2016 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыс есебі Қаржы-шаруашылық бөлімі



Дата15.09.2017
өлшемі367,47 Kb.
#32742
2016 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыс есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі:

2016 жылдың III тоқсанына бөлінген қаражат 4 061 988 000 тенге құрайды. 2016 жылдың III тоқсанына 3 581 761 893 теңге күтілуде.


Коммуналдық шаруашылық бөлімі:

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуы:

Апта сайын аудан әкімінің төрағалығымен, Алматы қаласы әкімі аппаратының инспекторы, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй басқармасы өкілдерімен аудандағы ПИК төрағаларының қатысуымен көп қабатты тұрғын үйлерде кондаминиум нысандарын ұйымдастыру және «ТКШ жаңғырту» бағдарламасын түсіндіру бойынша жианлыс өткізілуде.

Бүгінгі күнде «ТКШ жаңғырту» бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес 150 тұрғын үйді қамтыған 5 жиналыс өткізілді.

Аудан бойынша 5 үй кондаминиум нысаны болып тіркелген, 2 үйде күрделі жөндеу жұмыстары үшін жинақтау қоры ашылған, тексеру коммисиясы барлық 9 ПИК бар.



«Алматы аулалары» бағдарламасының жүзеге асырылуы:

Наурызбай ауданы бойынша Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына және Алматы қаласы кәсіпкерлікті дамыту басқармасына құрылыс жұмыстарын қажет етіп отырған 30 жуық балалар алаңының тізімі жоданды.

2015 жылы инвесторлардың көмегімен ауданда 7 балалар спорт алаңы келесі мекенжайлар бойынша жасалды.

- Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 11;

- Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 13;

- Таусамалы ш/а, Молдағұлов көшесі, 28Г;

- Қалқаман-2 ш/а, Байтұрсынов көшесі, 8;

- Таусамалы ш/а, №187 орта мектебі;

- Шұғыла ш/а, Премьера ТК;

- Қалқаман-2 ш/а, Әуезов көшесі, 3.

Ағымдағы жылы 10 балалар спорт алаңының құрылысы аяқталды.


  • Қалқаман-2 ш/а, Әуезов көшесі, 13;

  • Қалқаман-2, Жансүгіров көшесі, 33;

  • Таусамалы ш/а, Рысқұлов көшесі, 86 және 86А;

  • Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 7,8;

  • Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 12;

  • Рахат ш/а, Әйтеке би, 3/17;

  • Таусамалы ш/, Қонаев көшесі, 2;

  • Таусамалы ш/а, Молдағұлов көшесі, 28Б;

  • Таусамалы ш/а, Молдағұлов көшесі, 28А, В;

  • Ақжар ш/а, Санатории «Алатау» көшесінің батысы, 3.

Қазіргі уақытта балалар спорт алаңдарын ұйымдастыру үшін инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау:

№408 трансформаторлық қондырғысына айырғыш, сым реттеу, сақтандырғыштар, сым ауыстыру және быйланыс сақтандырғыштарды ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

№№309,310, 312, 408, 415, 466, 459, 373,541,708 трансформаторлық қондырғыларға жол жиегін бұтақтан тазалау, жабдықтарды техникалық қызмет көрсету бойынша ағымдағы жабдықтарды жөндеу жұмысы және трансформаторлық қондырғының ауласын қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылды. №302,467 трансформатор қондырғыларында ақауларды жою жұмыстары жұргізілді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен біріге отырып аудан аумағындағы темір бетонды бағандарды ақтау және дұрыстау жұмыстары жүргізілді.



Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі:

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тапсырмасымен Қалқаман – 1,2,3,4 және Алты-Алаш шағын аудандарында 2014-2016 жылдары су және кәріз жүйелерінің күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 73 көшені қамтып отыр.

73 көшенің ішіндегі 12 көшеде бастапқыда жол төсеніші болмаған. Жол төсенішін жүргізу үшін Алматы қаласы жолаушылар укөлігі және кавтомобиль жолдары басқармасына ұсыныс беріліп, 2017 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

Инженерлік жүйелер жүргізілген 30 көшенің қазіргі уақытта жол төсеніші қалыпты жағдайға келтірілген. Ал бұдан бұрын төселген жол жабындылары ойылып, шұңқырлар пайда болуда.

№157 орта мектеп орналасқан Әуезов және кіші Райымбек көшесіндегі жол төсеніші ішінара қалыпқа келтірілген. Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына сәйкес барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталып, жол төсеніштері қалыпты жағдайға келтіріледі.

«Қарғалы» өзеніндегі тазалау және хлорлау құрылғысымен Қарғалы, Қарағайлы, Құрамыс, және Таусамалы шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын жаңа суқоймасының құрылысы бойынша жобалық- сметалық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Ақсай» өзенінен Таусамалы, Тастыбұлақ, Ақжар, Наурыз және Шұғыла шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын су қоймасы құрылғысы жұмысы бар.

Қазіргі уақытта Таусамалы шағынауданында жаңа екі ұңғыма құрылысы басталып, 2 ұңғыманың жөндеу жұмыстары аяқталды.

Газбен жабдықтау:

Алматы облысы газ шаруашылықтар қауымдастығы Наурызбай ауданында газ құбыры өтіп жатқан 700 үйде газ жоқтығын ескере отырып орташа және төмен қысымдағы газ ағымдағы жылдың 1 наурызынан жеке тұрғын үйге бағаның 190 000 тенгеге дейін төмендеді.



2016-2017 жж. қысқы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстары:

Наурызбай ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы саны – 172 құрайды. Оның ішінде 35 үй орталық жылу жүйесіне қосылған, 94 үй автономиялық қазандықтар арқылы жылу алады, қалған 43 үй жеке пәтерлер арқылы газ пештерімен және электр жарығынан алады. Орталық жылу жүйесіне қосылған үйлер толығымен жылыту маусымына дайын.

Ауданда 9 білім беру нысаны бар, олар 2 - мектепке дейін білім беру мекемесі, 7 – жалпы білім беретін мектеп, 1 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Денсаулық нысандарынңы саны – 5 (2 - емхана, 2 - аурухана, 1 – патологоанат орталығы) оның ішінде 3 нысан орталық жылу жүйесіне қосылған, 2 автономды қазандықтар арқылы жылынады.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандары жылыту маусымына дайын.

Коммуналдық қызметке қарызы бар борышкерлермен жұмыс:

01.09.2016 жылы коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс бөліктеріне және қоғамдық ақпараттандыру орындарында коммуналдық қызмет төлемдері бойынша қарызы бар борышкерлердің тізімі ілініп, сондай-ақ 83 абонент ақпараттандырылды.

Сонымен қатар, «АлТС» ЖШС ұсынған борышкерлердің тізімі бойынша қарыз көлемі - 19 075 106 теңгені құрайтын, 260 тұтынушыға ескертулер ұсынылды.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімі:

Мемлекеттік – құқықтық бөліммен ұдайы түрде нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкестігі тексеріледі.

2016 жылдың 3 тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 74 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Сондай-ақ, Наурызбай ауданының ІІБ ЖПҚ ЮПБ бірлесіп кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді анықтау мақсатында 3 рейд ұйымдастырылып, өткізілді.

Жүргізілген рейдтер барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442 бабына сәйкес (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) 7 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты хаттама толтырылып, 3 кәмелетке толмаған Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталағынана орналастырылды.

Есепті кезеңде Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 1 отырсы өткізілді. Наурызбай ауданының ІІБ ЖПҚ ЮПБ бірлесіп жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуды анықтау мақсатында жедел алдын алу іс-шаралары атты 3 рейд жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 441 бабына сәйкес (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу) 5 тұлғаға қатысты хаттама толтырылды.

Апта сайын ұдай түрде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіледі.

2016 жылғы 5 қаңтар мен 30 қыркүйек арасында мүлікті жария ету бойынша, 37 400 603 157 теңге соманы құрайтын 1417 арыз қабылданды, 27 903 791 733 теңге соманы құрайтын 1019 мүлік жария етілді, 1 945 756 000 теңге соманы құрайтын 69 арыз қайтарылды, жұмыста 330 арыз, 1350 кеңес берілді.

Сонымен қатар бөліммен аудан әкіміне Наурызбай ауданы ІІБ жасалған қылмыстар туралы және оның ашылуы жөнінде ақпарат апта сайын беріліде.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жандандыруға қатысты аудан аумағында орналасқан билбордтардың біреуінде жүргізіліп жатқан мүлікті (ақшадан басқа) жария ету бойынша ақпарат орналастырылды. Сондай-ақ, Наурызбай ауданының Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесіп мүлікті (ақшадан басқа) жария ету науқанын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне және Алматы қаласы қаржы басқармасына күнделікті электронды түрде жария ету туралы ақпарат беріледі.

Бөлім ұдайы келесі комиссиялар жұмысына қатысады:

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) ұдайы қатысуда;


  • «Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан
    1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;

  • Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;

  • Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.

Наурызбай ауданы прокуратурасының, Ішкі істер басқармасының, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп жиын өткізілді. Сонымен қатар, жиналысқа Наурызбай ауданы бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары шақырылды.

Аталған жиналыс аясында, террористік тұрғыдан осал объектілердің заңнаманың сұраныстарына сәйкестендіру, объектілердің паспорттарының дұрыс әзірленуі және толтырылуы, сондай-ақ аталған нормалардың тиісті орындалмауы жағдайында әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі түсіндірілді.


Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп:

Алматы қаласы статистика департаментінің мәліметі бойынша аудан аймағында 925 заңды тұлға тіркелген, оның 915 – шағын, 7 – орта, 3 – ірі, 724– жұмыс істейтіндер:

соның ішінде әлі жұмыс істемейтіндер (жаңалары) – 218,

белсенді – 246,

уақытша жұмыс істемейтіндер – 260,

таратылу процесінде – 5;

соның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша:

мемлекеттік – 16,

жеке – 890,

мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) – 1,

бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) – 15,

шетелдік – 19.



Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларына қазіргі бағасында 1 млрд. 642 млн. теңге соммасын құрады, 2016 жылдың қантар-тамыз айларында физикалық көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,3 % құрады, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 0,38%.

Аудан бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 6 млрд. 523 млн. теңге соммасын құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 3,8 есе, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 2,3%, бөлшек сауда айналымының көлемі 413 млн. теңге құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 43,5 %, көтерме сауда көлемі 201 млн. 100 тыс. тенге.

Есеп беру тоқсандығына «Кәсіпкерлер күні» акциясы аясында 3 көшпелі жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста «КДҚ «Даму» АҚ аймақтық филиалы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жолдарын түсіндіру жұмыстары жұргізілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



Салық түсімдері:

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша 2016 жылғы 28 қыркүйектегі жағдайға сәйкес аудандағы салық түсімдерінің сомасы 3 млрд. 503 млн. 90 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылдың жоспары 4 млрд. 38 млн. 887 мың теңге, жоспардың орындалуы 86,7 % құрады.



Оның ішінде: республикалық бюждетке 1 млрд. 203 млн. 619 мың теңге, жергілікті бюджетке 2 млрд. 299 млн. 471 мың теңге.

Кәсіпкерлікті тіркеусіз жүзеге асыратын және ауданға қайта тіркелмеген тұлғаларды анықтау бойынша бағытталған жұмыс жүргізілуде. Аудан әкімі аппаратының, аудандық ішкі істер басқармасының және мемлекеттік кірістер басқармасының арасында өзара әрекеттестік туралы жасалған меморандум аясында жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері:



  • Жаңадан 18 895 жеке тұлға тіркелді;

  • Жаңадан 277 заңды тұлға, оның ішінде 123 қайта тіркелді;

  • Жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы саны 2 973, оның ішінде 2 407 қайта тіркелді.

Қорытындысында жаңадан 22 145 субъект тіркелді.

Алматы облысы Қарасай ауданының көлік құралдары бойынша уәкілетті органының тізіміне сәйкес, Алматы қаласына қайта тіркеуге жататын жалпы саны 9994 құрайтын көлік құралдарына қосымша талдау жүргізілді. Заңды түсіндірумен «Қазпочта» АҚ арқылы барлық салық төлеушіге хабарлама жіберілді. Қазіргі таңда Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша 3 983 көлік құралы тіркеуде.

Аталған көлік құралдарынан салық түсімдерінің күтілетін сомасы 100,0 млн. аса теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны- 1 292, жеке кәсіпкер- 3 885, жеке тұлғалар- 50 823.



Жаңа жұмыс орындарын ашу:

Жылдын басынан 537 жаңа жұмыс орны ашылды:

- өнеркәсіп- 7;

- сауда және қызмет көрсету саласында – 197;

-көлік және байланыс саласында – 20;

-білім беру саласында – 53;

- құрылыс саласында – 5;

-басқа салаларда -234.

- уақытша және маусымдық - 21

Заңсыз (жабайы) саудамен күресу мақсатында белгіленбеген жерде Заңсыз (жабайы) сауда және ұсақ бөлшек сауда нысандарын жою бойынша аудандық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына прокуратура органының, ІІБ, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау, АЭҚ, аудандық ветеринарлық инспекция, экология бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ТЖ және мемлекеттік кірістер басқармалары, Алматы қаласы экология департаменті қызметкерлері кіреді.

Заңсыз (жабайы) сауданы жою бойынша жұмыстар барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204 бабы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілемеген жерде сауда жасағаны үшін 975 660 теңге соммасына 702 хаттама толтырылды. Жыл басынан стационарлы емес 23 сауда нысандары жойылды.



Инфляциялық үдерістерді талдау

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарларының бағаларын ұстау бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппараты мен ауданның сауда кәсіпорындары арасында (базар, дүкен) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен (ресторан,кафе) меморандумдар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар жеткізушілер тарапынан бағалардың өсу жайттары бойынша жедел ақпарат беру үшін ол жерде жедел телефон желісінің нөмері көрсетілген. 30.09.2016 ж. жағдай бойынша 143 меморандум жасалды.

Күнделікті сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін 297-04-12 жедел телефон желісі жұмыс істейді және 30 қыркүйектегі жағдай бойынша арыз-шағымдар түспеді. Аталған жұмыс күнделікті бақылауда.

Аудан аумағында демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады. Есепті кезеңде 78 жәрмеңке өткізілді.

Инвестициялар тарту:

Қазіргі уақытта инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде және аудандағы жеке кәсіпкерлік нысандарымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сұрағы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылық жер учаскелерінің түгендеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «ҚазАгроФинанс» АҚ АФ желісі бойынша несиелеу және «Агробизнес-2020» бағдарламасына қатысу үшін ауыл шаруашылық жер иелерінің арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ЖерҒӨО» РМК Алматы қалалық филиалы ақпараты бойынша Наурызбай ауданы аумағында «шаруа қожалығын жүргізу үшін», «тауарлы шаруа қожалығын жүргізу үшін» нысаналы мақсатындағы жалпы аумағы 2500 га-дан асатын 700-ден астам жер телімі бар. Оның ішінде бүгінгі таңда 300-ге жуық жер телімдерінің иелері Алматы қаласының шекарасына кіруіне байланысты сәйкестендіру құжаттарын қайта рәсімдеді.

Қазіргі уақытта, Таусамалы ықшамауданында ауданы 1,54 га жер учаскесінде бос тұрған ғимаратты қайта құру арқылы ТОО «Деметра» инвесторымен күнделікті шамамен 3 тоннаға дейін дайын өнімді өндіруге қабілетті ет өңдеу цехының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, «СПМК - 3» ЖШС тоқтап тұрған өнеркәсіп кәсіпорнының аумағында «Монолит Бетон Сервис» ЖШС жалға алу жолымен тауарлы бетон өндірісі және «Солитон +» ЖШС шағын пішінді сәулет бұйымдары өндірісі ашылды.

Сонымен бірге Алматы қаласының әкімі Б. Қ. Байбек 2016 жылғы 2 тамызда бекіткен Алматы қаласы аудандарында инвестициялық форумдарды өткіз кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде отандық және шетелдік бизнес өкілдерінің қатысуымен «Nauryzbai invest- look at the future» Наурызбай аудандық инвестициялық форумы өткізілді.



Алматы қаласының 2015-2019 жж. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша қазіргі таңда Өңірлік координациялық кеңеспен 2 жоба мақұлданды.

Барлық құны 60 млн. тенге болатын және 25 жаңа жұмыс орнын ашатын, «Альянс» ЖШС – нің өндірістік-қоймалық ғимараттың құрылыс жұмыстары, оптикалық сымдар, жартылай сымдар, оптикалық және энергетикалық желілер үшін сплиттерлер және желілік темір арқаулар шығару бойынша қызметтегі өндірісті модернизациялау жобасы мақұлданды.

Сонымен бірге, барлық құны 300 млн. теңге болатын және 56 жаңа жұмыс орны ашылатын, «Деметра ПК» ЖШС-нің ет өнімдерін қайта өңдейтін цех құрылысы жобасы.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Алматы қаласы өңірлік координациялық кеңесімен сомасы 50 млн. теңге тіс емдеу қызметін көрсететін және жаңа 10 жұмыс орнын құратын «Дэди-С» ЖШС мақұлданды, сонымен бірге жалпы сомасы 3 млн. теңге пластик және полимер өндірісі бойынша «ЭКО» ЖК (инновациялық грант) жобасы.

«Жібек жолы» – Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы аясында 2 жоба мақұлданды.

1. «Денисова О.П.» ЖК айналым қаражатына 28 млн. 300 мың теңге көлемінде.

2. «Аюпова Н.В.» айналым қаржатына 5 млн. теңге.

Аталған бағытта бизнесті қолдаудың мемлекеттік құралдарын дәріптеу бойынша әкім аппаратымен бағытталған жұмыстар жүргізілуде, барлық мүдделі органдардың және кәсіпкерлердің қатысуымен көшпелі жиналыстар жүйелі түрде өткізілуде, жадынамалар және т.б. таратылуда.



Қоғамдық көлік:

Есептік кезеңде қоғамдық көлік бойынша аудан тұрғындарынан автобустардың қатарға жеткілікті мөлшерде шықпауы себебінен көптеген наразылықтар мен арыздар түсіп, осыған орай автобустардың аралық интервалдары 20-дан 25 минутке дейін созылды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының берген түсініктемесіне сәйкес бірнеше тасымалдаушылар «Оңай» бірыңғай картасының енгізілуі себебінен маршрутта қызмет көрсетуден бас тартты. Қоғамдық көлік маршруттары интервалының сақталуын анықтау бойынша мониторинг барысында ауданда интервалдың сақталмауы №14, 15, 22, 44 маршруттарда анықталды.

Сонымен қатар, жылдың басынан №4 маршрут Қарағайлы ықшамауданына дейін созылды (№192 мектеп). Аталған маршрутты созу Қарағайлы ықшамауданы тұрғындарын сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, Райымбек даңғылында қоғамдық көлік маршруттарына арналған қосымша жолақтың енгізілуіне байланысты Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен ағымдағы жылдың 25 шілдесінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты Шұғыла ықшамауданына қатынайтын № 137 қоғамдық көлік маршрутының, Ақжар ықшамауданына қатынайтын № 11 қоғамдық көлік маршрутының схемаларына өзгеріс енгізілді. Аталған маршруттардың қысқаруы аудан тұрғындарының наразылығын тудыруына байланысты, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап Шұғыла ықшамауданына №118 қоғамдық көлік маршруты, Ақжар ықшамауданына № 50 қоғамдық көлік маршруты созылды.

Бұдан бөлек, Қарғалы және Рахат ықшамауданы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту мақсатында қосымша №104 а маршруты енгізілді.
Әлеуметтік сала бөлімі:

ҚР Конституциясы, “Халықты жұмыспен қамту туралы”, “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңдарын, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың саладрынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі келесі жұмыстарды атқарды:

Іс-әрекетке қабілетсіз 5 азаматтарды қамқорлыққа туралы өкім шығарылды.

Аудан бойынша тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету учаскелік комиссиясы 10 отырыс өткізіліп, 22 құжат қабылданды.

Аудан бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбаслардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясы 10 отырыс өткізіліп, 23 құжат қабылданды.

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді тіркеу ережесіне сәйкес, 8 отырыс өткізіліп, 14 бірыңғай жәрдем ақы төлеуге, 9 куәлік алуға құжаттар тапсырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы
9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссияға құжат өткізгендер болмады.

2016 жылғы 27 шілде күні №1 ҚКА мәжіліс залында аудандағы барлық медициналық мекемелері I жарты жылдық атқарылған жұмыс бойынша және қысқы маусымға дайындық туралы аудан әкімінің алдында есеп берді.

2016 жылғы 03 тамыз күні қалалық Денсаулық басқармасымен бірлесіп, Наурызбай ауданының жұмыс берушілеріне міндетті профилактикалық тексерілу туралы, нақты туберкулезді анықтау үшін түсіндірме жөнінде бойынша семинар ұйымдастырылды.

Отбасы күніне орай 2016 жылғы 10 қыркүйекте Наурызбай ауданының отбасы-тұрғындарының қатысуымен №1ҚКА акт залында «Менің отбасым – алтын қазынам» дөңгелек столының отырысы болып өтті. Отбасылық өмірінде 50 жыл бірге өмір сүрген «Алтын той» иелері, «Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздары және жас отбасылар шықырылды.



2016 жылғы 10 қыркүйек күні «1000 мейірімді іс» қайырымдылық акциясының аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар қаламыздың көрікті жерлері «Гаваий» аквапаркіне 15 бала, орталық хайуанаттар бағына 15 бала, тарихи музейге 15 бала тегін билет таратылып қоғамдық авто көлікпен жеткізілді.

2016 жылғы 12 қыркүйек - 14 қыркүйек аралығында «Құрбан айт» мейрамына орай, мешіттермен бірлесіп аудандағы 120 азқамтылған, көпбалалы отбасылармен, жалғыз басты зейнеткерлер және мүгедектерге ауданымыздың 4 мешіттерінде ет таратылып, қайрымдылық астар ұйымдастарылды. Және жүре алмайтын тұрғындардың үйлеріне аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлерімен ет үйлеріне жеткізілінді.

2016 жылғы 13 қыркүйек күні мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің ауданында орындалуы бойынша жұмыс жиналысы өткізілді.

Күн сайын бөлім қызметкерлерімен аудан азаматтарына зейнетақы, өтемақы, біржолғы материалдық көмек, тұрмыстық және атаулы әлеуметтік көмектер және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңестер берілуде.



Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар:

2011-2016 ж. арналған «Алматы қаласы тұрғындарын әлеуметтік дамыту бағдарламасын» орындау мақсатында жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамту мәселесі бойынша 964 адамға қызмет көрсетіліп, жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орнындарына жоспар бойынша 11 орын бөлінген. Жұмыссыз ретінде тіркелген нысаналы топтағы азаматтардан 14 азамат әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында ауданда ақылы қоғамдық жұмыс орындары ұйымдастырылған. Жоспар - 132 адам, 56 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу және өз ісін ұйымдастыру арқылы, жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту, түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

Әлеуметтік жұмыс орнына 2016 жылға – 33 адам жіберу жоспарланып, 36 адам жіберіліп, бөлінген қаржының – 4 856 000 теңге жоспар, игерілген қаржы көлемі– 3 912 237.

Жастар іс тәжірибесі бойынша 2015 жылға – 26 адам жіберу жоспарланып, 36 адам жіберіліп отыр. Бөлінген қаржы -5 173 785 теңге.

Оқыту курстары бойынша:

Кәсіби даярлау курсына жоспар бойынша 3 адам жіберу жоспарланып, 3 адам жолдама арқылы жіберіліп отыр.Қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 12 адам жіберу жоспарланып, 10 адам жіберіліп отыр.

Нысаналы топтар бойынша жұмысқа орналастыру:

Мүгедектер бір жылға – 10 адам, бағытталған – 7 адам;

Табысы төмен адамдар бір жылға – 4 адам, бағытталған – 2 адам;

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар бір жылға – 80 адам, бағытталған – 43 адам.

Жәрдемақы төлеу бойынша көрсетілетін көмек:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының негізінде балаларға берілетін жәрдемақы отбасы табысын жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына тағайындалады. Жәрдемақы 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде асырауындағы 18 жасқа дейінгі әр балаға төленеді (2082 теңге). Жәрдемақы отбасының орташа табысын есепке алып тағайындалып, ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап төленеді. Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды.

2015 жылдың басынан 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы- 21 жанұядағы 67 балаға – 837 953 теңгеге тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы шешіміне сәйкес Алматы қаласында отбасы табысын есепке ала отырып әлеуметтік көмектер тағайындалуда.

2 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға 1 адамнан құжат қабылданып, төленуде.

5,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 14 ҰОС мүгедектері мен қатысушыларынан құжаты қабылданып 1 116 753 теңге төленді.

7 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға 136 зейнеткерге 3 858 099 теңге төленді

7,5 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмекке 66 адамның құжаты қабылданып 1 034 020 теңгеге бір жолғы әлеуметтік көмек төленді.

100 АЕК 3 адамнан құжат қабылданып, 424 200 теңге төленді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешіміне сәйкес 27 табысы аз отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып 272 647 теңге төленді.

Ағымдағы жылда мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 6 отбасыларынан құжаттар қабылданып, 19 балаға 388 274 теңге төленді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңының негізінде алты және одан да көп бала туып тәрбиелеген аналардан «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауға ауданымыздың 15 көп балалы аналарынан құжаттар қабылданды, Алтын алқа-3 адам, Күміс алқа-12 адам.



Ауданның медициналық мекемелерінің қызметінің негізгі қорытындылары:

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 3 тоқсанға Наурызбай ауданының МҰЖ аудан және барлық Алматы қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсету және жетілдіру бойынша белгілі жұмыс жасалды.

26 ҚЕ – 3 тоқсанда ТТТ (Тіркелген Тұрғындар Тізілмесі) бойынша – барлығы 33 289 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу бойынша жоспар 91,9 % -ға орындалды.

Флюорографияның жылдық жоспары 14 493 адамды, орындалуы - 9996 (69,0%) құрайды.

Наркомания, шылым шегу, алкоголизм және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу бойынша тақырыптық насихат жүргізілу үстінде.

«Онсыз өмір сүруге болады», «Сіздің денсаулығыңызға арналған ізгі кеңестер», «Денсаулыққа қадам жасау», «Таза үй», «Ардагерлерге көмек көрсету», «Салауатты қала», «Өзіңді АИТВ-тен қорға да өмір сүр» акциялары өткізілді. Қамтылған тұлға саны - 1110.

6 шілде Астана күніне орай ашық есіктер күні; «Вирустық гепатиттердің алдын алу, және қауіпсіз, салауатты өмір сүру» тақырыбына акция; тұрғындар арасында «Бала емізу» тақырыбына санитариялық – ағартушылық жұмыс жүргізілді және АБМ үлестірілді. Қамтылған тұлға саны – 549.

27 ҚЕ – тіркелген халық саны – 17 403. Тұрғындарға медициналық көмекті жалпы практикадағы дәрігерлер көрсетеді, 8 учаскісі.

Профилактикалық бақылау бойынша жоспардың жалпы орындалуы 100% құрайды. Флюорографияның жылдық жоспары 8244 адам, орындалуы - 5013 – 60,8%.

Тұрып қалған қымбат жабдықтар жоқ. Тұрғындардан апта ішінде шағым түскен жоқ.

Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу бойынша кауіптілік факторлары туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу. Тегін дәрілік құралдарына зәру науқастар №15 ҚЕ дәріханасы арқылы қамтамасыздандырылады.

Қалқаман дәрігерлік амбулаториясы (№ 18 ҚЕ филиалы)

Қазіргі таңда қызмет көрсетілетін тұрғындардың жалпы саны – 18 769 адам, оның 10619 ересек тұрғын, жасөспірімдер – 674, балалар – 7476.

Стационар алмастырушы технологиялармен барлығы 123 адам қамтылды, күндізгі стационар ұйымдастырылды, үйдегі стационар – 18.

Флюорографияның жылдық жоспары 10058 адам, орындалуы – 7904 -78,7% құрайды.



ШЖҚ «№1 Қалалық клиникалық аурухана» МКК;

2016жылғы 1 шілдеден 25 қыркүйек аралығына:

№1 ҚКА стационарына - 4329 науқас жатқызылды;

Шығарылды – 4115 науқас;

2016 жылғы 3 тоқсанда барлық босану саны: 1268 нәресте;

Шілде - 427;

Тамыз -465;

Қыркүйек -354;



ШЖҚ «№7 Қалалық клиникалық аурухана» МКК;

2016 жылғы 1 шілдеден 25 қыркүйек аралығына:

№7 ҚКА стационарына - 5580 науқас жатқызылды;

шығарылды – 5190 науқас;

СӨС бойынша барлығы 198 іс-шара: акциялар, Ашық есіктер күні, семинарлар, дөңгелек столдар, спорт шаралары, денсаулық мектептері, «Достойный возраст» клубының отырыстары.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап №7 ҚКА қызметкерлерге арналған спорт залы және тренажер залы жұмыс істейді. Қызметкерлер осы залдарда спортпен шұғылданады. Клиниканың әкімшілігі спортпен және дене шынықтырумен тұрақты шұғылдану үшін жағдай жасайды. Бокс және кросс-фит бойынша секция жұмыс істейді.

№1 ҚКА клиниканың қызметкерлерінің балалары үшін сауықтыру лагеріне жолдама беріліп, «Бақытты балалық шақ» акциясымен шаралар ұйымдастырды.

Конституция күніне орай мемлекеттік мерекені тойлау мақсатында тар көлемді мамандарын және зертханалық диагностиканы тарту арқылы акциялар, спорт жарыстары, флеш моб, ашық есіктер күні өткізілді.

2016ж. 07.21 – 22 Наурызбай ауданының АМҰ қызметкерлерімен Алматы қ. «БАРЛЫҚ» Әмбебап базарында профилактикалық тексерілу ұйымдастырылды. Профилактикалық тексерістен – 311 адам өтті, оның ішінде резидент емес -3, Өзбекстан -3.

Ауданның Қалалық емханаларынан, №1, 7 ауруханалардың, Қалалық ЖИТС орталығының, Қалалық терівенерологиялық аурулар диспансерінің, Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығының, Әуезов туберкулезге қарсы диспансерінің мамандары тартылды.

03 тамызда Наурызбай ауданының жұмыс берушілеріне міндетті профилактикалық тексерілу туралы, нақты туберкулезді анықтау үшін түсіндірме жөнінде бойынша семинар ұйымдастырылды.

18 тамызда «Мектепке жол» акциясы шеңберінде №1 ҚКА акт залында клиника қызметкерлерінің 1 сыныпқа баратын балаларына сыйлықтар беру бойынша клиника ұжымының жиналысы құрылды.



2016 жылғы 27 тамызда ҚР Конституция Күніне арналған №1 ҚКА қызметкерлерінің арасында Спартакиада өткізілді. 4 команда белсене қатысты – клиника бөлімшелері, параклиника, босандыру бөлімшелері, ӘШБ. Қанат тарту, гирь көтеру, армрестлинг, 100 метрге жүгіру және қапта секіру бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

№1 ҚКА әкімшілігі және кәсіподақпен бірлесіп сыйлықтар, мадақтау қағаздарын сатып алуға ақшалай қор бөлінді.



2016 жылғы 29 тамызда ҚР Конституция Күніне арналған №1 ҚКА қызметкерлерінің салтанатты жиналысы жүргізілді.

Салтанатты жағдайда Алматы қ. Наурызбай аудан Әкімінің атынан №1 ҚКА клиникалық-диагностикалық орталығының жетекшісі Р.К.Касаиноваға мадақтау қағазы берілді.



«Отбасы күні» мерекесі шеңберінде Наурызбай ауданының №26 емханасында 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Отбасы – менің байлығым» тақырыбына салтанатты жиналыс ұйымдастырылды. Зал рәсімделді. Бас дәрігер А.Т.турысбекова, кәсіподақ төрағасы М.М.Бейсенбаева сөз сөйледі. Көп балалы ана Ф.К.Мамутоваға, жас отбасылар Е.Н.Несипбеков және А.Қ.Жұманов, аз қамтамасыздандырылған отбасылар С.Ө. Амирова, А.А.Әлімжановаға ұжым атынан құнды сыйлықтар берілді.

2016 жылғы 24 қыркүйекте №27 Қалалық емхана «Қарттар күніне» орай Ашық есіктер күнін өткізді. Ертерек хабарламалар ілінді, телефонмен шақырту ұйымдастырылды, жүре алмайтын қарт кісілерге де хабарландыру жіберілді, міндетті түрде науқастарды тасымалдау және әлеуметтік қызметкердің үйге келуі ұйымдастырылды. Барлығына артериялық қысым өлшенді, қан қанты мен холестерин белгіленді, электрокардиографияға түсірілді, терапевт тексерісінен өтті. Терапевттің нұсқауы бойынша қарт адамдар тар көлемді мамандардың, эндокринолог, невропатолог, хирург, гинеколог, кардиологтан өтті.



Мүгедектерді әлеуметтік қорғау:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 11 шілде 2002 жылғы «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына және


20 шілде 2005 № 754 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес медициналық әлеуметтік эксперттік комиссиясы белгілеген мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жеке көмекшілермен, және санитарлық гигиеналық, көмекші тағы басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық бөлімге жыл басына 485 мүмкіншілігі шектеулі азаматтар келді. Оның ішінде: -жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедетерді жеке көмекшілердің көмегімен қамтамасыз ету бойынша


62 мүгедектерден құжаттар қабылданып, 60 адамға жеке көмекші тағайындалды.

-Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 25 адамнан құжат қабылданып, 22 адам қамтамасыз етілді.

Санаторий-курортық емдеуге - 194 адамнан құжат қабылданып,
98 адамға шипа жайға жолдама берілді.

-Тифлотехникалақ құралдармен 7 адамнан құжаттар қабылданып, 7 адам қамтамасыз етілді.

-Сурдотехникалақ құралдармен 19 адамнан құжаттар қабылданып, 17 адам қамтамасыз етілді.

-Протезді-ортопедиялық орталыққа 56 адамнан құжат қабылданып, 54 адамға жолдама берілді.



-Санитарлық гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 87 адамнан құжат қабылданып, 85 адам қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда 36 балаға үйде әлеуметтік – еңбек, әлеуметтік–педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік–медициналық, әлеуметтік – құқықтық, әлеуметтік – мәдени және әлеуметтік – экономикалық сияқты 7 түрлі арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде.


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Мәдени шаралар:

6 шілде күні Астана қаласының туылған күнін №188 жалпы білім беретін мектепте аталып өтті.

Мереке қарсаңында алғаш рет жеке куәлікке ие болған бір топ жасөспірімдерге құжаттар тапсырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айырқша үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген аудан азаматтарын әкімнің «Алғыс хатпен» марапаттады.



29 шілде күні Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында «Алматы - ақындар арман қаласы» атты әдеби кеш өтті. Наурызбай ауданының зейнет жасындағы ақындар арасында өткен бұл кеш 80-ші жылдардағы және бүгінгі мен келешек Алматы туралы бейнероликтен басталды.Кешке жиналушылар 4 топқа бөлініп, бір-бірімен сайысқа түсті. 3 сайыстан тұрған бұл жарыста танымал қазақ және орыс жазушыларының өлеңдері оқылып, Алатаудың етегінде бой көтерген әсем де ару қаламызға арнап өз ойларынан өлең шығарып, бір - бірімен ақындық өнерге салып айтысты.

Қорыта келгенде «Қалқаман-Мамыр» тобы бірінші орынға, «Самал» тобы екінші ал, «Қарағайлы» және «Шұғыла» топтары үшінші орынға ие болып, аудан әкімінің "мадақтама қағазы" және естелік сыйлықтарымен марапатталды.



30 тамыз күні №188 жалпы білім беретін мектеп алды алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзден кейін еліміздің бас Заңын құрметтеуді халық арасында насихаттап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлес қосып жүрген 10 аудан азаматын Құрмет грамотасымен, 26 азаматты алғыс хатпен марапаттады.



Салтанатты бөлімнен кейін, елімізге танымал және болашақ өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

1 қыркүйек күні  Наурызбай ауданындағы білім беру мекемелерінде «Алғашқы қоңырау» үні сыңғырлап, барша балаларға айқара есігін ашты.

Ал аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудандық ардагерлер алқасы жаңа оқу жылымен мектеп оқушыларын, ұстаздар мен ата-аналарды арнайы құттықтап қайтты. 2016-2017 оқу жылы білім мекемелерінде 10 687 бала білім алатын болады. Оның ішінде 1608 бүлдіршін бірінші рет мектеп табалдырығын аттамақ.



Тағы да осы күні айтулы мереке қарсаңында сыйымдылығы 1200 орынды құрайтын №157 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы аудан әкімінің қатысуымен өтті. 2015 жылы аталмыш мектептің жанынан жаңа ғимараттың құрылысы басталған болатын.

Алғашқы қоңырау үні соғылғаннан кейін, салтанатты түрде лента қию рәсімімен 1 сынып бүлдіршіндері алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Салтанатты шара соңынан кейін аудан әкімі және қонақтар жаңа стандартқа сай салынған мектептің іші-сыртымен танысып, 1 сыныптың ашық сабақтарына қатысты.

2 қыркүйек күні №157 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында еліміздің мақтанышы, Рио Олимпиадасының дзюдодан күміс жүлдегері Елдос Сметовпен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, аудан жастары спортшымен емін-еркін тілдесіп, сұхбаттасты.  Олимпиада жүлдегеріне аудан басшылығы атынан естелік сыйлықтар табыс етіліп, жүздесу соңы ауданның арнайы концерттік бағдарламасына ұластырылды.

17 қыркүйек күні №188 жалпы білім беретін мектеп алаңында «Қала күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Осы жылы аудан тұрғындары керемет мерекелік бағдарламаның куәгері болды. Мерекелік алаң 2 секторға бөлінді. Оң жақ секторда аудан тұрғындары үшін асық ату, қол күрес, дартс, шахмат және дамбы ату сияқты әртүрлі спорттық ойындармен қатар, сауда орындары қойылып, көрермендерді түрлы ұлттық сусындар мен ыстық тағамнан дәм татуға шақырды.

Сол жақ секторда аква гримм, «Алматы қаласының тарихы» атты сурет көрмесі, ауданның мектептерінің қатысуымен «Алтын күз» көрмесі, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларының ұйымдастыруымен «Ұлттар достығы» атты көрмесі қойылды. Іс-шара мектеп оқушыларының орындауындағы флешмобтан басталды. Салтанатты бөлімнен кейін Алматы қаласы радиоэлектроника және әскери байланыс институтының патриоттық бағдарламасымен бастау алып, «Меруерт» би ансамблінің қойылымы, сыйқыршылардың керемет өнерлерімен қоса салтанатты мереке танымал қазақ эстрадасының жұлдыздарының ән шашуына ұласып, аудан жұртшылығына ұланасыр мереке сыйлады.



30 қыркүйек Ұлағатты «Ұстаздар күні төл мерекесіне орай №157 жалпы білім беретін мектепте салтанатты мерекелік шара өтті.

Аудан әкімі құттықтау сөзінен кейін білім және ғылым, ағартушылық саласындағы сындарлы саясаттың іске асуына белсенді атсалысқаны және егеменді еліміздің әлеуметтік бағытындағы қызметке өз үлестерін қосқан аяулы ұстаздарды сонымен қатар зейнет жасындағы 22 мұғалімді үлкен құрметпен марапаттады.

Мерекеміздің салтанаты «Парадайс» би тобы мен, «Тамшылар» ән тобының кішкентай өнерпаздарының ән-жыры, Қазақ Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Мұқасан Шахзадаев, Құдайберген Бекіш пен қазақ эстрадасының жас жұлдыздары Назар Серік, «Light Band» өнер көрсетіп, «Лимон-шоу» әзіл театры қойылымдарының қалжыңына ұластырылды.

Спорттық шаралар:

23 шілде күні  Наурызбай ауданы әкім аппараты аудандық пәтер иелері кооперативтері арасында «Жастар» шағын футбол алаңында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.«Баспана», «Рахат», «Тұрғын үй», «Медик», «Рауан», «Премьера» атты ПИК-терден бір командадан, ал «Ақжар» және «Асу» ПИК-терінен екі командадан қатысып, жарыс ережесі бойынша қатысушы командалар 2 топқа 5 командадан бөлінді.

Жарыс нәтижесі бойынша 3 орынға «Рауан» командасынан озық болған «Ақжар» командасы ие болды. Финал ойынында «Асу» және «Медик» командалары кездесіп, теңтартыста «Медик» командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі орын иелері Наурызбай аудан әкімінің атынан бағалы жүлделерге ие болды. 1 орынға ие болған «Медик» ПИК-нің командасы, бір ауланың санитарлық қырқу сертификатына ие болды. Сонымен қатар футболшылар жеке мадақтамалар және жүлделермен марапатталды.



25 шілде күні «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы аясында «Қалқаман» шағынауданы Айбергенов көшесі-33 және «Ақжар» шағын ауданы Дәулеткерей көшесі -8, 12 мекенжайларында салынған жаңа балаларға арналған спорттық алаңдары ашылуының салтанаты өтті.

Балалар спорттық алаңында түрлі спорттық және ойын құралдары бар: әртүрлі әткеншектер, сырғанауға арналған төбешіктер, үстел теннисі, шағын футбол ойнауға арналған аранайы алаң және т.б.

Алаңның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Б. Пірәлиев, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының атқарушы директоры А. Балабеков, «Дорстрой» ЖШС-нің директоры А. Голованенко қатысты.

26 тамыз күні «Қалқаман» шағынауданы, Әуезов көшесі, 13 үй мекенжайында балаларға арналған жаңа ойын алаңы салынып, қажетті құралдармен жабдықталды.

Ойын және спорт кешендері 800 шаршы метр жерге салынған. Балалар алаңының ашылу рәсімі салтанатты түрде аудан әкімі С.Сайфеденовтың алғы сөзімен ашылды. Аудан әкімі тұрғындарды жаңа алаңмен құттықтап, сөз соңында «АТФ банк» АҚ-ның ұжымына алғыс хат табыстады.



14 қыркүйек күні мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам «Құрбан айт» мерекесіне орай, Наурызбай ауданында орналасқан «Қалқаман» мешітінде ұлттық спорт түрлері яғни, қазақша күрес, асық ату және арқан тартыс сияқты сайыс түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

29 қыркүйек «Ұстаздар күні» мерекесіне орай №187 жалпы білім беретін мектептің спорттық залында, мектеп мұғалімдері арасында волейбол спорт түрінен жарыс ұйымдастырды. Нәтижесінде №176 мектеп-гимназия командасы 1-ші орынға, №188 мектебі 2-ші орынға ал, №157 мектеп командасы 3-ші орынға ие болды.

Сонымен қатар, жарыстың нәтижесінде бірнеше ойыншы жекеленген номинациялардың иегері атанды. Бас төрешілердің шешімімен «Ең үздік байланыстырушы» номинациясына командасы тең сайыста №157 мектебінің әріптестеріне жеңілгеніне қарамастан, №187 мектебінің мұғалімі Жайлыбаева Раушан Әлиқызы иеленді. «Ең үздік шабуылшы»


№157 мектебінің мұғалімі Әділ Мұрат Омарұлы атанды. Ал, «Жарыстың ең үздік ойыншысы» атағына жарысты жеңіп алған команданың мұғалімі Ташметов Біржан Оразханұлы ие болды.

Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.



Қайырымдылық шаралар:

29 маусымынан 1 шілдесі аралығында №176 мектеп-гимназияның ғимаратында аудан әкімінің аппараты Қазақстан «Қызыл ай» қоғамымен бірлесіп, ауданның 200 отбасына (1000 адам) оның ішінде, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қолдау көрсету үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. «Қызыл ай» қоғамының өкілдерімен гуманитарлық көмек тұрмыстық химия (кір жуғыш ұнтағы, тіс пастасы және «Мистер PROPER»), балалардың бірреттік жаялықтары, балалар мен үлкендерге арналған сыртқы киім (балалар, ерлер, әйелдер және жасөспірімдерге арналған). Әрбір отбасыға 2 данадан кіржуғыш ұнтағы, 2 дана тіс пастасы, мистер «PROPER» және отбасы мүшелерінің санына қарай киім үлестірілді.

28 шілде күні қаламыздың тарихи орындары мен көрікті жерлеріне саяхат жасау мақсатында «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе ауданның жиырма зейнеткеріне Алматы метрополитенінің «Алмалы», «Жібек жолы» және «Мәскеу» станцияларына және Орталық мемлекеттік мұражайына тегін экскурсия жасады.

3 тамыз күн аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау, көмек көрсету, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қаламыздың тарихи орындары мен көрікті жерлерін көрсету мақсатында аудан әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, ауданның 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарына Орталық Мемлекеттік мұражайын аралатып, тегін саяхат ұйымдастырды.

5 тамыз күні «Премьера» тұрғын үйдегі футбол алаңында кинокөрсетілім қойылды. Жоспар бойынша кинокөрсетілім алдында зейнеткерелер үшін би кеші ұйымдастырылды. Жас ерекшелігіне қарамай зейнеткерлер, жастар тіпті балаларға дейін 80-90 жылдар арасындағы әндерге бар күшін салып биледі. Би кешінен кейін экранда қазақ киносының ерекше бір туындысы «Қыз Жібек» фильмі көрсетілді. Фильм біткен соң халық әкімге ризашылығын білдіріп, осындай іс-шаралар дәстүрлі түрде жалғасын табуын сұрады.

6 тамыз күні «Ақ Үміт» балалар үйінде ашық аспан астында кинокөрсетілім қойылды. Балалар кинокөрсетілімді толығымен сезіну үшін попкорн мен сусындар таратылды. Бұл күні экранда «Аңшы бала» кинофильмі көрсетілді. Фильм таңдалуы кездейсоқ емес, себебі фильм желісі мектеп жасындағы баланың құндылықтарының өзгеруі мен дамуынан құрылған еді.

25 тамыз күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты «Спутник» сауда кешенінің кинозалында «Мектепке жол» акциясын өткізді. Аталмыш ұйымдастырылған акцияға аудан мектептерінде білім алатын жетім, жартылай жетім балалар мен көпбалалы және азқамтылған отбасыларынан шыққан 200 бала қатысты.

Балалар өздеріне қажетті жабдықтарды алған соң, «Үй жануарларының құпия өмірі» атты мультфильмін тегін тамашалады. Сонымен қатар, әкім аппараты жиналған оқушыларды «Family» ойын-сауық саябағында демалып қайту үшін тегін жолдамамен қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
және Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында маусым айынан бастап Наурызбай ауданының шағынаудандарында «Аспан астындағы кинокөрсетілім» акциясы жүргізілді. Аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері аудан тұрғындары аталған акцияны «Таусамалы», «Ақжар», «Рахат» және «Шұғыла» шағынаудандарындағы шағын-футбол алаңдарында тамашалаған болатын.

21 қыркүйек күні «Ақжар» шағынауданы, Даулеткерей көшесі, №8 үй мекенжайындағы футбол алаңында соңғы кинокөрсетілім концерттік бағдарламамен ашылды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін тұрғындар «Суперсемейка» мультфильмін тамашалап, алғыстарын білдіріп, акцияның ендігі жылы қайталануын сұрады.

22 және 23 қыркүйек күндері акцияның аяқталу рәсімі салтанатты түрде «Таусамалы» шағынауданы, Рысқұлов көш, №86 үй және «Рахат» шағынауданы, Әйтеке би көш., №17 үй мекенжайларында аталып өтті.

  Концерттік бағдарлама мен мультфильмді тамашалап, шағынаудан жұртшылығы аталмыш акциямен уақытша қоштасты.



Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның аясында өткізілген шаралар:

12 шілде күні №176 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысына байланысты «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік психологиялық бейімдеу орталығының ұйымдастыруымен «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар» жобасы аясында «Әйелдерді кемсітушілік мәселелер және оның шешу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

17 тамыз күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты «Ақпараттық - ресурс орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Көшбасшы әйел мектебі» жобасы аясында семинар өткізді.

Шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Көшбасшы әйел мектебі» жобасының ұйымдастырушысы Б.Б.Турабекова, бизнес жаттықтырушы, коуч, кеңесші Г.Жукупбаев, сонымен қатар ауданның мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінен және кәсіпкерлер қатарынан 40 әйел азаматшалар қатысты.



26 тамыз күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты аудандық медицина бірлестігі және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімімен бірлесіп, Республикалық «Ақ орамал» концепцисына сәйкес салтанатты түрде «Ақ орамал» акциясына аясында іс-шаралар өткізді.  Ауданық АХАТ бөлімінің неке қию рәсімінен кейін әкім аппараты өкілдері мен ауданнның Батыр аналары перзентханаға босанған жас аналарды бөбектерімен құттықтап, ақ орамалды жас аналарға тарту ету үшін атбасын бұрды.

11 қырқүйекте «Отбасы күні» мерекесіне орай №188 ЖББМ алдындағы алаңда 150 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ана, мен Сізді жақсы көремін» атты флешмоб акциясы өткізілді.

Осы күні перзентханада босанып шығуға дайындалған аналарды құттықтау және сәбилердің туу туралы куәліктерін ресми түрде табыстау рәсімі өткізілді.

Сондай-ақ, №1 қалалық клиникалық ауруханасының конференц залында «Отбасым- алтын қазынам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш іс шараға 50 жыл бірге некеде тұрған жұптар, «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық номинанттары мен қатысушылары, жас әрі көпбалалы отбасылары, мемлекеттік және бюджеттік саладағы қызметкерлер арасындағы жас отбасылары мен «Қазақ радиосы», «Алматы ақшамы» және BNEWS интернет порталы тілшілері атсалысты.

27 қыркүйек күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен №187 жалпы білім беретін мектебінде «Сәйкестендіру, қайта бағыттау және адам саудасы құрбандарын қорғау» тақырыбында медицина мекемелерінің қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

«Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімделу орталығының қызметкерлері Г.С. Жайсанбаева мен С.К.Ибраимова адам саудасы Қазақстан Республикасы үшін өзекті мәселе болып табылатынын айтып өтті.

Тілдерді дамыту бойынша:

21 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Наурызбай ауданы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты аудандық тіл байқауы өтті. Аталмыш байқау «Сәлем-сөздің атасы», «Білгенім бір тоғыз..» сұрақ-жауап, «Сөздің көркі - мақал», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты 4 кезеңмен әр ұжымның төрт көзін түгелдейтін 4 қызметкерден құралған 6 топ қатысып, өзара білім, біліктіліктерін ортаға салды.

Нәтижесінде, Мемлекеттік кірістер басқармасы 1 орынға, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Ішкі істер басқармасы 2 орынға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 3 орынға ие болды. Ал, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен медицина бірлестігі белсенділік танытып, соңғы орынға шықты.

Барлық қатысушылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, сайыскер командаларға естелік сыйлықтар тапсырылды.

Аудан әкімі аппаратындағы 34 қызметшінің 17-і қазақ тілі курсына, оның 5-ы тереңдетілген ал, 12-і жалғастырушы топта. 18 мемлекеттік қызметші ағылшын тілі курсына қатысады.


Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі:

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстары мен сұрақтар үнемі бақылауда. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 9 түрлер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

01.07.2016 ж. - 30.09.2016 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:

1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 8;

2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 115;

3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 3;

4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша – 32;

5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық

хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 160;

6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 68;

7. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 974;



8. Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 82;

9. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 1.

Барлығы 2016 жылдың 3 тоқсанында мемлеттік қызметті алған адамдар саны – 1443 адам.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар анықталмаған.

Персоналды басқару қызметі:

Ауданда кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы саясатына сәйкес нақты іс шаралар жүргізілді.

2016 жылдың 01 қазанында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 40 адамды құрап отыр, оның ішінде - 6 бос орын, нақты жұмыс істейтіндер саны – 34, оның ішінде - 13 әйел. Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 1 саяси қызметкер, 33 әкімшілік. Ұлттық құрам бойынша: қазақ-34. Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Еңбек және орындаушылық тәртіпті нығайтуға жиі көңіл бөлінеді. Қажет болған жағдайда аппаратта тәртіптік жаза қолданылады.


Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі:

Наурызбай ауданы әкімі аппаратына есептік кезеңде 1101 кіріс хат-хабар келіп түсті, оның ішінде: 6-заңды тұлғадан; 335–жеке тұлғадан; 626 – қызметтік, 42-директивті, 92-ұйымдастыру құжаттары. Шығыс құжаттары – 1695, оның ішінде: 4–заңды тұлғадан; 324–жеке тұлғадан; 587– қызметтік, 81 - ұйымдастыру құжаттары, бастамашыл –699. Жалпы құжат айналым – 2796 құжатты құрайды.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының басшылығы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды өткізеді.

Есептік кезеңде аудан әкімі мен әкім орынбасарларының қабылдауында 89 адам болды. Қабылдауда көтерілген мәселелердің негізгі бөлімі: коммуналдық-шаруашылық және көріктендіру мәселелері – 44; кәсіпкерлік қызмет – 11; қоғамдық көлік-2, әлеуметтік мәселелер –6, жер мәселесіне қатысты-14, спорт және мәдениет, білім саласы-1, тағы басқа-11. Оның ішінде 15 мәселе оң шешілді, 58-не түсінік берілді және 7 басқа ұйымдардың қарастыруына жіберілді.



Наурызбай ауданы әкімінің қабылдаған өкімдері: жеке құрам бойынша 46, негізгі қызмет бойынша 5.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет