2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы



бет2/3
Дата30.10.2019
өлшемі96,24 Kb.
#50792
1   2   3
Байланысты:
тәрбие тұжырымдама 2019-2024[1]


Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс.



Тәрбиенің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;

3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;

4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;

6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;

7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;

8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;

9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;

10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;

11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.



Тәрбие қағидаттары: Тәрбие міндеттерін шешу барысында келесі қағидаттары мақсатты түрде пайдаланған дұрыс: табиғат сәйкестігі қағидаты, гуманизация қағидаты, үздіксіздік қағидаты, мәдени сәйкестік қағидаты, этникалық қағидаты, қызметтегі және қызмет арқылы тәрбие қағидаты, субъективтік қағидаты, педагогикалық қарым-қатынасты дербестендіру қағидаты, полисубъектілік қағидаты, диалогтілік қағидаты, белсенділік қағидаты принципі, талаптылығы жоғары тұлғаны құрметтеу қағидаты, жетістікті қамтамасыз ету қағидаты принципі, позитивке сүйену қағидаты, білім алушылардың кері және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидаты принципі, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидаты, тәрбие әрекеті өмірмен және өнеркәсіптік практикамен байланысының бірлік қағидаты, балалардың өмірін эстетизациялау қағидаты, оқушылардың бастамасы мен тәуелсіздігінің дамуымен педагогикалық басқаруды біріктіру қағидаты, жалпыға ортақ адами құндылықтардың қағидаты, білім берудің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен ұлттық және әлемдік мәдениеттің нормаларына негізделуі керек екендігін көрсетеді.

 

 7. XXI ғасырға лайықты тәрбиенің сапалық негізгі хабарламалары:



«Рухани жаңғыру»

 Қазақстандық ұлтжандылық. Аталған сапаның қалыптасуы білім алушылардың Отанын жақсы көрумен, оның табыстары мен жетістіктеріне риза болумен, көрнекті тарихи тұлғалардың атақ-даңқтарымен, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, елдің тарихына құрметпен қарауға, оның өркендеуі мен әл-ауқатының жақсаруына байланысты еңбек етуге, конституциялық міндеттерді орындауға, қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесі болуға тиіс.



Бәсекеге қабілеттілік. Білім алушылардың бұл қасиеті қазіргі заманғы жағдайда интеллектуалдық даму қажеттілігін сезіну, бәсекеге қабілеттілік, креативті және ұлттық өзіндік санасы мен сыни ойлауы жоғары деңгейде дамыған дені сау тұлға ретінде көрінген, өзін-өзі жетілдіруде, өзін-өзі дамытуда, өзіндік сенімі бар талаптары анық көрініс тапқан, үш және одан да көп тілді меңгерген, тіл табысқыш, топпен жұмыс жасай алатын, жаңа білімдерді меңгеруге дайын, оларды сыни ойлай алатын, компьютерлік және цифрлық сауаттылық үшін қандайда бір мәселе туындаған жағдайда, қалыпты емес жағдайларда жаңадан меңгерген білімдерін (функционалдық сауаттылық) тиімді қолдана алатын көшбасшылық қасиетке ие, өзіндік күшін жетілдіруді шебер қолдана алатын тұлға.

Прагматизм. Прагматизмді тұлғаның қасиеті ретінде тәрбиелеу, білім алушылардың дайындығымен, олардың қабілетімен және білімімен: нақты мақсаттардың жетістіктеріне, білімге, сауатты өмір салтына қарай шынайы өмір сүруге; мүмкіндігіне қарай өз өмірін басқаруға; практикалық пайдалы нәтижелер алуда өмірге деген өз әрекеттері мен көзқарастарының жүйесін құру; өз уақытын жоспарлау; практикалық қызмет барысында нәтижелер алу (мақсат нақты, сенімді нәтижеге құрылуы керек) байланысы болуы керек.

Ұлттық сәйкестік. Ұлттық ерекшеліктің қалыптасуы білім алушылардың халықтың тарихын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мемлекет ретінде қазақ тілін ұлттық сәйкестіктің негізгі элементі - ұлттың мәдени коды ретінде («егер халық өз мәдениетін жоғалтса, халық жойылады»), ұлттық сананың базалық элементі ретінде, рухани қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының бірлік пен тұтас Қазақстан халқының ұрпақ («Қазақстан - ортақ үйіміз») жалғастығының сабақтастығы ретінде; төзімділік пен гуманизм негізінде бірге тұратын барлық халықтар мен ұлттардың тілін, тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және ұлттық мәдениетін құрметтеуге барлық қазақстандықтардың қабілеті мен дайындығы; түрлі мәдени мұраны іздеу мақсатында этникааралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болу, қазақ жерінде бейбітшілікті, тыныштықты және зорлық-зомбылықтан сақтайтын жалпы адами құндылықтарды (өмір, еркіндік, бейбітшілік, ар-ұждан, сенім, махаббат, бақыт, денсаулық) сақтау қабілеті мен қажеттілігін меңгерумен байланысты.

Білімнің салтанат құруы. Білім алушылардың бойында аталған қажеттілікті дамытуға байланысты (білімнің басымдығы, таным мәдениеті) рухани өзін-өзі жетілдіруге тұрақты жеңуге тартатын материалдық жетістікке қол жеткізуде қоғамдық мораль негізінде терең түсіну жатқан рухани өзіндік дамытуға қабілетті және дайын болуы керек.

Эволюциялық және сананың ашықтығы. Білім алушылардың бойында аталған қабілеттерді жаңа технологиялық сананың өзгерістерді дамыту дайындығымен көрінуі керек; прогресспен қатар қадам басып, оның негізгі бағыттарын ұстану, басқа мемлекеттердің озық тәжірибесін меңгеру үшін ең жақсы жетістіктерді қабылдау; басқа елдермен диалогқа қатысу, басқа елдерден үйрену; олардың «өмірлік әлемінің», «өрісін» кеңейту және олардың шығармашылық күштерін қолдану нысандарына барынша қолдау жасау.

Салауатты өмір салты - әрбір қазақстандық үшін денсаулық - ең жоғары құндылық. Ол міндетті түрде спортпен, дұрыс тамақтанумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, оң эмоцияларды көбейтумен, әлемге оң көзқараспен, қозғалыс белсенділігін артуымен байланысты.

XXI ғасырдың адамына лайық қасиеттер ретінде осы қасиеттер мен сапаны қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім беру тәрбиенің ұйымдарындағы жаңартылған мазмұнының айқындау ғана емес, сонымен қатар: азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, еңбек, эстетикалық, зияткерлік (саналық), дене бітімдік, құқықтық, көпұлтты және ұлттық тәрбие беруді қамтиды және мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың күшті және мықты ҚАЗАҚСТАН құруда қолдау көрсетуінде байланысты болатын «Қазақстан-2050 Стратегиясында» басым бағыттарын: 1) Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм - бұл барлық қоғамды, барлық ұлттық өзгешелікті біріктіру емес; 2) барлық этникалық топтардың азаматтары тең құқылы болу. Барлығымыз тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге ие қазақстандықтар болып табыламыз және біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге тікелей жауап береміз; 3) қазақ тілін және тілдердің үштілділігін дамыту. Жауапты тіл саясаты - қазақ халқының негізгі біріктіруші факторларының бірі. Қазақ тілі - рухани негіз және барлық салаларда белсенді түрде дамыту керек; 4) Мәдениет, дәстүр және өзін-өзі жаңғырту. Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды; 5) ұлттық интеллигенция рөлін жоғарылату (мұғалім ұлттық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы тұлғасы). Зиялы қауым қалыптасқан мемлекеттің кезеңінде ұлттық құндылықтарды нығайтуда жетекші күш болуы керек; 6) мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту - Қазақстанның табысты дамуының маңызды шартына қатысты бағыттарды іске асыруға ықпал ететін болады.

 

 8. Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері



 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға) сүйенеді:

Антропологиялық көзқарас - тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.

Тұлғалық-бағдарлы көзқарас - өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс-әрекеттерін және тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуына бағытталған.

Қызметтік көзқарас - педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.

Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі тұлғаның дербестік дәрежесіне, шығармашылық белсенділігіне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді.

Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық «тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағыныштылығын көрсетеді.

Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Гуманистік көзқарас (гуманистік бағыт қағидаты) - педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъекті ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.

Мәдени сәйкестілік тәсілі. Тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.

Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, барлық гуманистік тұжырымдамалардың негізі болып табылады. Аксиологиялық тәсіл - тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлерге, сонымен қатар ұлттық және әлемдік мәдениетке негізделуі тиіс деп бекітеді.

Этнопедагогикалық тәсіл тәрбиені ұлттық этникалық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толықтыруды, барлық азаматтардың ана тілін үйренуге және ана тілінде сөйлеулеріне, өз ұлтының салт-дәстүрлерін зерделеуге жағдай жасауды көздейді.

Этномәдени тәсіл ұлттық білім алушы тұлғасының тәрбиесі ретінде (өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу және меңгеруді этникалық әлеуметтену қажетті шарт ретінде) қарастыруды көздейді. Ол басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін білуге қызығушылық тудырумен; жалпыазаматтық құндылықтарды меңгерумен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау білігін және дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланыста болуы тиіс.

Көпэтникалық, көпмәдениеттілік тәсіл. Аталған тәсілдің мақсаты: - үйлесімді тәрбиелеу, шынайы-позитивті, рухани-адамгершілік (этносқа қарамастан) қатынастар, әлемдік мәдени мұра мен шетел тілдерін меңгеру, көпмәдениетті білім беруді және этносаралық толеранттылықты дамыту; - көпұлтты және көпмәдениетті ортада әртүрлі ұлт, нәсіл, діни наным-сенімді ұстанатын адамдармен бейбіт әрі келісіммен өмір сүре алатын, жоғары түсінікке ие және басқа мәдениеттерді құрметтей алатын, белсенді және жақсы өмір сүруге қабілетті тұлға тәрбиелеу; - олардың көзқарасына, мінез-құлқына, әдетіне, өзара құрметке ұмтылуда байқалатын әртүрлі қызығушылықтар мен ешбір қысым көрсетпей, түсіндіру мен құрмет көрсету әдісін қолдана отырып көзқарасты түсіну мен келісуде этникалық, ұлттық немесе мәдени қатынасына қарамастан басқа адамдарға шыдамдылық танытумен сипатталатын этносаралық толеранттылықты (тұлғаның моральдық қасиеті) дамыту.

 

 9. Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары



«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

Мақсаты: патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстанымы және ортақ ұлы ұлтқа қатысы бар патриот тәрбиелеу мақсаты болып табылатын «Отаным - тағдырым» (патриоттық), «Атамекен» шағын бағдарламасында берілген бағытқа лайық қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда Біртұтас Ұлттың жауапты Тұлғаға назар аудара отырып жастар қозғалысын қайта форматтау; қоғамның әртүрлі салаларында белсенді көрініс арқылы азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу; балалар бастамаларына қолдау көрсету арқылы көшбасшылықты қолдау; азаматтық белсенділікті және кіші Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту.

Бағалау критерийлері: Отанға, мемлекеттік жүйе, мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұраны), заң және тәртіпке; ұлтаралық және конфессияаралық келісім, елдегі достық; экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы өз елінің жетістіктері; басқа адамның құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары; өздерінің аймағының (ауыл, қала, маңайдағы) табиғаты, мәдени және тарихи өмірі; құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; заңдардың, құқықтардың және міндеттердің талаптары; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш пен жауапкершілік сезімін байыту.

Іске асыру тетігі:

1. Сабақтар, оқу пәндері, сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберінде ерлік, ар-намыс және қадір-қасиет туралы, Отанға адал қызмет көрсету, дебаттар мен пікірталас клубтарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақыратын патриоттық форумдар, іс-шаралар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және мемлекеттік нышандарының атрибуттарын білу бойынша конкурстар мен мектеп олимпиадаларын өткізу. Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да этникалық топтардың мәдени мұраларын, салт-дәстүрлерін зерттеуге арналған жергілікті тарихи экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметкерлер, әдебиет, өнер, ғылым, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот төрелігі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесулер; балалар және жастар бастамасы жобаларының жүйесін дамыту. Балалар мен жастар қозғалысын жандандыру; мемлекеттік қаражатпен бірлескен қызмет; әңгімелер, лекциялар, семинарлар, тренингтер; экскурсиялар; құқықтық ақпараттық материалдарды тарату; «Сенімді қызметтер» ұйымын, «Мен және заң» акциясын, «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» атты шараларды ұйымдастыру.

2. «Рухани жаңғыру» - «Жас ұлан», «Жұлдыз», Ұлы дала скауттары, жас патриоттар және т.б. құндылықтарға негізделген; «Сөз - тілдің көркі» (Білім алушыларға классиктердің және қазіргі заман ақындарының, қазақ ойшылдарының шығармаларын, тілдік фестивальдер, конкурстар, көркемөнерпаздар байқауын, айтыстар, пікірталастар және т.б ұйымдастыру) «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» (балалар бастамаларына қолдау көрсету); «Салауатты ұрпақ» (студенттік және мектеп білім алушыларының спорт лигасының дамыту) балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамыту.

Басты іс-шаралар: 1) «Атқа міну мәдениеті». Туристік-өлкетану маршруттары мен жарыстар, мұражайлар; 3) «Отан қорғаушы». Әскери-патриоттық клубтар құру; 2) «Алау». Патриоттық және әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізу; 4) «Белсенді жаз». Демалыс кездерінде әскери-спорттық, бейіндік патриоттық ауысымды ұйымдастыру; балалар және жастар қозғалысының көшбасшылары; 5) мектептерде тарихи және археологиялық қозғалыстар жүргізу.

 

Рухани-танымдық тәрбие.

Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» берілген бағыттардағы шағын бағдарламаға сәйкес қарастырылуы керек, «Жақсы кітап - жан азығы» жобасының мақсаты: туған өлкенің тарихы, мәдениеті және дәстүріне деген құрметі мен қызығушылығын ояту.

Қамтамасыз ету жолдары: рухани құндылықтарды насихаттау; қазақстандық мәдениетті насихаттау; білім алушыларды рухани және интеллектуалды даму құралы ретінде оқытуға қатыстыру; қазіргі заманауи танымал идеяларды, әлемдік экономикалық және әлеуметтік ой-өрістердегі үрдістерді зерттеуге жастардың қатысуын қарастыру.

Бағалау критерийлері: моральдық-этикалық нормалардың жалпыға ортақ нормаларына моральдық көзқарасын таныту; өз абыройы, ар-намысы мен міндеті; ішкі еркіндік пен моральдық шешім қабылдау; өзінің және басқа да ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары; діни құндылықтары; ойлары, сөздері мен істерінің бірлігін қабылдау; өзінің мінезін ар-ұжданның ішкі дауысымен мақұлданған әрекеттер; әртүрлі мәдениеттер мен нанымдардың бірлігін; халыққа адал қызмет ету; ата-аналарына, отанына, қоғам алдындағы міндетін жетілдіру.

Іске асыру тетіктері:

1. Оқудың білім беру әлеуетін нығайту арқылы: мектеп пәндері мазмұнының құндылықтарын біріктіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын дамыту және іске асыру, еріктілікті дамыту; педагогикалық кеңес, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» моральдық білім беру бағдарламасының мета-ағартушылық және білім беру рөлін нығайту, «Ұлы Жібек жолы» элективті курсында мектептегі рухани-адамгершілік білім беру сапасын бақылау, рухани-адамгершілік тәрбиелеу аясында қосымша тәрбие жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту.

2. Өңірлік бағыттағы клубтық бірлестіктердің жұмысын дамыту, виртуалды тарихи-өлкетану көрмелерін құру, өңірлік оқуларды, сағаттарды, акцияларды, фотокөрмелерді ұйымдастыру, тарихи, сәулет және естелік орындарға экскурсияларды ұйымдастыру, білім алушылармен «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында өздері мұражайдың экскурсия жетекшісі ретінде мұражай қызметкерлерімен кездесулерді ұйымдастыру, білім алушылар үшін тарихи-мәдени көрікті жерлер, өңірдегі археологиялық қазбалар, табиғат ескерткіштеріне, соның ішінде білім алушылармен өңірлерге, астанаға және керісінше бағытта бару бойынша қатысушылармен мәдени және туристік экскурсияларды ұйымдастыру, онлайн-конкурстарды, эссе жазу және сурет салу конкурстарын ұйымдастыру, туған өлкеге байланысты сұрақ-жауапта балалар мен білім алушыларға жүлделер және мадақтау сыйлықтарын беру; табиғи қорықтарды, су қоймаларын, өзендердің арналарын тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер ұйымдастыру.

Басты іс-шаралар: 1) сабақтан тыс уақытта танымдық тақырыпта сынып сағаттар, дәрістер, әңгімелесулер өткізу, танымдық тақырыпты қозғайтын жазушылардың шығармаларына байланысты конференциялар, әдеби пікірталастар өткізу; 2) қайырымдылық акцияларын өткізу; 3) еріктілер отрядының жұмысы; 4) театрларға, мұражайларға бару; 5) мектепішілік және өлкетану мұражайларындағы тарихи-археологиялық қозғалыс жүйесіндегі өлкетанулық іс-шаралар.

 

Ұлттық тәрбие.

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкес «Өлкетану» (өлкелік) «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына» ішкі бағдарламаның базалық бағытын қарастырған жөн.

Қамтамасыз ету жолдары: жастар туризмін зерттеу және өлкетану жұмыстарын дамыту; қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолданумен техникалық шығармашылықты дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру; моральдық, рухани және гуманистік құндылықтарды тәрбиелеудің басымдығы бар адамдар арасындағы эмоционалдық және ұтымды қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін беру; қазақстандық патриотизм рухында жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері: туған және мемлекеттік тілдерді білу; этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке, өз халқының мәдени мұрасына, қазақ және өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы мақтаныш сезімін және жауапкершілігін көрсету; Қазақстандағы өзге ұлттардың этникалық мәдениеті; Қазақстанның басқа этникалық топтарының мәдениеті; этносаралық татулық пен келісім.

Іске асыру тетіктері:

1. Оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс қызметте жалпы адами және ұлттық құндылықтарды кіріктіру сабақтары. Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; Қазақстан Республикасының рәміздерін білу, қазақ халқының мемлекеттік тілі, мәдениеті мен дәстүрлері, Қазақстан тарихы, жергілікті тарих және т.б. туралы фестивальдар мен байқаулар өткізу.

2. «Менің Отаным - Қазақстан» (жастар туризмін және жергілікті өлкетануды дамыту, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастыру).

3. «Тарих мұра», «Өз жеріңді таны» (жергілікті білім беру мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу).

4. «Табиғат бесігі» (туған өлкеге жауапкершілікпен және аялап қарау)

Басты іс-шаралар: 1) «Туған өлке тарихы». Білім беретін оқу орындарында мұражайларға, өлкенің мәдени-тарихи орындарында барып факультатив сабақтарын, арнайы курстарды, үйірмелерді өткізу. 2) «Ұлы дала тұлғалары». Өлкенің тарихын, маңызды оқиғаларын, белгілі тұлғалардың тарихын білу бойынша зияткерлік іс-шаралар; 3) «Мақтанышым - Астанам». Олимпиадалардың, байқаулардың, конкурстардың жеңімпаздарына арналған Астана қаласына сапарлар ұйымдастыру; 4) «Туған өлке соқпақтары». Туристік-өлкетану маршруты мен сайысы. 5) «Менің Отаным - Қазақстан». Жас өлкетанушылардың, туристердің және экологтардың жыл сайынғы өңірлік, республикалық слеттер мен форумдары; 6) «Алтын адам». Мұражайдағы сабақтар; 7) «Қайнар бұлақ». Балалар мен жастар қозғалысы; 8) «Отбасымен бірге». Ата-аналық қозғалыс; 9) «Реликвия». Тарихи құжаттарды, жанұялық мұраларды, материалдық мәдениет заттарын, картиналар мен басқа да экспонаттарды мұражайға өзбетінше тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізу; 10) өлкетану мен жастар туризмінің рөлі туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру және орнату; 11) «Бабалар мұрасы». Өнер және қолөнер туындыларының Республикалық көрмелері; 12) Сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар: «Ұлттық тарихтағы уақыт пен кеңістік», экскурсиялық (сырттай, oн-лайн) «Ботай» мәдени мұра бағдарламасы; «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен қазіргі жаңалықтары»; 13) Ұлы ойшылдардың, ақындардың және Ұлы даланың әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сынды тұлғалары мен қазіргі әдебиеттегі, музыкадағы, театр мен қолөнердегі шеберлердің бейнелерін меңгеру.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет