2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет13/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

Тұрақты көздерден болатын шығарындылар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органы бекіткен әдістеме бойынша есептеледі, сондай-ақ жүргізілген өлшемдерге сай айқындалады.

Жылжымалы көздерден болатын шығарындылар есептелмейді, жылжымалы көздерден болатын шығарындылар үшін жүргізілетін төлемдер есебі негізінде «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске» сай пайдаланылған отын көлемі қолданылады.

2014 жылы «Siemens» ЖШС-мен (Алматы) элегаздық ажыратқыштарға сервистік қызмет көрсету жөніндегі жыл сайынғы шарт жасалды, ол элегаздың мүмкін болар жылыстауының алдын алуға бағытталған.


Өндіріс қалдықтары

Түрлеріне қарай пайда болатын қалдықтар өндірістік және тіршілік ету үдерісінде пайда болатын коммуналдық (қатты тұрмыстық қалдықтар) болып бөлінеді.

Қауіптілік деңгейі бойынша барлық қалдықтар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне сай былайша бөлінеді:


    • «жасыл» - индекс G (қауіпсіз);

    • «ашық сары» - индекс А (қауіпті);

    • «қызыл» - индекс R (қауіпті).

Компанияда аса қауіптісі құрамында сынап бар қалдықтар (пайдаланылған люминисцентті шамдар) болып табылады, олар «ашық сары» қауіптілік деңгейіне жатқызылады.

Негізгі өндіріс қалдықтары – бұл жабдықтарды пайдалану, жөндеу мен жаңғырту кезінде пайда болатын трансформатор майы мен металл сынықтары.

Өндірістік қалдықтар арнайы жабдықталған алаңдар мен қатты жабынды үй-жайларда сақталады. Әрбір қосалқы станса үшін қалдықтарды орналастырудың карта-схемасы әзірленген. 2014 жылы «KEGOC» АҚ бөлімшелерінде 2806 тонна қалдық пайда болды, олардың ішінде сынақ алаңдарына 944 тонна орналастырылды, 283 тонна қалдық қайтадан пайдалану мақсаты үшін кәдеге жаратуға тапсырылды. Трансформатор майы мен металл сынықтарын көп бөлікте мамандандырылған ұйымдар сатып-өткізді.

Су объектілеріне және топыраққа әсер

Компанияның суды тұтыну көлемі көп емес, себебі технологиялық процесте суды қолданбайды. Су объектілеріне және рельефке лақтырындылар жүзеге асырылмайды. ЖЭТ филиалдарының объектілерінде жұмыс істеп тұрған ұңғымалар алынған рұқсаттарға сай пайдаланылады. 5 филиалдың объектілерінде артезиан суымен жабдықтайтын құрылғы бар. Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес, ұңғымалардың су қоймаларында мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жер астындағы суларға мониторинг жүргізілді.

Ықтимал ластайтын көздер дегеніміз май толтырылған жабдықтар қолданылатын трансформатор майы, сонымен қатар шаруашылық қажеттіліктері үшін суды пайдалану нәтижесінде пайда болған ағынды сулар болып табылады. Май толтырылған жабдық май қабылдайтын құрылғылармен немесе табандықтармен жабдықталған, бұл майдың топыраққа түсуін болдырмайды.
Экологиялық төлемдер

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер белгіленген мерзімдерге сай жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаны тұрақты көздерден болатын лақтырындылармен ластағаны үшін жүргізілетін төлемдер кейбір ЖЭТ филиалдарында лақтырындылармен ластанғаны үшін жүргізілетін төлемдер нақты шығарындыларды есептеу негізінде немесе өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша жүргізіледі. Атмосфералық ауаны автокөліктен болатын лақтырындылармен ластағаны үшін төлемдер төлемдер отынның нақты пайдаланылуы бойынша есептік деректер негізінде жүргізіледі. 2014 жылға тұрақты және жылжымалы көздерден эмиссия үшін жүргізілетін төлемдер 4,3 млн.теңгені құрды.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша сыртқы қызметтерге жұмсалатын шығыстар 2014 жылы мынаны құрады:


  • атмосфералық ауаға, су ресурстарына, топыраққа және ағын суларға монитроинг жүргізуге – 7,07 млн.теңге;

  • 4 ЖЭТ филиалы бойынша экологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуге, қауіпті қалдықтар паспортын әзірлеуге, экология бойынша қажетті есептерге – 0,8 млн.теңге;

  • өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға – 9,03 млн.теңге;

  • ISО 9001, ISО 14001 және OHSAS 18001 (толымда) бойынша менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі сыртқы органның тексеру жүргізуіне – 11,52 млн.теңге.

Экологиялық менеджмент жүйесінің жұмысы

Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаты «KEGOC» АҚ Экологиялық саясатына сәйкес экологиялық көрсеткіштер бойынша нәтижелілік пен жақсаруларды қамтамасыз ету, сондай-ақ Компанияның қызметінің ерекшелігіне байланысты экологиялық аспектілер мен тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

«KEGOC» АҚ-дағы 2014 жылғы барлық экологиялық тәуекелдер басқарылатын жағдайда тұр, тәуекелдердің егжей-тегжейленуі «KEGOC» АҚ-ның экологиялық аспектілері тізілімінде айқындалған.

Экологиялық тәуекелдерді басқару, сонымен бірге мақсатты және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар «KEGOC» АҚ жыл қорытындылары бойынша орындалған 2014 жылға арналып, жыл қорытындылары бойынша орындалған Экологиялық бағдарламасында белгіленген. 2014 жылы «трансформатор майы», «пайдаланылған трансформатор майы» және «металл сынықтары» экологиялық аспектілері «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасы шеңберінде май толтырылған жабдықты ауыстыруға байланысты маңызды болып табылған. Өзіндік мұқтаждық трансформаторларды құрғаққа, майлы ажыратқыштарды элегаздық немесе вакуумдыққа алмастыру жүзеге асырылды. Майсыз жабдықты қолдану экологиялық болып табылады, өрт қауіпсіздігі артады, жер астындағы сулар мен топырақтардың ластануын болдырмайды.

Көп бөлігі бөлек жиналып, сақталған және бұдан әрі кәдеге жарату немесе көму үшін уақтылы шығарылып отырған өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу шаралары, физикалық факторлардың және басқа да экологиялық тәуекелдерді болдырмау жөніндегі шаралар қолданды.

2014 жылы Компанияның барлық филиалдарында менеджменттің біріктірілген жүйесінің ішкі аудиті жүргізілген болатын, солардың қорытындылары бойынша ЖЭТ филиалдарының көптеген тексерілген объектілерінде экологиялық менеджмен жүйесі мен экологиялық талаптарына сәйкессіздік анықталған жоқ. Аздаған ескертулер белгіленген мерзімде болдырмау жөніндегі шаралар қабылданған кейбір объектілерде қалдықтарды басқаруға қатысты болды.

Сертификациялық аудиттің қорытындылары бойынша 2014 жылы экологиялық менеджмент жүйесі шеңберінде компания қызметінің ИСО 14001:2004 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігі расталды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру барысындағы табиғатты қорғау іс-шаралары

ҰЭТ дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлаған кезде электр желілік объектілерді жаңғырту және салу жөніндегі инвестициялық жобаларда техникалық тапсырмаларға жобаларды жобалау мен іске асыру кезіндегі экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар енгізіледі.

«Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасы және ағымдағы инвестициялық бағдарлама шеңберінде майлы ажыратқыштарды элегаздық және вакуумдық ажыратқыштарға ауыстыру «KEGOC» АҚ-да жаңа жабдықты қолданудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Элегаздық және вакуумдық ажыратқыштар, майлы ажыратқыштарға қарағанда жоғары сенімділік көрсеткіштеріне, бас тарту атқарымдарына, ұзақ уақыттыққа ие болады, жоғары техникалық көрсеткіштерге ие, қызмет көрсетуде жеңіл болады. Майлы ажыратқыштарды элегаздық және вакуумдықтарға, өзіндік мұқтаж трансформаторларын құрғақтықа алмастыру 2014 жылы электр жабдығына құйылған трансформатор майын 366 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 500кВ «Өлке» ҚС, 500кВ «Ағадыр» ҚС, 500кВ «Жалағаш» ҚС, 500кВ «Аврора» ҚС, 500 кВ «Степная» ҚС қайта құру жобаларының ҚОӘБ қаралды және келісілді.

«500кВ Қазақстан-Қырғызстан мемлекетаралық электр жеткізу желісін салу» жобасының предОВОС бөлімдері, «500 кВ Екібастұз – Семей - Өскемен ӘЖ құрылысы» жобасының 3 объектісі бойынша ОВОС; «Павлодар энерготорабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасының 3 объектісі бойынша ОВОС; «KEGOC» АҚ-ның «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының «ҰЭТ-ты қаз тұрғызу»; «Балқаш ЖЭС-ның қуатын беру» бөлімдері қаралды және келісілді.

Экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі мақсаты үшін «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасының шеңберінде «220 кВ Түлкібас – Боранды ӘЖ құрылысы» жобасының ОВОС бойынша 2014 жылғы 29 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында және 2014 жылғы 30 шілдеде Жамбыл облысының Жуалы ауданында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдауға ҮЕҰ, БАҚ, Жамбыл және Алматы облыстарының атқарушы органдарының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.


Өндірістік қауіпсіздік

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік

Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайын құру, технологиялық операцияларды орындаған кезде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

2014 жылы Компанияда әзірленгендер:


      • «KEGOC» АҚ-ның Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджмент жүйесі жөніндегі 2014 жылға арналған бағдарламасы;

      • «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған қауіптер мен тәуекелдер тізілімі;

      • «KEGOC» АҚ 2014 жылға арналған маңызды қауіптері мен тәуекелдері тізілімі.

«KEGOC» АҚ электр тораптар мен қызметкерлерінің еңбегін қорғау жұмыстарының сенімділігін артыру жөніндегі сенімділік және еңбек қорғау қызметтерінің (топтарының) жұмысын жетілдіру, проблемалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2004 жылдың 26-28 наурызы аралығында мәжіліс өткізілді. Мәжіліске барлық филиалдардағы, сондай-ақ «Энергоинформ» АҚ-дағы сенімділік және еңбек қорғау қызметтерінің (топтарының) басшылары қатысты.

2014 жылы еңбекті қорғауға жұмсалған нақты шығындары Компания бойынша 205,216 млн.теңгені құрады. 2014 жылы бұл сомаға Компания қызметкерлері медициналық тексеруден өтті, барлық қазіргі заманғы оқыту, біліктілікті арттыру түрлерімен қамтылды; қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, соның ішінде электрден қорғайтындармен, арнайы тағамдармен, дәрі-дәрімектермен қамтамасыз етілді. Жұмыс үдерісінде зиянды факторлардың ықпалына ұшырайтын қызметкерлер олардың жұмыс орындарын зиянды еңбек жағдайының болуына аттестаттау нәтижелері бойынша нормалармен белгіленген өтемақылар алды.

Барлық филиалдарда жөндеу науқаны кезеңінде жөндеу бригадаларына жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі семинарлар, қорғаныс құралдарымен, құралдармен, такелаждармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуін тексерілетін аттестация өткізілді.

«KEGOC» АҚ-ның барлық филиалдарында техникалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және объектілердің өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне мақсатты тексеру ұйымдастырылып, жүргізілді.

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес, 2014 жылға қызметкерлерді міндетті сақтандыру жөніндегі қызмет сатып алынды. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіптілігімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес 2014 жылға осындай жауапкершілікті міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтер сатып алынды.

Өрт қауіпсіздігі

2014 жылы «KEGOC» АҚ филиалдарында өрт қауіпсіздігін қолдауға арналған қаржыландыру 6,61 млн.теңгені құрады.

2014 жылы «KEGOC» АҚ-та өрт қауіпсіздігінің сапасын арттыру және қолдау үшін мынадай іс-шаралар атқарылды:


  • ғимараттың ағаш құрылымдарының 42 623, 75 шаршы метрі өрттен қорғайтын құраммен өңделді;

  • 144 өрт сөндіргіш қайтадан куәландырылды;

  • 773 өрт сөндіргіш қайта толтырылды;

  • қосалқы станцияларда өртке қарсы жаттығулар өткізілді, соның ішінде 25 мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бірлесе, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалар, өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар өткізілді;

  • сыртқы өртке қарсы су құбырлары, ішкі су құбырлары, өрт сөндіретін автоматты қондырғылар сыналды.

Филиалдарда өрт қауіпсіздігіне 156 алдын ала тексеру жүргізген филиалдардың бас инженерлерінің басқаруымен өрт-техникалық комиссиясы құрылды. Анықталған бұзушылықтар бойынша алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды жою және болдырмау жөніндегі іс-шаралар әзірленді.

2014 жылы Компанияда жүргізілген өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде «KEGOC» АҚ объектілерінде өрт және тұтанулар болған жоқ.



Демеушілік және қайырымдылық

Жыл сайын «KEGOC» АҚ елеулі соманы қайырымдылық көмекке жұмсайды. Мәслен 2014 жылы қайырымдылық көмекке 134,21 млн. теңге жұмсалды, соның ішінде:




    • Алматы қаласының әкімдігіне азаматтарды «KEGOC» АҚ электр жеткізу желілерінің күзету аймағынан қайта қоныстандыру үшін;

    • «KEGOC» АҚ-ның есебінде тұрған 743 жұмыс істемейтін зейнеткер энергетиктерге «Энергетик күні» кәсіби мейрамын мерекелеуге орай әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында материалдық жәрдем;

    • «Энергоинформ» АҚ-ның есебінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагеріне материалдық жәрдем.


7-МАҚСАТ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Басқа мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау

«KEGOC» АҚ өз қызметінде басқа да мына мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимылда болады:



  • Ресей Федерациясы («БЭЖ ФСК» ААҚ, «БЭЖ СО» ААҚ, «Интер РАО» ААҚ),

  • Қырғыз Республикасы («Электр стансалары» ААҚ, «Қырғызстан ҰЭТ» ААҚ),

  • Өзбекстан Республикасы («Өзбекэнерго» МАК),

  • Тәжікстан Республикасы («Барки Точик» ХКАҚ).


Ресей Федерациясы

2014 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы үкіметаралық Келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ-ның Ресей Федерациясының контрагенттерімен 2010 жылдан бастап қатарлас жұмысты қамтамасыз етуге жасалған шарттар бойынша өзара қарым-қатынасы жалғасты. Осы шарттар Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ қатарлас жұмыс істеген кездегі тараптардың мына негізгі техникалық және қаржылық міндеттемелерін реттейді:



  • Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы туралы шарт;

  • «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасындағы Ресей БЭЖ-нің шекарасында Қазақстан БЭЖ электр энергиясы ағындарының нақты сағаттық мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқуларын сатып алу-сату шарттары; 

  • «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын жеткізу (транзиті) жөнінде қызмет көрсету шарты.

2014 жылы «KEGOC» АҚ  мен «Интер РАО» ААҚ арасындағы шарттар бойынша Қазақстан БЭЖ мен Ресей БЭЖ шекарасындағы нақты ағын сальдосының жоспардағыдан нақты сағаттық ауытқуларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу мен сату жүзеге асырылды (Ресей Федерациясынан және Қазақстан Республикасынан).

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «БЭЖ ФСК» ААҚ арасында Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Ресей Федерациясы бағыты бойынша «KEGOC» АҚ-ның тораптары бойынша электр энергиясы жеткізілді (транзит). «KEGOC» АҚ-ның транзит бойынша көрсеткен қызмет көлемі 3 208,023 млн.кВт·сағатты құрады.



Орталық Азия

Есепті кезеңде Орталық Азия мен Қазақстан энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы жалғасты.

2014 жылы Жүйелік Оператордың мұқтаждары үшін 70 МВт көлемінде Орталық Азия БЭЖ-нен (Қырғызстан) алынатын қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсету сатып алынды.

2014 жылы Қазақстан БЭЖ-нен өзбекстан энергетикалық жүйесінің электр энергиясын заңсыз алуына байланысты Өзбекстанға жоспардан тыс электр энергиясын сату жөнінде операция жүргізілді. Өзбекстанға жіберілген жоспардан тыс электр энергиясының көлемі 652,029 млн.кВт·сағатты құрды.

2014 жылы Өзбекстанға жіберілетін қуатты реттеу жөніндегі қызметті сату бойынша операциялар жүргізілді. Қызмет көрсетулерді сатудың нақты көлемі 4 047 МВт құрды.

Есептік кезеңде Орталық Азияның энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмыстың басқа да аспектілері бойынша шарттық қарым-қатынастарды ресімдеу жөнінде жұмыс жалғасты.


Халықаралық ұйымдарға қатысу

«KEGOC» АҚ шектес елдермен тиімді электр энергетикасы нарығын құруға ықпал ету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2014 жылы мынадай жұмыстарға қатысты:



  • ТМД Электр энергетикалық кеңесінің (ЭЭК) жұмысына: 45 және 46-отырыстарға, сонымен қатар ТМД Электр энергетикалық кеңесі жұмыс органдарының отырыстарына;

  • Еуразиялық экономикалық одақтың (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық комиссиясының жұмысына: ЕЭК Алқасы жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің 4-отырысына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитеттің 4-отырысына;

  • электр энергетикасы саласында ақпаратпен, инновациялық технологиялармен, білім және тәжірибе алмасу мақсатында ABB Switzerland Ltd (Швейцария) және Alstom Grid SAS (Чехия) озық компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды;

  • Қазақстандық Комитет Хатшысы тұлғасында Бүкіл әлемдік Энергетикалық Кеңестің жұмысына: Атқарушы Ассамблея отырыстарына және дүние жүзілік энергетика көшбасшыларының халықаралық басқосуына; БҰҰ, ВЭС Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Халықаралық энергетика агенттігінің Таза көмір орталығы бірлесе ұйымдастырған экологиялық таза электр энергиясын өндіру мәселелері бойынша консультативтік мәжілісіне;

  • EURELECTRIC қауымдастығының жұмысына: Энергетикалық тиімділік жөніндегі жұмыс тобының және инвестициялар жөніндегі топтың отырыстарына; көмірмен және басқа да қазбалармен электр энергиясын таза өндіру мәселелері бойынша БҰҰ БЭК арнайы сараптама тобының 9-отырысына;

  • Орталық Азияның Үйлестіру электр энергетикалық кеңесінің (ОА ҮЭК) жұмысына: ОА ҮЭК үш отырысына және ОА ҮЭК Үйлестіру комиссиясының үш отырысына.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕ

«KEGOC» АҚ 2014 жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілігінің сыртқы аудитін «Эрнст энд Янг» ЖШС, «Қазақстан Республикасының аудиторлар Палатасы» кәсіби ұйымы мүшесінің тәуелсіз аудиторлық ұйымы жүргізді.

«KEGOC» АҚ-ның Жарғысына сәйкес, аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылады. Акционерлер жалпы жиналысы құрылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасы және Жарғы бойынша Акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді «KEGOC» АҚ-ның Жалғыз акционері қабылдайтын. Жалғыз акционер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншіктік немесе сенімгерлік құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау тәртібіне сәйкес әрекет ететін Бірыңғай комиссия берген ұсынымдар негізінде «Эрнст энд Янг» ЖШС-н айқындады.

Сыртқы аудиторды Жалғыз акционер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншіктік немесе сенімгерлік құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі» қағидаларына сәйкес анықтады. Аудиторлық қызметтерді сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беруші акцияларының елуден астам пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншіктік немесе сенімгерлік құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидасының 124-тармағы 1) тармақшасына сай «бір көзден» тәсілімен жүзеге асырылды.

«2013-2015 жылдардағы қаржылық есептілік аудиті» қызметтерін сатып алу туралы шарттың сомасы ҚҚС-ны есепке алғанда 34,468 млн.теңгені құрайды.

Аудиторлық қызмет көрсетулерден өзге «Эрнст энд Янг» ЖШС 2014 жылы Компанияның қор нарығына (IPO) шығу шеңберінде қаржылық ақпарат пен кепілгерлік хаттарды ұсынуға қатысты келісілген рәсімдер бойынша консультациялық қызметтер көрсетті.



«Электр Желілерін Басқару жөніндегі

Қазақстан Компаниясы»
Шоғырландырылған қаржылық есептеме
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға

Тәуелсіз аудиторлардың есебімен

Тәуелсіз аудиторлардың есебі

Шоғырландырылған қаржылық есептеме

Қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептеме 73

Жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есептеме ..76

Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептеме 78

Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есептеме 81

Шоғырландырылған қаржылық есептемеге ескертпелер 83-52




Мың теңге

Ескертпе

2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан



Активтер




Ұзақ мерзімді активтер








Негізгі құралдар

7

477.443.676

308.819.164

Материалдық емес активтер




1.044.908

885.708

Ұзақ мерзімді активтер үшін берілген аванстар

7

425.016

8.765.506

Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар

8

282.165

220.446

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

26

683



Басқа да қаржылық активтер

11

3.706.710

868.269

Басқа да ұзақ мерзімді активтер




194.782

56.662







483.097.940

319.615.755

Ағымдағы активтер








Қорлар

9

2.030.045

1.916.887

Сауда-саттық дебиторлық берешек

10

14.671.787

8.501.318

Басқа да салықтар бойынша өтемдер мен алдын ала төлемдердің ҚҚС




3.616.172

2.817.752

Табыс салығы бойынша алдын ала төлем




1.365.474

1.141.931

Басқадай қаржылық активтер

11

28.864.716

18.992.431

Пайдалануы шектелген ақшалай қаражат

12

2.042.349

1.688.834

Басқадай ағымдағы активтер

13

277.435

919.263

Ақшалай қаражаттар және олардың баламалары

14

13.962.123

11.727.555







66.830.101

47.705.971

Барлығы активтер




549.928.041

367.321.726









Капитал және міндеттемелер








Капитал










Жарғылық капитал

15

126.799.554

107.245.972

Активтерді қайта бағалау резервтері

15

221.756.419

110.878.954

Басқадай резервтер

15

(170.701)

(170.701)

Бөлінбеген пайда




11.392.194

3.227.238







359.777.466

221.181.463

Ұзақ мерзімді міндеттемелер











Қарыздар

16

94.714.528

82.323.069

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

26

66.791.645

36.090.576







161.506.173

118.413.645

Ағымдағы міндеттемелер









Сауда-саттық және басқа да кредиторлық берешек

18

11.994.310

14.713.802

Қарыздар

16

12.881.885

10.218.204

Құрылыс бойынша міндеттемелер

17

683.430



Алынған аванстар




1.024.565

789.884

Табыс салығынан өзге басқа да салықтар бойынша берешек




617.191

713.332

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

19

1.443.021

1.291.396







28.644.402

27.726.618

Барлығы міндеттемелер




190.150.575

146.140.263

Барлығы капитал мен міндеттемелер




549.928.041

367.321.726

Бір жай акцияның баланстық құны (теңгемен)



15

1.380

1.027

Басқарма төрағасы _____________________________



Қажиев Б.Т.
Бас бухгалтер

Мұқанова Д.Т.


Мың теңгемен

Ескертпе

2014ж.

2013 ж.*













Табыстар

20

93.519.759

73.811.723

Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

21

(74.216.341)

(55.574.322)

Жаппай пайда




19.303.418

18.237.401













Жалпы және әкімшілік шығыстар

22

(13.380.998)

(6.422.878)

Сату бойынша шығыстар




(164.773)

(154.408)

Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болған табыс /(залал)

7

14.250.162

(26.708.545)

Құнсызданудан болған залал




(157.775)

(99.212)

Операциялық пайда / (залал)




19.850.034

(15.147.642)













Қаржылық табыстар

23

1.894.805

1.797.051

Қаржылық шығыстар

23

(4.332.763)

(2.021.023)

Теріс бағамдық айырмашылық, нетто

24

(7.510.748)

(2.680.967)

Қауымдастырылған компанияның пайдасындағы/(залалындағы) үлесі, нетто




106.429

(3.659)

Басқа да табыстар

25

1.863.398

381.865

Басқа да шығыстар




(291.468)

(13.972)

Салық салуға дейінгі пайда/(залал)




11.579.687

(17.688.347)













(Шығыстар)/ пайда салығы бойынша жеңілдіктер

26

(2.963.667)

3.188.073


Бір жылдағы пайда/(залал)




8.616.020

(14.500.274)


Акцияларға түскен пайда










Негізгі компанияның жай акцияларын ұстаушыларға шаққанда есептік кезеңдегі негізгі пайда / (залал)

15

39,09

(67,71)


Бір жылдағы пайда/(залал)




8.616.020

(14.500.274)

Басқа да жиынтық табыс/(залал)

Келесі кезеңдерде пайда немесе залал құрамына қайта жіктеуге жататын басқа да жиынтық залал:

Сату үшін қолда бар қаржылық активтер бойынша таза залал








(115.578)

Пайда салығын шегергенде келесі кезеңдерде пайда немесе залал құрамына қайта жіктеуге жататын басқа да таза жиынтық залал






(115.578)

Келесі кезеңдерде пайда немесе залал құрамына қайта жіктеуге жатпаайтын басқа да жиынтық табыс:










Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болған табыс







138.887.289

138.645.728

Салықтың пайдаға әсері




(27.777.458)

(27.729.146)

Пайда салығын шегергенде келесі кезеңдерде пайда немесе залал құрамына қайта жіктеуге жатпайтын басқа да таза жиынтық табыс




111.109.831

110.916.582

Пайда салығын шегергенде бір жылдағы басқа да жиынтық табыс




111.109.831

110.801.004

Барлығы пайда салығын шегергенде бір жылдағы жиынтық табыс




119.725.851

96.300.730













* Бұл келтірілген кейбір сомалар 2013 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептемеге сәйкес келмейді, және жүргізілген қайта жіктеуді көрсетеді, сипаттамасы 5-ескертпеде аса толығырақ берілген.

Басқарма төрағасы _____________________________



Қажиев Б.Т.
Бас бухгалтер

Мұқанова Д.Т.

Мың теңгемен

Ескертпе

2014ж.

2013 ж.

Операциялық қызмет










Салық салуға дейінгі пайда/(залал)




11.579.687

(17.688.347)

Салық салуға дейінгі пайданы таза ақша ағындарымен салыстыру үшін түзету:










Тозу және амортизация




19.058.763

8.549.023

Қаржылық шығыстар

23

4.332.763

2.021.023

Бағамдық айырмашылық бойынша шығыстар




8.147.718

2.470.792

Күмәнді сауда-саттық және басқадай дебиторлық берешек пен басқадай ағымдағы активтер бойынша резервтер есептеу

22

2.673.958

195.153

Тозған қорларға резерв есептеу/(қалпына келтіру)

22

155.069

(217.628)

Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болған (табыс)/залал




(14.250.162)

26.708.545

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің істен шығуынан болған залалдар/табыстар




272.453

(9.841)

Негізгі құралдарды табыс етуден болған табыс




(1.616.399)



Қаржылық табыс




(1.894.805)

(1.797.051)

Аяқталмаған құрылысқа резерв есептеу




157.775

99.212

Қауымдастырылған компанияның (пайдадағы)/залалдағы үлесі




(106.429)

3.659

Айналым капиталына түзету:










Қорлардағы өзгеріс




(268.227)

(53.085)

Сауда-саттық дебиторлық берешектегі өзгеріс




(9.264.504)

(4.784.595)

Басқа да салықтар бойынша өтеуге және алдын ала төлеуге салынатын ҚҚС-ға өзгеріс




(798.420)

(1.627.206)

Басқа да ағымдағы активтердегі өзгерістер




159.831

(564.640)

Сауда-саттық және басқа да кредиторлық берешектің өзгеруі




2.115.684

849.837

Алынған аванстардың өзгеруі




234.681

214.912

Пайда салығынан басқа салықтар бойынша берешектің өзгеруі




(102.695)

977.477

Басқа да ағымдағы міндеттемелердің өзгеруі




230.954

96.672

Операциялық қызметтен түскен ақша ағындары




20.817.695

15.443.912

Төленген пайыздар




(3.553.306)

(2.925.527)

Төленген табыс салығы




(48.828)

(333.411)

Алынған пайыздар




1.214.999

2.273.350

Операциялық қызметтен болған таза ақша ағыны



18.430.560

14.458.324











Инвестициялық қызмет









Депозиттік шоттардан ақша алу



19.013.283

24.071.686

Депозиттік шоттарды толықтыру



(28.306.613)

(18.534.259)

Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаттарындағы өзгеріс



(190.689)

(19.500)

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан түскен түсім



73.376

314.149

Негізгі құралдарды сатып алу



(22.171.998)

(23.706.522)

Материалдық емес активтерді сатып алу



(419.847)

(51.764)

Балалар бақшасының құрылысына төленген қаражаттар



(375.905)



Қызметкерлерге берілген қарыз қаражаттарының өтелуі



24.323

35.697

Қауымдасқан компанияға инвестиция салу






(109.350)

Қауымдасқан компаниядан тарату

8

44.710



Инвестициялық қызметте пайдаланылған таза ақша қаражаттары



(32.309.360)

(17.999.863)













Қаржылық қызмет










Акциялар шығарылымынан түскен түсім

15

13.129.999

403.000

Акцияларды шығару бойынша консультациялық қызметке ақы төлеу




(90.561)



Төленген дивидендтер

15



(2.082.309)

Қарыз қаражаттарын өтеу




(10.951.764)

(7.858.832)

Қарыз қаражаттарын алу




13.592.683

16.526.701

Қаржылық қызметтен түскен таза ақшалай ағындар




15.680.357

6.988.560

Мың теңгемен

Ескертпе

2014ж.

2013 ж.

Ақша қаражаттары мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс




1.801.557

3.447.021

Таза бағамдық айырмашылық




433.011

236.032

1 қаңтардағы жай-күй бойынша ақша қаражаттары және олардың баламалары




11.727.555

8.044.502

31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ақша қаражаттары мен олардың баламалары

14

13.962.123

11.727.555

Басқарма төрағасы _____________________________

Қажиев Б.Т.

Бас бухгалтер



Мұқанова Д.Т.


Мың теңгемен

Жарғылық капитал

Активтерді қайта бағалау резерві

Басқадай резервтер

Бөлінбеген пайда

Барлығы



















2013 жылғы 1 қаңтарға

106.842.972



(55.123)

19.772.193

126.560.042

Есепті кезеңдегі залал







(14.500.274)

(14.500.274)

Пайда салығын шегеріп тастағанда сату үшін қолда бар қаржылық активтер бойынша таза залал (15-ескертпе)





(115.578)



(115.578)

Пайда салығын шегеріп тастағанда негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен табыс (15-ескертпе)



110.916.582





110.916.582

Барлығы жиынтық табыс



110.916.582

(115.578)

(14.500.274)

96.300.730

Активтерді қайта бағалау қорын көшіру (15-ескертпе)



(37.628)



37.628



Акциялар шығарылымы

(15-ескертпе)

403.000







403.000

Дивидендтер (15-ескертпе)







(2.082.309)

(2.082.309)


2013 жылғы 31 желтоқсанға

107.245.972

110.878.954

(170.701)

3.227.238

221.181.463

Есептік кезеңдегі пайда







8.616.020

8.616.020

Пайда салығын шегеріп тастағанда негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен табыс (7-ескертпе)



111.109.831





111.109.831

Барлығы жиынтық табыс



111.109.831



8.616.020

119.725.851



















Активтерді қайта бағалау резервін көшіру (15 ескертпе)



(232.366)



232.366



Акциялар шығарылымы

(15-ескертпе)

7.116.151







7.116.151

Акциялар шығарылымы

13.129.999







13.129.999

Акцияларды шығаруға байланысты консультациялық қызметке жұмсалатын шығындар

(15-ескертпе)

(692.568)







(692.568)

Басқадай бөлулер

(17-ескертпе)







(683.430)

(683.430)

2014 жылғы 31 желтоқсанға

126.799.554

221.756.419

(170.701)

11.392.194

359.777.466

Басқарма төрағасы _____________________________



Қажиев Б.Т.
Бас бухгалтер

Мұқанова Д.Т.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет