Отбасылық тәрбие.
Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасын қарастырған жөн.
Қамтамасыз ету жолдары: Оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау; білім беру мекемелерінде кітап алмасу үшін арнайы орындарды ұйымдастыру - буккросингов; білім алушылар мен үлкендер арасында (кітапханашы, мұғалім, ата-ана, білім алушы) кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде (ертегілер, аңыздар, мысалдар, хикаялар, эпостар) бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.
Критериалды бағалау: Өзінің жанұясы мен ұрпақтарына; отбасы құндылықтары мен моральдық қағидаларды сақтау арқылы отбасы мен неке құндылықтарына этноәлеуметтік рөлге құрмет көрсету, қастерлеу.
Іске асыру тетіктері:
1. Білім беру ұйымдары Қамқоршылар кеңесі және ата-аналар комитеттері; Репродуктивтік денсаулық орталықтары, мамандардың консультациялары, бірлескен отбасылық іс-шаралар; «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде ата-аналарды оқыту, жастар мен ерлердің мінез-құлық мәдениеті туралы сұхбат алу, жоғары сынып білім алушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Отбасылық өмірдің этикасы» бойынша элективті курстар ұйымдастыру; білім беру ұйымдарының қызметіне ата-аналардың қатысуы; әкелердің, әжелердің клубтары; ақсақалдар кеңесі; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, жалпыға бірдей білім беру; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру; өтеусіз негіздегі қосымша білім беру мекемелеріне балалар мен жастарға қолжетімділікті ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, конкурстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстары; кітап көрмелерін және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын ЖОО» жарыстары өткізілді.
Басты іс-шаралар: 1. «Буккроссинг». Кітап алмасу үшін арнайы орындар ұйымдастыру; 2. «Қадірлі сыйлық». Кітапханаларға кітаптарды ерікті түрде тапсыру үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру; 3. «Кітапхана - білім ордасы». Студенттердің кітапхана қызметкерлерімен, студенттік үйлердегі әдеби кештер және студенттік демалыс орталықтарында кездесулер ұйымдастыру; 4. Отбасылық оқуға арналған кітаптар, альбомдар, буклеттер, фильмдер, бейнематериалдар және т.б. ұйымдастыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру керек.
Қамтамасыз ету жолдары: болашақ мамандықты таңдау барысында білім берушілерге кәсіби бағдар беру және олардың даралығы мен жеке ресурстарынан хабардар ету; көркем және сәндік өнер арқылы білім алушылардың ішкі шығармашылық әлеуетін және жеке қабілеттерін дамыту; «Қазақстан - алма және қызғалдақтың Отаны» қазақстандық флораны зерттеу; экологиялық проблемаларды жетілдіру, баламалы энергияны пайдалануды танымал ету.
Критериалды бағалау: кәсіптік білім мен өнімділікті дамытуға жауапты қатынастың көрінісі; мамандық таңдаудағы жауапкершілік; қызмет орнында көздеген мақсаттарына жету; экономикалық және экологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына деген оң көзқарас; өсімдіктерге, экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, айналаңыздағы адамдар және өзіңізге құрметпен қарау; «адам - қоғам - табиғат» жүйесі; қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі іс-шаралар; нарықтық экономиканың заңдарын түсіну; экологиялық қауіпсіз мінез-құлық нормаларына, қоршаған ортаны құрметтеуге деген саналы көзқарастың көрінісі.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақ барысында, технология сабақтарында, қосымша білім беру, сыныптан тыс, сабақтан тыс қызметтегі еңбек тәрбиесі. Сенбіліктер, кәсіпорындарға экскурсиялар, тәлімгерлермен кездесулер, инноваторлар, табысты кәсіпқойлар, тәлімгерлік, дуальды білім беру, кәсіби біліктілік байқауы, студенттік құрылыс және педагогикалық ұжымдардың қызметі. «Өмір мен мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынақтар» жобаларын жүзеге асыру. «Технология» пәні материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу семинарлары мен зертханалар. «Жасыл ел» қозғалысында және «Өзін-өзі тану» ҰҚО-ның волонтерлік қозғалысына қатысуы барысында экспедицияларға қосымша білім алу, өз елінде тұрған волонтерлермен білім беру ұйымдарын, аудандық, қалалық, жасыл алаңдарды көгалдандыру және жетілдіру, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, қалдықтардың табиғи аумақтарын қоқыстан тазарту.
2. «Мамандықтар әлемі» (кәсіптік бағдарлау, болашақ маманды таңдау); «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» (Қазақ жеріндегі металдарды өндіру әдістерінің өнертабысы жаңа тарихи дәуірді ашып, адам дамуының даму жолын түбегейлі өзгертті). «Алтын Қазына» (көркем және декоративті-қолданбалы өнерді дамыту), «Үлкен өнертабысқа алғашқы қадам» (техникалық шығармашылық және робототехниканы дамыту), «Дарындылардың елі» (театрлық қызмет және музыкаға кіріспе), «Кітап - білім бұлағы» (кітаптың мәртебесін көтеру, «кітап оқуды сәнге айналдыру», өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау), Business» (кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру), «Отбасы әлемі» (отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық ғибадатты сақтау), «Ұлы дала жастары» (ЖОО жүйесі мен «Болашақ» бағдарламасы жастарының азаматтық өзін-өзі тануды тарату)
Басты іс-шаралар: 1) қалада тұрып жатқан білім алушыларға арналған «Бір апта ауылда», «Бір апта қалада» жобасы.
2) «Мерей» ауылды мекенде тұрып жатқан білім алушыларға арналған жоба. Қала және ауыл мектептерінің жоғары сынып білім алушыларына мамандықта жетістікке жеткен азаматтар үшін шеберлік-сыныбы; 3) «Шеберлер қалашығы». Республикалық қолөнершілер фестивалі; 4) «Нәтиже» Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тануы, сауалнамаларды алу процестерінің тиімділігін нәтижелік мониторингі; 5) «Жаңару» кәсіптік алдын ала және арнайы элективті курстардың жаңартылған мазмұны; 6) «Ізденіс». Бейіндік бағыттағы зерттеу жобаларының конкурсы; 7) «Тәжірибе алаңы». Өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдарында мектеп білім алушыларына арналған тәжірибе алаңдары; 8) Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тануда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аталған бағытқа сәйкес «Қазіргі кездегі қазақ мәдениеті» атты арнайы жобасында қарастыру.
Қамтамасыз ету жолдары: ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, тілді, және музыканы, әдебиетті сақтау және тарату; қоғамдық сананы жаңғыртуға және өз қызметінде соған бағыттауға негізделген әлеуметтік -гуманитарлық құндылықтарды меңгеру және түсіну.
Бағалау критерийлері: толеранттылық пен жаһандық ойлауға көп мәдениетті және көп тілді; мемлекеттік, ресми және басқа да шет тілдерін білетін, мәдениетаралық байланыс; әртүрлі мәдениетке, сол немесе өзге де мәдени орталықта өзін-өзі ұстау нормаларына; тілдік және сөйлеу мәдениеті; эстетикалық идеалға, көркем құндылықтарға; шығармашылық ойлау және елестету, көркем эстетикалық қызмет, құрмет көрсету қарым-қатынасын қалыптастыру;
1. Сабақтар, өзін-өзі тану бағдарламасының барлық мәдениеттердегі жалпыға ортақ адами құндылықтардың бірлігін анықтауға, жастардың мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлілігіндегі бірлігін көруге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау. Үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесу, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру.
2. «Әдебиет», «Театр, кино және хореография», «Классикалық және дәстүрлі музыка», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер» жанрлық бағыттар бойынша шорт-парақтары. Біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі ұлы дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын - ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру.
Басты іс-шаралар: 1. «Жануарлар үлгісіндегі өнер» (үйірмелер, мұражайлар және клубтар). 2. «Түркі әлемінің бесігі». 3. Мектеп мұражайларына, тарихи құжаттарды кітапханаларға, отбасылық мұраларды, мәдени заттарды, картиналар мен басқа да экспонаттарды, «100 кітап» сериясынан алынған кітаптар және тағы басқаларды ерікті түрде беруге арналған қайырымдылық акциялары.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық санасын жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қамтамасыз ету жолдары: цифрлық экономика үшін құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту; әлеуметтік белсенділіктің артуы, OnlineLab цифрлық модельдері, интерактивті өзара әрекеттесу, Online Driver Model және т.б.
Бағалау критерийлері: өмір бойы білім алу үшін икемділікті, ашықтықты талап ететін; өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу; сыни тұрғыдан ойлау, алынған ақпаратты талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту; зерттеу және жобалау іс-әрекеті, инновацияларға қабілеттілігі дағдыларын меңгеру; пікірталасты жүргізу дағдыларын дамыту; жасампаздық қызмет; командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту; ақпарат көздерін сыни тұрғыдан іріктеу; Интернет-қоғамдастығына қосылу; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру; Интернет-сауаттылықты, сандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; ақпараттық қызметтегі этикалық нормалар; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы жаңа дағдылар.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен сабақтар, мектеп және желідегі дебаттық турнирлер, балалармен және жастармен бірлесіп атқаратын жобалық жұмыстар; сабақтан тыс жұмыстар, балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әртүрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл пәндерін «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Зияткерлік ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп және студенттік медиа орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды танымал ету. Психометриялық және социометриялық тестер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту бағдарламалары.
2. Бағдарламалау негіздерін енгізу: сандық технологияларды меңгеру арқылы сандық сауаттылығын арттыру. Кәсіпкерлік пен бизнесті енгізу. Техникалық бағыттары бойынша олимпиадалар мен конкурстар өткізу. Балалардың қосымша білім беру бағдарламасына жаңа әдістемелерді, сандық технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған SMART және STEM - элементтерді енгізу.
Басты іс-шаралар: 1. АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобалары. 2. Кітапхана жүйесіндегі электрондық каталогтармен жұмыс жүргізу. 3. Онлайн және офлайн режимдерінде өлкетану, әлеуметтік жобаларды және т.б. игеру. 4. ІТ-технологияларды, бағдарламалау тілін, робототехниканы меңгеру бойынша үйірмелер мен клубтарда сабақтар өткізу. 5. Тәрбиелік және басқа да іс-шаралардың аудио және бейнематериалдарын әзірлеуде сандық білім беру ресурстарын (ЦБР) пайдалану.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Аталған бағытқа сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағытын қарастыру қажет.
Қамтамасыз ету жолдары: білім беру ұйымдарының тәжірибелік-бағытталған тәрбие ортасын құру; белгілі бір артықшылықтар алу арқылы білімді түрлендірудің жеке тәжірибесін жинақтау; өмірлік дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге, ойын және еңбек іс-әрекеті арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері: денсаулық жағдайының скринингін; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерін тілеу және соған дайын болу; теріс әсерлерге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеру; табиғи алғышарттарды ұтымды пайдалану; денсаулықты сақтау мен нығайту, қауіпсіз және жауапкершілікті мінез-құлық; жаңа өмірлік жағдайларға сабырлы болу; қауіпсіздік пен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ортасын құру.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақтар, дене шынықтыру сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорт секциялары мен үйірмелерін өткізу, «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде репродуктивті денсаулық, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және салауатты өмір салтының негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстарын, семинар-тренингтерін өткізу; Денсаулық фестивальдары, спартакиадалар, қауіпсіздік бағыттары; ақпараттық-насихаттау материалдарын әзірлеу және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру.
2. Білім алушыларды спорттық іс-шараларға, спорт клубтарына, бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлерін спорт федерацияларымен өзара іс-әрекет арқылы тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Көптеген спорт түрлері бойынша мектеп пен студент лигаларын дамыту.
Басты іс-шаралар: 1. Үйірмелер, секциялар, клубтар жұмысының оң тәжірибесін тарату, салауатты өмір салтын, сауықтыру жүйесін насихаттау үшін жобаларды енгізу. 2. Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, ЖҚЕ, қауіпсіздік техникасы, суицидтің алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асырудың түрлі форматтағы іс-шаралары.
10. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру
ұйымдарындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін
нәтижелері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері төмендегідей мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
бала құқықтары туралы Конвенцияға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық қозғалысының рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
балалар мен жастардың қазақстандық патриотизмінің, жауапкершілікті азаматтық сана-сезімінің, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің, толеранттылық пен тұлғаның тұрақты әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасу деңгейінің өсуі;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениет негіздері, ана тілі мен мемлекеттік тілді және этномәдениетті құрметтеу;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасын құруға дайындау, отбасы институтын нығайтуға саналы түрде қатысу;
әлеуметтік маңызы бар отбасылық, балалар және ата-аналар бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
тұлғаның экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы; экологиялық сауаттылық пен мәдениетін дамыту;
балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық өзара іс-әрекет етуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адамды қалыптастыруға бағытталған.
11. Терминдер мен анықтамалар
Дүниежүзілік экономикалық форум - Давостағы жыл сайынғы кездесулердің ұйымдастырылуымен танымал болған швейцариялық үкіметтік емес ұйым. Кездесуге бизнестің жетекші басшылары, саяси көшбасшылар, көрнекті ойшылдар мен журналистер шақырылады. Мұнда денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, аса өткір әлемдік проблемалар талқыланады. ДЭФ рейтингісіне «21 ғасыр дағдыларындағы айырмашылықты зерттеу» кіреді.
Балалар мен жастар бастамалары - жаңа қызметке ішкі көзқарас, бастама.//Қандай да бір іс-әрекеттегі басқарушы рөл. Өз бетінше, белсенді іс-қимыл жасау қабілеті; іскерлік.
Балалар (жастар) қоғамдық қозғалысы, қалыптастыру, біріктіру, ұйымдастыру - түрлі жастар қозғалысы құрылымдарының бірі, балалардың өзіндік қызметтерін, әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі жүзеге асыруын ұйымдастыру түрі.
Балалардың азаматтық қоғамы - бұл балалар мен жастардың мемлекетке тәуелсіз, дербес қоғамдық ұйымдарының жүйесі.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - «...тек материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар білім алу, қызмет көрсету, зияткерлік өнімдер, сондай-ақ еңбек ресурсының сапасы..., компьютерлік сауаттылық, шетел тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар».
Білімнің салтанат құруы - жоғары білімді адамға ықпал ететін технологиялық революция жағдайында білім алуға ұмтылуға негізделген құндылықтар жүйесіндегі басты құндылық «... жоғары білім деңгейінің арқасында мамандықты өзгерту оңай…».
Месседж - «message ['meisidз] 1. з.е. хабар, хабарлама; хабар қағаз, хат; тапсырма, миссия; 2. ет. хабарды жіберу; хабарды жеткізу, белгі беру». Месседжде ең бастысы - бұл ойға салынған ақпаратты мағынасы сақталған күйінде беру. Месседж сөзі көбінесе екі мағынада қолданылады: 1. хабарлама; 2. жолдау, басты идея, ішкі жолдау. Месседж лексемасы ауыспалы мағынада жолдау, идея, сөздің астары сөздерімен синонимдік қарым-қатынасқа түседі.
Сананы жаңғырту - өзгермелі жағдайларға бейімделу арқылы өзін шоғырландыру және өзгерту, өз мәдениеті мен ұлттық кодын ескере отырып, жаңа дәуірдің ең жақсысын таңдау.
Қоғамдық сана - табиғи немесе жасанды тілдерде, мәдениет объектілерінде көрсетілген қоғамдық идея, білім, мақсат, құндылықтар және т.б. жиынтығы.
Қоғамдық сананың құрылымында қоғамдық сананың деңгейлері мен формалары белгіленеді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамдық байланыстар мен қатынастардың барлық алуан түрлілігін көрсетеді. Деңгейлер қоғамның даму сатысын білдіреді. Әдеттегі-практикалық деңгей - аталған халықтың әдет-ғұрпында, дәстүрлерінде көрсетілген қоғамдық психология. Теориялық деңгей - халықтың байырғы мүдделері көрсетілген қоғамдық идеология.
Қоғамдық сананың түрі қоғамдық сананың әдеттегі-практикалық, сондай-ақ теориялық деңгейлерінде әсер етеді.
Сананың ашықтығы - « ...үлкен әлемде, сенің еліңнің айналасында, планетадағы сенің бөлігіңде не болып жатқанын түсіну; ... жаңа технологиялық тәртіпке орай өзгерістерге дайын болу; ... басқалардың тәжірибесін қабылдау, басқалардан үйрену қабілеті.
Прагматизм - «өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты білуді, олардың үнемді жұмсалуын, өз болашағын жоспарлай білуді білдіреді…».
Білім алуға, салауатты өмір салты мен кәсіби табысқа баса назар аудара отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізіп ұтымды өмір сүре білу - мінез-құлқындағы прагматизм деп осыны айтамыз».
Рухани жаңғыру контекстінде ұлттық бірегейлікті сақтау - бұл ұлттық санадағы өзгерістер («...көне және жаһандық әлемге сай келмейтін бірқатар әдеттер мен құмарлықтарды өткенде қалдыру керек...»), «Мен» деген ұлттық ішкі өзегін сақтау («...біздің ұлттық дәстүрлеріміз мен әдет-ғұрпымыз, тіліміз бен музыка, әдебиет пен үйлену салттары - бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз, бізбен мәңгілік қалуы тиіс…».
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы - «... әрбір қазақстандық үшін өзінің, жеке деңгейінде де идеология қағидаты ретінде бағдарлардың бірі болуы тиіс..., тарих сабақтарын ғана емес, қазіргі заманғы мысалдар мен болашақ сигналдарын түсіну маңызды ...әлемде не болып жатқанына мән бере отырып қайта пайымдау ... бұл бүкіл қоғамның да, саяси партиялардың да, қозғалыстардың да және білім беру жүйесінің де жүргізуге тиіс орасан зор дүниетанымдық, идеологиялық жұмыстардың бір бөлігі».
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ 145 бұйрығына 2-қосымша
2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында
тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Қаржыландыру, млн. теңге
|
I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
|
1
|
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеу
|
Бағдарлама
|
ҚР БҒМ
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шеңберінде
|
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
|
1
|
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайларында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру және тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша өңірлік, республикалық ғылыми-практикалық семинарлар өткізу
|
Ұсынымдар
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы и Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шеңберінде
|
2
|
Өңірлерде қосымша білім беру жүйесін дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырыстарын өткізу
|
Үйлестіру Кеңесінің шешімі
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жеке кесте бойынша
|
Көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Білім алушыларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу
|
Әдістемелік ұсыныстар
|
ҚР БҒМ
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
4
|
Қосымша білім беру педагогтарына арналған «Волонтерлік және қайырымдылық негіздері» үйірмесінің сабақтар бағдарламасын әзірлеу.
|
Әдістемелік ұсыныстар
|
ҚР БҒМ
|
2019 жыл
|
Талап етілмейді
|
5
|
«Білім беру саласындағы еріктілік және қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік ұсынымын әзірлеу»
|
Әдістемелік ұсыныстар
|
ҚР БҒМ
|
2019 жыл
|
Талап етілмейді
|
6
|
Тәрбие жұмысын және балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша озық тәжірибені, креативті идеяларды және авторлық бағдарламаларды зерделеу, талдау және енгізу
|
Электрондық база деректер
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын
|
Көзделген қаражат шегінде
|
7
|
Талдау жинағын әзірлеу «Қосымша білім беру: жағдайы мен болашағы»
|
Талдау жинағы
|
ҚР БҒМ
|
Жыл сайын
|
Көзделген қаражат шегінде
|
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
|
1. Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
|
1
|
Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары
«Астананы зерттейміз», «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі», «Алтай маржаны», «Ұлы Жібек жолын жаңғырту», «Каспий қақпасы»
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Жергілікті бюджеттен көзделген қаражат шегінде, демеушілер есебінен және ата-аналар есебінен
|
2
|
Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы шеңберінде Ұлттық жаңғыру мектептерінің желісін кеңейту және жұмыспен қамтылуын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар
«Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» (ұлт жоспарының 86 қадамы)
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Пікір-сайыс, пікірталас клубтарын, патриоттық форумдарды, акцияларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын акцияларды ұйымдастыру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
4
|
Ең үздік балалар бастамашылығына өңірлік конкурстар өткізу. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде балалар мен жастардың бастамашылық жобаларының банкін құру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Балалар қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстарының өңірлік құрылтайларын (слеттер, жиындар) өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жылына 1 рет
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
6
|
Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы шеңберінде жазғы демалыс және балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру ұйымдарының мекемелерінде жалпы республикалық ауысымды ұйымдастыру және өткізу
«ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ»
Отбасы» (ұлт жоспарының 86 қадамы)
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
7
|
Әскери-патриоттық клубтар желісін кеңейту. Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық клубтарының слетін өткізуді жоспарлау
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
8
|
Балалардың сауықтыру лагерьлерінде/орталықтарында тақырыптық ауысымдарды, оның ішінде патриоттық және азаматтық бағыттылықты ұйымдастыру және өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
9
|
Қазақстанның киелі объектілері бойынша туристік маршруттарды әзірлеуді жалғастыру
|
Туристік маршруттар
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
10
|
Мектеп демалысы кезінде Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсиялар мен бару ұйымдастыру
|
экскурсиялар
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
11
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-патриотизмнің жаңа түрі «іс-шаралар кешенін өткізу»
|
кездесулер, лекциялар
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, МҚІСҚА (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
12
|
Туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті «Менің Отаным - Қазақстан»
|
слет
|
ҚР БҒМ
|
қыркүйек 2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
2. Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: «Рухани жаңғыру» құндылық негіздерін тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы терең түсінігін қалыптастыру, қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісіледі.
|
1
|
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы шеңберінде Ар-намыс пен қадір-қасиеттің, Отанға риясыз қызмет етудің және ерліктің бірыңғай сабақтарын өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Өңірлік әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды әзірлеу және орындау, білім беру ұйымдарында волонтерлықты - «Мектепке жол» акциясын дамыту», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла»
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Қарттар күніне арналған «Жақсы істер мектебі» тәрбие жобасын өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын қыркүйек - қазан айларында
|
Көзделген қаражат шегінде
|
4
|
«Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «адамзаттың ұлы мұғалімдері», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары», «Красота спасет мир» поэтикалық қонақтарының, әдеби-музыкалық композицияларды ұйымдастыру
«Мейірімділік - адамның барлық адамгершілік ниетінің негізі», адамгершілік-рухани мазмұнның тесті мен әңгімелері
«Махаббат - адам өмірінің негізі», «Мейірімділіктің жасампаз күші»
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді енгізу және мониторинг жүргізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Талап етілмейді
|
6
|
«Мұғалімдер адамгершілік үшін» педагогтардың қоғамдық қозғалысының іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
3. Бағыты: ұлттық тәрбие
Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету
|
1
|
Мектеп оқушыларының (ұйымдастырылған туристік топтар) Астана қаласының ұлттық - мәдени объектілеріне баруы:
- ҚР Тұңғыш Президенті Музейі;
- ҚР Ұлттық музейі;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының кітапханасы
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Демеушілер есебінен және ата-аналар есебінен
|
2
|
Мектеп оқушылары мен колледж оқушылары спартакиадасы және универсиада шеңберінде ұлттық спорт түрлері бойынша өңірлік және республикалық жарыстар өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Мектептің, аудандық, қалалық және өңірлік жарыстарды ұйымдастыру
«Асық ату» ұлттық ойынын көпшілікке танымал ету бойынша
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
4
|
Мектеп мұражайлары желісін кеңейту. Әр мектепте мұражайдың ашылуы (тарихи - Мектеп тарихы, аудан тарихы; Жауынгерлік Даңқ; әдеби және көркем; жаратылыстану - ғылыми географиялық, табиғатты қорғау, геологиялық; этнографиялық; халық шығармашылығы; мемориалдық; басқалар)
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Оқушылардың қазақ тілін, мемлекеттілік атрибуттарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған өңірлік конкурстар мен олимпиадаларын өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ
|
6
|
Этнопедагогика кабинеттерінің қалалық және аудандық конкурстарын өткізу
Жалпы орта білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдары арасындағы» үздік этнопедагогика кабинеті»
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
7
|
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын ілгерілету жөніндегі іс-шараларды іске асыру»
|
кездесу, әңгіме, форум
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
8
|
Атақты тұлғалармен, атақты спортшылармен, ғалымдармен, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының жеңімпаздарымен халықтың түрлі санаттарымен кездесулер өткізу
|
кездесу, әңгіме
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Талап етілмейді
|
9
|
Өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерінде мектеп оқушылары үшін Өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу
|
лекциялар, «ашық сабақтар»
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
бір жылдың ішінде
|
Талап етілмейді
|
10
|
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтардың және натуралистердің республикалық форумы
|
форум
|
ҚР БҒМ
|
маусым 2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
11
|
«Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз «атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі»
|
көрме
|
ҚР БҒМ
|
қараша 2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
4. Бағыты: Отбасылық тәрбие
Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.
|
1
|
Әр толық жиынтықты мектепте қамқоршылық кеңестерін құру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Ата-аналар қоғамдастығының алдында қамқоршылық кеңестердің көпшілік жария есептерін өткізу
|
Есеп
|
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Жыл сайын жылына 1 рет
|
Талап етілмейді
|
3
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (Ашық баяндамалар) өткізу
|
Қоғамдық тыңдаулар онлайн
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ
|
Жылына 4 рет
|
Талап етілмейді
|
4
|
Аудандық, қалалық, облыстық слет, білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеттерінің форумдарын, «жылдың үздік ата-аналар кеңесі», «жылдың үздік Қамқоршылық кеңесі» конкурстарын өткізу; ата-аналардың білім беру ұйымдарының өміріне қатысуы
|
Слет (форум, конкурстар)
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Жыл сайын
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
«Менің отбасым», «Жыл отбасы», «бүкіл отбасымен жаз» мектеп, аудандық, қалалық фестиваль - конкурстарын ұйымдастыру»
|
Фестиваль - конкурс
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Жыл сайын
|
Көзделген қаражат шегінде
|
6
|
Репродуктивті денсаулық орталықтарымен бірлесіп, мамандардың кеңестерін, бірлескен отбасылық іс-шараларды өткізу
|
Кесте
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Жыл сайын
|
Көзделген қаражат шегінде
|
7
|
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы (білім беру ұйымдарының жеке кестесі бойынша). Ата-аналарға жалпы оқыту (білім беру ұйымдарының жеке кестесі бойынша)
|
Жоспар, Хаттама
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
1 рет тоқсанда
|
Талап етілмейді
|
8
|
Ата-аналар үшін отбасылық тәрбие бойынша рухани - адамгершілік мазмұндағы материалдарды дайындау және интернет-порталда орналастыру www.ozin-ozi-tanu.kz
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
9
|
Жас ата-аналардың жалпыұлттық сынып сағаты (Білім күні)
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ, облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
2019 жылдан бастап жылына 1 рет
|
Талап етілмейді
|
5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту
|
1
|
Өңірлердің оқушыларының қамтамасыз ету:
- Астана қаласы Оқушылар сарайының Ұлттық интерактивті паркіне;
- өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарына
- ЖОО жанындағы қолданыстағы технопарктерге;
- «ЭКСПО» көрме кешеніне экскурсиялар
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тоқсан сайын
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізу. «Жасыл ел» қозғалысы шеңберінде жасыл желектерді отырғызу, еріктілер қозғалысы. Табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Мектеп оқушыларының, колледж оқушыларының және студенттердің өндіріс жаңалықтарымен, табысты кәсіпқойлармен кездесуін ұйымдастыру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
4
|
Өмір мен мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» тәрбиелік бағдар жобаларын іске асыру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, ресурстарды сақтау идеяларын насихаттау, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу
|
акции, флешмобы, конкурсы
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
бір жылдың ішінде
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
6
|
Реализация комплекса мероприятий по проведению ранней профориентационной работы в организациях образования с привлечением работодателей (түпнұсқаға сәйкес)
|
встречи, лекции, опросы
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
бір жылдың ішінде
|
ЖБ көзделген қаражат шегінде
|
6. Бағыты: интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру
|
1
|
Мектеп демалысы кезінде тілдік лагерлерді (ағылшын тілі) ұйымдастыру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын демалыс кезінде
|
Көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Оқушылар арасында робототехника, спидкубинг және зияткерлік спорттың басқа да түрлері бойынша іс-шаралар кешенін өткізу
|
жарыстар, конкурстар
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
3
|
Білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасында ұтымдылық мәдениетін дамыту бойынша дәріс, сынып сағаттарын өткізу
|
кездесулер, лекциялар
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Талап етілмейді
|
4
|
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру
|
кеңестер, кездесулер
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Ұтымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
кеңестер, кездесулер
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
Білім беру ұйымдарының студенттері арасында зияткерлік конкурстар, викториналар, дебаттар өткізу
|
конкурстар, викториналар, дебаттар
|
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. қалаларының әкімдіктері (келісім бойынша)
|
2019 жыл
|
Көзделген қаражат шегінде
|
6
|
Колледждер мен жоғары оқу орындары жанынан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін техникалық бағыттағы орталықтар (үйірмелер) ашу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын 1 қазанға
|
Көзделген қаражат шегінде
|
7
|
Жоғары сынып көшбасшыларының, балалардың қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларының көшпелі мектептерін (жиындарын) ұйымдастыру, көшбасшылықты және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша тестілерді, әдістемелерді, бағдарламаларды қолдану
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын демалыс кезінде
|
Көзделген қаражат шегінде
|
8
|
Зияткерлік іс-шаралар: ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар конкурстары, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мектеп және студенттік медиаорталықтарының фестивальдері, балалар БАҚ өткізу, сайттар ашу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Жыл сайын демалыс кезінде
|
Көзделген қаражат шегінде
|
9
|
Мыналарды:
- қосымша білім беру жүйесінің республикалық ғылыми-танымдық порталы;
- техникалық шығармашылықпен айналысатын балалар мен жастардың интернет-қоғамдастықтары (форумдар);
Республикалық электрондық балалар ғылыми-танымдық журналдарды дамыту.
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
ҚР БҒМ
|
Жыл сайын
|
РБ-дан көзделген қаражат шегінде
|
7. Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.
|
1
|
Бекітілген кестелерге сәйкес мектеп оқушыларының аймақтың мәдениет мекемелеріне (мұражайлар, театрлар және т.б.) тегін келуін ұйымдастыру
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Талап етілмейді
|
2
|
«Жазғы демалыс кезінде жұмыспен қамту» мониторингін жүргізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Талап етілмейді
|
8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру
|
1
|
Қысқы спорт түрлері бойынша спорт секцияларының желісін кеңейту. Білім алушылардың спорт секцияларымен қамтылуына мониторинг жүргізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына «шахматтық білім беру» пәні бойынша арнайы курстар мен факультативтерді енгізу.
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
|
Шахмат турнирлерін өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Талап етілмейді
|
3
|
Білім алушылар арасында спорттық іс-шараларды (спартакиадаларды, универсиадаларды және т. б.) өткізу: тізбені кеңейту
спорттық іс-шараларды өткізу мерзімдері мен циклдігі және т.б.
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
4
|
Репродуктивті денсаулық, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
5
|
«Жазғы демалыс кезінде сауықтыру» мониторинг жүргізу
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Талап етілмейді
|
6
|
Тұрғылықты жері бойынша спорттық бағыттағы аула клубтарының желісін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандарды сабақтан тыс уақытта спорттың бұқаралық түрлерімен айналысуға тарту
|
ҚР БҒМ-ге ақпарат
|
Облыстық ББ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
IV. Кадрлық қамтамасыз ету
|
1
|
«Бөбек» ҰҒПББО, ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Адамның үйлесімді дамуы институтының Назарбаев Зияткерлік мектептері, АҚ біліктілікті арттыру «Өрлеу» Ұлттық орталығының курстарында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
|
Курстар
|
ҚР БҒМ
|
Тұрақты
|
Көзделген қаражат шегінде
|
2
|
Қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру
|
Курстар
|
ҚР БҒМ
ЖАО
|
2019 - 2023 ж.
|
РБ-дан көзделген қаражат шеңберінде
|
|
|
|
|
|
|
|
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР БҒМ
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
|
ЖАО
|
Жергілікті атқарушы органдар
|
ДББҰ «НЗМ»
|
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
|
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
|
АҚ біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы «Өрлеу»
|
«Бөбек» ҰҒПБСО»
|
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру - сауықтыру орталығы
|
ББ
|
Білім басқармасы
|
ЖБ
|
Жергілікті бюджет
|
РБ
|
Республикалық бюджет
|
МҚІСҚА
|
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
|
ҚДАМ
|
Қоғамдық даму ақпарат министрлігі
|
ҰЭМ
|
Ұлттық экономика министрлігі
|
ЖОО
|
Жоғары оқу орны
|
Достарыңызбен бөлісу: |