2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет139/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

22. «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 
Жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу пәніне 
байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының
 
2-қосымшасының 21-22-тармағына сәйкес 2–4-
сыныптарда «Көркем еңбек» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
«Технология және өнер» білім беру саласы пәндерінің мазмұны қоршаған 
ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен музыка 
құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам 
өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға, қазақтың ұлттық сәндік-
қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа 
халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге; өнердің алуан түріне адам 
өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, 
бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалық-
шығармашылық дамуына бағытталған. 


248 
«Көркем еңбек» - «Бейнелеу өнері» мен «Еңбек баулу» пәндерін 
біріктіретін кіріктірілген пән. Ол әртүрлі шығармашылық іс-шаралар барысында 
көркемдік және технологиялық білімді, дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген 
Негізгі орта
білім берудің 
мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 
3-қосымшасының 33, 34, 35 тармағына сәйкес 5–9-
сыныптарда «Көркем еңбек» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. 
«Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің 
бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім 
алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын 
қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам 
өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді 
дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-
дәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және 
құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық 
әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; 
негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік 
цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық 
технологияларды қоса алғанда, вокалды және инструменталды дағдыларды 
дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдары және заманауи 
технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге 
бағытталады. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар 
Бастауыш және негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын ««Көркем 
еңбек»» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
үлгілік оқу 
жоспарының
оқу түріне байланысты.(22.1,2-кестелерде көрсетілген). 
22.1-кесте. 2-4-cыныптарда «Көркем еңбек» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
Инварианттық компонент 

Көркем еңбек 

36 

36 

Көркем еңбек 

36 

36 

Көркем еңбек 

36 

36 
22.2-кесте. 5-9-cыныптарда «Көркем еңбек» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі 


249 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
 
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
Инварианттық компонент 

Көркем еңбек 

72 

72 

Көркем еңбек 

72 

72 

Көркем еңбек 

36

36 

Көркем еңбек 

36

36 

Көркем еңбек 

36

36 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, 
өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану 
ұсынылады. 
Оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына және төмендетілген Үлгілік оқу 
жоспарына сәйкес «Көркем еңбек» пәні бойынша 5-6-сыныптарда 2 сағат, 7-9-
сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылады.
3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет