«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата13.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#180977
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023

Пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша 
ұсыныстар 
Көркем еңбек пәні бойынша мұғалім білім алушыға 
өз бетінше көркем-
шығармашылық және пәндік-өнімді іс-әрекетті ұйымдастыруға, көркемдік 
тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдарын таңдауға ынта мен дағдыларды 
қалыптастыруды ұйымдастырады. 


58 
«Көркем еңбек»: 
-
өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық 
идеяларды, топтық және жеке жұмыстарды дамыту; 
-
объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде 
білім алушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту. 
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға
өнермен қарым-қатынас 
жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға
және орындауға құштарлығын оятуға бағыт береді. 
Пәндер аясында құзыреттерді дамыту: 
«Музыка»: 
- қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан 
халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы 
музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен 
орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту; 
- орындаушылық шеберліктерін дамыту – вокалдық және аспаптық: таза 
интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты сүйемелдеу, 
домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және ансамбльдік 
орындау. 
«Еңбекке баулу»: 
- жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде қолдың 
моторикасын, сенсорикасын, қиялы мен шығармашылығын, елестетуін және 
байқағыштығын дамыту;
- әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы кеңістіктік -
образдық ойлау дағдыларын қалыптастыру; 
- ұлттық және әлемдік мәдениет туындыларымен танысу арқылы 
зерттеушілік дағдыларын дамыту.
«Бейнелеу өнері»: 
- шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру 
қабілетін дамыту; 
- графикалық және түстану дағдыларын дамыту;
 
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту 
(көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және 
т.б.);
 
- білім алушылардың сезімталдық-эмоционалдық көңіл-күйін білдіруін, 
зейінін, есте сақтау, қиял, елестету қабілеттерін дамыту;
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет