ЖМ 3 (Г) Ғылыми-жаратылыстану
|
Оқушылардың физиологиялық дамуы
|
БП/ЖК
|
OFD
1211
|
5
|
1
|
-
|
Пререквизиттер:
Биологияға кіріспе
Постреквизиттер:
Адам және жануар физиологиясы
|
Мақсаты: мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.
Қысқаша мазмұны: Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Білім алушыларға қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру. Курста балалар мен жасөспірімдердің организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері қарастырылады. Оқушылардың физиологиялық дамуы курсының міндеттеріне студенттерді болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді дамып келе жатқан организмнің жасқа байланысты ерекшеліктері туралы мәліметтермен қаруландыру.
|
- адамның жасқа сай ерекшеліктерін, өсіп- дамуының заңдылықтарын түсінеді, гигиеналық талаптарды қолданады;
- өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға жəне шынайы бағалауға қабілетті, сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру дағдыларын игереді;
- гигиеналық және еңбекті қорғау талаптарын есепке ала отырып, қауіпсіз білім беру ортасын ұйымдастырады;
-қоғамда және адамдармен қарым- қатынаста сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты қолданады;
- дене тəрбиесі мен шынықтыру əдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып, денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес қосады жəне толыққанды əлеуметтік кəсіби қызметті қамтамасыз ету үшін өзінің дене мəдениетін жетілдіреді;
- оқушыларда саламатты өмір сүру салтын қалыптастыруға жəне тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану ережелерін ұстанады;
|
|