Президентіміз Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды.
Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
"Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Жақсылар жанын қиды қасіретпен, Алаштың ерлері бар асыл өткен. Арманым болмас еді - ау туған елім, Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем. Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім, Бабалар өнегесін алып келдім. Ескерткіш Елім үшін орнатпасам, Мына жалған өмірге неғып келдім?

Рухынан жақсылардың нұр саулаған, Жанымды мейірімі құрсаулаған. Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан, Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған! Нұрына шомылдырып алтын күннің, Республикам ертеңге талпындырдың. Өзінен шабыт алып ақын қиял, Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп, Бойымды билеп кетер сенімділік. Ешкімге ауыстырмас алтын Отан, Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп. Жарқырап жанған күндей азаттығы, Көрінер ұлтымның да ғажаптығы. Республика күнімен құттықтаймын, Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!