70
-
білім алушының артта қалуының себептерін анықтау және оның оқу
жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау;
-
жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
-
білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып
және сараланған тапсырмаларды таңдаумен жеке
оқу жоспарын әзірлеу;
-
тұрақты кері байланыс жүргізу.
Педагог білім беру қажеттіліктерін және білім алушылардың жеке даму
траекториясын ескере отырып, пән бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың
білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:
-
өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу мақсаттарын, оқу пәні
сабақтарының тақырыптарын біріктіру;
-
өткен оқу жылының материалын жаңа
оқу жылының барлық кезеңіне
пәндер бойынша бөлу;
-
жаңа тақырыпты/оқу мақсатын оқымас бұрын оқу материалын қайталау;
-
білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
-
білім алушыларға оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары бойынша
жеке және топтық консультациялар өткізу;
-
пән бойынша өткен оқу материалдары бойынша олимпиадалар
ұйымдастыру;
-
демалыс
мектептерін ұйымдастыру;
-
формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу
тапсырмаларын әзірлеу және енгізу;
-
өткен оқу жылындағы материалды пайдалана отырып, зерттеу және
жобалау жұмыстарын іске асыру;
-
білім
беру ұйымдарының, оның ішінде гимназиялардың/лицейлердің
Типтік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің сағаттарын білім
алушылардың білімін толықтыру бойынша сабақтар өткізуге пайдалану;
-
білім беру платформаларын пайдалану.
И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы
Достарыңызбен бөлісу: