Педагогтардың студенттерге берілген бағдары: бұл бағдарлар «Пигмалион эффектісі» деп аталады.
-
Педагогтер білім алуышының қабілетіне сеніп, рның бұрын байқалмааған әлеуетін аңғара бастайды;
-
Қабілетін танып, ашқан соң, педагог білім алушыға жағымды болатындай, вербальді түрде оң баға бере бастайды;
-
Мақтау-мадақтау білім алугының өзіне, өз күшіне деген оңды қатынасына себеп болады;
-
Білім алушының әлеуетіне сенген педагог оқыту процессінде де оны әлдеқайда қабілетті деп үміт артуы ықтимал.
Педагогикалық қарым қатынастың өзіндік стилі (мәнері) болады. Оны В.А. Кан – Калик былай ажыратады.
-
Педагогтің жоғары кәсіби бағдарлары, жалпы педагогикалық іс-әрекетке қатынасы негізіндегі өарым-қатынас.
-
Достық ықыласқа негізделшен қарым-қатынас.
-
Дистанцияны сақтау қарым-қатынас.
-
Қорқытумен, үрейлендәрумен ерекшелінетін қарым-қатынас.
-
Жарамсақтық көрінетін қарым-қатынас.
Жоғары мектептегі педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілерді нақтылап, олардың бес тобын көрсетуге болады.
-
Педагог студенттердің жеке дара ерекшеліктерімен санаспайды, оларды
түсінбейді және түсінуге тырыспайды;
-
Студент оқытушыны түсіне алмайды сондықтан студент өз педагогін өз
тәлімгері ретінде қабылдай алмайды;
-
Оқытушының іс әрекеті студенттің мінез – құлқының, жүріс – тұрысының себептеріне және мотивтеріне, жағдайға сәйкес келмейді;
-
Оқытушы тәкапарлық танытып, студенттіің намысына тиеді, оның абыройын ойламайды;
-
Студент оқытушының тіпті бүкіл ұжымының талап – тілектерін қасақана елемей, егеске түседі.
Жалпы, педагогтің қарым – қатынаста әрқашан психологиялық және педагогикалық мәдениетке арқалануы басты шарт болады. Осы орайда В.С Грехиев педагогтің қарым- қатынастағы мәдениеті оның жалпы мәдениеті игеруіне тікелей байланысты деп қарастырады. «Адамның мәдениеті қаншалықты жоғары болса, сонша дәрежеде сол мәдениет оның қарым - қатынас мазмұны мен сипатына әсер етеді» .
Сондықтан, педагогикалық қарым – қатынастағы басты құндылық оқытушы мен білім алушылардың жеке даралығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |