Техникалық және кәсіптік білім беру
Қалада 84 колледж жұмыс жасайды, мұнда 62 мың адам білім алады, жеке меншік мекемелер жалпы санының 80% жуығын құрайды.
2012 жылдан бастап колледждер түлектерінен өтініштер қабылданып, өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру кепілдігімен шарттар жасалуда. Осыған қарамастан, түлектерді, әсіресе жеке меншік колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруда әлі де қиындықтар бар.
2015 жылы түлектердің шамамен 10% жұмысқа орналаса алмады. Оның үстіне, жеке меншік колледждерде қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру немесе кейіннен босатумен жұмысқа орналастыру жағдайлары орын алады, бұл жұмыспен қамтылмағандар санын жасанды түрде төмендетеді. Бұл жағдайда мемлекеттік колледждер түлектерінің 90% мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмысқа орналастырылады. Жеке меншік колледждер үшін бұл сан 12% ғана құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |