котировкаларымен немесе басқа да әділ құнның қолжетімді көрсеткіштерімен расталады.

Топ пайдалану құндылығы тұрғысынан құнсыздану сомасын анықтайды, ол Топтың соған бөлек активтер жатқызылатын әрбір ПГДП үшін жеке даярланады. Бұл жоспарлар мен болжамдық есептеулер әдетте бес жылға жасалады. Ұзағырақ мезгілдер үшін ұзақ мерзімді өсім қарқындары есептеледі, олар бесінші жылдан кейінгі болжанатын болашақ ақшалай ағындарға қатысты қолданылады.

Жалғаса беретін қызметтің құнсыздануынан болатын залалдар (қорлардың құнсыздануын қоса алғанда) қайта бағалау басқа да жиынтық табыста танылған, бұрын қайта бағаланған ҰЭТ ғимараттарын қоспағанда құнсызданған актив функциясы сәйкес келетін шығыстардың санаттары құрамында жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте танылады. Осындай активтердің құнсыздануы бұрын танылған қайта бағалау сомасы шегінде басқа да жиынтық табыста мойындалды. Әрбір есептік күнге Топ гудвилді қоспағанда, активтің құнсыздануынан бұрын танылған залалдар енді болмайтын немесе қысқарған белгілерінің бар-жоғын айқындайды. Егер осындай белгі бар болса, Топ активтің немесе ПГДП-нің қайтарылатын құнын есептейді. Құнсызданудан болған бұрын танылған залалдар тек, егер де залалды құнсызданудан соңғы мойындау кезінен активтің қайтарылатын құнын айқындау үшін пайдаланылатын бағалаудағы өзгеріс болған жағдайда ғана қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру активтің теңгерімдік құны оның қайтарылатын құнынан аспайтындай, сондай-ақ сол бойынша осы актив егер де бұрнағы жылдары құнсызданудан болатын залал мойындалмаған жағдайда мойындалса, амортазизацияны шегергендегі теңгерімдік құннан аса алмайтындай шектелген. Мұндай қалпына келтіру актив қайта бағаланған құн бойынша танылғандағы жағдайларды қоспағанда, пайдалар мен залаларда мойындалады. Қалпына келтірудің осындай жағдайларында құнсыздану жөніндегі резерв жиынтық кіріс туралы есепте мойындалады.

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Қауымдасқан компанияға инвестициялар

Қауымдасқан компания – бұл Топ соған айтарлықтай әсер тигізетін компания. Айтарлықтай әсер ету - бұл инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға арналған өкілеттік, бірақ осындай саясатқа қатысты бақылау немесе бірлескен бақылау емес.

Айтарлықтай әсер етудің немесе бірлескен бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторлар еншілес компанияларға бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторларға ұқсас.

Топтың өзінің қауымдасқан компанияға инвестициялары қатысу үлесі әдісі бойынша есепке алынады.

Қатысу үлесі әдісіне сәйкес қауымдасқан компанияға инвестициялар бастапқы құн бойынша танылады. Инвестицияның баланстық құны Топтың үлесі сатып алған күннен кейін туындайтын қауымдасқан компанияның таза активтеріндегі үлесін мойындау нәтижесінде көбейтіледі немесе азайтылады. Қауымдасқан компанияға жатқызылатын гудвил инвестицияның баланстық құнына енгізіледі және амортизацияланбайды, сондай-ақ құнсыздану тақырыбына бөлек тексеруге ұшырамайды.

Жиынтық кіріс туралы есеп Топтың Қауымдасқан компания қызметінің қаржылық нәтижелеріндегі үлесін көрсетеді. Егер де Қауымдасқан компанияның капиталында тікелей мойындалған өзгеріс орын алса, Топ осындай өзгерістің өз үлесін мойындайды және капиталдағы өзгерістер туралы есепте бұл қолданылатындай осы жәйтті ашады. Топтың Қауымдасқан компаниямен операциялары бойынша туындаған пайдалар мен залалдар Топ Қауымдасқан компанияда қатысу үлесіне ие дәрежеде алынып тасталды.

Қауымдасқан компанияның пайдасындағы Топтың үлесі жиынтық кіріс туралы тікелей есепте ұсынылған. Ол Қауымдасқан компанияның акционерлеріне келетін пайданы көрсетеді және сондықтан да Қауымдасқан компанияның еншілес компанияларындағы салық салу мен бақылаусыз қатысу бөлігін есепке алған соң пайда ретінде анықталады.

Қауымдасқан компанияның қаржылық есептемесі Топтың қаржылық есептемесі секілді сол есептік мезгіл үшін жасалады. Қажет жағдайда оған есепке алу саясатын Топтың есепке алу саясатымен сәйкестендіру мақсатында түзетулер енгізіледі.

Қатысу үлесін қолданған соң Топ Қауымдасқан компанияға өз инвестициясы бойынша құнсызданудан қосымша залалды мойындау қажеттігін айқындайды. Әрбір есептік күнге Топ Қауымдасқан компанияға инвестициялардың шынайы құнсыздану айғақтарының болуын белгілейді. Осындай айғақтар бар жағдайда Топ құнсыздану бағасын Қауымдасқан компанияның қайтарылатын құны мен оның баланстық құны арасындағы құнсыздану сомасын есептейді және осы соманы «Қауымдасқан компанияның пайдасындағы үлес» бабы бойынша пайдалар мен залалдар туралы есепте мойындайды.

Қауымдасқан компанияға айтарлықтай әсердің жоғалуы жағдайында Топ қалған инвестицияларды әділ құн бойынша бағалайды және мойындайды. Қауымдасқан компанияның елеулі әсерін жоғалтқан тұсындағы баланстық құны және қалған инвестициялар мен түсімдері арасындағы айырма пайда немесе залал құрамында мойындалады.



Қаржылық құралдар − бастапқы мойындау және кейінгі бағалау

Қаржылық активтер

Бастапқы мойындау мен бағалау

Топтың қаржылық активтеріне ақша қаражаты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді депозиттер, саудалық және басқа да дебиторлық берешек, белгіленген және белгіленбеген қаржы құралдары кіреді.

Қаржылық активтер бастапқы танылған кезде тиісінше пайда немесе залал; займдар және дебиторлық берешек; жабылуға дейін ұсталатын инвестициялар; сату үшін қолда бар қаржылық активтер, тиімді хеджерлеу кезіндегі хеджерлеу құралдары ретінде анықталған туынды құралдар арқылы әділетті құн бойынша қайта бағаланған қаржылық активтер ретінде жіктеледі. Барлық қаржылық активтер пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржылық есептерді қоспағанда, бастапқыда солармен мәміле бойынша тікелей байланысқан пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланбаған инвестициялар жағдайында ұлғайтылған әділ құн бойынша мойындалады.



Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері:
Электр энергиясының ағындары
Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
Инвестициялық қызмет
Тариф саясаты
Акционер туралы
Дивиденд саясаты
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)
Активтерді қайта бағалау резерві


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу